Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-сани

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 1506 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 сәуірдегі № 7-1/347 бұйрығын қараңыз.


      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің       
2011 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1506 қаулысымен  
бекітілген        

Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 23-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау тәртібін анықтайды.
      2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау (бұдан әрі - бақылау) мыналарды қамтиды:
      экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін бірдейлендіру;
      экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде жеке және заңды тұлғалардың бекіткен ветеринариялық-санитариялық талаптарды (қағидаларды) сақтауына бақылауды жүзеге асыру;
      жануарлар және құстарды союды, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде өндірістік бақылау бөлімшелерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыру;
      Азық және азықтық қоспаларды өндіру жөніндегі ұйымдардың, оның ішінде Құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспаларды ветеринариялық нормативтік талаптарға сәйкестігін айқындау  қағидаларына сәйкес малдардың азығына берілетін жарамсыз азық-түлік шикізаттар мен тамақ өнімдерінің түрлерін қолдана отырып, ветеринариялық-санитариялық талаптардың (нормативтердің) сақтауына бақылауды жүзеге асыру).
      3. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдары және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулылары талаптарының сақталуы тұрғысынан бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
      Егер халықаралық міндеттемелерде өзгеше көзделмесе, тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады, мемлекеттік бақылаудың өзге нысандары "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, олардың аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының пайда болуы және (немесе) оны қолайсыз аймаққа жатқызу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жылына кемінде екі рет жүзеге асырылады.
      5. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезеңі тексеру басталған кезден бастап бес күннен аспауға тиіс.
      6. Бақылауды мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары жүзеге асырады.
      7. Тексеру объектісіне келгеннен кейін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор (бұдан әрі - Инспектор):
      кәсіпорынның қызмет түріне, схема-жоспарына, өндірістің технологиялық схемасына;
      өндіріс көлеміне және өнімді сатуға;
      өндірілетін өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі өндірістік (мемлекеттік) бақылаудың болуына және жүзеге асырылуына;
      бақылау объектісінің орналасу орнының әкімшілік аумағының және шикізат аймағының эпизоотиялық қолайлылығына;
      аумақты, ғимараттарды, құрылыстарды жоспарлаудың және тексеру объектісінің технологиялық үй-жайларының ұсынылған құжаттарға сәйкестігіне;
      Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіпке сәйкес есеп жүргізуге және есептілік тапсыруға қатысты құжаттарды зерделейді.

2. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      8. Жануарлар өсіруді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларға сәйкес жануарлардың аса қауіпті ауруларының тізіліміне кірген аурулардың міндетті эпизоотияға қарсы іс-шаралардың орындалуын;
      2) Құрамында антибиотиктер, гормондар және биологиялық стимуляторлар бар ветеринариялық препараттардың, азық және азықтық қоспаларды ветеринариялық нормативтік талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларына сәйкес қолданылатын азықтың сапасын және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру тәртібін;
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларға сәйкес жаңадан әкелінген жануарларды және ауырған жануарларды карантинге қою, ұстайтын жануарлардың басқа үй және жабайы жануарлармен байланысын бақылау тәртібін;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларға сәйкес бақылау объектісінің мал шаруашылығы үй-жайларына дезинфекция, дератизация, дезинсекция жүргізуді ұйымдастыруын;
      5) жеке қосалқы шаруашылықтарда елді мекендердің шекаралары шегінде мал ұстау және ауыл шаруашылығы пайдаланымындағы елді мекенді жерлерде малдарды бағу жүктемесінің ветеринариялық нормативтеріне сәйкес жануарларды ұстау, азықтандыру және өсіру жөніндегі ветеринариялық-зоотехникалық нормаларын және зоотехникалық стандарттарын сақтауды;
      6) Ветеринариялық препараттарды өндіру және сату объектілеріне ветеринариялық-санитарлық талаптарға сәйкес тіркелген ветеринарияда қолданылатын дәрі-дәрмектердің қолдануын бақылауды;
      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу ережелеріне сәйкес, бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардың денсаулығын тексеру және мониторингті қамтамасыз ететін журналдар және басқа құжаттардың жүргізілуін тексереді.

3. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      9. Жануарларды дайындауды (союды) жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Инспекторлар:
      1) шығарылатын бақылаудағы тауарлардың көлемін және ассортиментін;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес олар арқылы жануарларды әкелу және түсіру жүзеге асырылатын дезинфекциялық кедергілердің (оның ішінде қысқы мерзімде жылытудың бар болуын) және өтпелердің ветеринариялық-санитариялық жай-күйін;
      3) дайындауға (союға) келіп түсетін жануарларға ветеринариялық ілеспе құжаттарды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес бақылау объектісі шығаратын бақылаудағы тауарларды;
      4) Техникалық регламенттерде көрсетілген биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды немесе жоюды жүргізу шарттарын;
      5) союға жататын жануарларды қабылдауды және түсіруді жүзеге асыру шарттарын;
      6) сою алдында күтіп-ұстау орындарының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін, союға түскен жануарларды қарау және оларды союға немесе санитариялық қасапханаға жіберу тәртібін;
      7) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес бақылау объектісінің аумағына, үй-жайларына, құралдарына, арнайы көлік құралдарына дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыруын;
      8) Техникалық регламенттерге сәйкес ветеринариялық мақсаттағы объектілердің, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтың, өндірістік және қойма үй-жайларының, тоңазытқыш пен мұздатқыш камералардың, мукәммалдың, сондай-ақ бақылау объектісі аумағының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін;
      9) Техникалық регламенттерде көрсетілген бақылаудағы тауарларды қабылдау және тоңазытқыш пен мұздатқыш камераларда сақтау шарттарын;
      10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союды ұйымдастыру қағидаларына сәйкес сойылған өнімдерге (бастарға, ұшаларға және органдарға) союдан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптау жүргізу тәртібін;
      11) Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерден сынама алу қағидаларына сәйкес қажет болған жағдайда бақылаудағы тауарларды зерттеу үшін сынама (үлгісін) алуды жүргізуін ұйымдастыруды;
      12) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес ветеринариялық-санитарлық сараптау қорытындысы бойынша етті таңбалауды;
      13) өндіріс объектісінің әкімшілігі құрған өндірістік бақылау бөлімшелерінің болуын;
      14) өндірістік бақылау бөлімшелері жүзеге асыратын жануарлардың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау тәртібін;
      15) бар болған жағдайда, өнімнің сапасын және қауіпсіздігін бақылау жүйелерінің (НАССР, ISO, СМР) жұмыс істеуін тексереді.

4. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      10. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды сақтауды жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Инспекторлар:
      1) Техникалық регламенттерде белгіленген шикізаттарды қоса, бақылаудағы тауарларды сақтау және тасымалдау шарттарының және режимдерінің сақталуын;
      2) бақылау объектілерінің бақылау-өлшеу құралдарымен жабдықталуын;
      3) бақылаудағы тауарларды сақтауға арналған бөлек тоңазытқыш пен мұздатқыш камералардың болуын;
      4) азық-түлік шикізатын, дайын өнімді, азық-түлікке жатпайтын өнімді, ыдысты сақтауды ұйымдастыруды;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес дезинфекциялық тосқауылдардың болуын және жай-күйін;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес тоңазытқыш үй-жайларға және көлік құралдарына дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізуді ұйымдастыруды;
      7) Техникалық регламенттерде белгіленген бақылаудағы тауарларды уақытша сақтау және тиеу кезінде температуралық-ылғалдық режимдерін;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес бақылаудағы тауарларды тиеген (түсіргенде) және тасымалдаған кезде ветеринариялық ілеспе құжаттардың ресімделуін тексереді.

5. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      11. Жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды қайта өңдеуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Инспекторлар:
      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес қайта өңдеуге түсетін шикізатқа ветеринариялық ілеспе құжаттардың болуын;
      2) шығарылатын бақылаудағы тауарлардың көлемін және ассортиментін;
      3) Техникалық регламенттерге сәйкес ветеринариялық мақсаттағы объектілердің, технологиялық және тоңазытқыш жабдықтың, өндірістік және қойма үй-жайларының, тоңазытқыш пен мұздатқыш камералардың, мукәммалдың, сондай-ақ бақылау объектісі аумағының ветеринариялық-санитариялық жай-күйін;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес өндірістік үй-жайларға, технологиялық жабдыққа, мукәммалға, ыдыстарға дезинфекция, дезинсекция және деритизация жүргізуді ұйымдастыруын;
      5) өндіріс объектісінің әкімшілігі құрған өндірістік бақылау бөлімшелерінің болуын;
      6) өндірістік бақылау бөлімшелері жүзеге асыратын жануарлардан  алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін анықтау тәртібін;
      7) олар болған жағдайда, өнімнің сапасын және қауіпсіздігін бақылау жүйелерінің (НАССР, ISO, СМР) жұмыс істеуін тексереді.

6. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау

      
      12. Жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде Инспекторлар:
      1) жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың олардың шығу тегін, сапасын және қауіпсіздігін куәландыратын ілеспе құжаттарға сәйкестігін, сондай-ақ ветеринариялық ілеспе құжаттардың, мөртаңбаның, мөрдің жалған еместігін;
      2) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру қағидасына сәйкес жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың сақталуын;
      3) Техникалық регламенттерге сәйкес жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қабылдау, сақтау және сату кезінде ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуын;
      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларға сәйкес аккредиттелген зертханаларда жануарлардан алынатын өнімдерге ветеринариялық-санитариялық сараптауды жүзеге асыру тәртібін;
      5) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларға сәйкес үй-жайларға, жабдықтарға, мукәммалға дезинфекция, сондай-ақ дезинсекция мен дератизация жүргізуді ұйымдастыруды;
      6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына сәйкес ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері бойынша белгіленген нысандағы ветеринариялық құжаттар беруді;
      7) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалардың бұзушылықтарын жою туралы нұсқаманың орындалуын;
      8) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Жеке және заңды тұлғалардың міндетті түрде орындайтын ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларына сәйкес зооноздық және зооантропоноздық аурулардың қоздырғыштары таралуының алдын алу жөніндегі ветеринариялық-санитариялық іс-шаралардың өткізілуін;
      9) Техникалық регламенттерде белгіленген жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды өткізуге қойылатын талаптардың орындалуын;
      10) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) қағидаларына сәйкес биологиялық қалдықтарды кәдеге жаратуды немесе жоюды жүргізу шарттарын;
      11) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Жануарларға және адам денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарлар, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарды міндетті түрде алып қою және жою не оларды алып қоймай міндетті түрде залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу қағидаларына сәйкес сапасыз немесе адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті жануарлардан алынатын өнімдерді сатудан алып тастауды тексереді.

7. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріндегі бақылау нәтижелерін бағалау және ресімдеу

      13. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде тексеру нәтижелері бойынша тексеру актісі жасалады.
      Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды,  жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
      14. Тексеру актісі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
      Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптары (бұзылғандығы анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
      Тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру актінің бірінші данасын құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы өз құзыреті шегінде статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық инспекторына беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы поштамен жіберіледі.
      15. Экспорттаушыларды (импорттаушыларды) қоса алғанда, жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде тексеріс жүргізген кезде зертханалық зерттеулер жүзеге асырылған жағдайда тексеру актісіне жүргізілген зертханалық зерттеулердің актісі (хаттама, қорытынды) қоса беріледі.
      16. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптары бұзылғандығы анықталған жағдайда Инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.