Электр энергетикасы, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында Қазақстан Республикасы Индустрия және технологиялар министрлігі көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 235 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 663 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 27.08.2015 № 663 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығын қараңыз.

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желілері мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      2) «Электр энергетикасы объектілерін және (немесе) оның жекелеген бөліктерін меншік нысандарына қарамастан сатып алу-сатуды, жалға немесе сенімді басқаруға беруге келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      3) «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      4) «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      5) «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      6) «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      7) «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      8) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;
      9) «Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.
      2. «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1133 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 995-бабы) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              С.Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен  
бекітілген      

«Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Министрлiк (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі – қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалауды және салуды келiсу-хаты.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтiнiш;
      110 кВ және одан төмен объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшiрмесi;
      220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның оң қорытындысының көшiрмесi;
      қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары.
      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындаға сұрау;
      110 кВ және одан төмен объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның аумақтық департаментiнiң оң қорытындысының көшiрмесi;
      220 кВ және одан жоғары объектiлер үшiн қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды салудың техникалық орындылығы туралы мемлекеттiк энергетикалық бақылау және қадағалау жөнiндегi органның оң қорытындысының көшiрмесi;
      қолданыстағы электр желiлерi бойынша тұтынушыны электр энергиясымен жабдықтаудың мүмкiн еместiгi туралы тиiстi энергиямен жабдықтаушы, энергия берушi ұйымдардың хаттары.
      Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі, жеке куәлік құжаттары туралы мәліметтерді қызмет беруші мемлекеттік ақпараттық жүйелеріне тиісті, электронды цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған (қызметті алушының) электронды құжат түрінде портал арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысы атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефондары: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
      портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жетімділік режімінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 14 05, 24 50 02. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Қосалқы (шунтталатын) электр беру     
желiлерi мен шағын станцияларды      
жобалауды және салуды келісу»      
мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                   

Өтініш

______________________________________________________________
______________________________________________________________
                 (заңды тұлғаның толық атауы)
______________________________________________________________
               (орналасқан жері, заңды мекенжайы)
БСН ______________________
______________________________________________________________
(орналасқан жері, қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалаудың және салудың мақсаты)
қосалқы (шунтталатын) электр беру желiлерi мен шағын станцияларды жобалау және салу үшін келісім беруді сұрайды.

Заңды тұлғаның басшысы
______________________                 ____________________
        (қолы)                               (аты-жөні)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен   
бекітілген     

«Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмді басқаруға беруге келiсу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату, жалға немесе сенiмді басқаруға беруге келiсу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті Министрлiк (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 8 (сегіз) жұмыс күні;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең көп уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесі – электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн сатып алу-сату, жалға немесе сенiмді басқаруға беруге келiсу-хат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) сатып алу-сату немесе жалға беру шарттарын келiсу кезiнде:
      осы стандартқа қосымшаға сәйкес бекітілген нысандағы өтiнiш;
      жалға немесе сенiмгерлiк басқаруға беру жағдайларын қоспағанда, жылжымайтын және жылжитын мүлiктi бағалау жөнiндегi ұйым берген беру мерзiмi өтiнiштi берген күнi алты айдан аспауы тиiс мүлiктi бағалау актiсi;
      заңды тұлға үшiн жарғының немесе құрылтай шартының көшiрмелерi;
      2) сенiмгерлік басқаруға беру кезiнде:
      жеке тұлға үшiн мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге келiсiм;
      заңды тұлға үшiн мүлiктiң меншiк иесiнiң (иелерiнiң) сенiмгерлік басқаруға беру туралы шешiмi;
      заңды тұлға үшiн жарғының немесе құрылтай шарттының көшiрмелерi.
      порталда:
      1) сатып алу-сатуға немесе жалға беру шарттарын келiсу кезiнде:
      мүлiктi бағалау актiнің электронды көшірмесі;
      заңды тұлға үшiн меншiк мүлiк иесiнiң (иелерiнiң) сенiмдi басқаруға беру туралы шешiмi;
      2) сенiмгерлік басқаруға беру кезiнде:
      жеке тұлға үшiн мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге келiсiм (құжаттың электронды көшірмесі);
      заңды тұлға үшiн мүлiктiң меншiк иесiнiң (иелерiнiң) сенiмгерлік басқаруға беру туралы шешiмi (құжаттың электронды көшірмесі);
      заңды тұлға үшiн жарғы немесе құрылтай шарты (мәліметтер нысаны толтырылады).
      Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушіге жазбаша келісім береді.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысы атына осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша немесе Министрлік басшысының атына мына мекенжай бойынша беріледі: 010000, Астана қаласы, Есiл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты, № 2117 кабинет, телефондары: 8 (7172) 24-04-75, 29-08-48.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі.
шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
      2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.mint.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жетімділік режімінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 14 08, 24 15 19. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

«Электр энергетикасы объектiлерiн    
және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн 
меншiк нысанына қарамастан сатып     
алу-сату, жалға немесе сенiмдi басқаруға  
беруге келiсу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет
стандартына қосымша            

_________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы/ өтініш беруші жеке тұлғаның аты-жөні, әкесінің аты)
_________________________________________________________________
(заңды мекенжайы, орналасқан жері)
ЖСН/БСН ______________________
          мынадай тұлғаға
_________________________________________________________________
(заңды тұлға үшін/аты-жөні, әкесінің аты жеке тұлға үшін (сатып алушы, жалға алушы, сенімді басқарушы)
ЖСН/БСН _______________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
(атауы, типі, түрі, түгендеу нөмірі, иеліктен айырылатын мүліктің бастапқы құны және қалдық құны, мемлекеттік қызметті алушының барлық мүлкінің баланстық құнының пайыздағы иеліктен айырылатын мүліктің бастапқы құны және қалдық құны)

      электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сатып алу-сату;
      электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан жалға беру;
      электр энергетикасы объектiлерiн және (немесе) оның жекелеген бөлiктерiн меншiк нысанына қарамастан сенімді басқаруға беру үшін келісім-хат беруді сұрайды
(керегін белгілеңіз)

      Сатып алу-сату, жалға беру шартының жобасы бойынша мәміле құны

_____________________________________________________________________

      Өтініш берушінің барлық мүлкінің құны:
      ________________________________________
      Бастапқы: ______________________________
      Қалдық: ________________________________
      Мәміленің негіздемесі: _________________
      Қаржылық: ______________________________
      Техникалық: ____________________________
      Экономикалық: __________________________
      Заңмен қорғалатын ақпараттық жүйелердегі құпия болып табылатын мәліметтерді пайдалануға келісемін

      _________________             ________________________
            (қолы)                         (аты-жөні)

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен   
бекітілген      

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы;
      2) электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) құжаттар топтамасы ХҚО-ға тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электрлік қондырғыларын электр желілеріне қосуға рұқсат беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
      2) ХҚО-ның – демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген кестеге сәйкес сағат 9-00-ден 20-00-ге дейін үзіліссіз. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен (электрондық) жүзеге асырылады, көрсетілетін қызметті алушының қалауымен портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;
      3) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушының (не сенімхат бойынша оның өкілінің) жүгінуі кезінде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттар тізбесі:
      1) ХҚО-ға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;
      салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;
      салыстырып тексеру үшін тұпнұсқаларын ұсына отырып, техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;
      салыстырып тексеру үшін тұпнұсқасын ұсына отырып, коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;
      салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін ХҚО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал немесе мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық пакетін ұсынбаған жағдайда, ХҚО қызметкері осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      тұтынушылардың электр қондырғыларын энергия беруші (энергия өндіруші) ұйымның желілеріне қосудың техникалық шарттарының көшірмелері;
      техникалық шарттар талаптарының орындалуы туралы энергия беруші (энергия өндіруші) ұйым қорытындысының көшірмесі;
      коммерциялық есепке алу, баланстық тиесілікті шектеу және тараптардың пайдалану жауапкершілігі схемасын қабылдау актілерінің көшірмелері;
      энергетикалық сараптама қорытындысының көшірмесі.
      Порталда электрондық сұрау салуды қабылдау көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама деректерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды ХҚО-ға берген кезде ХҚО-да:
      құжатты қабылдау нөмірі мен күні;
      сұратылып отырған мемлекетік көрсетілетін қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
      мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу күні (уақыты) және құжаттарды беру орны;
      құжаттарды қабылдаған жауапты тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты;
      көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе көрсетілетін қызметті берушінің атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетіле отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі;
      портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым көрсетілетін мемлекеттік қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі;
      2) ХҚО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО-ның басшысына жіберіледі.
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымның қабылданғанының растамасы оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе ХҚО-ның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
      3) Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметтің, оның ішінде электрондық нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
      көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде;
      ХҚО-ның www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8(7172) 24 07 49, 24 12 91.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты  
100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын
электр желілеріне қосуға рұқсат беру»  
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                

Нысан

Тұтынушылардың белгіленген қуаты 100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын электр желілеріне қосуға
ӨТІНІШ

ЗАЯВЛЕНИЕ
на подключение к электрическим сетям электроустановок потребителей с установленной мощностью свыше 100 кВт

__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
жеке және заңды тұлғаның атауы, мекенжайы, телефоны – наименование физического и юридического лица, адрес, телефон
__________________________________________________________________
(қосылатын электрлік қондырғылардың атауы/наименование подключаемых энергоустановок)

Рұқсат алу себептері ____________________________ Причины получения разрешения (жаңадан енгізілетін және үнемі пайдалануға
__________________________________________________________________
реконструкцияланатын, құрылыс кезеңіне, сынаудан өткізу кезеңіне уақытша/вновь вводимые и реконструируемые на постоянную эксплуатацию, временные на период строительства, опробирования)

      Қоса берілетін құжаттар тізбесі/Прилагаемый перечень документов:
      1._____________________________
      2._____________________________
      3._____________________________
      4._____________________________
      5._____________________________
      6._____________________________
      ____________________________________________________________
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының қолы, лауазымы, т.а.ә.,/
__________________________________________________________________
   подпись, должность, ф.и.о./получателя государственной услуги

МО 20__ж. «__» ____________/МП «__» _________ 20__год

«Тұтынушылардың белгіленген қуаты     
100 кВт-тан жоғары электр қондырғыларын 
электр желілеріне қосуға рұқсат беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша                

(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, бар болса әкесінің аты
(бұдан әрі – Т.А.Ә.) не ұйымының атауы)
      _________________________________
      (көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
қолхат

      «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық пакетін, атап айтқанда:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) __________________________________________;
      2) __________________________________________;
      3) __________________________________________;
ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік қызметтің атауын көрсету) құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

      Т.А.Ә. (ХҚО қызметкері)                           (қолы)

      Орындаушы: Т.А.Ә. ____________
      Телефоны _________
      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

      20__жылғы «__» ___________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен    
бекітілген       

«Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. «Энергетикалық сараптама жүргізуге ұйымдарды аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы куәлік.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезінде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы энергетикалық сараптаманы жүргізуге аккредиттеу туралы өтініш;
      нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған жарғының, куәліктің* немесе өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмелері;
      ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанына дейін жарамды болып табылады;
      тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және мамандығы бойынша электр энергетикасы саласындағы маман лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік орта (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі мен мамандығы бойынша электр энергетикасы саласында маман лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы (IV және одан жоғары топтар) бар сараптамалық ұйымның қызметкері ретінде энергетикалық сараптама өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сарапшылардың бар екендігі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      электр зертханасын аккредиттеу туралы куәліктің нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      меншік құқығында электр зертханалары жоқ ұйымдар үшін – электр зертханалардың бар екендігі туралы құжаттың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      меншікті емес электр зертханасын пайдаланатын ұйымдар үшін - электр зертханаларына қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі және оны сынақтарға (өлшеулерге) жіберу туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      энергетикалық сараптама жүргізу саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмелері (1 және 2 санаттағы сарапшы ұйымдар үшін).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама мәліметтерін қызмет көрсетуші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
      2) порталға:
      қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      жарғының, куәліктің* немесе өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
      тиісті мамандық бойынша жоғары білімі және мамандығы бойынша электр энергетикасы саласындағы маман лауазымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар немесе тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік орта (арнаулы орта, кәсіптік орта) білімі мен мамандығы бойынша электр энергетикасы саласында маман лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі, сондай-ақ, электр қауіпсіздігі бойынша рұқсат тобы (IV және одан жоғары топтар) бар сараптамалық ұйымның қызметкері ретінде энергетикалық сараптама өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын сарапшылардың бар екендігі туралы құжат;
      электр зертханасын аккредиттеу туралы куәлік;
      меншік құқығында электр зертханалары жоқ ұйымдар үшін – электр зертханалардың бар екендігі туралы құжат;
      меншікті емес электр зертханасын пайдаланатын ұйымдар үшін + электр зертханаларына қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі және оны сынақтарға (өлшеулерге) жіберу туралы құжат;
      энергетикалық сараптама жүргізу саласындағы жұмыс тәжірибесінің болуы туралы құжат (1 және 2 санаттағы сарапшы ұйымдар үшін).
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама мәліметтерін қызмет көрсетуші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылды;
      портал арқылы – көрсетілетін қызмет алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсетіле отырып мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды аккредиттеу»       
мемлекеттік көрсетілетін қызмет  
стандартына қосымша         

Нысан

___________________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
___________________________________

Энергетикалық сараптама жүргізуге
ұйымдарды аккредиттеу туралы
өтініш

______________________________________________________________
                     (заңды тұлғаның атауы) ______________________________________________________________
(БСН), өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың нөмірі мен күні*) санат бойынша энергетикалық сараптама жүргізуге аккредиттеуді сұрайды.

      Заңды тұлғаның орналасқан жері (болған жағдайда оның филиалдары, өкілеттіктері):
      Пошталық мекенжайы:___________________________________________
      Телефон нөмірдері ____________________________________________
      E-mail _______________________________________________________
      Факс _________________________________________________________
      Ұсынылған құжаттар тізімі (парақ санын көрсету арқылы):
1._____________________________
2._____________________________
3._____________________________
4._____________________________
5._____________________________
6._____________________________
      Ұйым басшысы (лауазымы)
_______________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)

МО 20 ___ ж. "__"______________

     Ескертпе:* «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметін тоқтатқанына дейін жарамды болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен   
бекітілген     

«Электр зертханаларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Электр зертханаларын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының аумақтық департаменттері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – электр зертханасын аккредиттеу туралы куәлік.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы электр зертханасын аккредиттеу туралы өтініш;
      нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған жарғының, куәліктің* немесе өтініш берушіні заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың және жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
      ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      электр зертханасына құқық белгілейтін құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      электр зертханасы туралы ереженің нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
      электр зертханасына қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі және оны сынақтарға (өлшеулерге) жіберу туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
      өлшеу құралдарын тексеру туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған не басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған көшірмелері.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттың деректерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      жарғының, куәліктің* немесе өтініш берушіні заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың және жеке тұлғалар үшін жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмелері;
      ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      электр зертханасына құқық белгілейтін құжаттар;
      электр зертханасы туралы ереже;
      электр зертханаларына қызмет көрсететін персоналдың біліктілігі және оны сынақтарға (өлшеулерге) жіберу туралы;
      өлшеу құралдарын тексеру туралы.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттың деректерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі;
      2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Электр зертханаларын аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет 
стандартына қосымша      

Нысан

______________________________________
(уәкілетті органның атауы)
___________________________________
(заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы)

Электр зертхананы аккредиттеу туралы
өтініш

__________________________________________________________________
      (электр зертхананың меншік иесінің атауы) _________________________________________________________________ (БСН (ЖСН), өтініш берушіні заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың нөмірі мен күні) электр зертханаға аккредиттеу өткізуді сұрайды.
      Өтініш берушінің орналасқан жері:
      Пошталық мекенжайы:_________________________________________
      Телефон нөмірлері __________________________________________
      E-mail _____________________________________________________
      Факс _______________________________________________________
      Қоса берілетін құжаттар тізбесі (парақтар санын көрсете отырып):
      1. _____________________________
      2. _____________________________
      3. _____________________________
      4. _____________________________
      5. _____________________________
      6. _____________________________
      Ұйым басшысы (дара кәсіпкер)
      ________________________________
      (қолы) (Т.А.Ә.)
      МО 20__жылғы «__» ___________

      Ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен    
бекітілген      

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті:
      1) белгіленген электр қуаты 5 мегаваттан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты сағатына 100 гигакалорий және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 110 киловольт және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде - Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті;
      2) өз құрамында кернеуі 35 кВ және одан төмен электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға, сондай-ақ белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан аз энергия өндіруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайлардағы жұмысқа әзірлік паспортын беру кезінде - Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – 12 (он екі) жұмыс күні;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушілердің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызмет берушілерге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алуға өтініш;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі (бұдан әрі  - әзірлік актісі);
      әзірлік актісіне ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      станциялардың, электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ бекітілген күзгі-қысқы кезең кестелеріне сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы басшының қолымен және ұйымның мөрімен куәландырылған аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
      Жіберілетін құжаттар нөмірленеді, тігіледі және шарттарда көрсетілген бірізділікке сәйкес орналастырылады.
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі актісі;
      әзірлік актісіне ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу үшін осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасында көрсетілген шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса беріледі;
      электр және жылу желілерінің негізгі және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйі, сондай-ақ бекітілген күзгі-қысқы кезең кестелеріне сәйкес тұтынушыларға жылу және электр энергиясын беруді қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы аккредиттелген сарапшы ұйымның қорытындысы.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызмет берушілерге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылдағаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады;
      2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналасқан.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және     
одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген
жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,  
сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және  
одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр   
желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа    
әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына             
1-қосымша                 
Нысан

(кімге) ________________________________
              (органның атауы)
________________________________________
(заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы)

Өтініш

_________________________________________________________________
       (заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің атауы атауы)
_________________________________________________________________
(БСН (ЖСН), куәліктің*, өтініш берушіні заңды тұлға, жеке кәсіпкер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі мен күні)
      Энергия объектісінің орналасқан жері:
      Пошталық мекенжайы:___________________________________
      Телефон нөмірлері ____________________________________
      E-mail _______________________________________________
      Факс _________________________________________________
      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
      1.___________________________ парақта, беттің реттік №
      2.___________________________ парақта, беттің реттік №
      3.___________________________ парақта, беттің реттік №
      4.___________________________ парақта, беттің реттік №
      5.___________________________ парақта, беттің реттік №
      6.___________________________ парақта, беттің реттік №

      Ұйымның басшысы ____________________________________
                             (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      МО 20__ж. "____"_____________

      Ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.

Белгіленген электр қуаты 5 МВт және      
одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген
жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,   
сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және   
одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр   
желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа    
әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет стандартына 2-қосымша        

Нысан

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың
күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлігі паспортын алу
актісі

________________________________________________________________
                   (заңды тұлғаның атауы)
________________________________________________________________
(БСН (ЖСН), заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нөмірі және күні)

      Заңды тұлғаның және оның энергия объектісінің орналасқан жері:
      Пошталық мекенжайы: _______________________________________
      Телефон нөмірлері _________________________________________
      E-mail ____________________________________________________
      Факс ______________________________________________________
      Қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі:
      1.___________________________ парақта, беттің реттік №
      2.___________________________ парақта, беттің реттік №
      3.___________________________ парақта, беттің реттік №
      4.___________________________ парақта, беттің реттік №
      5.___________________________ парақта, беттің реттік №
      6.___________________________ парақта, беттің реттік №

      Ұйымның басшысы ____________________________________
                          (лауазымы, Т.А.Ә., қолы)

      МО 20__ж. "____"______________

      Ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
      
Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан
төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе    
белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және
одан жоғары, сондай-ақ өз балансында 
кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ 
және одан жоғары электр желілері бар 
энергия өндіруші және энергия беруші 
ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда   
жұмысқа әзірлік паспортын беру»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
стандартына 3-қосымша         

Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлігі паспортын алу шарттары

      1. Энергия өндіруші ұйымдар:
      1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, қажетті көлемде және белгіленген нормаларға сәйкес келетін сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің толық көлемде орындалуы;
      2) алдағы күзгі-қысқы кезеңге отын жеткізуге арналған шарттардың болуы;
      3) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың толық көлемде орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі);
      4) жүктемелер кестесін орындауға әзірлік – жұмыс пен резервте жүктемелер кестесін орындау үшін қажетті жабдық құрамының болуы;
      5) қоймада Энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде пайдаланылатын отын қорының нормалары қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес негізгі және резервтік отын қорының болуы;
      6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемалары және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;
      7) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің және күзгі-қысқы кезеңнен өтуді қамтамасыз ететін жабдықты диагностикалаудың аккредиттелген сарапшылық ұйымдардың техникалық куәландыруды жүргізуі;
      8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің міндетті қатысуымен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлік актісінің болуы (акт көшірмесі);
      9) кабель шаруашылығының, отын-көліктік және мазут шаруашылығының, қазандық цехының, турбогенераторлардың, коммутациялық аппараттардың газ-май жүйелерінің, турбиналардың, трансформаторлар мен реакторлардың май жүйелерінің өрт жарылыс қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз ету;
      10) автоматиканың релелік қорғаныс (бұдан әрі – АРҚ) және аварияға қарсы автоматиканың (бұдан әрі – АҚА) құрылғыларына, жылу автоматикасы және өлшеу құралдарына (бұдан әрі – ЖӨА) техникалық қызмет көрсетуді толық көлемде орындау актісінің болуы. Бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, диспетчерлік технологиялық басқару құралдарының (бұдан әрі – ДТБҚ), энергия ресурстарын бақылау және есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің (бұдан әрі – ЭБЕАЖ) әзірлігі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);
      11) жергілікті атқарушы органдармен келісілген температуралық кестенің болуы;
      12) негізгі жабдықты жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;
      13) күл үйінділерінің қажетті сыйымдылығының болуы (өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілдерінің гидроқұрылыстарға күзгі комиссиялық тексеру жүргізуі);
      14) жылу механикалық жабдықтың жұмысы үшін нормативті су режимін қамтамасыз ету;
      15) объектілік аварияға қарсы жаттығу жүргізу нәтижелерінің оң бағалануы;
      16) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және ең жоғары жүктемелер кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне әсер ететін технологиялық бұзылуларды тексеру актілері бойынша іс-шаралардың толық орындалуы;
      17) меншік электр және жылу қажеттіліктері жабдығының жобалық талаптар мен схемаларға сәйкестігі;
      18) егер олар тұтынушыларды күзгі-қысқы кезеңде жылумен жабдықтауды шектеуге алып келетін болса, 15 қыркүйекке қарай станциялар мен жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тәуліктен асатын жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.
      2. Энергия беруші ұйымдар.
      Электр желілік компаниялар үшін:
      1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен жабдықтарды пайдалануға қабылдап алу актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеулер кестесінің көшірмелері) ресімделген, белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде, кезеңділікпен және сапада қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ҚС), тарату пункттерін (бұдан әрі – ТП), трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – ТҚС), жиынтықты трансформаторлық қосалқы станцияларды (бұдан әрі – КТҚС) және электр беруші желілерді жоспарлы жөндеудің орындалуы;
      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар мен құрылыстардың ақауларының алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы (орындалған іс-шаралар тізбесі);
      3) электр жүктемелері кестесін орындауға әзірлік, яғни жұмысты және резервте жүктемелер кестесін орындау және электр беруші желілер мен трансформаторлардың өткізу қабілеті шегінде электр энергиясы мен қуатты беру үшін қажетті жабдық құрамының болуы (КҚК кезеңде 10-110 кВ бойынша режимдік (қалыпты) схемалар, режимдік схема кезінде өткен жылғы 22 маусым мен 22 желтоқсанда жүктемелерді өлшеулер);
      4) 10-110 кВ және одан жоғары режимдік (қалыпты) схемалардың сенімділік, статикалық және серпінді тұрақтылық талаптарын қамтамасыз ету (есептеулер мен талдаулар);
      5) 6-500 кВ электр желілері қосалқы станцияларының авариялық қорының, ЭЭБЖ 0.4 кВ-500 кВ резервтік материалдары мен жабдығының, жабдыққа құйылған 2%-дан кем емес көлемде трансформаторлық майдың төмендемейтін қорының болуы (жабдықтың ұйым бекіткен авариялық қорының салыстырмалы және нақты талдауы);
      6) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемалары және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;
      7) электр желілерінің жабдығына нормативтік құжаттарда көзделген көлемде және мерзімде уақтылы сынаулар жүргізу;
      8) АРҚ және АҚА құрылғыларына толық көлемде техникалық қызмет көрсетуді орындау, бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі (актілердің көшірмелері);
      9) технологиялық және авариялық бронь актілерін жасау бойынша жұмыстар (жасалған технологиялық және авариялық бронь актілерін үздіксіз электрмен қамтамасыз ету объектілерінің тізбесімен салыстырма талдау);
      10) энергия көздері қуатының тапшылығы туындаған кезде, сондай-ақ электр желілеріндегі авариялық жағдайда тұтынушыларды шектеудің (веерлі ажыратулар) келісілген кестелерінің болуы (шектеу кестелерінің көшірмелері);
      11) электр қондырғыларының, ӘЖ, кабельдік желілердің, АРҚ құрылғыларының, ғимараттар мен құрылыстардың кестелер мен кезеңділікке сәйкес энергия кәсіпорындары жұмыс комиссияларының электр қондырғыларына толық техникалық куәландыруды жүргізуі (пайдалануға енгізу және техникалық жай-күйін бағалау жылын көрсете отырып, техникалық куәландырудан өткен жабдықтар тізбесі);
      12) аварияға қарсы объектілік жаттығу жүргізу (жүргізілген жаттығулар тақырыптамалары мен персоналдың іс-қимылын бағалау);
      13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары және мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген технологиялық бұзылыстарды тексеру жөніндегі актілері бойынша іс-шаралардың орындалуы (орындалмаған іс-шаралар және олардың себептері көрсетілген ұйғарымдардың орындалуы туралы мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның аумақтық департаментімен келісілген анықтама);
      14) автономды электрмен қамтамасыз ету көздері бар тұтынушылармен авариялық жағдайлар кезінде өзара іс-қимыл жасау ережелерінің болуы (ақпарат);
      15) 15 қыркүйекке қарай 35 кВ және жоғары ҚС негізгі жабдығының, 35 кВ және жоғары электр тарату желілерінің 15 тәуліктен астам жоспардан тыс (авариялық) жөндеулерінің болмауы;
      16) электр тарату әуе желілерінде мұзды еріту схемаларының жұмысқа әзірлігі;
      17) жедел-көшпелі және желілік бригадалардың көлік құралдарымен және байланыс құралдарымен қамтамасыз етілгендігі;
      18) 110-500 кВ ажыратқыштардың тірек-өзекті оқшаулағыштарының бұзылуларының алдын алу бойынша нормативтік-техникалық және өкімдік құжаттама талаптарының орындалуын және сақталуын қамтамасыз ету;
      19) электр станцияларының жұмыс қуаттылығын орындау жөніндегі бекітілген кестелердің болуы (жылдық, айлық, тәуліктік);
      20) диспетчерлік технологиялық басқару жүйелері мен кепілдендірілген электрмен қоректену жүйелерінің жұмысқа әзірлігі;
      21) электр желісінің бақыланатын қималарындағы ең жоғары рұқсат берілген токтың артуы кезіндегі іс-қимылды қоса алғанда, жедел-диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру, персоналдың технологиялық бұзылулардың алдын алу және оны жою бойынша іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын құжаттардың болуы және белгіленген талаптарға сәйкестігі;
      22) жедел-ақпараттық кешеннің қалыпты және авариялық режимде ақпарат берудің белгіленген сапасы кезінде тұрақты жұмыс істеуге және іс-қимылға әзірлігі.
      Жылу энергиясын тасымалдауды және таратуды (жылу желілері) жүзеге асыратын ұйымдар үшін:
      1) тиісті актілермен (реконструкциядан өткен жабдықтарға арналған пайдалануға қабылдау актілерінің, жабдықты күрделі жөндеуден қабылдап алу актілерінің, көпжылдық жоспарлы жөндеу кестесінің көшірмелері) ресімделген белгіленген нормаларға сәйкес қажетті көлемде және сапада негізгі және қосалқы жабдықты жоспарлы жөндеудің орындалуы;
      2) сыртқы ауаның төмен температурасы жағдайларында жабдықтың, технологиялық схемалар және құрылыстардың бүлінулерінің алдын алу бойынша жоспарланған іс-шаралардың орындалуы;
      3) жабдықтың авариялық қорының болуы;
      4) жұмыс орындарының оқытылған және аттестатталған персоналмен жасақталғандығы. Персоналдың жеке және ұжымдық қорғаныс құралдармен, арнайы киіммен, аспаптар және керек-жарақтармен, нормативтік-техникалық және жедел құжаттамамен, нұсқаулықтармен, өрт сөндіру схемаларымен және бастапқы құралдарымен (табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган бекіткен персоналдың нормативтік санына салыстырма талдау және нормативтік және нақты қорғаныс құралдарының санын нақты, салыстырма талдау) қамтамасыз етілгендігі;
      5) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы орган өкілінің қатысумен жасалған өрт сөндіру және өрт дабылы жүйелерінің әзірлігі актісінің болуы;
      6) бар болған жағдайда ғимараттар мен құрылыстардың, байланыс құралдарының, ДТБҚ, ЭБЕАЖ әзірлігі;
      7) энергия көздері қуаттылығының мен жылу желілерінің өткізуші қабілетінің тапшылығы туындаған кезде жергілікті атқарушы органдармен келісілген тұтынушыларды шектеу кестелері;
      8) жергілікті атқарушы органдар бекіткен температуралық кестенің болуы;
      9) жылу таратушы ұйымдардың аталған жердегі КҚК температураларының барлық диапазондарында жылу желілері мен жылу көздерінің температуралық кестелерді орындауды қамтамасыз ету жөніндегі актісінің болуы;
      10) жылу желілерін жөндеу, диагностикалау мен технологиялық сынаудың жоспарлы көлемдерін орындау актісінің болуы;
      11) жылу оқшаулау бойынша жұмыстарды орындау актісінің болуы;
      12) аварияға қарсы объектілік жаттығуларды жүргізу нәтижелерін бағалау;
      13) мемлекеттік энергетикалық бақылау жөніндегі органның ұйғарымдары бойынша іс-шараларды және мерзімі 15 қыркүйекке дейін белгіленген ең жоғары жүктемелерді орындау кезеңінде энергетика объектілері жұмысының сенімділігіне әсер ететін технологиялық бұзылуларды тексеру актілерінің орындалуы;
      14) егер олар тұтынушыларды КҚК жылумен жабдықтауды шектеуге алып келетін болса, 15 қыркүйекке қарай жылу желілерінің негізгі жабдықтарын 30 тәуліктен асатын мерзімде жоспардан тыс (авариялық) жөндеулердің болмауы.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен    
бекітілді       

«Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын
аттестаттау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. «Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен мамандарын аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толықтай автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – аттестаттау парағы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маманның қызметтік мінездемесі (мамандар үшін);
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      біліктілігін арттыру курсынан өтуін куәландыратын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      еңбек кітапшасының көшірмесі (басшылар үшін).
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстары болып табылатын, жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттардың, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік немесе анықтама мәліметтерін қызмет көрсетуші қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында мемлекеттік қызметтерді көрсетуді мониторингілеудің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті берушінің жазбаша келісімін алады;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маманның қызметтік мінездемесі (мамандар үшін);
      жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      білімі туралы дипломның көшірмесі;
      біліктілігін арттыру курсынан өтуін куәландыратын құжаттың көшірмесі (бар болса);
      еңбек кітапшасының көшірмесі (басшылар үшін).
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің немесе анықтаманың мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызмет берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі;
      2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      15. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Энергетикалық ұйымдардың басшылары мен 
мамандарын аттестаттау»         
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша                 

Нысан

_____________________________________
___________________________ басшысына
(уәкілетті органның атауы)
      ____________________________________
      ____________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты)
      Жұмыс орны
      ____________________________________
      ____________________________________

ӨТІНІШ
Сізден мені міндетті аттестаттауға жіберуіңізді сұраймын

________________________________________________________________
________________________________________________________________
                     (Т. А. Ә., лауазымы)

      Қоса берілетін құжаттар тізбесі:
      1._____________________________
      2._____________________________
      3._____________________________
      4._____________________________
      5._____________________________
      6._____________________________
      _______________________________

      20__ж. «__» ______________

      _____________________
Қолы        

Энергетикалық ұйымдардың басшылары
мен мамандарын аттестаттау   
қағидаларына 2-қосымша    

Нысан

Аттестатталуға жататын маманның қызметтік мінездемесі (энергетикалық ұйым маманының тiкелей басшысы толтырады)

      Маманның Т.А.Ә.
      _____________________________________________
      Лауазымы
      _____________________________________________
      Тағайындалған күні
      _____________________________________________
      1. Лауазымдық мiндеттердi атқаруы (шешуге маман қатысқан негiзгi мәселелер тiзбесі келтіріледі; қызметтік міндеттерді атқару тиімділігі және адалдығы, шығармашылық бастамашылығы және тағы басқалар бағаланады).
      2. Электр энергетикасы, қауіпсіздік техникасы және жабдықты пайдалану саласындағы нормативтік техникалық және нормативтік құқықтық актілерді білуі, электр энергетикасы саласындағы кәсіптік білімді пайдалануы.
      3. Жеке қасиеттері (энергетикалық ұйым маманының жеке қасиеттері сипатталады: коммуникабельділігі, ұжымда жұмыс істеу қабілеті, өзін-өзі жетілдіру қабілеті, көшбасшылық және басқалар).
      4. Маман қызметіне қорытынды баға беру (тікелей басшысының маман туралы пікірі көрсетіледі: атқаратын қызметіне сәйкес келеді немесе сәйкес келмейді, жоғары тұрған немесе төмен тұрған лауазымға ұсынылуы мүмкін және басқалар).
      5. Өзге мәлiметтер.*
_______________________________________________________________
Басшы лауазымы
_______________________________________________________________
Басшының Т.А.Ә.                                       Қолы

Күнi 20_ жылғы «__»____________

      *Ескертпе: ерекшелiкті ескере отырып, қызметтiк мiнездемеге энергетикалық ұйым маманының басшысы толықтырулар енгізеді.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2014 жылғы 13 наурыздағы
№ 235 қаулысымен    
бекітілген       

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру
саласындағы аккредиттеу»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілген қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күн;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін күтуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут;
      3) қызмет көрсетуге рұқсат етілетін ең көп уақыт – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәлік, не қағаз нысандағы немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелденген жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;
      2) порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы өтініш;
      жарғының, куәліктің* немесе өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, нотариалды куәландырылған) көшірмелері;
      ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің құжаттары, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ ғимараттардың, үйлердің және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергоаудиторлардың сарапшылық ұйымдары үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерісінің құжаты;
      ғимараттардың, үйлердің және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергоаудиторлардың сарапшылық ұйымдары үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың, олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерісінің бар екенін растайтын құжат;
      жоғары инженерлік-техникалық білімі бар және  кемінде үш жыл жалпы техникалық жұмыс өтілі бар білікті персоналдың құжаттары, атап айтқанда:
      энергоаудиторлардың сарапшылық ұйымдар үшін электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсат тобы бар электр энергетиктері, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсат тобы бар жылу энергетиктерінің құжаттары;
      энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды сараптау жөніндегі сарапшылық ұйымдар үшін - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті аттестатты қоса бере отырып, қала құрылысы, жобалауды және жобалық-сметалық құжаттаманы сараптама жөніндегі сарапшылардың бар екенін растайтын құжат;
      энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағыттары бойынша кемінде екі қызметкердің энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарында курстардан өтуі туралы сертификаттар.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттың деректерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады;
      2) порталға:
      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
      нотариатта куәландырылған жарғы, куәлік* немесе өтініш берушіні заң тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама; тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етудің құжаттары, атап айтқанда:
      өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ ғимараттардың, үйлердің және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергоаудиторлардың сарапшылық ұйымдары үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерісінің құжаты;
      ғимараттардың, үйлердің және құрылыстардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге аккредиттелетін энергоаудиторлардың сарапшылық ұйымдары үшін - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген меншік құқығындағы ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдардың, олардың аттестациясы мен мемлекеттік тексерісінің бар екенін растайтын құжат;
      жоғары инженерлік-техникалық білімі бар және кемінде үш жыл жалпы техникалық жұмыс өтілі бар білікті персоналдың құжаттары, атап айтқанда:
      энергоаудиторлардың сарапшылық ұйымдары үшін электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсат тобы бар электр энергетиктері, сондай-ақ электр қауіпсіздігі бойынша IV және одан жоғары рұқсат тобы бар жылу энергетиктерінің құжаты;
      энергия үнемдеуді және энергия тиімділігін арттыруды сараптау жөніндегі сарапшылық ұйымдар үшін - сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген тиісті аттестатты қоса бере отырып, қала құрылысы, жобалауды және жобалық-сметалық құжаттаманы сараптау жөніндегі сарапшылардың бар екенін растайтын құжат;
      энергия аудиті және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бағыттары бойынша кемінде екі қызметкердің энергия аудитін және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасын, сондай-ақ энергия менеджменті жүйесін құруды, енгізуді және ұйымдастыруды жүзеге асыратын кадрларды қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі оқу орталықтарында курстардан өтуі туралы сертификаттар.
      Порталда электрондық сұрауды қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады. Құжаттар көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған құжаттардың электрондық көшірмелері түрінде ұсынылады.
      Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын, көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы немесе мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:
      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не пошталық байланыс арқылы) берген кезде – қағаз тасығыштағы өтінішті қабылдаудың растамасы оның көшірмесінде құжаттар пакетін қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі болып табылады;
      портал арқылы берген кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұраудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тару негізідері:
      1) ұсынылған құжаттарда дәйексіз ақпараттың болуы;
      2) ұсынылған ақпараттың энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру энергоаудиті және (немесе) сараптамасы бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) соттың мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салу туралы шешімінің болуы.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      1) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор көш., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы бойынша, телефоны 8 (7172) 74-92-21 Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрлік басшысына жіберіледі.
      2) портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті өңдеу барысында көрсетілетін қызметті беруші жаңартып отыратын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы аккредиттеу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет     
стандартына                
1-қосымша                 

Нысан

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеуге
өтініш

________________________________________________________________  (қызмет түрін көрсетіңіз: энергия аудиті, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы)
жүргізу құқығын иелену үшін ____________________________________
_______________________________________________________________
         (заңды тұлғаның толық және қысқартылған атауы,___________________________________________________________
          ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетіледі)
аккредиттеуді сұраймын.

      Осы өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1. ________________________________________________________
      2. ________________________________________________________
      3. ________________________________________________________
      4. ________________________________________________________
      5. ________________________________________________________
      6. ________________________________________________________
      7. ________________________________________________________
      ______________________________________ ____________________
       заңды тұлға басшысының лауазымы қолы,           Т.А.Ә.

М.О.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы аккредиттеу»    
мемлекеттік көрсетілетін қызмет    
стандартына 2-қосымша           

Өнеркәсіптік кәсіпорындардың, сондай-ақ үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін аккредиттелетін энергоаудиторларының сараптамалық ұйымдары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдары құрамының тізбесі

      1. Тепловизор.
      2. Сұйықтық шығынын ультрадыбыстық өлшеуіш.
      3. Өлшеу диапазоны 0 бастап 600 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      4. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      5. Тоқ қармауыштар.
      6. Анемометр.
      7. Гигрометр.
      8. Люксметр.
      9. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      10. Қалыңдық өлшегіш (егер шығын өлшеуіште мұндай функция болмаса).
      11. Электр энергиясының сапасын талдауыш.
      12. Контактілі термометр.
      13. Манометр.
      14. Газ талдауыш.

«Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін
арттыру саласындағы аккредиттеу»      
мемлекеттік көрсетілетін қызмет      
стандартына 3-қосымша             

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия аудитін жүргізу бойынша қызметтер көрсету үшін аккредиттелетін энергоаудиторларының сараптамалық ұйымдары үшін ақпараттық-өлшеу кешендері мен техникалық құралдары құрамының тізбесі

      1. Тепловизор.
      2. Өлшеу диапазоны 0 бастап 600 С дейінгі контактісіз (инфрақызыл) термометр.
      3. Жылу өлшеуіш немесе жылу ағындарының өлшеуіші.
      4. Тоқ қармауыштар.
      5. Анемометр.
      6. Гигрометр.
      7. Люксметр.
      8. Лазерлі ұзындық өлшеуіш.
      9. Контактісіз термометр.
      10. Манометр

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің         
2014 жылғы 13 наурыздағы 
№ 235 қаулысымен    
      бекітілген       

«Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі жылдық есепті ұсынуы кезіндегі энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытындыны беруі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей;
      2) құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
      3) рұқсат етілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 15 (он бес) минут.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – инвестициялық міндеттемелерді орындау жөніндегі жылдық есепті ұсынуы кезіндегі энергия өндіруші ұйымдардың жабдықтың техникалық жай-күйі туралы қорытындысы.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
      8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі асқа үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, жарғының, куәліктің* немесе өтініш берушіні заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
      ескертпе:*«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, энергия объектісін техникалық жарақтандырудан кейін пайдалануға қабылдау туралы актінің көшірмесі.

3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      10. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша, не Астана қаласы, Сол жағалау, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, Орынбор к., 10-үй, 15-кіреберіс, 711-кабинет мекенжайы, 8 (7172) 74-92-21 телефоны бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.
      Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы, не көрсетілген қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орны көрсетілген тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны айқындау және тиісті іс-шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жіберіледі.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
      Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
      11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

      12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің www.kgen.gov.kz және www.mint.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған.
      13. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы (1414) арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.
      14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 24 07 49, 24 12 91. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: (1414).

«Энергия өндіруші ұйымдардың инвестициялық
міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық
есеп ұсынуы кезінде олардың жабдығының  
техникалық жай-күйі туралы қорытынды беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
қосымша                  

Нысан

_________________________________
(уәкілетті органның атауы)
_________________________________
(қызмет алушының атауы)
_________________________________

Өтініш

_______________________________________________________________
                    (қызметті алушының атауы)
_______________________________________________________________
(БСН (ЖСН), куәліктің*, немесе өтініш берушіні заңды тұлға, дара кәсіпкер ретінде тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың нөмірі мен күні) инвестициялық міндеттемелердің орындалуы туралы жылдық есеп ұсыну кезінде жабдығының техникалық жай-күйі туралы қорытынды беруді сұрайды.
      Өтініш берушінің заңды мекенжайы (орналасқан жері):
      ___________________________________________________________
      Телефон нөмірлері _________________________________________
      E-mail ____________________________________________________
      Факс ______________________________________________________

      Қоса берілген құжаттар тізбесі (парақ санын көрсете отырып):
      1. _____________________________
      2. _____________________________
      3. _____________________________
      4. _____________________________
      5. _____________________________
      6. _____________________________
      Ұйымның басшысы
      ________________________________
      (қолы)                (Т.А.Ә.)
      МО