Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен м

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 мамырдағы № 678 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268 бұйрығын қараңыз.

      «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 25 мамырдағы
№ 677 қаулысымен  
бекітілген     

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн
шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар
тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен
жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы
машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары
арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды кепiлге қоюды мемлекеттiк тiркеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 5-бабының 15-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тракторлар мен олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды (бұдан әрі – машиналар) кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу тәртібін айқындайды.
      Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес машиналарды мемлекеттік тіркеу функциясы жүктелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың; ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының (бұдан әрі – жергілікті атқарушы орган) тіркеуші органдарының қолдануына жатады.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) машиналарды кепілге қою тізілімі – машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу, кепіл туралы шартқа немесе кепіл талаптары бар шартқа өзгерістер, толықтырулар енгізу және оны тоқтату туралы мәліметтерді қамтитын құжат;
      2) машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік – машиналарды кепілге қоюдың мемлекеттік тіркелгенін растайтын ресми құжат;
      3) өтініш беруші – тіркеуші органға кепілге қоюды тіркеу туралы өтініш беретін жеке немесе заңды тұлға не өкілеттіктерін растайтын құжаттары бар олардың өкілдері;
      4) тіркеуші органдар – жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелері.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Тіркеуші орган машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеуді (бұдан әрі – машиналарды кепілге қоюды тіркеу), сондай-ақ осы Қағидаларда көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

2. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу тәртібі

      4. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу үшін өтінім беруші тіркеуші органға:
      1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес өтінішті;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлiктiң* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшірмелерін, өкіл үшін – оның өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжатты;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжатты;
      4) кепіл туралы шартты немесе кепіл талаптары бар шартты ұсынады.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.07.2013 № 732 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      5. Егер машина ортақ меншікте болған жағдайда, барлық меншік иелерінің кепілге қоюға келісетіндігі туралы құжат ұсынылады.
      6. Машиналарды кепілге қоюды тіркеуге ұсынылатын құжаттар тиісінше ресімделген түрде қабылданады. Өшірілген, қосып жазылған, сызылған сөздері және басқа да келісілмеген түзетулері бар құжаттар қабылданбайды.
      7. Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен тіркелетін машиналарды кепілге қоюды тіркеу заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуден өткен машиналарды тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
      8. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеуден өтпеген машиналарды кепілге қоюды тіркеуге осы Қағидаларға сәйкес жол берілмейді.
      9. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу машиналарды кепілге қою тізіліміне өтініште көрсетілген мәліметтерді (оның ішінде компьютерлік базаға) енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      10. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу өтініш келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      11. Машиналарды кепілге қоюды тіркеу бойынша жасалған әрекеттерді немесе одан бас тартуды негізсіз деп санайтын өтініш беруші, сондай-ақ белгіленген мерзімдер бұзылған жағдайда, жоғары тұрған органға (лауазымды тұлғаға) және/немесе сотқа жүгінуге құқылы.
      12. Қажетті құжаттарды алған сәттен бастап тіркеуші орган:
      1) өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес күнін, уақытын (сағатын, минутын) көрсетіп, ұсынылған құжаттарды алғанын растайтын қолхат береді;
      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес машиналарды кепілге қою тізіліміне өтініштегі деректерді енгізеді;
      3) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 307-бабына сәйкес ұсынылған кепіл туралы шартты немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың өтініште қамтылған мәліметтерге сәйкестігін тексереді, бұл шарт тексерілгеннен кейін тіркеу туралы белгімен өтініш берушіге қайтарылады;
      4) өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік не жазбаша дәлелді бас тарту береді.
      13. Машиналарды кепілге қоюды тіркеуден бас тартудың негіздері:
      1) кепіл туралы шарттың немесе кепіл талаптары бар өзге шарттың Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 307-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
      2) осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсынбау болып табылады.
      14. Кепілде тұрған машиналарға қатысты кепіл ұстаушыдан қандай да бір тіркеу әрекеттерін жүргізуге жазбаша рұқсат алмай, тіркеу әрекеттерін жасауға, соның ішінде машиналарды есептен шығаруға жол берілмейді.
      15. Тіркеуші органның осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарында көзделген құжаттардан өзге құжаттарды сұратуға құқығы жоқ.
      16. Тіркеуші орган кепілге беруші немесе кепіл ұстаушы өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде машиналарды кепілге қоюды тіркеу туралы жоғалған куәліктің орнына телнұсқасын мынадай құжаттар ұсынылған жағдайда береді:
      1) жеке басын куәландыратын құжаттардың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшірмелері, өкіл үшін – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      2) тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат.
      Тіркеуші орган телнұсқаны беру кезінде машиналарды кепілге қою тізіліміне тиісті жазба енгізеді.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.07.2013 № 732 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      17. Тіркелген кепілдің өзгерістерін, толықтыруларын (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өтуін, талап ету құқығын өзгеге беруді) және қолданылуын тоқтатуды тіркеу кезінде өтініш беруші жеке өзі келіп тіркеуші органға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) алғашқы тіркелген кепілге сілтеме, кепіл туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өту, талап ету құқығын өзгеге беру) сипаты, тіркелген кепілдің қолданылуын тоқтату негіздері көрсетілген өтініш;
      2) жеке басын куәландыратын құжаттардың немесе заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың түпнұсқалары мен көшірмелері, өкіл үшін – оның өкілеттігін растайтын құжат, сондай-ақ оның жеке басын куәландыратын құжат;
      Ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
      3) тіркеу алымының бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      4) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өтуі, талап ету құқығын өзгеге беру туралы) шарт.
      Ескерту. 17-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 22.07.2013 № 732 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      18. Тіркелген кепілге өзгерістерді, толықтыруларды (оның ішінде меншік құқығының өзге тұлғаға өтуін, талап ету құқығын өзгеге беруді) тіркеу тиісті мәліметтерді машиналарды кепілге қою тізіліміне (оның ішінде компьютерлік базаға) енгізу жолымен жүзеге асырылады.
      19. Өтініштегі мәліметтерді тексергеннен кейін тіркеуші орган өтініш берілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде тіркеу туралы белгімен өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шартты өтінім берушіге қайтарады.
      20. Кепіл шартының қолданылуын тоқтатуды тіркеуді кепіл ұстаушы жазбаша өтініш пен негізгі міндеттеменің орындалғанын растайтын құжаттарды ұсынған соң тіркеуші орган машиналарды кепілге қою тізіліміндегі кепіл туралы жазбаның күшін жою жолымен өтініш берілген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде жүргізеді.
      Осы мүлікке басқа кепіл ұстаушылар болған кезде жазбаның күшін жою олардың хабардар етілгені туралы құжат ұсынылған соң жүргізіледі.

Тракторларды және олардың 
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен    
механизмдердi, монтаждалған  
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн       
ауылшаруашылық, мелиорациялық   
және жол-құрылысы машиналары   
мен механизмдерiн, жүрiп өту  
мүмкiндiгi жоғары арнайы    
машиналарды кепiлге қоюды    
мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 
1-қосымша           

_________________________________________________________
тіркеуші органның атауы

____ өтініш

Кепіл беруші
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған
жылы мен күні; заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы:
_____________________________________________________________________

Жеке басын куәландыратын құжат:
түрі ______________ __________сериясы _______________________________
№ ____________берілген күні ____________________________
______________________________________________________________берген                   (құжат берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Оның атынан _________________________________________________________
                  (уәкілетті өкілдің деректемелері)

_____________________________________________негізінде әрекет етеді
(өкілеттіктерді растайтын құжат деректемелері)
Кепіл ұстаушы
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған
жылы мен күні; заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжат:
түрі ________________ сериясы________________________________________
№____________________________________________________________________ _______________________________________________________берілген күні
      ___________________________________________________________________________________________________________________________________берген
      (құжатты берген органның атауы)
Пошталық мекенжайы, телефоны ________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Оның атынан _________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (уәкілетті өкілдің деректемелері)    _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_______________________________________________ негізде әрекет етеді.
(өкілеттіктерді растайтын құжат деректемелері)

Жылжымалы мүлікті кепілге қою шартын тіркеуді сұраймын:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Шарт жасалған күні___________________________________________________
Шарт жасасқан жер____________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілге қойылатын зат туралы мәліметтер (жылжымалы мүліктің сипаты)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттің ақшалай баламасы _____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Шарттың қолданылу мерзімі ___________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Кепілге қойылған мүлік:
Кепіл берушінің _____________ кепіл ұстаушының______________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________ иелігінде қалады
Оны пайдалану мүмкіндігі:       Иә       Жоқ
Қайта кепілге қою туралы мәліметтер:
Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау қажет)
Осы өтінішке мыналарды қоса беремін (құжаттың атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді):
1. Төлем туралы құжат: түрі ______________ №________________________
_____________________________________________________________________
______________________________________ сомасына
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік қажет пе:
Иә Жоқ (керек емесін сызып тастау керек)
---------------------------------------------------------------------
---------------------------------------------------------------------
Өтініш берілген күн: 20 жылғы_______________________________________
Өтініш қабылдаған күн: 20 жылғы_____________________________________
Өтініш берушінің қолы: _____________________________________________
Уақыты: _________________ сағат ______________________________минут.
Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Тракторларды және олардың 
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен    
механизмдердi, монтаждалған  
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн       
ауылшаруашылық, мелиорациялық   
және жол-құрылысы машиналары   
мен механизмдерiн, жүрiп өту  
мүмкiндiгi жоғары арнайы    
машиналарды кепiлге қоюды    
мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 
2-қосымша           

_________________________________________________________
тіркеуші органның атауы
20__ жылғы "__"_______ №___ өтініш бойынша құжаттардың алынғаны
туралы қолхат

Уақыты _____ cағат ________ минут.
1. Төлем туралы құжат: түрі ________________ №_______________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________ сомасына
2.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мөрдің орны
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қабылдаған:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Өтініш орындалған күн _______________________________________________
Өтініштерді қабылдау жөніндегі қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты және қолы
20_____ жылғы _____________________

Тракторларды және олардың 
базасында жасалған өздiгiнен
жүретiн шассилер мен    
механизмдердi, монтаждалған  
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн       
ауылшаруашылық, мелиорациялық   
және жол-құрылысы машиналары   
мен механизмдерiн, жүрiп өту  
мүмкiндiгi жоғары арнайы    
машиналарды кепiлге қоюды    
мемлекеттiк тiркеу қағидаларына 
3-қосымша           

№_________ парақ
№_________ тіркеу ісі

Машиналарды кепілге қою тізілімі

Жазба №

Тізілім №

Кепілге қойылатын зат

Кепіл ұстаушы жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған жылы мен күні, тұрғылықты жері, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі

Кепіл беруші, жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған жылы мен күні, заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы, тіркеу нөмірі

Кепілдік сомасы

1

2

3

4

5

6

      кестенің жалғасы:

Шарттың қолданылуы

Ауыртпалықтың пайда болуы

Ауыртпалықтың тоқтатылуы

Тіркеушінің ерекше белгілері

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні, уақыты (сағаты мен минуты)

Құжаттың атауы мен нөмірі, тіркеу нөмірі, тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Күні және уақыты (сағаты мен минуты)

7

8

9

10

11

12

Тіркеу парағын жалғастыру/жабу туралы жазба ------------------------

Жазбаларды жалғастыруды тоқтату үшін негіз (жалғастыру кезінде)

Көшірілген (жабу кезінде) немесе соңғы жазбалар (жалғастыру кезінде) тізбесі

Парақ нөмірі

Күні, уақыты (сағаты, минуты)

Тіркеушінің тегі, аты, әкесінің аты және қолы

Тракторларды және олардың    
базасында жасалған өздiгiнен   
жүретiн шассилер мен       
механизмдердi, монтаждалған    
арнаулы жабдығы бар тiркемелердi 
қоса алғанда, олардың тiркемелерiн,
өздiгiнен жүретiн        
ауылшаруашылық, мелиорациялық   
және жол-құрылысы машиналары   
мен механизмдерiн, жүрiп өту   
мүмкiндiгi жоғары арнайы     
машиналарды кепiлге қоюды     
мемлекеттiк тiркеу қағидаларына  
4-қосымша             

_________________________________________________________________
тіркеуші органның атауы

Машиналарды кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу туралы
20 ____ жылғы "___" _____________ № __________________ куәлік

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 20.12.2013 № 1383 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      кепіл ұстаушының немесе оның уәкілетті өкілінің деректемелері
      Мынадай жылжымалы мүлікке:

Мүлік түрі

Тізілімдік нөмірі

Кепіл затының сипаты

Саны

Құны

Ескертпе

1

2

3

4

5

6

қатысты кепіл тіркелгенін растау үшін берілді
      Кепіл ұстаушының
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған жылы
мен күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі
кепілге қойылатын затқа құқығы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                   кепілге қойылатын заттың сипаты
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
___________________________ кепіл жөніндегі шарт негізінде туындаған,
     шарт жасалған күн
ол _________________ тіркелген және мынадай негізгі шарттарды қамтиды
     тіркелген күні
       мен нөмірі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
кепілдің мөлшері, негізгі міндеттерді атқару мерзімі,
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                        және өзге де шарттары
Кепіл беруші _________________________________________________ құқылы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                              құқық түрі
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері, туған жылы
мен күні
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
заңды тұлғаның орналасқан жері, атауы және тіркеу нөмірі расталады
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
              кепіл затына құқық белгілеу құжатының атауы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
               қабылданған күні, тіркеу нөмірі мен күні

Тіркеуші ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
             Тегі, аты, әкесінің аты                  қолы

Бастық

      Ескертпе:
      1. Қолдан жасаудан қорғау үшін машиналарды кепілге қоюды
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бланкілерінде реттік нөмірі,
тангирлік торы және су белгісі бар қағазы болуы тиіс.
      2. Осы куәлік кепіл өтелген кезде тіркеуші органға қайтаруға
жатады.