Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 14 сәуірдегі № 239 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 14 сәуірдегі
№ 239 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі";

      реттік нөмірі 2-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі".

      2. "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 444 қаулысында:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиарды айқындау туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды (азаматтықты қоспағанда) әзірлеу, өндіру, сатып алу, өткізу, сақтау жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыру бойынша лицензиар болып айқындалсын.".

      3. "Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсері туралы конвенцияның (Хельсинки, 1992 жылғы 17 наурыз) мақсаттары үшін құзыретті органдар мен бірыңғай байланыс пункті ретінде белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 364 қаулысында:

      1-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Конвенцияның мақсаттары үшін құзыретті органдар;

      2) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Конвенцияның мақсаттары үшін бірыңғай байланыс пункті ретінде белгіленсін.".