"Мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың (алушылардың) дерекқорын, мiндеттi зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан жеке тұлғалардың бiрыңғай тiзiмiн қалыптастыру ережесiн және Жинақтаушы зейнетақы қорларыны

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 наурыздағы № 344 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 848 қаулысымен

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 8)-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 1-тармағына31-бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 1 наурыздағы "Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 274 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 01 наурыздағы N 274 Жарлығын іске асыру туралы" N 326 Қаулысына сәйкес, Сарқан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық, поселкелік, ауылдық округ әкімдеріне Алматы облысы, Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Жамбыл көшесі, 96 үй мекен-жайында орналасқан "Алматы облысы Сарқан ауданының Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесiнің (келiсiм бойынша) шақыру учаскесі арқылы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы жоқ, он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және шақыру бойынша белгіленген әскери қызмет мерзімдерін өткермеген азаматтар 2012 жылдың сәуір -маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін.
      2. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу үшін әскерге шақыруды өткізу кезеңіне аудандық шақыру комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.
      3. Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      4. Қалалық, поселкелік, ауылдық округ әкімдері 2012 жылдың сәуір -маусымында және қазан-желтоқсанында өтетін шақыру мерзімінде әскер қатарына шақырылғандары, олардың шақыру учаскесіне шақырылғандығы туралы хабардар етіп және олардың дер кезінде келуін ұйымдастырсын.
      5. "Алматы облысының Ішкі істер департаменті Сарқан ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiне (келiсiм бойынша) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және жеткізуді өз құзыреті шегінде ұйымдастырып, шақырушыларды жөнелту кезінде шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етсін.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сәрсембаев Азамат Сламжанұлына жүктелсін.
      7. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Т. Шарапиев

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Алматы облысының Ішкі істер
      департаменті Сарқан ауданының
      ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк
      мекемесiнің бастығы                        Асқарбаев Айдын Төреханұлы
      5 сәуір 2012 жыл

      "Алматы облысы Сарқан
      ауданының Қорғаныс iстер
      жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк
      мекемесiнiң бастығы                        Кұмарғалиев Руслан Шораұлы
      5 сәуір 2012 жыл

      Алматы облысы әкімдігінің
      "Алматы облысының денсаулық сақтау
      басқармасы" мемлекеттік мекемесінің
      шаруашылық жүргізу құқығындағы
      "Сарқан аудандық орталық ауруханасы"
      мемлекеттiк коммуналдық
      кәсiпорынның директоры                     Мырзашев Иманғали Бөлегенұлы
      5 сәуір 2012 жыл

Сарқан ауданы әкімдігінің
2012 жылдың 26 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 122 қаулысына
1-қосымша

Аудандық шақыру комиссиясының құрамы

      Сәрсембаев Азамат Сламжанұлы Аудан әкімінің орынбасары, шақыру комиссиясының төрағасы;
      Құмарғалиев Руслан Шораұлы "Алматы облысы Сарқан ауданының Қорғаныс iстер жөнiндегi бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi бастығы, шақыру комиссиясының төрағасының орынбасары;

      Комиссия мүшелері:

      Елесұлы Абылқасым "Алматы облысының Ішкі істер департаменті Сарқан ауданының ішкі істер бөлімі" мемлекеттiк мекемесiнің бастығының орынбасары;
      Қанапьянов Серік Ғазизұлы Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның директорының орынбасары;
      Байғошанова Қатша Алматы облысы әкімдігінің "Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Сарқан аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорынның медбикесі, комиссия хатшысы.

Сарқан ауданы әкімдігінің
2012 жылдың 26 наурыздағы
"Қазақстан Республикасының
азаматтарын 2012 жылдың
сәуір-маусымында және қазан-
желтоқсанында кезекті мерзімді
әскери қызметке шақыру
туралы" N 122 қаулысына
2-қосымша

Азаматтарды әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі

N

Шақыруды жүргізу
айлары

Сарқан ауданында қалалық, поселкелік
және ауылдық округтер бойынша
Қазақстан Республикасының Қарулы
күштеріне шақырылатындардың жалпы саны

1

Сәуір

50 адам

2

Мамыр

50 адам

3

Маусым

50 адам

4

Қазан

50 адам

5

Қараша

50 адам

6

Желтоқсан

50 адам