"Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 - 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1537 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 15 сәуірдегі № 238 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 15.04.2015 № 238 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспары және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 414 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 41, 550-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің 2012 – 2016 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:
      2-бөлім жаңа редакцияда жазылсын:
      «2. Ағымдағы жағдайды талдау
      1. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру
      Елде бұқаралық спорттың дамуы
      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      2012 жылы саланың қызметі «Қазақстан 2030» Қазақстанның стратегиялық даму жоспарын, Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын, сондай-ақ 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын орындауға бағытталды.
      2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарды іске асыру үшін халықаралық стандарттар талаптарына жақындау және елде бұқаралық спортты дамыту мақсатында спорт инфрақұрылымын одан әрі дамытуға және республика спортының материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағытталған бірқатар ұйымдық шаралар жүзеге асырылды.
      Осы кезеңде саланың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыс жүргізілді. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге түзетулер енгізілді, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер әзірленіп бекітілді.
      Осы кезеңде дене шынықтырумен және спортпен айналысушылар санының тұрақты өсу үрдісі байқалады. Егер Дене шынықтыруды және спортты дамытудың 2007 – 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асырыла бастаған 2007 жылы спортпен шұғылданушылар саны ел тұрғындарының 2,3 млн. адамын (15 %) құраса, 2008 жылы 2,35 млн. адамға дейін артқан, 2009 жылы 2,4 млн. адамды, 2010 жылы – 2,8 млн. адамды (17,7 %), 2011 жылы 3,3 млн. адамды немесе 20,0 %-ды, 2012 жылы – 3,6 млн. адамды немесе 21,6 %-ды құрады.
      Шетелде бұқаралық спорт бірінші кезекте халықты сауықтырудың, өзін-өзі жетілдіруге қол жеткізудің, өзін көрсету мен дамытудың тетігі, сондай-ақ бейәлеуметтік құбылыстарға қарсы күрестің құралы болып табылады. Сондықтан мемлекеттер халықты бұқаралық спортпен айналысуға тартуды негізгі мақсат ете отырып, бұқаралық спортты дамыту мәселелеріне ерекше мән береді. Бұқаралық спортты дамыту процестерінің негізгі сипаттамалары: бұқаралық спортты қолдауда мемлекеттің рөлін, сондай-ақ осы саладағы қызметті ұйымдастырудың барлық нысандарының рөлін арттыру, бұқаралық спортты профилактикалық және емдік іс-шараларда пайдалану, әлеуметтік жағымсыз құбылыстардың профилактикасы, спортты жастарды адамгершілік, эстетикалық және зияткерлік тұрғыда дамытуда пайдалану болып табылады.
      Осы процестердің әсері мыналардан:
      1) спорттық думандар мен спорттық көрсетілетін қызметтер секторынан;
      2) спорттық телерадио хабарларын тарату көлемінің артуынан;
      3) халықтың қажеттіліктерін ескере отырып, дене шынықтыру-сауықтыру инфрақұрылымын дамытудан;
      4) қызмет көрсету нысандарының, бұқаралық спорт қызметтерін ұсынудың әдістері мен құралдарының әр алуандығынан түсетін табыстардың өсуіне әкелді.
      Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша өткізілетін спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының саны артып келеді, тек 2011 – 2012 жылдар арасында 18 мыңнан астам спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді, оларға 4,1 млн. астам адам қатысты.
      Өткен төрт жылдық кезеңде спартакиадалар, спорт түрлерінен турнирлер, спорттық отбасылар арасында «Бірге жарысамыз» атты жарыстар, бұқаралық жүгірістер, сондай-ақ әрқайсысында 2 млн. астам адам қатысатын президенттік тестілер тапсыру айлығын өткізу дәстүрге айналды.
      2011 жылы тұңғыш рет Қазақстанның бүкіл аумағында дәстүрлі халықаралық «Олимпиадалық жүгіру күні», тұңғыш «Жастар ойындары» бір уақытта басталды.
      Ұлттық спорт түрлері белсенді түрде дамып келеді, олармен 2012 жылдың қорытындысы бойынша 229,9 мыңнан астам адам шұғылданады (2010 ж. – 166 мың адам, 2011 ж. – 208,4 мың адам). Бұған жыл сайынғы чемпионаттарды, республикалық және халықаралық турнирлерді, оның ішінде тоғызқұмалақтан бірінші әлем чемпионатын, бірінші жастар ойындарын, қазақ күресінен әлем және Азия чемпионаттарын, Қазақстан Республикасы Президентінің жүлдесі үшін халық спорты ойындарын өткізу, спорт мектептері мен клубтарында ұлттық спорт түрлерінен бөлімшелердің ашылуы ықпал етті.
      Ауыл спортын дамытуда маңызды бастама «Ел Қайраты» республикалық ауылдық дене шынықтыру-спорт қоғамын құру болды.
      6769 жалпы білім беру мектебінде 3 сағаттық дене шынықтыру сабақтары енгізілген, бұл олардың жалпы санының 98 %-ын құрайды.
      Елде спорт секцияларында 803 мыңнан астам бала немесе жалпы білім беру мектептерінің оқушылары жалпы санының 33 %-ы (2,5 млн. мектеп оқушысы) шұғылданатын 24 мыңнан астам дене шынықтыру ұжымдары жұмыс істейді. Республикада 1978 спорт клубы, оның ішінде 106 балалар-жасөспірімдер дене тәрбиесі клубы, 662 балалар мен жасөспірімдер клубы, 1010 дене шынықтыру-сауықтыру клубы және спорт түрлерінен 164 кәсіптік клуб жұмыс істейді, онда 376 мың адам шұғылданады.
