Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 131 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 821 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 N 1173 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Стратегиялық объектілер жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қарашадағы № 1125 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 13-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Стратегиялық объектілер жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

Әбіш
Самат Сатыбалдыұлы

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары

Баймолдина
Зәуреш Хамитқызы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

Мырзағалиев
Мағзұм Маратұлы

Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министрі;

Иманғалиев
Есенғазы Нұртөлеуұлы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;

      мына:

«Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі, төраға»

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«Сағынтаев
Бақытжан Әбдірұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға»;

      көрсетілген құрамнан Берік Зиябекұлы Толымбаев, Дулат Рашидұлы Құсдәулетов, Ғұсман Кәрімұлы Әмірин, Мұрат Абдуламитұлы Әбенов шығарылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов