Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 тамыздағы № 1090 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 20 тамыздағы № 650 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.08.2015 № 650 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 484 бұйрығын қараңыз.

      «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 17) және 18) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары;
      2) ғарыш объектілері тіркелімінің нысаны бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 1090 қаулысымен  
бекітілген     

Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігіне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін (бұдан әрі – ғарыш объектілері) мемлекеттік тіркеу тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
      2. Мынадай:
      1) Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесiлi ғарыш объектілері, сондай-ақ осы ғарыш объектiлерiне құқықтар;
      2) ғарыш кеңiстiгiне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесiлi ғарыш объектiлерi мемлекеттiк тiркеуге жатады.
      3. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу деп ғарыш объектілерін есепке алу, мемлекеттің Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ғарыш объектісіне құқықтардың (құқықтар ауыртпалығының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын тану және растау актісі түсініледі.
      Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу деп оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеместен, ғарыш объектілері тіркеліміндегі жазба түсініледі.
      4. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады.
      5. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын мемлекеттік тіркегені және бергені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында айқындалатын тәртіппен және мөлшерлерде алым алынады.

2. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеудің тәртібі

      6. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) Осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесі;
      3) ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариат растаған) көшірмесі;
      4) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.
      7. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
      Мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде уәкілетті орган өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап береді. Өтініш беруші құжаттарды ұсынған кезде мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап өтініш берушіге тез арада беріледі;
      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, осы ғарыш объектісіне мәлімделетін құқықтар мен тіркелген құқықтар арасында қайшылықтардың жоқ екендігін, сондай-ақ мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
      3) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы құжат беру.
      Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектісін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуі жүзеге асырылғаннан кейін уәкілетті орган ғарыш объектілері тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.
      8. Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу, ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу, сондай-ақ мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру уәкілетті органға өтініш келіп түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті тұлғалар салатын құқық ауыртпалықтарын, осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу уәкілетті органға тиісті құжат түскен сәттен бастап дереу жүргізіледі.
      Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) нотариалдық тәртіппен куәландырылатын мәміле негізінде туындаған жағдайларда тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша, ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалықтарынан тұратын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттың көшірмесімен бірге жүзеге асырылады.
      10. Осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілеріне берілетін құқық ауыртпалықтарын мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) осы Қағидалардың 9-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
      Мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беріледі;
      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздердiң болмауын анықтау;
      3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздер болмаған жағдайда ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;
      4) осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісіне құқық ауыртпалықтарының тіркелгендігін растайтын ғарыш объектілері тіркелімінен үзінді немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.
      11. Осы Қағидалардың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) осы Қағидалардың 6-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
      Мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беріледі;
      2) мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздiң болмауын анықтау;
      3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне жазбалар енгізу;
      4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы дәлелді жазбаша жауап беру.
      12. Ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мыналар негіз болып табылады:
      1) өтініш берушінің мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасын ұсынуы;
      2) өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынуы;
      3) ғарыш объектісіне билік етуді шектейтін немесе жоятын ғарыш объектісіне берілетін құқық ауыртпалығының болуы;
      4) ғарыш объектісіне билік ету құқығын шектейтін немесе жоятын заңды күшіне енген сот шешімі.
      13. Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға негiздер жойылған кезде мемлекеттiк тiркеуге өтiнiштi қайтадан беруге болады.
      14. Ғарыш объектісін ғарыш объектілерінің тіркеліміне енгізген кезде оған ғарыш объектілерінің тіркелімінде ғарыш объектісі туралы мәліметтер жазбасының реттік нөмірі болып табылатын мемлекеттік тіркеу нөмірі беріледі.
      15. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік жоғалған жағдайда уәкілетті орган мүддесінде ғарыш объектісін мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның, не ол уәкілеттік берген тұлғаның өтініші бойынша оған мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын береді.
      16. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) ғарыш объектісіне құқық белгілейтін құжаттың (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      3) ғарыш кеңістігін пайдалану аясындағы қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) көшірмесі;
      4) ғарыш объектісін және оған құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат.
      17. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) осы Қағидалардың 16-тармағында қарастырылған құжаттарды қабылдау, оларды алу кезінде уәкілетті органның лауазымды тұлғасы кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазба енгізеді.
      Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын алу үшін қажетті құжаттардың толық емес топтамасы ұсынылған кезде тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына құжаттарды қабылдау туралы жазба жазылмайды. Уәкілетті орган өтініш берушіге өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей бас тарту себебі көрсетілген жазбаша хабарлама береді;
      2) ұсынылған құжаттарды тексеру, мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшiн негiздердiң болмауын анықтау;
      3) мемлекеттік тiркеуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ғарыш объектілері тіркеліміне мемлекеттік тіркеу туралы куәлік телнұсқасының берілгендігі туралы жазбалар енгізу;
      4) ғарыш объектісін мемлекеттік тiркеу туралы куәліктің телнұсқасын беру.
      18. Ғарыш объектісі жойылған немесе кәдеге жаратылған жағдайда уәкілетті орган мүддесінде ғарыш объектісінің мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған тұлғаның өтініші негізінде ғарыш объектілерінің тіркеліміне тиісті жазба енгізеді.
      19. Ғарыш объектілері тіркеліміне ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын жазба енгізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынылады:
      1) осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы өтініш;
      2) мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;
      3) ғарыш объектісінің жойылған немесе кәдеге жаратылған фактісін растайтын (салыстыру үшін түпнұсқа берілмеген жағдайда нотариалды куәландырылған) құжаттардың көшірмелері.
      Уәкілетті орган ғарыш объектілерінің тіркеліміне жазба енгізгеннен кейін өтініш берушіге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді береді.

Ғарыш объектілерін және   
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына     
1-қосымша           

нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы
өтініш

______________________________________________________________тиесілі
     (мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және оның
                        тіркелген жері)
___________________________________________________ ғарыш объектісін
      (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
Ғарыш объектілерінің тіркеліміне және
_________________________________________________________ негізінде
            (құқық белгілейтін құжаттың атауы)
оған құқықты* тіркеуіңізді сұраймын.
Ғарыш объектісінің ұшырылатын (болжамды ұшырылатын) күні және жері:
________________________________________________«___»_______________
Орбитаның негізгі параметрлері: апогей, км _____ перигей, км _______
еңіс бұрышы, град._________________ айналу кезеңі, сек._____________
      Қосымша мәліметтер:___________________________________________
____________________________________________________________________
      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:
_____________________________________________________________________
____________________________________ ___________ ____________________
      (өтініш беруші)                  (қолы)       (Т.А.Ә.)

М.О.
20___ ж. «___» ___________

Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

Ғарыш объектілерін және   
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына     
2-қосымша           

ЕЛТАҢБА

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Ғарыш обьектісін мемлекеттік тіркеу туралы
№_____куәлік

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және оның жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері





5. Тіркелген құқық түрі *____________________________________________
                  (құқық белгілейтін құжаттың атауын көрсете отырып)
6. Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға ____________
_____________________________________________________________________
7. Осы арқылы ғарыш обьектісінің белгіленген тәртіппен Ғарыш обьектілерінің тіркелімінде тіркелгендігі расталады
_______________________________ ____________ ________________________
   (уәкілетті органның басшысы)    (қолы)       (Т.А.Ә.)

М.О.
20___ж. «___» _________

Ескертпе: * Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне қатысты толтырылады

Ғарыш объектілерін және   
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына     
3-қосымша           

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі

Ғарыш объектілерінің тіркелімінен үзінді

№ _________                                      «___» __________ ___

____________________________________________________________________
      (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты, туған күнi және ЖСН
                         (бар болса);
____________________________________________________________________
      заңды тұлғаның атауы және БСН (бар болса), оның өкілінің тегi,
                         аты, әкесiнiң аты)

төмендегі ғарыш объектiсіне:

1. Ғарыш объектісінің тағайындалуы және жалпы мақсаты

2. Ғарыш обьектісінің тіркеу нөмірі

3. Ұшырылған күні және орны

4. Орбитаның негізгі параметрлері





      1) мынадай құқық тiркелгенін:

Құқық түрi

Мазмұны

Құқық иесi

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Құқықтың туындау негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты

      2) мынадай құқық ауыртпалығы тiркелгенін:

Ауыртпалықтың түрi

Мазмұны

Құқық иесi немесе уәкiлеттi орган (мүдделi тұлға)

Ортақ меншiк нысаны, үлесi

Ауыртпалықтың пайда болуының негiздемесi

Тiркелген күнi, уақыты







      растау үшін берілді.
      Басшы: _________________ __________________________
                 (қолы)        (тегi, аты, әкесiнiң аты)

Ғарыш объектілерін және   
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына     
4-қосымша           

нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі

Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
телнұсқасын алуға өтініш
__________________________________________________________ғарыш
(ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)

объектісіне 20___ жылғы «___» ___________ № _____ Ғарыш объектісін мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын беруіңізді сұраймын.
Телнұсқаны сұраудың себебі:__________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін:_____________________________
_____________________________________________________________________
      (өтінішке көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттар)
____________________________________ ___________ ____________________
      (өтініш беруші)                   (қолы)             (Т.А.Ә.) 

М.О.
20___ ж. «___» ___________

Ғарыш объектілерін және   
оларға құқықтарды мемлекеттік
тіркеу қағидаларына     
5-қосымша           

нысан

Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі

Өтініш

Ғарыш объектілерінің тіркеліміне ___________________________________
____________________________________________________________________
      (мүддесі үшін мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға және
                         оның мекенжайы)
______________________________________________________________тиесілі
____________________________________________________________________
         (ғарыш объектісінің тағайындалуы мен оның жалпы мақсаты)
20__ ж. «__»______ тіркеу №____ ғарыш объектісінің жойылғаны/кәдеге жаратылғаны туралы тиісті жазба енгізуіңізді сұраймын.
      Өтінішке келесі құжаттарды қоса беремін: _____________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
      (өтініште көрсетілген жайттарды растайтын құжаттар)
____________________________________ ___________ ___________________
(өтініш беруші және оның мекенжайы)   (қолы)       (Т.А.Ә.)

М.О.
20___ ж. «___» __________

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 1090 қаулысымен  
бекітілген     

Нысан

Ғарыш объектілерінің тіркелімі

Р/с №

Тіркелу нөмірі

Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға1

Ұшырылған күні (әлемдік уақыт бойынша/Гринвич бойынша)

Ұшырылған жері

Орбитаның негізгі параметрлері

Ғарыш объектісінің жалпы мақсаты

Қосымша мәліметтер2

Апогей, км

Перигей, км

Еңістену бұрышы, град.

Айналу кезеңі, сек.

Ұзақтық, градуспен













Ескертпе:
1 «Мүддесінде мемлекеттік тіркеу жүзеге асырылатын тұлға» бағанында Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектісіне құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу үшін негіз болған құқық белгілейтін құжаттар жөнінде мәліметтер көрсетіледі.
2 «Қосымша мәліметтер» бағанында Жер айналасындағы орбитаға шығарылғанымен, сол орбитада болмайтын ғарыш объектілері жөніндегі мәліметтер, сондай-ақ қажеттілік туындаған жағдайда ғарыш объектілерін ұшыру ерекшеліктері көрсетіледі.