      Өткен үш жылда дене шынықтырумен және спортпен айналысуға тартылған денсаулығының мүмкіндіктері шектеулі адамдар санының өсу серпіні байқалғанын атап өту қажет.
      Елімізде халықтың 3 %-ын құрайтын 486 мыңнан астам мүгедек тұрады, олардың ішінде 45 % адамға спортпен шұғылдануға тыйым салынбаған.
      Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысатын мүмкіндігі шектеулі адамдар санының 2011 жылғы 15 505 адамнан (7,7 %-ы), 2012 жылдың қорытындысы бойынша 16 643 адамға дейін өсуі (8,3 %-ы) байқалады.
      Бүгінгі күні республикада 193 мүгедек спорттың әр түрінен Қазақстан Республикасының спорт шеберлері болып табылады. 2011 жылы 57 адам спорт шебері, 9-ы халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативтерін орындады.
      Жыл сайын спортшы-мүгедектер арасында республикалық және халықаралық деңгейлерде 70-тен астам спорттық-бұқаралық іс-шара ұйымдастырылып өткізіледі, оған 5 мыңнан астам адам қатысады.
      Елде бұқаралық дене шынықтыру-спорттық қозғалысты дамытудың салдары отандық спортшылардың Олимпиада және Азия ойындарындағы, әлем және Азия чемпионаттарындағы жоғары жетістіктері болып табылады.
      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды мәселесі сала үшін кадрлар даярлау болып табылады.
      Қазіргі уақытта республикада спорт саласындағы мамандар даярлаумен 17 жоғары оқу орны айналысады, оның ішінде жаттықтырушы-оқытушы құрамның біліктілігін арттыру жөніндегі кәсіби қызметті жүзеге асыратыны біреу – Спорт және туризм қазақ академиясы.
      Қазіргі уақытта дене шынықтыру және спорт саласында штаттық дене шынықтыру қызметкерлері – 40 647 адам, бұл 2011 жылғы деңгейден 1 061 адамға көп.
      Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санынан 37 952 адамның дене шынықтыру білімі бар, оның ішінде 32 809-ында жоғары, 5 143-інде орта.
      Дене шынықтыру білімі бар ауылдағы қызметкерлер саны – 18079 адам, оның ішінде 15260 адамның жоғары дене шынықтыру білімі, 2819-ында орта арнайы дене шынықтыру білімі бар.
      Дене шынықтыру қызметкерлерінің жалпы санының 60,6 %-ы – мектептердегі, лицейлердегі, колледждер мен ЖОО-дағы мұғалімдер, 9,1 %-ы – спорт ұйымдарының қызметкерлері, 23,7 %-ы – жаттықтырушы-оқытушы құрам, 3,7 %-ы – спорт әдіскерлері және 2,9 %-ы – басқа дене шынықтыру қызметкерлері – массажшылар, емдеу медицинасының нұсқаушылары және тағы басқалары.
      Бүкіл республика бойынша спорттық құрылыстардың саны 2010 жылғы 31266 бірліктен, 2011 жылы 32 614 бірлікке артты және 2012 жылдың қорытындысы бойынша 33 347 бірлікті құрады, оның ішінде 21 450 бірлігі ауылдық жерге тиесілі.
      Бұл ретте еліміздің спорттық құрылыстарына жасалған талдау мен түгендеу оның ішінде дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы объектілер санының барлығы 6 мың 999, спорттық мектептер 1 мың 383, қомақты үлесін білім беру мекемелеріндегі спорт залдардың саны – 24 мың 938 құрайтынын көрсетті.
      Астана және Алматы қалаларында 7-ші қысқы Азия ойындарын дайындау және өткізу шеңберінде заманауи спорт объектілері салынды. Алматыда «Медеу», «Шымбұлақ» және сырғанау мұз айдынын жапсарлас сала отырып, Б. Шолақ атындағы Спорт сарайы толық реконструкцияланды. Республикада 30 мың орынға есептелген «Астана – Арена» жабық футбол стадионы, «Сарыарқа» республикалық велотрегі, «Қазақстан» спорт сарайы жанындағы сырғанау мұз айдыны, «Алау» коньки тебу стадионы, «Алатау» шаңғы және биатлон кешендерінің стадионы, Алматыда халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешені салынды.
      Негізгі проблемаларды талдау.
      Сонымен қатар, дамудың оң үрдістерімен қатар отандық спортты дамытуды тежеп отырған проблемалар да бар:
      1. Материалдық-техникалық базаның және спорт инфрақұрылымының төмен деңгейі:
      1) проблемалардың бірі ауылдағы спорттың ең алдымен материалдық-техникалық базаның болмауынан жеткіліксіз дамуы болып тұр. Ауылдық жердегі 4483 спорт залының 3650-і жалпы білім беру мектептерінде орналасқан және оқу сабақтарын өткізу үшін пайдаланылады, спорт залдарының 20 %-ында ғана барлық халықтың айналысуына қолжетімді;
      2) спорттық құрылыстардың ғана емес, сондай-ақ ұйымдарда, оқу орындарында, халықтың тұрғылықты жері мен бұқаралық демалыс орындарында спорттық мүкәммал мен жабдықтың жетіспеуі де сезіледі.
      2. Бұқаралық спорттың әлсіз дамуы. Халықтың тұрғылықты жері бойынша жұмыс дұрыс жолға қойылмаған, жеткіншектер клубтарының желісі жеткіліксіз дамыған, тұрғылықты жер мен бұқаралық демалыс орындарында қарапайым спорт алаңдары мен спорт құрылыстары жоқ дерлік. Ауылда спортты дамыту проблемасы ерекше өзекті. Қазіргі спорт объектілері республика халқының көпшілігі үшін қолжетімсіз болып қалуда. Сонымен бірге азаматтардың өздерінің дене шынықтырумен және спортпен жүйелі айналысуға белсене қатыспау мәселесі де өзекті проблема болып отыр.
      3. Ауылдық жерде спорт бойынша әдіскерлер жоқ. Талдау көрсеткендей, 6998 кентте бар болғаны 784 әдіскер жұмыс істейді, ол 12,0 %-ды құрайды.
      Бұдан басқа, тұтастай алғанда қазақстандық, сол сияқты шетелдік білім беру ұйымдарында әртүрлі машықтану, магистратура бағдарламалары бойынша оқыту арқылы саланың жаттықтырушы-оқытушы құрамының біліктілігін арттыруға қажеттілік бар.
      Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын жетілдіру үшін қазіргі уақытта жаңа редакциядағы «Дене шынықтыру және спорт туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
      Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
      Қазіргі факторларды бағалау мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін, оқушылар мен оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесін, халық арасында дене шынықтыру-бұқаралық қозғалысты, мүгедектер арасында дене дайындығы мен спортты жетілдіру, спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды дайындау, дене шынықтыру мен спортты насихаттау жөніндегі шаралар қабылданғаны туралы куәландырады.
      Дене шынықтыру мен спортты дамытуға бірқатар сыртқы, негізінен әлеуметтік-экономикалық және жаһанданумен байланысты факторлар ықпал етеді. Ішкі факторларды қарастыру кезінде мынадай негізгі аспектілерді көрсетуге болады: халықтың белсенділігін жеткіліксіз реттеу, бұл спорт орталықтарында бос уақытты қамтамасыз етудің жоғары бағаларымен және спорттық құрылыстардың жеткіліксіз санымен түсіндіріледі. Балалар, жасөспірімдер мен ересек адамдар арасында дене шынықтыру және спорт жеткіліксіз насихатталады.
      2. Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру
      Реттелетін саланы немесе қызмет аясын дамытудың негізгі параметрлері.
      1978 жылғы кейінгі енгізілген толықтырулармен бірге Халықаралық дене тәрбиесі және спорт хартиясына сәйкес түрлі елдер әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстың ерекшелігіне байланысты саланы дамытуды мемлекеттік реттеуді айқындайды, атап айтқанда қандай да бір белгілер бойынша бұқаралық спортпен айналасуға кемсітусіз қол жеткізу және спорттық құрылыстар желісін құру.
      Айталық, жақын және алыс шетелде саланың даму тәжірибесі мынадай негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: бұқаралық спорт, жоғары жетістіктер спорты, мүгедектер спорты, спорттық инфрақұрылымды дамыту, мамандар даярлау.
      Жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауда спорттық жаттығуларда заманауи ғылыми технологияларды пайдалану, сондай-ақ даярлық әдістемесін үнемі жетілдіру негіз қалаушы болып табылады және елде отандық спорт ғылымының дамуы күрделі проблема күйінде қалып отыр. Республиканың жаттықтырушы-оқытушы құрамы көбінесе «кеңестік» кезеңде әзірленген әдістемелермен жұмыс істейді, көпшілігі спортшыларды жаттықтыру мен қалпына келтірудің қазіргі заманғы әдістерін меңгермеген.
      Финляндияда спорт ғылымымен айналасатын ұйымдардың тікелей мемлекеттік қаржыландыруға заңдық тұрғыдан танылған құқығы бар. Бұл ретте дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандарды даярлаудағы оқу уақытының кемінде 20 %-ы ғылыми ізденістерге арналады. Бұдан басқа, мемлекет спорт пен дене шынықтыру жаттығулары саласында ғылыми зерттеулер жүргізілетін кез келген меншік нысанындағы ұйымды қолдайды.
      Мысалға, АҚШ-та мектептік, студенттік және бұқаралық спорт толығымен жергілікті биліктің құзыретінде болып табылады. Канада, Франция, Италия, Финляндия және басқа да бірқатар елдерде балалар-жасөспірімдер мен студенттер спортына жұмсалатын шығыстардың негізгі үлесін жергілікті бюджет қаржыландырады. Финляндия мен Норвегияда спортқа бөлінетін аударымдардың 80 %-ы жалпыға ортақ пайдаланылатын спорт объектілерін салуға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға бағытталады. Қазақстандық бөлу керісінше: 80 %-ы шеберлер командасына және 20 %-ы ғана балалар спортына бөлінеді. Сонымен қатар, елдің спорттық жүйесі балалар спортына басымдықпен құрылуға тиіс.
      Мекемелерде, ұйымдарда және халықтың тұрғылықты жері бойынша дене шынықтыру-сауықтыру жұмысын ұйымдастыруда күрделі проблемалар бар. Экономикалық тұрғыдан орынсыз деген себеппен ұйымдар спорттық және сауықтыру объектілерін ұстаудан бас тартады, дене шынықтыру және спорт мамандарын қысқартады.
      Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша 662 балалар мен жеткіншектер клубы ғана жұмыс істейді, ведомстволық спорт қоғамдарының жұмыс тәжірибесі жоғалған, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерінің құны қымбаттауда. Талдау көрсеткендей, бағасы жоғары болғандықтан, жастардың көпшілігі спорттық-сауықтыру қызметіне қол жеткізе алмайды.
      Спорттық инфрақұрылымның тұрақты өсу үрдісі байқалып отырғанына қарамастан, негізінен республика бойынша, әсіресе ауылдық жерде спорттық құрылыстардың саны жеткіліксіз болып отыр. 7 000 ауыл мен кентте 21 238 құрылыс бар, оның ішінде 13 943-ін, яғни 65,8 %-ын жазық құрылыстар (спорт алаңдары, алаңдар және т.б) құрайды және тек 8,0 %-ы ғана (1712 бірлік) стадиондар, бассейндер, манеждер, спорт кешендері және т.б.
      Бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін 7 мыңнан астам спорт залының 89 %-ы жалпы білім беру мектептерінде, бұл ретте олар спорттық мүкәммалмен жеткіліксіз жабдықталған және қолданыстағы техникалық пайдалану талаптарына сәйкес келмейді. Дене шынықтыру және спортты басқару органдарының деректері бойынша 40 %-ға дейін спорт залдары мен алаңдары ағымдағы немесе күрделі жөндеуді талап етеді.
      Мысалға, Ресей Федерациясында спорт объектілерінің құрылысы, бұқаралық қозғалысты дамыту, жоғары дәрежелі спортшыларды дайындау және т.б. бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың бірлескен шараларының кешенін көздейтін саланы дамытудың федералдық нысаналы бағдарламасы бес жылдық кезеңдерге бекітіледі.
      Инфрақұрылымды дамыту 3 000-нан астам спорт және көп функционалды спорт залдарын, 1 000 спорт орталығын салуды қамтиды. Ресейде, сол сияқты ТМД елдерінде бірінші кезектегі мемлекеттік міндеттер дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың үлесін арттыру, спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілу, спортшылардың спорттағы шеберліктерін арттыру болып табылады.
      2008 жылы Пекинде өткен ХХIХ жазғы Олимпиада ойындарында 13 олимпиадалық награда жеңіп алынды, оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 7 қола медаль, бұл бейресми есепте Қазақстанға жалпы командалық 29-орынды қамтамасыз етті.
      Халықаралық спорт аренасында тұңғыш рет Ұлттық құраманың 2012 жылғы Лондон қаласында өткен ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысу қорытындысы бойынша еліміздің спортшылары 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медель жеңіп алды және Қазақстан бейресми олимпиадалық есепте 204 қатысушы ел арасында жалпы командалық 12-орынды иеленді. Бұл ретте, спортшы-ауыр атлеттер 4 әлемдік және 7 Олимпиадалық рекорд орнатты.
      Жеңіп алынған медальдардың жалпы саны бойынша бұл Қазақстан құрамасының 1996 жылдан бастап қатысқан барлық кезеңдердегі (Атланта, АҚШ, 1996 жыл – 11 медаль; Сидней, Австралия, 2000 жыл – 7 медаль; Афины, Грекия, 2004 жыл – 8 медаль) үздік жетістігі болып табылады.
      2010 жылы қазақстандық спортшылар Ванкувердегі (Канада) ХХI қысқы Олимпиада ойындарына қатысты. Он екі жылдық үзілістен кейін қысқы Олимпиадада күміс медаль жеңіп алынды. Олимпиадада өнер көрсету қорытындылары бойынша 7 қазақстандық атлет әлемнің мықты спортшыларының ондығына кірді.
      Жеңіп алынған медальдар саны жылдан жылға өсуде. Айталық, 2010 жылы – 660, 2011 жылы – 797, 2012 жылы – 690 медаль жеңіп алынды.
      2010 жылы Қазақстанның жастар құрамасы Сингапурдағы 1-ші жазғы Жасөспірімдер Олимпиада ойындарына қатысты, оның қорытындылары бойынша 2 алтын, 2 күміс, 2 қола медаль жеңіп алып, 3500 спортшы қатысқан жарыста 204 елдің ішінде 24-орынды қамтамасыз етті.
      Әлемнің 70 елі қатысқан Инсбурктегі 1-ші қысқы Жасөспірімдер олимпиада ойындарында Қазақстанның ұлттық құрамасы 1 күміс және 2 қола медаль жеңіп алып, Белоруссия мен Украина командаларын басып озып, жалпыкомандалық 23-орынды иеленді.
      2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарына қатысудың қорытындылары бойынша бірінші орынды жеңіп алған Қазақстан құрамасы Азия ойындарының рекордын орнатып, 32 алтын, 21 күміс және 17 қола награда ұтып алды.
      Қабылданған шаралардың арқасында барлық облыс орталықтарында және Астана мен Алматы қалаларында спортшыларды даярлау бойынша реттелген және жүйелі жұмыс қамтамасыз етілді.
      Бүгінгі күні 1 265 спортшы спорттық шеберлігін арттыратын 17 олимпиадалық резерв даярлау орталығы, 984 спортшы спорттық шеберлігін арттыратын 8 республикалық мамандандырылған олимпиадалық даярлау орталығы жұмыс істейді және орталықтың 95 % спортшысы Қазақстан ұлттық құрама командаларының негізгі, жастар немесе жасөспірімдер құрамаларына кіреді.
      2007 – 2011 жылдар кезеңінде мектеп жасындағы балалардың дене тәрбиесін жетілдіру жөніндегі шаралар қабылданды.
      2007 – 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезеңінде республикада 16 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ) құрылды.
      Бүгінгі күні 418 БЖСМ-де 256 мыңнан астам бала немесе оқушылардың жалпы санының 10,6 %-ы айналысады.
      Бұдан басқа, болашағынан үміт күттіретін 2988 оқушы оқитын спортта дарынды балаларға арналған 11 өңірлік мектеп-интернат және жалпы саны 1191 адамды қамтитын 4 республикалық мектеп-интернат құрылды.
      Негізгі проблемаларды талдау.
      Қазақстандық спорттың әлемдік спорт аренасындағы оң үрдістерімен қатар бірқатар проблемалар да бар.
      1. Материалдық-техникалық базаның әлсіз деңгейі және спорттық инфрақұрылымның жеткіліксіздігі:
      1) жұмыс істеп тұрған олимпиадалық даярлық орталықтары мен олимпиадалық резервті даярлау орталықтарындағы жоғары жетістіктер спортының меншікті материалдық-техникалық базасы жоқ;
      2) республикалық олимпиадалық даярлық орталықтары мен өңірлік олимпиадалық резервті даярлау орталықтарының меншікті спорттық базасы жоқ. Спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың және жоғары спорт шеберлігі мектептерінің спорттық базалары да талаптарға сәйкес келмейді.
      Жоғары спорт шеберлігі мектептерінің проблемалары да осындай – оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру жеткілікті қаржыландырылмайды, соның салдарынан жоспарланған жарыстар мен жиындарды өткізуге, үй-жайларды жалдауға қаражат жетіспейді.
      Жұмыс істеп тұрған спорттық құрылыстардың көпшілігі техникалық пайдалану жөніндегі жетілдірілген нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттерге және жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу қағидаларына сәйкес келмейді.
      2. Балалар-жасөспірімдер спортының әлсіз дамуы. Бүгінгі күнге дейін салалық спорт клубтарын құру мәселелері шешілмей келеді. Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі қазіргі уақытта онда республиканың мектеп жасындағы балалардың 10,6 %-ының ғана айналысуына мүмкіндікті қамтамасыз ете алады. Әлсіз материалдық-техникалық база, сапалы спорттық мүкәммал мен жабдықтың болмауы спорт резервін дайындауды жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік бермейді.
      3. Заманауи талаптарға жауап беретін спорттың ғылыми базасының болмауы және білікті мамандардың тапшылығы:
      1) спорт саласында білікті мамандарға өткір қажеттілік байқалады. Жоғары шеберлік спортында республиканың жетекші жаттықтырушыларының көпшілігінің жасы ортадан жоғары, ал олардың орнын толық ауыстыратын мамандар жоқ. Бұдан басқа, балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің жаттықтырушы-оқытушы құрамының 30 %-ында арнаулы білімі жоқ;
