Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 14 мамырдағы № 479 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 838 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 838 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-1-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2013 жылғы 14 мамырдағы
№ 479 қаулысымен   
бекітілген     

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда,
судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы
жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару
қағидалары

      1. Осы Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьялар үшін қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою және бюджетке аудару тәртібін айқындайды.
      2. Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар басқа да соттардың (бұдан әрі – агент) қызметін ұйымдық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган судьяны теріс себептер бойынша лауазымынан босату туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылғаннан немесе Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қаулысы қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына (бұдан әрі – Орталық) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қою туралы өтінішпен (бұдан әрі – өтініш) жүгінеді.
      Өтінішке осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың тізімі (бұдан әрі – тізім) қоса беріледі.
      Тізім әрбір жеке тұлға бойынша мынадай мәліметтерді қамтиды:
      1) жеке сәйкестендіру нөмірі;
      2) тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде);
      3) туған күні;
      4) жынысы;
      5) жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні;
      6) бюджетке алып қоюға жататын республикалық бюджет қаражаты есебінен судьяның ай сайынғы табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы (бұдан әрі – міндетті зейнетақы жарналарының сомалары). Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) өзгерген жағдайда алдыңғы тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) көрсетіледі.
      3. Өтініште:
      1) агенттің атауы және деректемелері (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі төлемдер бойынша салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
      2) банктік сәйкестендіру коды (бұдан әрі – БСК);
      3) жеке сәйкестендіру коды (бұдан әрі – ЖСК);
      4) алып қою себебі;
      5) төлем құжаттарының деректемелері (нөмірі, күні және сомасы) көрсетіледі.
      Өтінішке:
      1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, сот алқаларының төрағаларына және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларына қатысты – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы;
      2) жергілікті және басқа да соттардың төрағаларына, сот алқаларының төрағаларына және судьяларына қатысты – облыстағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (сот кеңселері) басшылары, сондай-ақ бас бухгалтер қол қояды және мөрмен расталады. Егер бас бухгалтердің лауазымы көзделмеген болса, алып қоюға арналған өтінішке тиісті белгі қойылады.
      4. Міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын алып қоюға алынған құжаттардың негізінде Орталық бес жұмыс күні ішінде аталған сомаларды жинақтаушы зейнетақы қорынан алып қоюға арналған электрондық өтінімді нөмірі мен күнін бере отырып қалыптастырады.
      Электрондық өтінімде:
      1) осы Қағидалардың 2-тармағының үшінші бөлігінде көрсетілген салымшының деректемелері;
      2) өтінімнің нөмірі мен күні;
      3) міндетті зейнетақы жарналарының сомасы көрсетіледі.
      Электронды өтінім аталған салымшының дербес зейнетақы шоты ашылған жинақтаушы зейнетақы қорына ақпаратты жеткізудің қаржылық автоматтандырылған жүйесі арқылы жіберіледі.
      5. Жинақтаушы зейнетақы қоры Орталықтан міндетті зейнетақы жарналары сомаларын алып қоюға арналған электрондық өтінімді алып, оны алған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Орталық өтінімінің нөмірі мен күнін көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды жүзеге асырады.
      Жинақтаушы зейнетақы қорлары міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын аударуды Орталықтың банктік шотына тізімді қоса бере отырып, төлем тапсырмасымен жүргізеді.
      6. Орталық жинақтаушы зейнетақы қорларынан міндетті зейнетақы жарналарының сомалары түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өтініште көрсетілген деректемелерге сәйкес агентке аударуды жүргізеді.
      7. Судьялар теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған жағдайда, судьяларға қосымша белгіленген міндетті зейнетақы жарналарының сомаларын агенттің бюджетке аудару тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Судья теріс себептер бойынша 
лауазымынан босатылған жағдайда,
судьялар үшін қосымша белгіленген
міндетті зейнетақы жарналарының
сомаларын алып қою және бюджетке
аудару қағидаларына      
1-қосымша           

Судья теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған кезде
республикалық бюджет қаражаты есебінен судьялардың ай сайынғы
табысынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналары
сомаларын алып қоюға арналған агенттің
өтініші

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігінің
Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы»
РМҚК бас директоры
_______________________________________________

1. Міндетті зейнетақы жарналарын төлеушінің (агенттің) деректемелері
атауы _______________________________________________________________
БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша) ________________________
СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша) ________________________
БСК _______________ ЖСК _____________________________________________
2. Судьяның деректемелері ___________________________________________
                            (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде),
                                           туған күні)
ЖСН _________________________________________________________________
міндетті зейнетақы жарналарының сомасы ______________________________
Алып қоюға жататын сома _____________________________________________
(бірнеше төлем тапсырмасы бойынша міндетті зейнетақы жарналары
сомаларының есептелген сомаларын есептен шығару қажет болған жағдайда
әрбір төлем тапсырмасына есептен шығарылуға жататын сома жеке
көрсетіледі)
Алып қойылған сомаларды мынадай деректемелер бойынша аударуды
сұраймыз ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
(кәсіпорынның толық деректері, барлық банк деректемелері көрсетіледі)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы
Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің
(Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты)
басшысы/Облыстық және оларға теңестірілген соттар
кеңсесінің басшысы                          _________________________
                                                  (Т.А.Ә., қолы)

Бас бухгалтер                               _________________________
(бас бухгалтердің қолы)                           (Т.А.Ә., қолы)

                                  М.О. күні _________________________

Судья теріс себептер бойынша 
лауазымынан босатылған жағдайда,
судьялар үшін қосымша белгіленген
міндетті зейнетақы жарналарының
сомаларын алып қою және бюджетке
аудару қағидаларына      
2-қосымша           

Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялардың
тізімі

Р/с

Агенттің атауы мен деректемелері*

Теріс себептер бойынша лауазымынан босатылған судьялар бойынша мәліметтер

Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, оны берген мемлекеттік орган туралы мәліметтер, берілген күні

Тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Туған күні, жынысы

Салымшының ЖСН

Лауазымынан босату негіздемесі (Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының немесе Қазақстан Республикасы Сенаты қаулысының №, күні)

Төлем тапсырмасының №, күні

Бюджетке алып қоюға жататын республикалық бюджет қаражатынан қосымша аударылған міндетті зейнетақы жарналарының сомасы









* СТН (01.01.2013 ж. дейінгі төлемдер бойынша)
  БСН (01.01.2013 ж. кейінгі төлемдер бойынша)

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының
жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз
ету департаментінің (Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының аппараты) басшысы/ Облыстық
және оларға теңестірілген соттар кеңсесінің басшысы  ________________
                                                      (Т.А.Ә., қолы)

                                           М.О. күні ________________