Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 13.03.2014 № 235 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабының 2-тармағына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1,  15-2-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
      2) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік қызмет стандарты;
      3) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1133 қаулысымен 
бекітілген     

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларды электр желілеріне қосуына рұқсат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларындағы аумақтық департаменттері (бұдан әрі - департаменттер) көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 6-бабы 10-тармағының 3) тармақшасы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің www.kgen.gov.kz. интернет-ресурсына орналастырылған.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы себептері көрсетіліп, дәлелді жауап беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға – (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет алушы) көрсетіледі.
      7. Департаменттің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) мемлекетік қызметті алушы осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап – 15 жұмыс күні ішінде.
      Мемлекеттік қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде департамент өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап жібереді.
      2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейін күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан артық емес;
      3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 20 минуттан артық емес.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Департаменттердің жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа күн сайын сағат 9.00 бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде құжаттарды күту және қажетті құжаттарды әзірлеу үшін (күту креслосы, қажетті құжаттарды толтыруға арналған орындар, құжаттар тізбесі бар және оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жабдықталады) жағдай жасалады, өртке қарсы қауіпсіздік шаралары белгіленіп, өткізу тәртібі ескерілген. Мемлекеттік қызметті кедергісіз алу үшін мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін тұтқалар, пандустар және сүйеніштер қарастырылған.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мемлекеттік қызметті алу үшін департаментке мынадай құжаттар тапсырады:
      1) еркін нысанда жасалған өтініш;
      2) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын қосуға арналған техникалық шарттардың көшірмелері;
      3) салыстыру үшін тұпнүсқаларын ұсына отырып, қабылдау-тапсыру сынақтарының және өлшеулердің хаттамалары немесе актілерінің көшірмелері;
      4) салыстыру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, орындалған электрлік құрастыру, іске қосу-баптау, электрлік өлшеу жұмыстарының тапсыру-қабылдау актілерінің көшірмелері;
      5) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, электр техникалық персонал және электрлік қондырғы үшін жауапты тұлға туралы мәліметтер (тағайындау туралы бұйрықтардың, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат беру тобы туралы біліктілік куәліктерінің, дипломдардың көшірмелері) немесе мамандандырылған ұйыммен электрлік қондырғыларды пайдалануға жасалатын шарт;
      6) салыстыру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, энергия беруші ұйымның тұтынушылардың электр қондырғыларын қолданыстағы желілерге қосу дайындығы туралы қорытындысы.
      Мемлекеттік қызметті алуға арналған құжаттар құжаттар тізімдемесі бар папкада, тігілген, нөмірленген және мөрмен бекітілген уәкілетті тұлғаның және/немесе қолымен куәландырылады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініш еркін нысанда жазылады.
      13. Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген департаменттерде жүзеге асырады.
      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға:
      1) сұралып отырған мемлекетік қызмет түрін;
      2) қоса берілген құжаттардың атаулары мен саны;
      3) құжаттарды қабылдау күнін (уақытын);
      4) мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алған күні мен орнын;
      5) құжаттар ресімдеуге өтініш қабылдаған уәкілетті лауазымды тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы тізбенің көшірмесі беріледі (қайтарылады).
      15. Мемлекеттік қызметтің нәтижелері алушыға не оның сенімхат бойынша өкіліне осы Стандарттың 14-тармағына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы тізбенің негізінде қолма-қол немесе почта байланысы арқылы беріледі.
      16. Мыналар мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады:
      1) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынбау;
      2) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттардағы дұрыс емес мәліметтерді ұсыну.

3. Жұмыс қағидаты

      17. Департаменттердің мемлекеттік қызметті көрсететін лауазымды тұлғалары өз қызметтерінде мынадай қағидаларды басшылыққа алады:
      1) адамдардың конституциялық құқықтары мен еркендіктерін сақтау;
      2) заңдылықты сақтау;
      3) сыпайы және әдепті болу;
      4) мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      5) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбігерлік көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шараларды қабылдау;
      6) мемлекеттік қызметті алушының құжаттарының сақталуын, қорғалуын және мазмұны туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

      18. Мемлекеттік қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа 2 қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Департаменттердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібін департаменттерде құжат айналымына жауапты тұлға түсіндіреді, мекенжай осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      21. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, тиісті департаменттің басшысына шағым береді, мекенжайы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін.
      22. Егер мемлекеттік қызметті алушы қолданылған шараларға қанағаттанбаса немесе мәселе жоғары тұрған инстанцияның қарауын талап етсе, мемлекеттік қызметті алушы шағымды Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті төрағасының атына мынадай мекенжай бойынша жолдай алады: 010000, Астана қ., Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 10, Министрліктер Үйі, 15-кіреберіс, телефон факс: (7172) 74-12-19, сенім телефоны: (7172) 74-12-0525.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00 бастап 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00 бастап 14.30-ға дейін.
      23. Мемлекеттік қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, заңнамада белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқылы.
      24. Шағымдар мекенжайлары осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген департаменттерде жұмыс күндері жазбаша нысанда почта, электрондық почта арқылы не қолма-қол қабылданады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      25. Шағымның қабылдағандығын растау шағым берген мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымға жауапты алу мерзімі мен уақыты, шағымды қарау туралы ақпаратты алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон беру болып табылады.
      26. Қосымша ақпарат Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің интернет-ресурсына орналастырылады: www.kgen.gov.kz.

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты
100 кВт-тан жоғары электрлік 
қондырғыларды электр желілеріне
қосуына рұқсат беру» мемлекеттік
қызмет стандартына      
1-қосымша          

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттерінің мекенжайлары

р/с №

Атауы

Мекенжайы

Телефон нөмірі

Интернет-ресурстар

1

2

3

4

5

1.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Астана қ., Кенесары көшесі, 40-үй

8(7172)
96-84-01

www.kgen.gov.kz

2.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Алматы қ., Байзақов көшесі, 221

8(727)
378-07-52

www.kgen.gov.kz

3.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Талдықорған қ.,
Ақын Сара көшесі, 207 «а» үй

8(727)
268-42-71

www.kgen.gov.kz

4.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Көкшетау қ., Әуелбеков көшесі, 139-үй3

8(7162)
76-01-42

www.kgen.gov.kz

5.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Ақтөбе облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Ақтөбе қ., 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 42 «В» үй

8(7132)
77-39-24

www.kgen.gov.kz

6.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Атырау қаласы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Атырау қ., Махамбет Өтемісұлы көшесі, 110-үй

8(7122)
99-43-24

www.kgen.gov.kz

7.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ»

Өскемен қ.,
Михаэлис көшесі, 1-үй

8(7232)
55-12-64

www.kgen.gov.kz

8.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Орал қ., Хамид Чурин көшесі, 164/1 үй

8(7112)
54-53-75

www.kgen.gov.kz

9.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Тараз қ., Сыпатай батыр көшесі, 5-үй

8(7262)
45-54-48

www.kgen.gov.kz

10.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қарағанды қ., Чкалов көшесі, 8-үй

8(7212)
94-25-54

www.kgen.gov.kz

11.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қызылорда қ.,
Бейбітшілік көшесі, н/ж

8(7242)
25-94-89

www.kgen.gov.kz

12.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Қостанай қ., Әл-Фараби көшесі, 109-үй

8(7142)
52-81-01

www.kgen.gov.kz

13.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Ақтау қ.,
22-шағын ауданы, «ТВС және В» МҚК ғимараты

8(7292)
60-53-52

www.kgen.gov.kz

14.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Павлодар қ., АСәтпаев көшесі, 136-үй

8(7182)
62-19-94

www.kgen.gov.kz

15.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Петропавл қ., Советская көшесі, 37-үй

8(7152)
46-78-29

www.kgen.gov.kz

16.

«Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ

Шымкент қ., Б. Момышұлы көшесі, 27-үй

8(7252)
97-35-22

www.kgen.gov.kz

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты   
100 кВт-тан жоғары электрлік     
қондырғыларды электр желілеріне қосуына
рұқсат беру» мемлекеттік       
қызмет стандартына          
2-қосымша               

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің алдығыі жылдағы мақсатты мәні

Есептік жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % -ы (үлесі)




2. Сапасы

2.1. Қызметтер көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)




3. Қолжетімділігі

3.1. Қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа және сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесі)




3.3. Ақпаратты электронды пішімде қол жеткізүге болатын қызметтердің % -ы (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % -ы (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1.Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар %-ы (үлесі)




Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1133 қаулысымен 
бекітілген     

«Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинеті мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi Заңының 9-бабы 1-тармағының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Министрліктің www.mint.gov.kz      интернет-ресурсында орналасады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) келісім хатты жіберу (беру);
      2) құжаттардың толық емес пакетін ұсынғаны туралы хабарлама жіберу (беру) (бұдан әрі - хабарлама) болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап сегіз жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      2) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін ең көп рұқсат етілетін күту уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін күту уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндер мен мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет «Транспорт Тауэр» ғимаратында көрсетіледі. Үй-жайдың режимі: ғимаратқа кіру жеке кіру есігі бар рұқсат беру бюросы беретін кіруге бір рет рұқсат етілетін рұқсатнама қағазы арқылы жүргізіледі. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ғимаратта күзет бекеті, өртке қарсы сигнализация және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Ғимарат:
      1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен;
      2) ішінде ақпараттық стендтермен жабдықталған.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi     

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) еркін нысандағы келісім беруге арналған өтініш;
      2) 110 кВ және одан төмен объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшірмесі;
      3) 220 кВ және одан жоғары объектілер үшін қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен қосалқы станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаментінің оң қорытындысының көшірмесі;
      4) қолданыстағы электр желілерi бойынша электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгі туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш еркін нысанда беріледі.
      13. Құжаттарды қабылдау Министрлікте мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинетте жүзеге асырылады.
      14. Осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың Министрлік кеңсесінде өтініш көшірмесінің тіркелуі (мөртаңба және күні) тапсырылғанын растау болып табылады.
      15. Мемлекеттік қызметтің нәтижелері қолма-қол (жеке өзінің келуі немесе сенімхат бойынша өкілге) немесе почта байланысы құралдары арқылы беріледі.
      16. Ұсынылған құжаттар пакетінің толық еместігі анықталған жағдайда олар хабарлама хатпен қайтарылады. 

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) заңдылықты сақтау;
      3) көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) сыпайы және әдепті болу;
      5) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбіргелік көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдау;
      6) қызметті тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері 

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапасы және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітіледі. 

5. Шағымдану тәртiбi

       20. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы Министрліктің мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесінде 8(7172) 24-05-84, 24-07-62, 24-07-63 телефондары бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1902 кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін немесе Министрліктің сайтынан ала алады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Министрдің атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мерекелiк күндерден басқа беріледі, байланыс телефондары 8 (7172) 24-04-75 немесе 24-04-76.
      22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым осы мәселелерге басшылық ететін вице-министр атына беріледі.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін, № 2117.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым еркін нысанда беріледі. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      25. Шағымның қабылдағандығын растау шағымданған мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымға жауапты алу мерзімі мен уақыты, шағымды қарастыру туралы ақпаратты алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талон беру болып табылады.
      Шағымды қарау барысы туралы ақпаратты Министрлік қызметкерінен 8 (7172) 24-04-75 немесе 24-04-76 телефондары арқылы білуге болады.
      26. Толық ақпарат Министрліктің интернет-ресурсында www.mint.gov.kz орналасқан.

«Қосалқы (шунтталатын) электр
беру желiлерi мен шағын  
станцияларды жобалауды және
салуды келісу» мемлекеттік
қызмет стандартына   
қосымша          

Кесте. Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мәнi

Сапа және тиiмдiлiк көрсеткiштерi

Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң келесi жылдағы нысаналы мәнi

Көрсеткiштiң есептi жылдағы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесi)

100



2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну үдерiсiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %- ы (үлесi)

90



3. Қол жетiмдiлiк

3.1. Қызметтi ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100



3.2. Ақпаратқа электронды форматта қол жеткiзуге болатын қызметтер %-ы (үлесi)

100



4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртiбiне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100



5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесi)

100



Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1133 қаулысымен 
бекітілген     

«Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайы бойынша көрсетеді.
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 22-бабының 4-тармағы негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және қажетті құжаттар туралы толық ақпарат Министрліктің www.mіnt.gov.kz интернет-ресурсында орналасады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) келісім хатты жіберу (беру);
      2) құжаттардың толық емес пакетін ұсынғаны туралы хабарлама жіберу (беру) болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттар тапсырылған сәттен бастап сегіз жұмыс күні ішінде көрсетіледі;
      2) өтініш берілген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алу кезінде құжаттарды тапсыру үшін ең көп рұқсат етілетін күту уақыты 30 минуттан аспайды;
      3) өтініш берген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең көп рұқсат етілетін күту уақыты 30 минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс күндер мен мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін көрсетіледі.
      Қабылдау кезек күту тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      10. Мемлекеттік қызмет «Транспорт Тауэр» ғимаратында көрсетіледі. Үй-жайдың режимі: ғимаратқа кіру жеке кіру есігі бар рұқсат беру бюросымен берілетін кіруге бір рет рұқсат етілетін рұқсатнама қағазы арқылы жүргізіледі. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ғимаратта күзет посты, өртке қарсы дабыл және басқа да қауіпсіздік шаралары бар. Ғимарат:
      1) физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандустары бар кіреберіспен;
      2) ішінде ақпараттық стендтермен жабдықталған.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы (не сенімхат бойынша өкілі) мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) сатып алу-сатуға немесе жалға беру шарттарын келісу кезінде:
      мемлекеттік қызметті алушының мынадай еркін нысандағы өтініші, ол мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
      мүлікті сатып алушы туралы мәлімет;
      мәміленің мәні болып табылатын (иеліктен шығарылатын мүліктің объектілер бойынша бөлінісіндегі атауы, үлгісі, түрі, түгендеу нөмірі, бастапқы және қалдық құны көрсетілген, мемлекеттік қызметті алушының барлық мүлкінің теңгерімдік құнынан пайызбен, барлығы) мемлекеттік қызметті алушы мүлкінің тізбесі;
      сатып алу-сату, жалға беру туралы шарт жобасы бойынша мәміленің құны;
      беру мерзімі өтінішті берген күні алты айдан аспауы тиіс жылжымайтын және жылжитын мүлікті бағалау жөніндегі ұйым берген жалға немесе сенімгерлік басқаруға беру жағдайларын қоспағанда, мүлікті бағалау актісі;
      заңды тұлға үшін жарғының немесе құрылтайшы шартының көшірмелері;
      жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      2) сенімді басқаруға беру кезінде:
      жеке тұлға үшін мүлікті сенімгерлік басқаруға беруге келісім;
      заңды тұлға үшін мүліктің меншік иесінің (иелерінің) сенімді басқаруға беру туралы шешімі;
      заңды тұлға үшін жарғының немесе құрылтайшы шарттың көшірмелері;
      жеке тұлға үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.
      12. Мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш еркін нысанда беріледі.
      13. Құжаттарды қабылдау Министрлікте мына мекенжай бойынша: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинетте жүзеге асырылады.
      14. Министрлік кеңсесінде өтініш көшірмесінің тіркелуі (мөртаңба және күні) осы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың тапсырылғанын растау болып табылады.
      15. Мемлекеттік қызметтің нәтижелері қолма-қол (жеке өзінің келуі немесе сенімхат бойынша өкілге) немесе почта байланысы арқылы беріледі.
      16. Ұсынылған құжаттар пакетінің толық еместігі анықталған жағдайда олар хабарламамен қайтарылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Министрліктің мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды тұлғалары өз қызметінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алады:
      1) адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
      2) заңдылықты сақтау;
      3) көрсетілетін қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
      4) сыпайы және әдепті болу;
      5) құжаттарды қарау кезінде төрешілдік пен әбіргелік көріністеріне жол бермеу, олар бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қабылдау;
      6) қызметті тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижелері 

      18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандартқа қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
      19. Мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде Министрліктің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапасы және тиімділік көрсеткіштерінің нормативті, нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің тиісті бұйрығымен бекітіледі. 

5. Шағымдану тәртiбi 

      20. Уәкілетті лауазымды тұлғаның әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметті алушы Министрліктің мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтауға жауапты құрылымдық бөлімшесінде 8(7172) 24-05-84, 24-07-62, 24-07-63 телефондары бойынша немесе 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 1902 кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін немесе Министрліктің сайтынан ала алады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Министрдің атына 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 47, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет мекенжайы бойынша жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс және мерекелiк күндерден басқа беріледі, байланыс телефондары 8 (7172) 24-04-75 немесе 24-04-76.
      22. Қызмет дұрыс көрсетілмеген жағдайда шағым осы мәселелерге басшылық ететін вице-министрдің атына беріледі.
      Жұмыс кестесі: демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 18.30-ға, түскі үзіліс сағ. 13.00-ден 14.30-ға дейін, № 2117 кабинет.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым еркін нысанда беріледі. Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      25. Шағымның қабылдағандығын растау шағымданған мемлекеттік қызметті алушыға күні мен уақыты, шағымды қабылдап алған лауазымды тұлғаның аты-жөні, шағымға жауапты алу мерзімі мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы ақпаратты алуға болатын тұлғаның байланыс деректері көрсетілген талонды беру болып табылады.
      Шағымды қарастыру барысы туралы ақпаратты Министрлік қызметкерінен 8 (7172) 24-04-75 немесе 24-04-76 телефондары арқылы білуге болады.
      26. Толық ақпарат Министрліктің интернет-ресурсында www.mint.gov.kz орналасқан.

«Электр энергетикасы объектілерін    
және (немесе) оның жекелеген бөліктерін 
меншік нысанына қарамастан сатып алу-сату,
жалға немесе сенімді басқаруға беруге  
келісу» мемлекеттік қызмет стандартына 
қосымша                 

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну оқиғаларының %-ы (үлесі)

100



2. Сапасы

2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

90



3. Қолжетімділік

3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100



3.2. Ақпаратқа электронды түрде қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)

100



4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100



5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)

100