      2) спорттық құрылыстарды техникалық пайдалану мамандары жоқ, жоғары оқу орындары түлектерінің дайындық деңгейі қазіргі заманауи талаптарға жауап бермейді. Спорт саласы жоғары бәсекелі болып табылады және оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру, спортшылардың функционалдық және физикалық мүмкіндіктерін арттыру, оларды оңалту және қалпына келтіру әдістемесіндегі барлық ең жаңа әзірлемелер стратегиялық материал болып табылады, бұл оларды басқа елдердің иеленуін мүмкін етпейді.
      Отандық жаттықтырушылар Бүкілодақтық дене шынықтыру ғылыми-зерттеу институты 1983 – 1985 жылдары әзірлеген бағдарламалар мен әдістемелер бойынша жұмыс істейді. Елде меншікті ғылыми базаны құрмайынша, мамандардың спорт бойынша одан әрі әдістемелік және практикалық қызметі, сондай-ақ бұқаралық спортты және жоғары жетістіктер спортын дамыту әлемдік аренадағы спортшылар бәсекелестігінің артуына байланысты тұтастай алғанда қиынға түседі. Сол себепті республиканың спорт мектептерінде спорт түрлері бойынша бірыңғай оқу бағдарламаларын енгізу мүмкін болмай отыр, бұл спорт резерві мен халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлаудың жүйелі тәсілін қамтамасыз етуге кедергі келтіреді.
      Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
      Ел ішіндегі жағдайды бағалау халықаралық аренада қазақстандық спортшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін елде халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамыту жүйесінің жетілдіргені туралы куәландырады, бұл нормативтік құқықтық базаны жетілдіруге, саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мен дамытуға мүмкіндік берді.
      Қазіргі факторлық жағдайларды бағалау спорт резервін және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау; дене шынықтыру мен спортты насихаттау бойынша қабылданған шаралар туралы куәландырады.
      Сонымен қатар, саланы дамытуға сыртқы факторлардың әсер етуі әлемдік аренада спортшылардың артып келе жатқан бәсекелестігімен сипатталады, бұл отандық спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін уақтылы шараларды қабылдауды талап етеді.
      Соңғы жылдары халықаралық спорт аренасында бәсекелестік артта түсті, әсіресе бұл жетекші спорттық державалар барлық экономикалық әлеуетін спортшылардың табысты қатысуы үшін пайдалануға тырысатын Олимпиада ойындарында байқалады. Жоғары спорт марапаттарын иелену – барлық елдер үшін халықаралық деңгейде өзі туралы паш етудің ең қолайлы мүмкіндіктерінің бірі. Жоғары спорт нәтижелері – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының көрінісі. Спортта қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін экономиканы, ғылымды, адами және ресурстық капиталды қоса алғанда, мемлекеттің барлық әлеуетін пайдалану талап етіледі. Спорттық жеңістер халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.
      3. Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау.
      Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру.
      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      Сонымен қатар, лотерея қызметін дамытудың халықаралық тәжірибесі куәландырып отырғандай, аталған қызмет түрі олардың ұйымдастырушыларына үлкен пайда әкелумен ғана емес, сондай-ақ мемлекеттердің бюджеттеріне және сан түрлі қайырымдылық қорларына едәуір тұрақты табыс әкелетін (жыл сайын 10 %-ға ұлғаю) ауқымды және серпінді нарық болып табылады.
      Финляндия, Бельгия, Испания, Италия және Чехия сияқты бірқатар елдерде лотереяларды ұйымдастыру және өткізу мемлекеттік деңгейде жүзеге асырылады, себебі одан түсетін табыс мемлекеттік бюджеттің және ақша айналымының едәуір бөлігін қалыптастырады. Барлық елдерде дерлік лотереялар нақты регламенттелген қағидаларды, жауапкершілік нормаларын, лотереяларды өткізу тәртібін көздейтін мемлекеттік бақылаумен өткізіледі. Барлық лотереялық компаниялар (жеке де, мемлекеттік те) өзінің қызметі туралы қаржылық есептерді жариялайды, онда мемлекет қорларына түсімдердің мөлшерлері мен табыстың қандай мақсаттарға жұмсалғаны көрсетіледі.
      Лотереялардан түсетін табыстар мемлекеттерге салықтарды неғұрлым төмен деңгейде ұстап тұруға және көптеген спорттық жобаларды іске асыруға да мүмкіндік береді. Мысалы, Англияның футбол қауымдастығы ұлттық лотереядан «Уэмбли» стадионын реконструкциялау үшін 120 млн. фунтқа грант алды.
      Орташа есеппен, әлемде жыл сайын 150-160 млрд. АҚШ долларына лотерея билеттері өткізіледі, бұл ретте лотерея бизнесінің жылдық айналымы АҚШ-та жылына шамамен 30 млрд. АҚШ доллары, Германияда шамамен 6 млрд. АҚШ доллары, Жапонияда шамамен 8 млрд. АҚШ доллары, барлық лотереялары мемлекеттік тиісінше 6,53 және 6,5 млрд. АҚШ доллары Испания мен Италияда.
      Ресей заңнамасында федералдық бюджет кірісіне есептелетін бүкілресейлік мемлекеттік лотереядан нысаналы аударымдарды белгілеу арқылы әлеуметтік бағыттылықты белгілей отырып, лотереялардың мемлекеттік және жеке түрлері көзделген. Бұл ретте, Ресей Федерациясының Үкіметі кезекті қаржы жылына арналған федералдық бюджет туралы федералдық заң жобасында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар мен объектілерді қаржыландыруға қаражат бөлуді лотерея өткізуден түскен түсімнің кемінде 10 пайызы көлемінде көздейді.
      Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап лотерея қызметі саласында либералдық саясатты ұстанды. Еліміздің аумағында 1996 жылы ұлттық лотереяны енгізгенге дейін жеке компаниялар ғана өткізетін ұлттық лотереялар ұйымдастырылды.
      Бүгінгі күні лотерея қызметі мынадай нормативтік құқықтық актілермен регламенттеледі: 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодекс, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекс, 2001 жылғы 30 қаңтардағы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы «Лицензиялау туралы», 1993 жылғы 9 сәуірдегі «Кәсіптік одақтар туралы», 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы», 1998 жылғы 1 шілдедегі «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы», 2003 жылғы 8 ақпандағы «Почта туралы», 2004 жылғы 5 шілдедегі «Байланыс туралы» заңдары, «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы № 1716 қаулысы.
      Қазіргі уақытта нарықтың мемлекеттік емес секторында 25 шаруашылық субъектісінің лицензиялары бар, олардың ішінде лотерея қызметін жүзеге асыратындар 11-ді құрайды, ал мемлекеттік лотереяларды ұйымдастыруды Мемлекеттік (ұлттық) лотереяны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі кеңестің дирекциясы өткізеді.
      2009 жылдан бастап лотереяларды өткізуден түсетін салықтардың және мемлекеттік бюджетке түсетін міндетті төлемдердің жалпы көлемі 2009 жылы 75 678 мың теңгені, 2010 жылы 476 176 мың теңгені, 2011 жылы 331 192,4 мың, 2012 жылы 475 524 мың теңгені құрады.
      Негізгі проблемаларды талдау.
      Лотерея қызметінің оң үрдістерімен қатар негізгі проблема ретінде лотерея қызметінің саласындағы заңнамалық базаның болмауын атап өткен жөн.
      Нарықта халықтың лотереяларға қатысуыға сенімін жоятын көптеген қаржылық және құқықтық сипаттағы бұзушылықтары бар, мұны Бас прокуратураның мәліметтері растайды, бұл ретте аталған саланы заңнамалық реттеу жоқ.
      Соңғы онжылдықтағы Қазақстандық лотерея практикасы осы үлестің жеткіліксіз екендігін көрсетеді, ал мемлекет лотерея ісіне әлеуметтік маңызы бар шығыстардың қосымша қаржы көзі ретінде басты назар аудармай келеді.
      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі), «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында және «Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 551 қаулысында көзделген лотерея қызметінің қолданыстағы құқықтық базасы аталған саланы нақты және тиімді реттеуді айқындамайды.
      Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының «Лотерея және лотерея қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңдарының жобалары әзірленді.
      Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
      Ел ішіндегі қазіргі факторлық жағдайларды бағалау қазіргі уақытта лотерея қызметі саласындағы заңнамалық реттеу жөніндегі шаралар қабылдау қажеттігі туралы куәландырады.
      Мемлекеттік реттеу мен бақылаудың жаңа жүйесін енгізу осы саладағы кәсіпкерлік қызметті дамытуға ықпал етеді, күмәнді лотереяларды ұйымдастыруды шектеуге және халықтың лотерея ойындарына сенімін арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, лотерея қызметі саласындағы заңнамалық реттеу лотереяларды өткізуден түскен арнайы нысаналы аударымдарды енгізуге және ақша қаражатын белгілі бір әлеуметтік объектілер мен іс-шараларға мақсатты бағыттау тетігін белгілеуге мүмкіндік береді. Болжанып отырған шаралар лотереяға қатысушылардың уәжділігін арттыруға ықпал етеді.
      Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру.
      Реттелетін саланың немесе қызмет аясы дамуының негізгі параметрлері.
      Сонымен бірге, ойын бизнесінің халықаралық тәжірибесі ойын бизнесі салық және бақылау органдарының қатаң қадағалауында екендігін куәландырады. Салық салудан жалтару және заңсыз ойын бизнесін жүргізу мүмкіндіктері тұрақты түрде қысқартылып келеді.
      Германияда онлайн ойын бизнесіне тыйым салу мақұлданды. 1 қаңтардан бастап онлайн құмар ойындарының көптеген түрлеріне, инертент-казино сайттарына және желідегі құмар ойындарына ставкалар қабылдауға тыйым салынады. Онлайн ойындарына қатысты жаңа қағидаларды қолдау үшін желтоқсанның орта кезінде 16 федералдық жердің 13-інің заң шығарушысы дауыс берді. Оларға сәйкес биліктің талап етуі бойынша интернет-провайдерлер онлайн құмар ойындарына ставкалар қабылдайтын инертнет-сайттарды блоктауға, ал банктер осы ресурстарға төлем аударуды тоқтата тұруы тиіс. Бұл ретте, Германия аумағында оның шегінен тыс орналасқан компаниялардың көмегімен интернет арқылы ставкаларды қабылдау заңсыз болып саналады.
      Еуропа елдерінің көбінде, әсіресе Еуропалық одақ (ЕО) шеңберінде интернет-сүзгі нормаға айналды. Сүзгілеу желісінің ұлттық сегменттеріндегі заңсыз мазмұндарға мемлекеттік тыйымдарды, шетелден қабылданатын заңсыз мазмұнды блоктауды, сондай-ақ заңсыз мазмұнға қатысты іздеулер нәтижелерін сүзуді қоса алғанда әртүрлі нысандарда жүзеге асырылады.
      2010 жылы Швейцарияда Интернет-казиноға тыйым салу туралы заң енгізілді.
      Ресейде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін қылмыстың арнайы құрамын енгізу қарастырылып жатыр. Ресей Федерациясының Мемлекеттік Думасының қарауына букмекерлік кеңсенің (тотализатордың) ставка қабылдау пунктіне салық салуды көздейтін тиісті заң жобасы енгізілді.
      «Құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 16 қарашадағы Ресей Федерациясының Заңына енгізілген түзетулерге сәйкес 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Ресейде ойын бизнесінің салығы салынатын салық салу объектілері болып букмекерлік кеңселердің кассалары емес, ал процессингтік орталықтар мен букмекерлік кеңселердің ставкаларын қабылдау пункттері белгіленетін болады.
