Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 380 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.10.2020 № 662 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;";

      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.

      3. "Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 60, 325-құжат.):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      "1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 48 қаулысымен.
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 47 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 иаусымдағы
№ 380 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына
қосымша

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Келісетін мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

3


Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган