Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шығару және олардың сапасын бақылау, сондай-ақ тұрақтылығына сынақтар жүргізу және сақталу мерзімі мен қайта бақылау мерзімін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1459 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 31 қаулысымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы әкімі аппаратының 29.01.2013 № 166 хатымен).

      «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 4 наурыздағы N 221 «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергiлiктi бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекiту туралы» қаулысына сәйкес Қазығұрт ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазығұрт ауданы бойынша 2011–2012 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қазаннан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары М.Момыновқа жүктелсiн.

      Аудан әкімі                                Т.С.Алиев

      Қазығұрт ауданы әкiмдiгiнiң
      2011 жылғы 06 желтоқсандағы
      N 591 қаулысына қосымша

      Қазығұрт ауданы бойынша 2011 - 2012 жылдарға арналған субсидияланатын басым ауылшаруашылық дақылдарының түрлерi бойынша егiстiктің оңтайлы себу мерзiмдерi      

N

Дақылдар түрi

Оңтайлы мерзiмдерi

Ескерту

басталуы

аяқталуы

1

Күздiк бидай

05.10.2011

30.11.2011

Тәлімі және суармалы жер, жылдың қалыптасқан ауа райы-климаттық жағдайын ескере отырып

10.10.2011

30.10.2011

2

Жаздық бидай

25.02.2012

10.04.2012

Тәлімі жер

3

Дәндік және сүрлемдік жүгері

15.04.2012

10.05.2012

Суармалы жер

4

Жоңышқа

01.03.2012

10.04.2012

Тәлімі және суармалы жер

5

Мақсары

01.03.2012

10.04.2012

Тәлімі жер