      Ресейде букмекерлік кеңселер мен тотализатордың және ойын аймақтарынан тыс аймақтарда ставкалар қабылдайтын олардың пункттерінің қызметіне жол берілмейтінін атап өткен жөн.
      Жоғарыда аталған елдердің тәжірибесін негізге ала отырып, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында еліміздің аумағында онлайн-казино қызметіне толық тыйым салу көзделіп отыр, банктер арқылы төлемдер аударуды тоқтата тұруға қатысты, аталған мәселе осыған ұқсас фактілерді қосымша зерделеуді талап етеді және қазіргі уақытта мезгілінен бұрын болып табылады.
      2010 жылғы 4 маусымда Дания Парламенті онлайн покер провайдерлерінің үкіметтен тиісті лицензия алуын, Дания заңнамасын сақтауын және Дат елі ойын кеңесінің бақылауында болуын көздейтін жаңа ойын заңын қабылдады.
      Елдің тиісті аумағында лицензиялар алу және олардың заңнамасын сақтау туралы ұқсас жағдайларды біздің мемлекетімізде қолдануға болмайды деп санаймыз, себебі онлайн-казино қызметіне тыйым салу заңда белгіленген, қазіргі уақытта осы тыйымды және интернет-ресурстарды блоктауды реттеу тетігін әзірлеу міндеті тұр.
      Республикалық бюджетке ойын бизнесіне салынатын салық түсімдерінен түсетін кірісі жыл сайын өсуде. 2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы ойын бизнесінің кірісі 19 %-ға артты және 4 393 460 мың теңгені (2010 жылы – 3692 882 мың теңге, 2009 жылы – 1 156 341 мың теңге) құрады.
      2010 жылмен салыстырғанда 2011 жылы республика бойынша құмар және бәс тігу ойындарын ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемі 45,1 %-ға артты және 13 459,6 млн. теңгені (2010 жылы – 9 274,0 млн. теңге, 2009 жылы – 3 058,7 млн. теңге) құрады.
      2011 жылы лицензиялық алымдардың жалпы сомасы: казино және ойын автоматтары залдары бойынша – 29 068 200 теңгені, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар бойынша – 7 741 440 теңгені құрады. 2009 – 2010 жылдар кезеңінде құмар ойындарын және бәс тігуді ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің 3 млрд. 058 млн. 007 мың теңгеден 9 млрд. 274 млн. теңгеге дейін өсуі байқалады. 2011 жылдың қорытындылары бойынша 13 млрд. 459 млн. 600 мың теңгені құрады.
      Негізгі проблемаларды талдау.
      Реттеу мен бақылаудың оң үрдістерімен қатар ойын бизнесі саласында бірқатар проблемалар бар.
      Ойын бизнесі саласындағы қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттелгеніне қарамастан, жекелеген нормалардың ережелерінде кемшіліктер, олқылықтар бар, соның салдарынан ойын бизнесі субъектілерінің тарапынан бұзушылықтарға әкеліп соғады.
      «Ойын бизнесі туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында букмекерлік кеңселердің кассалары мен тотализаторын ойын ғимаратына (іс жүзінде олар орналасқан) «байланыстырудың» жоқтығынан, «ұқыпсыз» букмекерлер аталған құқықтық коллизияны пайдалана отырып әр ойын ғимаратына салық салудан және оны лицензиялаудан жалтарады.
      Қазіргі уақытта ойын бизнесіне салық бойынша бюджет алдындағы едәуір қарыз сомаларының қалыптасу жағдайлары жиілеп кетті. Бұл ретте, ойын бизнесінің кейбір ұйымдастырушылары-қарызданушылар өздерінің салық міндеттемелерін орындаудан бас тартады.
      Мысалға, казинолардың бірінде ойын бизнесінің салығы бойынша қарызы 225 млн. теңгеден астам соманы құрады. Алайда, қарызданушыда меншікті активтердің болмауына және жалға алынған ғимаратты казино қызметін көрсету үшін пайдалануына байланысты осы қарызды өндіріп алу мүмкін болмай тұр.
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын жетілдіру үшін қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы әзірленді.
      Негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау.
      Ел ішіндегі жағдайды бағалау қазіргі уақытта ойын бизнесі туралы заңнамадағы олқылықтарды жою, оны бұзғаны үшін бақылау жүйесін қатаңдату, сондай-ақ заңнамалық шектеулерді айналып өтуге мүмкіндік беретін ережелерді алып тастау арқылы Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі қажетті шараларды қабылдау қажеттігін куәландырады.
      Қазақстан Республикасының ойын бизнесі саласындағы қолданыстағы заңнамасының нормаларын жетілдіру тотализаторлар кассаларын және букмекерлік кеңсені тіркемей ставкалар қабылдауды жүзеге асыратын, нәтижесінде ойын бизнесін ұйымдастырушыларға ойын бизнесі салығынан жалтару мүмкіндігін тудыратын субъектілердің қызметін тоқтатуға, Қазақстан Республикасынан тыс және Қазақстан Республикасының аумағында онлайн-казино қызметін жүзеге асыру мүмкіндігін болдырмауға, онлайн-казино қызметін болдырмайтын тетікті жүзеге асыруға және ойын бизнесі саласындағы салық салу жүйесін жетілдіруге ықпал ететін болады.
      Саладағы сыртқы факторлардың әсері әлемде ойынқұмарлықтың дамуы болып табылады – бұл интернет-казиноның пайда болуы.
      Қазіргі уақытта ойын автоматтары, казино өзінің жетекші рөлін процесті дәлме-дәл қайталайтын онлайн ойындарына береді, алайда Интернет желісінің ұлттық сегменттерінде бола отырып, шетелден қабылдайтын мазмұнды заңсыз шектеуді, заңсыз мазмұнға қатысты іздеу нәтижелерін сүзгілеуді жүзеге асырады.»;
      «Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері» деген 3-бөлімде:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру, лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «1-стратегиялық бағыт. Дене шынықтырумен және спортпен айналысу арқылы қазақстандықтардың саламатты өмір салтын қалыптастыру».
      1.1-мақсат мынадай редакцияда жазылсын:
      «Елде бұқаралық спортты дамыту»;
      мынадай мазмұндағы нысаналы индикаторлармен толықтырылсын:

      «

4. Саяси шешімдер қабылдаудағы фаворитизм

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері

орын




77

76

75

74

5. Саясаткерлерге қоғамдық сенім

Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері

орын




35

34

33

32

                                                                   »;

      «Адамдарды күн сайын дене шынықтыру-сауықтырумен айналысуға тарту» деген 1.1.1-міндетте:
      тікелей нәтижелер көрсеткіштері мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      «

6. Халықтың спорттық инфрақұрылыммен 1 мың адамға шаққанда қамтамасыз етілуі

Әкімшілік есепке алу, ведомстволық статистикалық деректер

%



30

32

34

36

38

                                                                   »;

      «Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру» деген 1.1.2-міндет және «Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру» деген 1.1.3-міндет алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы «3-стратегиялық бағыт. Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау» деген кіші бөліммен толықтырылсын:

      «

3-стратегиялық бағыт. Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

3.1-мақсат. Лотерея қызметін реттеу және ойын бизнесі саласындағы бақылау

Осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған бюджеттік бағдарламалардың кодтары ___

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Оның ішінде аралық мәнін көрсете отырып

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2010 ж. (есеп)

2011 ж. (ағымдағы жоспар)

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

1. 2010 жылғы деңгейдегі құмар ойындарын ұйымдастыру және бәс тігу жөнінде көрсетілген қызметтер көлемі (2010 ж. іс жүзінде – 9 274,0 млн. теңге)

Статистикалық деректер

%

-

45,1

16,5

9

11

13

15

2. 2016 жылға қарай лотерея қызметінен республикалық бюджетке түскен табыстың 2011 жылғы деңгейден артуы (2011 ж. – 331 192 мың теңге)

Әкімшілік есепке алу

%

-

-

5

10

15

20

25

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, тәсілдері және әдістері:

3.1.1-міндет. Лотерея қызметін реттеу тиімділігін арттыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2010 ж.

2011 ж. (ағымдағы жоспар)

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

1. 2016 жылға қарай лотерея қызметінен қызмет көрсету көлемінің 2011 жылғы деңгейден өсуі (2011 ж. - 1 910,1 млн. теңге)

Ведомстволық деректер

%



-

5

5

5

5

2. Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу бойынша лицензиясы бар лотерея қызметінің субъектілерін қамту

Әкімшілік есепке алу

%




100

100

100

100

Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

Жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

1

2

3

4

5

6

1. Лотерея нарығын талдау




х

х

2. Лотерея қызметі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін жетілдіру





х

3. Лотерея қызметі саласындағы мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру





х

3.1.2.-міндет. Ойын бизнесі саласындағы бақылауды жүзеге асыру

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2010 ж.

2011 ж. (ағымдағы жоспар)

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

2015 ж.

2016 ж.

1. Анықталған бұзушылықтардың жалпы санына шаққанда жойылған бұзушылықтардың үлесі, %

Ведомстволық деректер

%

-

80

83

86

90

93

96

2. Жоспарлы тексерістердің санын 2015 жылға дейін қысқарту

Әкімшілік есепке алу

%



10,0

10,0

10,0



Тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

жоспарлы кезеңдегі іске асыру мерзімі

2012 ж

2013 ж

2014 ж

2015 ж

2016 ж

1. Ойын бизнесі саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдерін жетілдіру



х



2. Ойын бизнесіне мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру

х

х

х

х


3. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу


х




4. Ойын бизнесі нарығын талдау




х

х

                                                                   »;

      «Тәуекелдерді басқару» деген 6-бөлімде:

      «

Әлемдік экономикалық дағдарыстың Қазақстан Республикасының дамуына әсер етуі

Халықтың көңіл көтеруге және лотереяға қаржылық шығындардың азаюы

Мемлекеттік лотереяның жаңа даму моделін әзірлеу

                                                                    »

      деген жол алынып тасталсын;
      «Бюджеттік бағдарламалар» деген 7-бөлімде:
      011 «Спорт саласындағы бюджеттік инвестициялар» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде мына:

      «

жобаның жалпы құнынан атқарылған жұмыстар (қызметтер) көлемі

%



16,79

11,24

23,6

18,54


                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жобалардың жалпы құнынан орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) көлемі

%



16,79

8,92

23,6

18,54


                                                                   »;

      012 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттік бағдарламада:
      тікелей нәтиже көрсеткіштерінде мына:

      «

жобалардың жалпы құнынан атқарылған жұмыстар (қызметтер) көлемi

%



7,87

19,14

0,28



                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

жобалардың жалпы құнынан орындалған жұмыстар (көрсетілген қызметтер) көлемi

%



7,87

8,41

0,28



                                                                   »;

      түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінде мына:

      «

бюджеттік шығыстар көлемі

мың теңге

30 640 578

4 940 462

4 273 987

2 332 509

111 000



                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      «

бюджеттік шығыстар көлемі

мың теңге

30 640 578

4 940 462

4 273 987

2 132 509

111 000



                                                                   »;

      «Бюджеттік шығыстар жиынтығы» деген кестедегі «2013 жыл» деген бағанда:
      «Бюджеттік шығыстардың БАРЛЫҒЫ:» деген жолдағы «32 073 545» деген сандар «31 873 545» деген сандармен ауыстырылсын;
      «бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «10 332 509» деген сандар «10 132 509» деген сандармен ауыстырылсын;
      «012 – Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне спорт объектілерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген жолдағы «2 332 509» деген сандар «2 132 509» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов