Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квотаны белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 желтоқсандағы № 1623 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квота республиканың экономикалық жағынан белсенді халқына шаққанда 1,0 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов