Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қарашадағы № 1146 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 сәуірдегі № 473 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.04.30 № 473 Қаулысымен.

      «Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 мамырдағы № 778 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2010 жылғы 1 қарашадағы
№ 1146 қаулысымен 
бекітілген    

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың
2020 жылға дейінгі бағдарламасы

1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарламаның          Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың
атауы                  2020 жылға дейінгі бағдарламасы

Әзірлеу үшін           Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа
негіздеме              онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу -
                       Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты
                       Қазақстан халқына Жолдауы;
                       Қазақстан Республикасы Президентінің 2010
                       жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген
                       Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі
                       Стратегиялық даму жоспары

Әзірлеуші              Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                       үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі

Мақсаты                Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық
                       қызметтермен қамтамасыз ету, тіршілік ету
                       жүйесінің сенімді жұмыс істеуі және тұрғын
                       үй-коммуналдық шаруашылық қызметінің
                       тиімділігін арттыру

Міндеттері             Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту;
                       Кондоминиум объектілерін басқару органдары
                       тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес
                       қамтамасыз етеді;
                       Тұрғын үй және коммуналдық
                       шаруашылық саласында энергетикалық тиімділікті
                       арттыру;
                       Институционалдық негізді жетілдіру;
                       Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жеке
                       капитал тарту.

Іске асыру             2011 - 2020 жылдар
мерзімдері мен         I кезең: 2011 - 2015 жылдар
кезеңдері              II кезең: 2016 - 2020 жылдар

Нысаналы               2015 жылға қарай елдің әр өңіріндегі
индикаторлары          тұтынушылардың кемінде 50 %-ы және 2020 жылға
                       қарай елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың
                       кемінде 70 %-ы коммуналдық қызмет көрсету
                       сапасына қанағаттанады;
                       2015 жылға қарай коммуналдық желілердегі 1 км
                       шаққанда жылдық апаттардың санын 14-ке дейін
                       төмендету;
                       жүргізілген түгендеу негізінде
                       тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет
                       инфрақұрылымының жай-күйінің жаңартылатын
                       тұрақты дерекқоры жасалады;
                       менеджменттің қазіргі заманғы әдістерін
                       енгізген коммуналдық сектор кәсіпорындарының
                       үлесін ұлғайту;
                       мемлекет ТКШ инфрақұрылымын
                       жаңғырту жөніндегі жобаларға нысаналы қарыздар
                       береді.

Қаржыландыру           Бағдарламаны іске асырудың бірінші кезеңінде
көздері және           (2011 - 2015 жылдар) іс-шараларды
көлемдері              қаржыландыру көлемі 53 545 млн. теңгені
                       құрайды, оның ішінде:
                       республикалық бюджет - 53 545 млн. теңге:
                       2011 жылы - 26 581 млн.
                       теңге, 2012 жылы - 15 980 млн. теңге, 2013
                       жылы - 10 493 млн. теңге, 2014 жылы - 207,99
                       млн. теңге, 2015 жылы - 283,34 млн. теңге.
                       2012 - 2015 жылдарға арналған қаржыландыру
                       көлемі тиісті қаржылық кезеңдерге арналған
                       «Республикалық бюджет туралы» Заңда
                       нақтыланады.
                       Бағдарламаны іске асырудың екінші
                       кезеңін (2016 - 2020 жылдар) қаржыландыру
                       көлемі бірінші кезеңде іске асырудың
                       нәтижелері бойынша белгіленетін болады.

2. Кіріспе

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында және «Мемлекет басшысының 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің 2010 жылғы 17 ақпандағы № 925 Жарлығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес әзірленді.
      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын (бұдан әрі - ТКШ) 1993 жылға дейін мемлекет демеу қаржы бөлу арқылы қаржыландырып келген, бұл коммуналдық желілер мен объектілердің қатты тозуына алып келді. 1996 жылы ТКШ-те жүйелі реформалар басталды, бұл ТКШ-ге демеуқаржы беру қағидатынан бас тартуға және тұрғын үй қатынастарының сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, ТКШ-ні одан әрі дамыту және жаңғырту мәселелері экономиканы дамытудың қазіргі кезеңінде де өзекті болып табылады.
      ТКШ өзара байланысты екі негізгі элементтен тұрады:
      - коммуналдық сектор ол, сумен, газбен, жылумен, электрмен жабдықтауды және су бұруды, абаттандыру мен жалпы пайдаланудағы және елді мекендердің аумақтарындағы объектілерді, сондай-ақ арнайы мақсаттағы объектілер мен аумақтарды күтіп ұстауды қамтамасыз ететін жүйелерден тұрады;
      - тұрғын үй қоры көп пәтерлі тұрғын үйлерді және жеке үй құрылыстарын қамтиды және коммуналдық қызметтердің негізгі тұтынушылары болып табылады.
      Бағдарлама ТКШ-ні жаңғырту бойынша шаралар әзірлеуді және қабылдауды қамтамасыз етеді, бұл оның жұмыс істеу жүйесін жетілдіруге және көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын арттыруға, сондай-ақ ТКШ саласына инвестиция тарту тетігін іске асыруға мүмкіндік береді.
      Республика тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесінің аса маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі арнайы бағдарламалық құжатты әзірлеу туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты, осы Бағдарламада елді мекендерді сумен жабдықтау мәселелерін қарамайды.

3. Ағымдағы ахуалды талдау

      Бүгінгі күні республикадағы ТКШ субъектілерді - ТКШ кәсіпорындарын басқарудың тиімсіз жүйесімен және олардың қанағаттанғысыз қаржылық жағдайымен, жоғары пайдалану шығындарымен және оларды төмендетуге экономикалық ынталандырудың болмауымен сипатталады.
      Қолданыстағы желілер мен құрылғылар айтарлықтай тозған, бұл инженерлік коммуникацияларда авариялардың артуына және оларда жұмыстың тоқтауына, жаппай материалдық-техникалық ресурстардың артық жұмсалуына, энергия мен судың үлкен ысырабына алып келеді. Желілер және жүйе ғимараттарының жай-күйі, негізінен, коммуналдық қызметтерді ұсыну түрақты және қажетті сападағы талаптарға сәйкес келмейді.
      ТКШ саласының ірі, сондай-ақ шағын және орта бизнес үшін тартымдылығы аз болып қала бермек. Негізгі құралдардың әбден тозуы, қатаң реттелетін тарифтер кезінде өтелу мерзімінің ұзақ болуы, ұзақ мерзімді инвестициялау үшін заңнамалық базаның болмауы және өзге де факторлар экономиканың осы саласындағы қызметті дамытуға жеке капитал тартуды ынталандырмайды.

3.1. Тұрғын үй секторының жай-күйі

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша республиканың тұрғын үй қорының жалпы алаңы 267,8 млн. шаршы метрді құрайды, оның ішінде 261,4 млн. шаршы метр немесе 97,6% тұрғын үй жеке меншікке тиесілі.
      Қалалық елді мекендердегі кондоминиум объектілерінің (көп пәтерлі Тұрғын үйлердің) саны 172164 бірлікті құрайды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің деректері бойынша тіркелген кондоминиум объектілерінің саны 14687 бірлікті құрайды, бұл кондоминиум объектілерінің жалпы санының 8,5 -%-ын құрайды. Тіркеу кезінде құқық иелерінің ортақ меншіктегі үлесінің мөлшерін жазбаша растау үшін барлық меншік иелерін қатыстыру қажеттілігі кондоминиум объектілерін тіркеудің негізгі проблемасы болып отыр.
      Тұрғын үй қоры саласындағы мемлекеттік бақылауды жергілікті атқарушы орган кондоминиум қатысушыларының ортақ мүлкіне жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі - ЖАО) тұрғын үй инспекциясы лауазымды адамдарының тексеру жүргізуі арқылы жүзеге асырады. Тұрғын үй инспекциясы қызметінің негізгі проблемалары мыналар болып табылады:
      тұрғын үй инспекциясының қызметін қамтамасыз етуді қаржыландыруға мүмкіндік беретін бюджеттік бағдарламалар және техникалық тексеру жүргізу жөніндегі бағдарламалар жоқ;
      тұрғын үй инспекциясының қызметін регламенттейтін нормативтік Құқықтық актілер жоқ;
      жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшесі ретінде тұрғын үй инспекциясын құру бойынша бірыңғай тәсіл белгіленбеген.
      Пәтер және үй-жай иелерінің төлем жасау тәртібі бүгінгі күнге дейін төмен.
      Әр түрлі себептер бойынша пәтер иелері тұрғын үйді күрделі жөндеуге ақшалай қаражат жинауды жүзеге асырмайды, бұл тұрғын үй қорын тиісті күтіп ұстамағандықтан оның тозуына алып келеді.
      Ғимараттардың одан әрі қирауының алдын алу және оларды сақтау тұрғын үй секторындағы бірінші кезектегі шаралар болуға тиіс. ЖОА-ның деректері бойынша көп пәтерлі тұрғын үйлерге жататын тұрғын үй қорының 50,1 млн. шаршы метрі немесе 32 % күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізуді талап етеді, ал 3,8 млн. шаршы метр (2 %) бұл бұзылуға жататын, тұруға жарамсыз авариялық тұрғын үйлер.
      Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) деректеріне сәйкес республикада 414 көп қабатты ғимараттарды бар, оларда жоба бойынша өртке қарсы қорғау жүйесінің жабдықтары көзделген. Бұл ретте, 264 ғимаратта автоматты өрт дабылы және лифт шахталарына ауаны айдау жүйелерінде ақаулар бар. 257 тұрғын ғимаратта түтін шығару жүйесі; 251 тұрғын ғимаратта өртке қарсы ішкі су құбыры жұмыс істемейді.
      Бұдан басқа, ТЖМ-ның деректері бойынша 622 мектептің, 305 аурухананың, 132 мектепке дейінгі мекеменің, 1481 қоғамдық ғимарат пен құрылыстың және өндірістік кәсіпорынның 459 ғимаратының техникалық жай-күйі қанағаттанғысыз, жалпы алаңы 489 мың шаршы метр әлеуметтік және өндірістік мақсаттағы кемінде 1152 объекті сейсмикалық күшейтуді талап етеді.
      Осы жағдай көп қабатты тұрғын ғимараттар мен әлеуметтік сала объектілерінің өртке қарсы жүйелерін қалпына келтіруді және сейсмикалық күшейтуді талап етеді.
      Кондоминиум объектілеріне қатысы бойынша халық құқықтық санасы мен мәдениетінің төменгі деңгейіне сәйкес келетін ортақ мүлікті басқаруда пәтер иелерінің енжарлық проблемасын шешпей, тұрғын үй секторындағы проблеманы шешу мүмкін емес. Кондоминиум объектілерін басқаруды жүзеге асыратын тұлғалардың өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін, сондай-ақ жекелеген үй-жай (пәтер) иелерінің тұрғын үйдің ортақ мүлкін күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қолданыстағы заңнамада көзделген азаматтық-құқықтық жауапкершілік көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау және жөндеу проблемаларын тиімді шешуге мүмкіндік бермейді.
      Бұрынғы социалистік елдердің оң тәжірибелері коммуналдық сектор субъектілері мен коммуналдық қызметті тұтынушылардың өзара қарым-қатынасын іс жүзінде мемлекет ТКШ-ні басқаруға қатыспайтын жағдайға келтіру мүмкіндігі туралы куәландырады, ал қызмет көрсету нарығы бәсекеге қабілетті болады және өзін-өзі реттейді.

3.2. Су буру (кәріз)

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы республикадағы 198 елді мекенде кәріз желісі бар, бұл республика бойынша елді мекендердің жалпы санының 2,7 %-ын (7152 бірлік) құрайды. Республикада 349 кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде 153 (43,8 %) кәсіпорын коммуналдық меншікте, 196 (56,2 %) кәсіпорын жеке меншікте, олардың құрамында 544 кәріздік құрылыстар.
      Су құбырының жалпы ұзындығы республика бойынша 47668,3 км, оның ішінде магистральдық су тартқыштар 18859,6 км, оның ішінде бас коллекторлардың ұзындығы 32,7 %, тарататын кәріз желілері 67,3 % болады Су бұру желісінің 62,5 %-ы немесе 9081,1 км коммуналдық меншікте, 37,7 % немесе 5450,2 км жеке меншікте.
      Су бұру жүйесінің көпшілік құрылыстары мен желілері бұдан 20 жыл бұрын пайдалануға берілгенін немесе күрделі жөнделгенін талдау көрсетіп отыр. Тұтастай, 25 жыл сенімді пайдаланудың нормалау мерзімін негізге алсақ, 66 %-ға жуық желілер күрделі жөндеуді немесе толық ауыстыруды талап етеді.
      ЖАО-ның деректері бойынша тұтастай республика бойынша 130 су жинағыш тоғандар.
      Өнеркәсіптік кәсіпорындардың сарқынды суларының едәуір көлемі (жекелеген қалаларда 24 %-ға дейін) әуелден-ақ өнеркәсіптік сарқынды суларды тазаруға бейімделмеген қалалық тазарту құрылыстарына тікелей түседі. Көпшілік қолданыстағы тазарту құрылыстары өздерінің пайдалану ресурстарын тауысты және ауыстыруды талап етеді.
      2004 жылдан бастап 2010 жыл ішінде бюджеттен 42 805,9 млн. теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен - 40 965,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 1 840,65 млн. теңге.
      Осы қаражатты пайдалану нәтижесінде тұтастай республика бойынша 2009 жылы су буру желілеріне қол жеткізу 8,2 %-ға өсті, ал су буру желілеріндегі авариялардың саны 41,8 %-ға төмендеді.
      Әзірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясы (бұдан әрі - Жол картасы) шеңберінде 2009 жылы 162,1 км кәріз желілері жөнделді және қайта жаңартылды, бұл республика бойынша барлық ұзындықтың 1,1 %-ы болады, оның ішінде 109,2 км желі күрделі жөнделді, бұл жөндеуді талап ететін желілердің 2,8 %-ы болады (9590,5 км), 52,9 км жаңа желілер пайдалануға берілді.
      Қазіргі уақытқа дейін кеңес кезіндегі жобалар бойынша салынған коммуналдық жүйелердің жұмыс істейтінін атап өту қажет. Жөндеуге жарамдылығының жоғары болуы қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды біріздендірудің жоғары деңгейі есебінен қамтамасыз етіледі.
      Жобалау практикасының бүгінгі күні қалыптасқан жағдайы қызмет тәжірибесі мен қызметкерлерінің біліктілігі әр түрлі жобалау ұйымдарының сенімділігін, технологиялығын және жөндеуге жарамдылығын тиісті бағалаусыз әр түрлі шетел фирмаларының технологияларын, материалдары мен жабдықтарын жобаға енгізуіне жол береді. Техникалық шешімді таңдау кезінде бірыңғай тәсілдің болмауы елді мекенде әр түрлі технологияны пайдалануға, қолданылатын материалдар мен жабдықтардың номенклатурасы атауының көп болуына алып келеді. Осының нәтижесінде коммуналдық жүйелерді пайдаланудың сенімділігі мен технологиялығы төмендейді, бұл жаңа отандық өндіріс құру үшін тауарлардың, материалдардың және жабдықтарды номенклатурасын нақты анықтауға мүмкіндік бермейді, сондай-ақ жаңа энергия үнемдейтін технологиялар енгізуге ынталандырмайды.
      Осыған байланысты өңірлерді аумақтық дамыту бағдарламалары шеңберінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде ТКШ-ні жаңғырту мен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бір орталықтан әзірлеу тәжірибесіне көшу орынды болып табылады.

3.3. Жылумен жабдықтау

      Қазақстан Республикасы Статистика агентігінің деректері бойынша республикада осы секторда 1004 кәсіпорын жұмыс істейді, соның ішінде 277 кәсіпорын (27,6 %) кәсіпорын коммуналдық меншікте, 727 (72,7 %) кәсіпорын жеке меншікте. Жылумен жабдықтау көздерінің (100 Гкал/сағат дейін жылуды ұдайы өндіретін қондырғылар) жалпы саны 2121 бірлікті құрайды, оларға орнатылған қазандықтар (электр қондырғылар) - 5493 бірлік.
      Екі құбырлық деп есептегенде жылу желілерінің жалпы ұзындығы 11,7 мың км, оның ішінде тарату желілері - 79,6 % (құбырдың диаметрі 400 мм дейін) болады. Жылу желісінің 32,6 %-ы немесе 3803 км коммуналдық меншікте, 67,4 %-ы немесе 7872,5 км жеке меншікте.
      Соңғы 6 жылдың ішінде бюджеттен 19 270,5 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 15 069,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 4 201,0 млн. теңге бөлінді.
      Осы қаражатты пайдалану нәтижесінде республика бойынша жылумен жабдықтау желілеріне қол жеткізу 2004 жылы 38,1 %-дан 2008 жылы 40,5 %-ға дейін өсті.
      Жол картасы шеңберінде 2009 жылы 283,6 км жылу мөлшері жөнделді және қайта жаңартылды, республика бойынша жалпы ұзындықтың 2,4 %-ы, оның ішінде 139,7 км желі күрделі жөнделді және 143,9 км жаңа желілер пайдалануға берілді.
      Жылумен жабдықтау саласы есептеу құралдарымен қамтамасыз етудің өте төменгі деңгейімен сипатталады. Сарапшылардың бағалауы бойынша жылуды есептеу құралдарына жалпы қажеттілік 45,8 мың бірлікті құрайды, 23,3 мың бірлік есептеу құралдары орнатылған. Тиісті деңгейде есепке алудың болмауы өткізгіш және таратқыш жылу желілеріндегі жылу энергиясы мен жылу көздерінің өте көп ысырабына алып келеді. Елімізде орныққан жылумен жабдықтауға нормативтік тариф белгілеу практикасы энергетикалық тиімділікке ықпал етпейді.
      Жылу желілеріндегі ысыраптың саны 2009 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 3,1 %-ға өсті (11246,4 мың Гкал-дан 11596,3 мың Гкал-ға дейін). Орташа статистикалық деректер бойынша желілердегі жылу энергиясының ысырабы 11,6 млн. Гкал немесе босатылған энергияның жалпы санының 17,5 %-ын құрайды.
      Коммуналдық саламен салыстырғанда көп пәтерлі тұрғын үйлер жылу энергиясын өте тиімсіз тұтынушылар болып табылады.
      Тиісінше күтіп ұсталмағандықтан, тұрғын үй қорының тездетіп табиғи тозуы көп пәтерлі тұрғын үйлердің басым көпшілігінің жылумен жеткіліксіз оқшаулануына алып келді, осының салдарынан олар тұтынатын жылудың басым бөлігі қоршау құрастырмалары: қабырғалар, шатырлар, бірінші қабаттың едендері арқылы ысырып болады.
      Статистикаға сәйкес Қазақстандағы ТКШ саласы босатылған жылу энергиясының 40 %-ын тұтынады. Бұл орайда, әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша ғимараттардағы босқа кеткен жылу ысырабы олардың жай-күйіне байланысты 30 %-ға дейін жетеді.
      Қазақстандағы Халықаралық энергетикалық қауымдастықтың деректері бойынша ғимараттардағы жылу энергиясының шығыны жылына бір шаршы метр үшін шамамен 240 кВт болады, бүкіл жылына 1 шаршы метрге 100-120 кВт деген ортаеуропалық көрсеткіштен айтарлықтай төмен.
      Тұрғын үйлерге шатырларды жаңарта, жертөле үй-жайларды жөндей, инженерлік жүйелерді ауыстыра және жаңарта, ресурстарды есептеу құралдарын орната отырып, терможаңғырту жүргізу тозған тұрғын үй қорының жұмыс істеу мерзімін ұзартуға алып келеді. Осы мақсаттарға мемлекеттік бюджеттен тікелей ақшалай қаражат бөлу мүмкін емес. Осы міндетті шешу үшін халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, үйлерді жөндеуді қаржыландыруға пәтерлер мен үй-жай иелерін кеңінен тарту қажет. Бұл орайда мемлекет ұзақ мерзімді (кемінде 20 жылға) және арзан (1 %-ға жуық) қарыздар беру жолымен көмек көрсетеді.

3.4. Электрмен жабдықтау

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша тұтастай республика бойынша 2008 жылы 80326,7 млн. кВт.сағ. электр энергиясы өндірілді, оның 72866,1 млн. кВт.сағ. (90,7 %), жылу электр станциялары, 7459,8 млн. кВт.сағ. (9,3 %) гидроэлектростанциялары, 18,6 млн. кВт.саг. (0,02 %) жылжымалы және өзге де электр станциялары өндірген.
      Тұтынушыларға босатылған электр энергиясының саны 80612,1 млн. кВт.сағ., оның ішінде пәтерлерді жарықтандыруға және халықтың басқа да тұрғын үй мұқтаждарына - 8319,6 млн. кВт.сағ. (10,3 %) құрайды.
      Соңғы жылдары электр энергиясы тапшылығының проблемасы аса өзекті бола түсуде. Егер 2004 жылы халық 5775,4 млн. кВт.сағ, энергияны тұтынған болса, ал 2008 жылы 8319,6 млн. кВт.сағ. энергия тұтынылды. Жыл сайынғы өсім 10 %-ды құрайды.
      Аймақтар бойынша ұзақ мерзімді перспективада 2030 жылғы деңгейде электр энергиясын үлестік коммуналдық-тұрмыстық тұтынудың болжамды көрсеткіштері 2007 жылмен салыстырғанда 1,6 - 2,1 есе ұлғаюы мүмкін және орташа 1150-1200 кВт.сағ/адам болады.
      Еуропа елдерінде үлестік коммуналдық-тұрмыстық тұтыну көрсеткіші айтарлықтай жоғары екенін айта кеткен жөн, айталық, мысалы, Германия үшін ол шамамен 3200 кВт.сағ/адам болады.
      ЖАО деректері бойынша тұтастай республикада электр энергиясын беру және жабдықтау (0,4 кВт дейінгі электр желісі объектілері) бойынша 92 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 33 кәсіпорны (35,9 %) жеке меншік нысанына, 59 кәсіпорын (64,1 %) коммуналдық меншікке жатады.
      Электрмен жабдықтау саласында барлық коммуналдық сектордың ішінен жөндеуді талап ететін желілердің үлесі өте жоғары. Айталық, 10/0,4 кВ дейінгі электр желілерінің жалпы ұзындығы республика бойынша 199488 км құрайды, 73 % немесе 145600 км жөндеуді талап етеді. Бұдан басқа, 10/0,4 кВ трансформаторлық қосалқы станциялар, электр беру желілері (ЭБЖ), үйдің ішіндегі таратушы қондырғылар мен желілер жөндеуді талап етеді. Әсіресе тұрғын үй-коммуналдық секторда электр энергиясын тұтынудың күтіліп отырған өсіміне байланысты 10/0,4 кВ таратушы желілерді жөндеу өзекті болып отыр.
      Соңғы 6 жылдың ішінде бюджеттен 8 130,4 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 4 894,5 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 3 235,9 млн.теңге бөлінді.
      Жол картасының шеңберінде 2009 жылы 736,9 км электр желісі жөнделді және қайта жаңартылды, бұл республика бойынша жалпы ұзындықтың 0,4 %-ын құрайды, оның ішінде 292,7 км электр желісі жөнделді, 444,3 км желі пайдалануға берілді.
      Электрмен жабдықтау саласында есептеу құралдарымен қамтамасыз ету деңгейі коммуналдық шаруашылықтың басқа салаларымен салыстырғанда мейлінше жоғары (88,5 %), олардың көпшілігі ескі үлгіде және энергетикалық тиімділік талаптарына сәйкес келмейді. Әлсіз тоқта жұмыс істейтін қазіргі заманғы құралдар мен электр қондырғылары индукциялық есептеу құралдарында ескерілмейді, олардың тетігінде Қазақстан Республикасының көпшілік аумағына тиесілі сыртқы ауаның теріс температурасы кезінде кінараты бар, бұл үйдің ішіндегі желілерде коммерциялық ысыраптың пайда болуына алып келеді, есептеу құралдарының айтарлықтай тозуы өздігінен кінарат туғызады.
      Бүгінгі күні индукциялық есептеу құралдары Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізілімінен алынып тасталмаған, тексеруде қолданылады және сондықтан олар пайдаланылып отыр. Көрсеткіштерді қашықтықтан алатын есептеу құралдарын орнату арқылы осы құралдарды кезең-кезеңмен пайдаланудан алып тастау қажет.
      Елді мекеннің, қаланың, облыстың шегінде коммуналдық қызметтерді коммерциялық есептейтін бірыңғай автоматтандырылған жүйе құру және енгізу энергетикалық тиімді шаралар бола алады. Автоматтандырылған жүйенің есептеу функциясымен қатар электр энергиясын тұтынуды бақылауды және басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Автоматтандырылған жүйені қолданудың негізгі экономикалық тиімділігін тұтынушы үшін пайдаланылған энергия мен қуатқа төлемдерді азайтудан, ал энергетикалық компаниялар үшін тұтыну шекті мәнін төмендетуден және генерацияланатын қуаттың шекті мәнін өсіруге күрделі жұмсалымның азаюынан көреміз.
      Автоматтандырылған жүйелер сараланған тарифтер енгізу кезінде ерекше өзекті болады. Тұтынушылар шағымдарының негізгі ағымы есептеу құралдарынан көрсеткіштерді алу сапасының төмендігін, түбіртектерде дұрыс емес көлемдер көрсетілетінін, өз бетімен қызмет көрсетуге және көрсеткіштерді беруге құлықсыз екендіктерін айтады.
      Тұтынушыларды ынталандыру тәсілінің бірі ретінде елді мекендер үшін коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін құрудың бекітілген жобасы шеңберінде тұтынушылар өздерінің қаражаты есебінен өлшеу құралдарын ауыстырған және орнатқан жағдайда электр энергиясын тұтыну шамасын арттыру (сараланған тарифті есептеген кездегі әлеуметтік норма) туралы мәселені қарастыру қажет.

3.5. Газбен жабдықтау

      Табиғи газ
      Еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінің, сондай-ақ Қостанай облысының халқы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша республикада еліміздің 10 өңіріне табиғи газды бөлуді жүзеге асыратын 37 кәсіпорын тіркелген. 6 өңірде (Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы қаласы) тұтынушыларды табиғи газбен жабдықтауды тек қана жеке меншік компаниялар жүзеге асырады. Алматы, Атырау, Маңғыстау облыстарында жеке меншік компаниялармен қатар мемлекеттік компаниялар да табиғи газбен жабдықтаумен айналысады. Қостанай облысында табиғи газбен жабдықтауды тек қана мемлекеттік компаниялар жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы республика бойынша 594 елді мекен табиғи газбен газдандырылды, бұл елді мекендердің жалпы санының 8,3 %-ы (7152). 2004 жылмен салыстырғанда табиғи газбен газдандырылған елді мекендердің саны 260 елді мекенге артты.
      Газ желілерінің жалпы ұзындығы тұтастай республика бойынша 27349,8 км болады, оның ішінде 11089,8 км бір бағыттағы орамішілік (алаңішілік) желілер, соның 33,7 %-ы (9216,9 км) коммуналдық меншікте, 66,3 %-ы (18132,9 км) жеке меншікте.
      ЖАО үшін табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша бөлінген қаражатқа жүргізілген талдау соңғы 6 жылдың ішінде бюджеттен 5162,94 млн. теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен - 3 232 млн. теңге, жергілікті бюджеттен - 1 930,9 млн. теңге бөлінгенін көрсетеді.
      2009 жылы Жол картасының бағдарламасының шеңберінде 409,1 км газбен жабдықтау желісі жөнделді және қайта жаңартылды, бұл республика бойынша жалпы ұзындықтың 1,6 %-ын құрайды, оның ішінде 128,7 км желіге күрделі жөндеу жүргізілді, бұл желілерді жөндеудің жалпы қажеттілігінің 3,6 %-ын (14768,5 км) құрайды және 280,4 км жаңа желі пайдалануға берілді.
      Бүгінгі күні табиғи газдың «иесіз қалған» газ құбырлары бар, оларды одан әрі күрделі жөндеу және ауыстыру мақсатында баланстық есепке алу қажет.
      Газбен жабдықтау жүйесін одан әрі дамыту халықтың тығыздығы төмен болса да газ құбырлары мейлінше ұзын болғандықтан инвестицияның едәуір көлемін талап етеді. Бұдан басқа, республиканың солтүстік және шығыс облыстарының негізгі газ кен орындары мен газ құбырларынан өте қашық болуы табиғи газды жеткізудің баламалы көздерін іздестіруді талап етеді, мысалы, Ресей Федерациясының батыс сібір кен орындарынан газды импорттау.
      Сұйытылған газ
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2009 жылы республикада сұйылтылған газды бөлуді жүзеге асыратын 16 кәсіпорын тіркелген, бұл елді мекендердің жалпы санының 0,2 %-ы болады. 2004 жылмен салыстырғанда сұйытылған газбен газдандырылған елді мекендердің саны 3 есеге немесе 46 елді мекенге (2004 жылғы 46 елді мекеннен 2009 жылы елді мекендер 16-ға дейін) кеміді.
      6 жылдың ішінде газбен жабдықтайтын кәсіпорындар тұтынушыларға 127721 тонна сұйытылған газ босатты немесе орташа жылына 21286,8 тонна. 2004 жылмен салыстырғанда 2009 жылы босатылған газдың көлемі 36,5 %-га төмендеді (2004 жылы - 27036 тонна, 2009 жылы - 17160 тонна). 2009 жылы сұйытылған газды орташа тәуліктік босату республика бойынша бір тұрғынға шаққанда 1 кг болады, бұл орайда қалаларда - 1,8 кг, ал 2004 жылмен салыстырғанда сұйытылған газды орташа тәуліктік босату 41,2 5 %-га немесе 0,7 кг төмендеді.
      ЖАО деректері бойынша 2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша газ бөлу қондырғылары (бұдан әрі - ГБҚ) республикада 6194 бірлік болады, оның 5194 бірлігі немесе жалпы санының 84 %-ы жұмыс істеп жатыр.
      Бүгінгі күні газбен жабдықтау жүйесінде тұтынылған қызметтерді есепке алу толық көлемде жүргізілмей отыр. 90-шы жылдарда орнатылған есептеу құралдары негізінен сертификатталмаған және дәл есептеу талаптарына сәйкес келмейді, мысалы, газ аз мөлшерде жіберілген кезде.
      ГБҚ-қа техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізілмейді, газ бөлу жүйелерінің қызметін инспекциялау жүйесі жолға қойылмаған. Көп қабатты (2 қабаттан артық) үйлерде баллондағы газды пайдалану практикасы қолданылады, бұған ТЖМ-ның талаптары бойынша үзілді-кесілді жол берілмейді.
      Статистика органдарында және ЖАО-да ГБҚ-ның техникалық жай-күйі туралы нақты ақпарат жоқ. Иесіз қалған ГБҚ проблема туғызып отыр.

3.6. Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату

      Елімізде қолданылып жүрген қатты тұрмыстық қалдықтармен (бұдан әрі - ҚТҚ) жұмыс жасау жүйесі Кеңес Одағы (бұдан әрі - КСРО) кезеңінде қалыптасқан болатын және ең бастысы полигондық көмуге негізделген.
      Статистикалық деректер бойынша бүгінгі күні республика бойынша қалдықтарды орналастыратын 4525 орын (полигондар) пайдаланылады. 307 полигон (6,8 %) заңдастырылған, яғни тиісті учаскелер бөлініп берілген, санитарлық және экологиялық мемлекеттік сараптамалардың оң қорытындылары алынған, қоршаған ортаның эмиссиясына рұқсаттар бар. Тиісінше, қалған 93,2 % полигондар, әдетте, Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және санитарлық заңнамаларының талаптарына сәйкес келмейді.
      Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің (бұдан әрі - Қоршағанортамині) деректеріне сәйкес Қазақстанның аумағында 22 млрд. тонна қалдық жиналған, соның ішіндегі 96 млн. тоннасы ҚТҚ. Жыл сайын жиналған ҚТҚ-ның көлемі 2 млн. тоннаға ұлғайып отыр. ҚТҚ-ның негізгі массасы құрамдас бөлшектерге бөлінбестен (сұрыптаусыз), ашық қоқыс үйінділеріне төгіледі және жиналады.
      ҚТҚ-ның құрамына негізінен органикалық (тағамдық) қалдықтар, қайталама өнімдер және автомашина (жылына шамамен 100 мың бірлік), май (жылына шамамен 4,2 млн. литр) сияқты қауіпті қалдықтары бар қалдықтар, салқындатқыш сұйықтықтардың қалдықтары (жылына шамамен 4,2 млн. литр) және аккумуляторлар (жылына шамамен 2,8 млн. бірлік) жатады.
      Қазақстан Республикасындағы ҚТҚ-ның кемінде 5 %-ы қайта өңдеуге жатады, қалған қоқыстар сұрыптаусыз қоқыс полигондарына жиналады, бұл қоршаған ортаны қосымша ластауға алып келеді. Сарапшылардың деректері бойынша ҚТҚ-ның морфологиялық құрамының 40 %-ы өнеркәсіпте пайдалану үшін әлеуетті шикізат бола алады, тағы да 30%-ға жуығы компостерлеуге жатады. Автосервистің қалдықтары бағалы материалдар, оның ішінде жанар-жағар май материалдары және отынның басқа түрлерін, құрылыс материалдарын және т.б. өндіру үшін шикізат болып табылады. Мысалы, 1 тонна шинада 700 кг резеңке, 160 кг металл және 170 кг тоқыма материалдары бар.
      Осылайша, ҚТҚ пайдалы қайталама шикізат ретінде кәдеге жарату экономикалық тартымдылығы, сонымен қатар экологиялық қауіпсіздігі тұрғысынан Қазақстандағы перспективалы бағытты көрсетеді.
      ҚТҚ-ты басқару мынадай мақсаттарды көздейді:
      қоршаған ортаға әсерді төмендету;
      алынған материалдарды қайта пайдалануды қалпына келтіру;
      үй маңындағы аумақты күтіп ұстау мәдениетін арттыру.
      Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында қалдықтардың қоршаған ортаға жағымсыз әсерін төмендетуге бағытталған бірқатар шаралар қабылданып жатыр. Бірнеше қалада ҚТҚ өңдейтін кәсіпорындар салынды және пайдалануға берілді, макулатураларды қайта өңдеуге қабылдайтын пункттер ашылды.
      Сонымен бірге, муниципалдық қалдықтарды рұқсатсыз көмгені үшін әкімшілік жауапкершілік пен бақылауды күшейту, ҚТҚ-ты бөлек жинау жөнінде ереже мен ұсынымдар әзірлеу, жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинайтын жерасты контейнерлерін енгізуге бағытталған ереже әзірлеуді одан әрі кемел жетілдіру қажет.
      Осы саланың табысты дамуы үшін бәсекені қамтамасыз ету қажет, ол үшін ЖАО-ның жер заңнамасына сәйкес нарық субъектілеріне тиісті инфрақұрылымы бар жер учаскелерін беру мүмкіндігін қарастыру қажет.

3.7. Саланың кадрлық қамтамасыз етілуін талдау

      Бүгінгі күні ТКШ саласында кәсіптер мен мамандықтар бойынша мамандар даярлауды техникалық және кәсіптік білім беретін 26 оқу орны, оның ішінде 21 кәсіптік лицей және 5 колледж жүргізіп отыр. Оқу мынадай мамандықтар бойынша жүргізіледі: «Ішкі санитарлық-техникалық қондырғыларды монтаждау және пайдалану, желдету және инженерлік жүйелер» (2430 адам), «Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің тазарту құрылғылары» (213 адам). Білім алып жатқандардың жалпы саны 2643 адамды, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша (бұдан әрі - мемлекеттік тапсырыс) 1328 адамды құрайды.
      2008 - 2009 оқу жылында 1253 адам (коммуналдық шаруашылық және инженерлік жүйе мамандары - 810 адам, сумен жабдықтау және су бұру -19 адам, санитарлық-техникалық жүйені монтаждау және жабдықтар -424 адам) оқуды аяқтады.
      ТКШ саласы үшін кадрларды даярлау және қайта даярлау Жол картасы шеңберінде де жүргізіледі. Қайта даярлау және қайта оқыту курстары негізінен мынандай мамандықтар бойынша ұйымдастырылған: газ-электр дәнекерлеуші, электр монтаждаушы, тас қалаушы, слесарь-сантехник, лифтер, құрылыс жұмыстарын әрлеуші шебер.
      Білім берудің жоғары тиімді жүйесі ел экономикасының тұрақты өсуін қамтамасыз етудің негізгі факторларының бірі болып табылады. Болон декларациясына сәйкес білім беру жүйесі кадр даярлаудың үш сатылы: бакалавр-магистр-доктор моделіне көшті. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына (бұдан әрі - МЖМБС) тиісті түзетулер енгізілді, басты өкілеттіктер тобы анықталды, білім беру бағдарламалары құрылымдық жағынан біріздендірілді. Осы модель жұмыс берушілер күткен және еңбек нарығындағы сұраныс бойынша білім беру процесіне арналған. Бұл орайда, стандарттар мен білім беру бағдарламаларын әзірлеуге әлеуетті жұмыс берушілерді, салалық қауымдастықтар мен кәсіпорындарды тарту болжанып отыр.
      Бүгінгі күні жоғары білімі бар кадрлар даярлау 050729 «Құрылыс» және 050730 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі» деген мамандықтар шеңберінде жүзеге асырылады.
      Бүгінгі таңда «050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша республиканың 32 жоғарғы оқу орны, 050730 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі» мамандығы бойынша 14 жоғарғы оқу орны мамандар даярлауды жүзеге асырады.
      Оқушылардың контингенті 050729 «Құрылыс» мамандығы бойынша 10813 адамды, оның ішінде білім беру гранттары бойынша - 6510 адамды немесе 60,2 %-ды, 050730 «Құрылыс материалдары, бұйымдары мен құрастырмалары өндірісі» мамандығы бойынша 1120 адамды, оның ішінде білім беру гранттары бойынша - 912 адамды немесе 81,4 %-ды құрайды.
      Бұл ретте, мамандықтар жіктегіші ТКШ саласының сұранысына жауап бермейді, өйткені «Сумен жабдықтау және су бұру», «Жылумен газбен жабдықтау және желдету», «Қалалық шаруашылықты басқару» және т.б. мамандықтар жоқ. Осыған байланысты еліміздің жоғарғы оқу орындарында 050729 - «Құрылыс» бағыты бойынша бакалаврлар дайындау шеңберінде жекелеген жоғарғы оқу орындары (Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ғылыми-техникалық университеті, Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті және т.б.) «Сумен жабдықтау және су бұру», «Жылумен газбен жабдықтау және желдету» бойынша саны 20-30 адам болатын ТКШ үшін мамандардың шектелген санын шығаруды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының - жұмыс берушілерінің деректері бойынша сумен жабдықтау мамандықтарына сұраныс жыл сайын 150 - 170 адамды құрайды және тұтастай 2000 адамға жуық. «Жылумен газбен жабдықтау және желдету» бойынша сұраныс 600-ден астам адамды құрайды.

3.8. ТКШ саласының инвестициялық тартымдылығын талдау

      ТКШ саласында бірқатар тәуекелдер бар, оларды азайту осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.
      1. Салалық тәуекелдер: біраз бастапқы шығындар қажет болғандықтан және инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялау ұзақ мерзімде өтетіндіктен, ТКШ саласы тартымсыз.
      2. Саяси тәуекелдер:
      ЖАО басшысы ауысқан кезде инвестициялық жоба қайта қаралуы және коммуналдық инфрақұрылым саласын дамытудағы басымдықтар өзгеруі мүмкін;
      инфляцияның деңгейіне және жергілікті халықтың төлем қабілетіне жауапты ЖАО, сондай-ақ коммуналдық тарифтерді реттеуге уәкілетті органдар тарифті көтеруге амалсыз келіседі.
      3. Қаржылық (валюталық) тәуекелдер: өзін өзі ақтау мерзімінің ұзақ болуы қарыз алушыларды ұлттық валюта мен қарыз алған валютаның курстарының ауытқуына тәуелді етеді.
      4. Технологиялық тәуекелдер: жүйелер айтарлықтай тозғандықтан, пайдаланылатын коммунналдық жүйелер жиі тоқтап қалады және онда авариялар болады және осыған байланысты технологиялық және коммерциялық емес ысыраптардың көрсеткіштері жоғары. Осындай техникалық факторлардан пайдалану шығындарының мөлшерін болжау мүмкін емес.

3.9. ТКШ саласындағы тауарларды, қазақстандық қамтуды талдау

      Ішкі нарықта ТКШ саласындағы отандық тауарлар өндірісінің жай-күйін талдау және сыртқы сауда көрсеткіштерінің негізінде алынған деректер ТКШ саласында өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілетінің жоғары емес екенін көрсетеді.
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша ТКШ саласында қолданылатын тауарлардың жалпы айналымы 2009 жылы 280 548,8 млн. теңгені құрады. Оның ішінде тұтастай республика бойынша 218 092,8 млн. теңге сомасына импортталды, 62 456 млн. теңге сомасына экспортталды.
      ТКШ саласында қолданылатын тауарлардың негізгі жеткізушісі Ресей болып табылады, ол 76 878 481,6 мың теңге сомасында тауар әкелді, бұл, ТКШ саласындағы тауарлар импортының жалпы көлемінің 35,2 %-ын құрайды, Қытай - 31 861 247,6 мың теңге немесе 14,6 %.
      Республикаға әкелінетін негізгі тауарлар шентемірлер мен фитингтер (10,1 %), вентильдер, крандар, клапандар (9,6 %), сорғылар (8,9 %), металдан жасалған құбырлар (8,3 %), полимерден жасалған құбырлар (6,0 %), қазандар (4,9 %) болып табылады.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2008 жылы ТКШ саласында қолданылатын мынадай тауарлар шығарылған:
      көлемі 212,7 тонна (қазақстандық қамтудың үлесі 91 %-ды құрайды) резеңкеден жасалған құбырлар, түтікшелер, қолғаптар мен шлангілер;
      көлемі 58497,0 тонна (қазақстандық қамтудың үлесі 31 %-дан 57,4%-ға дейін өзгереді) пластмассадан жасалған құбырлар, түтікшелер, қолғаптар мен шлангілер, олардың финингтері;
      көлемі 104082,0 тонна (қазақстандық қамтудың үлесі 75 %-ды құрайды) үлкен және шығын диаметрлердегі құбырлар, қуыс болат пішіндер;
      көлемі 6785,0 тонна (қазақстандық қамтудың үлесі 100 %-ды құрайды) асбестцементтен, фиброцементтен, табиғи, синтетикалық талшықтардан және т.б. жасалған құбырлар, түтікшелер және фитингтер;
      көлемі 10253,0 дана (қазақстандық қамтудың үлесі 68 %-ды құрайды) сұйықтықтарды copу үшін ортадан тепкіш сорғылар, сұйықтықтарды көтеруге арналған өзге де сорғылар.
      Сонымен бірге, ТКШ саласындағы тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндірісіндегі қазақстандық қамтудың үлесін ұлғайту бойынша әлеуеттің бар екенін баса көрсету қажет, атап айтқанда:
      орталықтан жылыту қазандары - 2890 дана (қазақстандық қамтудың үлесі 68 %-ды құрайды);
      қара металдан жасалған электрсіз қыздырылатын орталықтан жылытуға арналған радиаторлар - 648 тонна (қазақстандық қамтудың үлесі 100 %-ды құрайды).

3.10. ТКШ-дегі ағымдағы жағдайдың күшті және әлсіз
жақтарын талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

Қауіптер (тәуекелдер)

Мүмкіндіктер

1

2

3

4

халықты қажетті ресурстармен қамтамасыз ету үшін шикізат базасының жеткіліксіз деңгейі

қолда бар ресурстарды ұғымсыз пайдалану

энергетикалық ресурстар ысырабының жоғары деңгейі және осының салдарынан халық үшін тарифтердің артуы

энергия және ресурс үнемдейтін іс-шаралар жүргізу

мемлекеттің қолдауы

тиімді және дәл жоспарлаудың болмауы

қаржыландырудың негізгі көздерінің бірі болып табылатын республикалық бюджетті секвестрлеу

жеке инвестициялардың және мемлекеттік жеке меншік әріптестік (бұдан әрі - МЖӘ) тетіктерінің ұлғаюы

ТКШ саласында жеке кәсіпорындардың жоғары деңгейі

біліктілігі жоғары кадрлардың болмауы

қабілетті жас мамандарды жұмысқа тарту бойынша уәждеме тетігінің болмауы

ТКШ мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру жолымен білім беру үдерісін жетілдіру

тиісті сападағы ТКШ қызметтеріне жоғары сұраныс

ТКШ қызметінің сапасын өлшейтін әдістеменің болмауы; коммуналдық сектор объектілері мен желілерінің қатты тозуы және осының салдарынан сенімді инфрақұрылымның болмауы (авариялар, ысыраптар)

табиғи тозғандықтан жабдықтардың істен шығуы, Қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету тәуекелі; тұрғын үй қорын тиісті күтіп ұстау мен пайдаланылу үшін ТКШ саласында бақылаудың болмауы

энергия және ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалана отырып, сапалы коммуналдық қызметтер көрсету

қолайлы инвестициялық климат, ТКШ-ні жаңғырту мен дамытуға шетелдік қаржы иституттарының қызығушылығы

ТКШ саласының бәсекеге қабілетінің төменгі деңгейі

өтімді кепілдікті қамтамасыз етудің болмауы, реттелмеген тарифтердің нәтижесінде ТКШ саласының бәсекеге қабілетінің төмендеуі

шетелдік инвестицияларды, тарту, МЖӘ дамыту мүмкіндігі

ТКШ саласы үшін тауарлар өндіретін отандық кәсіпорындардың болуы

әлсіз материалдық-техникалық база, қажетті технологиялар трансфертінің болмауы

ғылыми зерттеу және тәжиребелік-жұмыстар (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) тұрақты ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырыстың болмауы, технологияларды практикада қолдану мүмкін еместігінің ықтималдығы

тұрғын үй қорын басқару және ҒЗТКЖ жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар трансферті, отандық өндірісті дамыту жөніндегі шетелдік тәжірибені пайдалану

сараланған тарифтерді қолдану

5 және одан көп жылдарға ұзақ мерзімді тарифтердің болмауы

инфляцияның өсуі, халықтың әлеуметтік наразылығы

халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына мемлекеттік қолдау көрсету

өзге салаларда ақпараттық-талдамалық жүйені қолдану тәжірибесінің болуы

ТКШ техникалық жай-күйі туралы дұрыс деректердің болмауы

ТКШ саласын дамытуға жұмсалатын бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау, қаржы тәртібін нығайтудың қатаң тетіктерінің болмауы

ТКШ объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу мен бақылаудың ақпараттық-талдамалық жүйесін құру

3.11. ТКШ саласындағы мемлекеттік реттеуді талдау

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реттейтін 50 нормативтік құқықтық актілер, ТКШ саласын реттейтін 70 заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер бар.
      ТКШ саласын нормативтік-техникалық қамтамасыз ету саласында 156 нормативтік-техникалық құжаттамалар (бұдан әрі - НТҚ) бар.
      Сонымен бірге, ТКШ саласын нормативтік-техникалық реттеу бүгінгі күні нақты жағдайларға сәйкес келмейді және ТКШ-нің тиімділігін арттыруды ынталандыруға, үлестік пайдалану шығындарын төмендетуге және озық технологияларды енгізуге арналмаған. Бұл ретте, осы проблема ТКШ саласындағы техникалық реттеу саласын алға жылжытудың нақты «тежелуіне» әкеліп соғады.
      Тұрғын үйлердің және азаматтық ғимараттардың пайдалану сипаттамасының нормалары бұрынғы КСРО кезеңінде әзірленген, олар осы заманғы энергия үнемдеу стандарттарына сай келмейді.
      Сонымен бірге, ТКШ жеке аспектілерін мемлекеттік реттеудің тиімділігін арттыру бойынша арнайы шаралар қабылдануда. Мысалы, «Азаматтық ғимараттар мен құрылыстардың жылуын сақтау» ҚР ҚНж/Е 2.04.21-2004 күшіне енгеннен кейін ғимараттардың энергетикалық тиімділігіне қойылатын талаптар едәуір күшейтілді.
      Тұтастай алғанда, ТКШ саласындағы мемлекеттік реттеуді талдау келесіні дәлелдейді. Ағымдағы кезде ТКШ нарығына қатысушылардың құқықтық қатынасы толық мөлшерде реттелмеген. Осы себепті, нормативтік-құқықтық реттеулердің кемшіліктерін жою ғана емес, сонымен бірге, осы саладағы құқықтық алаңды жүйелендіру қажет.
      Осылайша, ТКШ дамыту және ұсынылатын қызметтердің сапасын, сонымен бірге, коммуналдық шаруашылық жүйелері қызметінің тиімділігін және сенімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шараларды нормативтік құқықтық базаға сәйкестендіру мақсатында ғылыми-техникалық құжаттамаларды жетілдіру бойынша кешенді шаралар жүргізу қажет.

3.12. Шетелдік оң тәжірибеге шолу

      Нарықтық экономикасы дамыған елдерде - Америка Құрама Штаттарында, Ұлыбританияда, Германияда, Францияда, Австрияда және басқа да елдерде коммуналдық-шаруашылықты мемлекеттік (муниципалдық) және жеке секторлардың аясында ұйымдастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Оны мұқият зерттеу арқылы оң тәжірибелерді қазақстандық тәжірибеде қолдануға мүмкіндік туады.
      80-90 жылдары көптеген елдердің үкіметтері әлеуметтік-экономикалық бағдарламалардың және мемлекеттік сектордың экономикасын қайта құру бағдарламалары аясында ТКШ объектілерін түгендеуді жүргізді. Түгендеу барысымен бірге жеке бизнес өкілдерінің қатысуымен коммуналдық қызметтерді ұсынудың жаңа нысандарын іздестіру қатар жүргізілді.
      Көптеген дамыған елдерде - Ұлыбританияда, Америка Құрама Штаттарында, Швецияда мемлекеттік билік муниципиалдық қызметтің монополиялық жағдайы үлкен қалалардағы өмір сүру жағдайын жақсартуды тежейтіндігін әлдеқашан ұғынды.
      Дамыған елдердегі тұрғын үй-коммуналдық саласындағы орталықтандырудың және орталықтандырмаудың ұтымды үйлесіміне негізделген жаңа енгізулер оң нәтижелер берді. Олар нарық қызметін тежемейді, керсінше қарқындатады және тұтынушылардың өмір сүру жағдайын жақсартады. Осындай енгізілген жаңалықтарды қалалық су құбыры, жылу-, электр-, газбен жабдықтау, яғни техникалық монополияға жатқызуға дағдыланылған қызмет түрлеріне қолдануға болады.
      Осындай тәжірибелерді біздің елімізде де, әсіресе, үлкен қалалар мен облыстардың шетіндегі жаңа тұрғын үй құрылысы орындарында кеңінен қолдануға болады. Осындай әдістің тиімділігі бірқатар Шығыс Еуропа елдерінің (Польша, Югославия, Чехия және Словаки) тәжірибесімен дәлелденген.
      Ұлыбританияның үлкен қалаларының жергілікті биліктерінде аймақтарды абаттандыру бойынша конкурстарды өткізудің үлкен тәжірибесі жинақталған. Жергілікті басқару туралы акті (1988 жыл) мердігерлік кезінде ғимараттарды, жолдарды салу және қайта жаңарту, санитарлық тазарту, аймақтарды тазалау жұмыстарына конкурстар өткізуді белгілейді. Аталған салада тұрғындарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру кезінде жергілікті билік, жеке мердігерлермен бірге қатысқан конкурста жеңіске жеткен жағдайда ғана өз қызметтерінің көмегіне жүгіне алады.
      Әлемдік тәжірибеде МЖӘ бойынша айрықша табысты тәжірибе, кеңінен қолдану және МЖК нысандарын дамытудың жоғарғы деңгейі, әдеттегідей, Батыс Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің жоғары дамыған елдерінде байқалады. Ал басты экономикалық көшбасшыларға (Қытай, Үндістан, Ресей, Бразилия және т. б.), сонымен бірге, бұрынғы кеңестік кеңістіктегі көптеген елдеріне қатысты айтатын болсақ, олар әлі де болса МЖӘ нысандарын дамыту тәжірибесі бойынша, қолданылу аясы бойынша да едәуір артта қалған.
      Шетелдік тәжірибе тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы МЖК дамытудың келесі бағытын көрсетеді:
      тұрғын үй қорын ұйымдастыру және пайдалану (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Бельгия, Нидерланды, Швеция, Австрия);
      тұрғындарға тұрмыстық қызмет көрсету: жөндеу қызметтері, аулалық аймақтарды абаттандыру, жинау, тұрмыстық қалдықтарды жою және қайта өңдеу (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Германия, Япония, Канада, Швеция, Австрия);
      тазалау жұмыстары, көгалдандыру (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Австрия, Германия, Бельгия, Канада);
      көліктік қызмет көрсету (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Швеция, Австрия);
      жолдарды жөндеу және күтіп ұстау (Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Франция, Италия, Бельгия Латын Америка елдері, Австрия).
      Назарға алатын бір жайт, дамыған елдерде коммуналды инфрақұрылымдарды мемлекеттік реттеу қысқартылмаған, сонымен бірге ТКШ саласына арнайы қажеттілік әсерімен терең эволюцияны бастан өткізген.

3.13. Қоршаған ортаға әсерді бағалау

      Нақты аумақтың табиғи жағдайларын ескере отырып, қоршаған ортаға Бағдарлама іс-шараларын іске асырудың барлық мүмкін болатын әсері болған жағдайда мыналар анықталады, атап айтқанда: қоршаған ортаға әсерді бағалау жүргізу шекарасы, әсер ету объектілері, қоршаған ортаны болжанған өзгерісі және оның құрамдамас бөліктері (су, ауа, топырақ, жануарлар және өсімдіктер әлемі, жер қойнауы).
      Бағдарламаның іс-шараларын іске асыру бойынша зиянды заттарды атмосфераға шығару жөніндегі Қазақстан Республикасында қабылданған нормаларға, атмосфераның ластану дәрежесіне және санитарлық қауіптілік сыныбына сәйкес объектінің экологиялық қаупінің санаты анықталады. Қоршаған ортаға айтарлықтай әсер ететін коммуналдық саладағы объектілерге жылыту объектілері: қазандықтар, жылу орталықтары, қалдықтарды көмуге арналған әртүрлі полигондар, тазарту құрылғылары, сырқынды суды жасанды-биологиялық тазарту құрылғылары жатады, жаңа объектілерді жобалаған немесе қолданыстағы объектілерді қайта жаңартқан кезде «Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бар жұмыс жобалары пайдаланылады, олар әзірленгеннен кейін және жоспарлар іске асырылатын жерде мемлекеттік экологиялық сараптамадан міндетті түрде өтеді.
      Энергиямен үнемдеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу электр және жылу энергияларының қажеттілігін қамтамасыз етуге арналған отынның шығыстарын едәуір кысқартады. Жылу және электр энергиясының көздерін, жылу желілерін, инженерлік коммуникацияларды жаңғырту және қайта жаңарту жаңа энергия үнемдейтін технологияларды пайдалану арқылы жүргізіледі, бұл өнімнің бірлігіне шаққанда парниктік газдарды атмосфераға шығаруды төмендетеді. Ғимараттарда жылу ысырабын төмендету - энергия шығындарын азайту жөніндегі аса тиімді іс-шараның бірі. Ұсынылып отырған тұтынылатын жылуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату тұтынушылардың 2011 жылдың ішінде жоспарланған көлемде парниктік газдардың көлемін жылына 14000 тонна деген ең төменгі көлемге дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
      Су ресурстарын қорғау жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттарының бірі өндірістің жаңа технологиялық үдерістерін енгізу, тазартылған сарқынды сулар ақпайтын, технологиялық үдерістерде бірнеше рет пайдаланылатын сумен жабдықтаудың тұйық (ағынсыз) циклына ауысу болып табылады.
      Су айналымын арттыруға сарқынды суды тазартудың тиімділігі жоғары әдістерін, атап айтқанда, физикалық-химиялық әдісті енгізу едәуір әсер етеді, онда аса тиімді әдістердің бірі реагенттерді қолдану болып табылады. Өндірістік сарқынды суды тазартуға реагент әдісін қолдану ондағы қоспалардың улылығына байланысты емес, мұның биохимиялық тазарту әдісімен салыстырғанда айтарлықтай маңызы бар.
      Қазақстанда ҚТҚ-ның негізгі массасы (97 %-дан астамы) бөлінбестен ашық қоқыс үйінділеріне жиналады, бұл топырақты, жер бетіндегі және жер астындағы суды, атмосфералық ауаны ластайды, сондай-ақ жағымсыз иіс пайда болады. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасындағы ҚТҚ-ның кемінде 5 % қайта өңдеуге жатады, сондықтан олар үнемі жиналады.
      Екі және үш контейнерлік жүйені пайдалана отырып, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау технологиясын енгізу полигондарда улы газдардың түзілуін төмендету арқылы қоршаған ортаны және ауаны ластауды айтарлықтай қысқартады.
      Осы жоба табысты іске асырылған жағдайда ол адамның денсаулығына оң әсер етеді, өйткені атмосфераға зиянды заттардың шығарылуы төмендеп қана қоймайды, сондай-ақ полигондар мен аулалық алаңдардағы жиналатын қоқыстың саны мен көлемі де төмендейді.
      ҚТҚ-ны кәдеге жаратуды одан әрі жетілдіру үшін коммуналдық полигондар салу және ретке келтіру, қалдықтарды шығару жөніндегі инфрақұрылымды қамтамасыз ету бойынша Үкіметке ұсыныс енгізу көзделіп отыр.
      Сонымен, Қазақстан Республикасының аумағында осы Бағдарламаны іске асыру қоршаған ортаға оң әсер етеді және халықтың денсаулығы үшін қолайлы болады.

4. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері, нысаналы индикаторлары
және оны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

4.1. Бағдарламаның мақсаты

      Бағдарламаның мақсаты тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызмет көрсетумен, тіршілік ету жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың тиімділігін арттыру болып табылады.

4.2. Бағдарламаның міндеттері

      1. Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді.
      2. Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту.
      3. Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласында энергетикалық тиімділікті арттыру.
      4. Институционалдық негізді жетілдіру.
      5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жеке капитал тарту.
      Алда тұрған міндеттерге қол жеткізуге қажетті негізгі шарттар ресурс үнемдейтін технологияларды пайдалану, пайдалану шығындарын төмендету, басқарудың жаңа нысандары мен әдістерін енгізу, инвестициялық әлеуетті дамыту және жеке капиталды тарту болып табылады.

4.3. Бағдарламаның нысаналы индикаторлары және оны іске
асыру нәтижелерінің көрсеткіштері


Өлш. бірл.

Жауапты мемлекеттік орган

2011

2012

2013

2014

2015

1

2

3

4

5

6

7

8

1-мақсат Тұтынушыларды тиісті сападағы коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор








2015 жылға қарай елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 50 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады

%

ҚТКШІА, ЖАО

35

40

45

47

50

1-міндет. Кондоминиум объектілерін басқару органдары тұрғын үй қорын нормативтік пайдалануды дербес қамтамасыз етеді

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

2015 жылға қарай күрделі жөндеуді қажет ететін кондоминиум объектілерінің үлесі 22 %-ға кемиді

%

ҚТКШІА, ЖАО

32

30

28

25

22

2015 жылға қарай тұрғын үй қорын нормативтік пайдаланумен қамтамасыз етілген кондоминиум объектілерінің үлесі 78 %-ға жетеді

%

ҚТКШІА, ЖАО

68

70

72

75

78

2-мақсат Тіршілік ету жүйесінің сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Нысаналы индикатор








2015 жылға қарай коммуналдық желілердегі 1 км. шаққанда жылдық апаттардың санын 14-ке дейін төмендету

Саны

ҚТКШІА, ЖАО

21

20

18

17

14

2-міндет. Коммуналдық жүйелерді жаңғырту және дамыту

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

жаңғыртылған желілердің ұзындығы

км

ҚТҚШІА, ЖАО

7 184

6 544

5 935

5 935

5 935

2015 жылға қарай толық биологиялық тазартылатын сарқынды судың үлесін арттыру

%

ҚТҚШІА, ЖАО

75

78

80

85

90

3-мақсат. Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылық саласында энергетикалық тиімділікті арттыру

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

2011 жылы 150 көп пәтерлі тұрғын үйлерге және 50 әлеуметтік сала объектілеріне энергетикалық паспорт берілетін болады

Паспорттардың саны

ҚТҚІША

200

-

-

-

-

2011 жылы 48 тұрғын үй қоры объектілеріне және 96 әлеуметтік сала объектілеріне жылу тұтынуды реттеудің автоматты жүйесі орнатылатын болады

Саны

ҚТҚІША

144

-

-

-

-

2015 жылға қарай тұрғындарды энергияны үнемдеу саясатымен 50% қамту

%

ҚТҚІША

10

20

30

40

50

3-міндет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметтерінің тиімділігін арттыру

Нысаналы индикаторлар








2011 жылы жүргізілген түгендеудің негізінде тұрғын үй қорын және коммуналдық қызмет инфрақұрылымдары жай-күйінің жаңартылатын тұрақты деректер базасын қалыптастыру

Саны

ҚТҚШІА, ЖАО

1

-

-

-

-

менеджменттің осы заманғы әдістерін енгізген коммуналдық сала кәсіпорындарының үлесін ұлғайту;

%

ҚТҚШІА, ЖАО

0,5

1

1,5

2

2,5

мемлекет ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі жобаларға нысаналы қарыздар береді.

Саны

ҚТҚШІА, Қаржымині, ЖАО

1

1

2

2

2

4-міндет. Институционалдық негізді жетілдіру

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

2015 жылға қарай 100 бірлік нормативтік-техникалық құжаттарды әзірлеу және жетілдіру

Саны

ҚТҚШІА і

29

20

20

20

20

2015 жылға қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы білікті мамандандардың саны 20 %-ға жетеді

%

БҒМ, ҚТҚШІА

0,46

1,22

1,53

2,00

10,0

5-міндет. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына жеке капитал тарту

Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері

2015 жылға қарай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығына бағытталған жеке инвестициялардың үлесі жалпы инвестиция көлемінің 3,5 %-ына жетеді

%


0

0,5

1,5

2,0

3,5

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

      Бағдарламаны іске асыру келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
      1. Тұрғын үй қатынастары;
      2. Коммуналдық желілерді жаңғырту және қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі;
      3. Энергетикалық тиімділікті арттыру және энергия үнемдеу;
      4. Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
      5. Нормативтік-техникалық реттеу;
      6. Ғылыми және инновациялық қызмет;
      7. Кадрлық қамтамасыз ету;
      8. Инвестициялық тартымдылықты арттыру.
      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде бірінші кезеңде 2015 жылға қарай мынадай көрсеткіштерге қол жеткізіледі.

5.1. Тұрғын үй қатынастары

      Тұрғын үй қатынастары саласында мынандай ұсыныстарды әзірлеу қажет:
      1) тұрғын үй инспекциясының құқықтық мәртебесін жетілдіру;
      2) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстау бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған пәтерлер (үй-жайлар) иелеріне, кондоминиум объектісін басқару органының жетекшілеріне әкімшілік жауапкершілік белгілеу;
      3) аттестаттаудан міндетті түрде өткізе отырып, кондоминиум объектісін басқару органының жетекшілеріне қойылатын біліктілік талаптарын белгілеу,
      4) тұрғын үй инспекциясына кондоминиум объектісін басқару органы жетекшілерінің лауазымына кандидатура ұсынуға құқық беру.
      Мыналар арқылы кондоминиум объектілерін басқару нысанын оңтайландыру және жетілдіру қажет:
      1) кондоминиум объектілерін тіркеу бойынша тұрақты бақылауды жүзеге асыру;
      2) Шығыс Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері тәжірибесінің негізінде кондоминиум объектісін басқару жөнінде ұсынымдар әзірленеді және осы ұсынымдардың негізінде кондоминиум объектілерін басқару және пайдалану жөніндегі кәсіби компанияларды (басқарушы компаниялар) тарта отырып, көп пәтерлі тұрғын үйлерді (бұдан әрі - КПТҮ) басқару мен күтіп ұстау жөніндегі пилоттық жоба 2011 жылы Қазақстанның ірі қалаларының бірінде ұйымдастырылады;
      3) КПТҮ басқару қағидатын біртіндеп енгізу: бір үй-бір кондоминиум объектісін басқару ортаны-кондоминиум объектісін басқару жөніндегі жалдамалы кәсіби компания;
      4) тұрақты негізде кондоминиум объектілерін басқару органдарының қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар ұйымдастыру.
      Тұрғын үй қатынастарын одан әрі дамытуға пәтерлер (үй-жайлар) меншік иелерінің құқықтық жауапкершілік санасын қалыптастыру арқылы қол жеткізіледі.
      Бұл пәтерлер (үй-жайлар) иелерінің азаматтық-құқықтық саналылық деңгейін арттыруға бағытталған нысаналы ақпараттық «шабуыл» жөнінде іс-шаралар өткізу; пәтерлер (үй-жайлар) иелерінің кондоминиум объектісіндегі жалпы үлестік мүлікке қатынасын ұғынуы мен қайта бағалауы үшін қажетті жағдайлар жасау; кондоминиум объектісін күтіп ұстауға қатысуды түсіндіру бойынша ақпараттық кеңістікті кеңейту, көп пәтерлі үйді абаттандыруды, жөндеуді ұйымдастыруда меншік иелерінің рөлін арттыру жолымен жүзеге асырылатын болады, бұл тұрғын үй қатынастары саласының субъектілері арасында ақпараттық-насихаттау қызметтің республикалық бағдарламасын әзірлеу арқылы жүзеге асырылады.
      Тұрғын үй көмегін көрсету тетігін, кондоминиум объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу үшін жинақ жүйесін барынша пайдалану қажет, ол үшін мыналар болжанып отыр:
      1) тұрғын үй көмегін көрсетудің қол жетімділігі бөлігінде аз қамтамасыз етілген отбасыларына оның тетігін жетілдіру, оның ішінде қызмет көрсетушілер мен халыққа қызмет көрсету орталықтарының дерек қорын біріктіретін ақпараттық жүйе әзірлеу;
      2) ірі және шағын пилоттық қалалар мысалында тұрғын үй көмегін көрсету көлемін ұлғайту үшін жергілікті атқарушы органдарға тұрғын үй көмегін беруге республикалық бюджеттен трансферттер бөлу мүмкіндігін қарастыру;
      3) 2011 жылы кондоминиум объектісін күрделі жөндеуге, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредит берудің жаңа тетігін зерделеу және енгізу, жинақ жүйесін пайдалану.

5.2. Коммуналдық желілерді жаңғырту және қатты тұрмыстық
қалдықтарды басқару жүйесі

      Коммуналдық желілерді жаңғырту
      Құрылыстар мен желілердің авариялық көрсеткіштерінің өсуі оларды кешенді жаңарту мен жаңғырту қажеттілігі туралы куәландырады. 2005 жылдан бастап 2009 жылдар кезеңінде желілерді жөндеу мен жаңарту бойынша жүргізілген жұмыстар 70-ші жылдары салынған және нормативтік пайдалану мерзімі аяқталған инженерлік коммуникациялардың мерзімінен бұрын тозғандықтан тиісті нәтижеге алып келмеді.
      Осы міндетті шешу үшін коммуналдық желілерді жаңғырту мен дамыту жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізу қажет.
      Біріншіден, инженерлік желілердің жай-күйіне техникалық бағалау жүргізу қажет. Осылайша, жыл сайын 838,7 км инженерлік желілердің техникалық жай-күйін бағалауды жүргізу жоспарланады. Ол үшін инженерлік желілерге тексеру жүргізіледі, оның нәтижесінде тексерілген инженерлік желілерді пайдалану немесе күрделі жөндеу мүмкіндігі туралы тұжырымдары бар қорытынды (техникалық есеп) жасалады, сенімділікті арттыру бойынша ұсынымдар беріледі. Жылумен жабдықтау және су бұру объектілері үшін гидравликалық модель жасау қажет.
      Инженерлік желілерді тексерудің нәтижесінде 2011 жылы елді мекендердің бөлінісінде коммуналдық сектор желілері мен объектілері бойынша бірыңғай дерекқор жасалады, ол тұрақты негізде жаңартылып отырады. Бұл жұмыс ТКШ объектілерінің жай-күйіне мониторинг жүргізу және осы Бағдарламаға сәйкес өткізілетін іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін статистикалық және жедел есеп беру жүйесін ұдайы жетілдірумен сүйемелденеді.
      2011 жылдан бастап 2015 жыл аралығында «иесіз» желілер мен ғимараттарды анықтау және коммуналдық меншікке беру бойынша шаралар қабылданатын болады.
      Екіншіден, 2011 жылдан бастап аумақты дамыту бағдарламасының шеңберінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерге коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленеді.
      Орта мерзімді кезеңге арналған іс-шаралар жоспары коммуналдық жүйелердің техникалық жай-күйін тексерудің нәтижелерін ескере отырып әзірленеді және мыналарды қамтиды:
      коммуналдық сектордағы басым инвестициялық жобаларды іріктеу өлшемдерін әзірлеу және бекіту;
      коммуналдық секторды жаңғырту және дамыту жобаларын қаржыландырудың көздері бойынша ұсыныстар әзірлеу;
      инвестициялық жобалардың жалпы тізбесін жасау;
      энергия және ресурс үнемдейтін технологиялар енгізу жөніндегі іс-шаралар.
      Ұзақ мерзімді кезеңге арналған іс-шаралар өңірдің экономикасын үдемелі индустрияландыру жөніндегі жоспарларды және бекітілген қала құрылысы жоспарларына сәйкес елді мекендерді дамыту жоспарларын ескере отырып, экономикалық және әлеуметтік даму перспективаларын негізге ала отырып әзірленеді және коммуналдық қызметтерге сұраныстың болжамын қамтуға тиіс. Осының негізінде коммуналдық желілерді дамыту болжамы, сондай-ақ пайдалану шығындары өсімінің болжамы және тариф белгілеуге әсер ететін өзге де экономикалық көрсеткіштер жасалады.
      Үшіншіден, қолданыстағы коммуналдық сектор объектілерін қайта жаңарту және жаңа объектілер салу. Қолданыстағы объектілерді қайта жаңартуға және жаңа объектілер салуға арналған іс-шаралар жүргізген кезде коммуналдық қызметтер көрсеткен кезде пайдалану шығындарын төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологияларды, техникалық шешімдер мен жабдықтарды қолдану қажет. Осы көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жобалаудың бастапқы сатысында қолданылатын техникалық шешімдерді іріктеуге қатысуы тиіс. Осылайша, жөндеуді қажет ететін коммуналдық желілерді жаңғыртумен 2011 жылы - 7 184 км, 2012 жылы - 6 544 км, 2013 - 5 935 км, 2015 - 5 935 км қамтамасыз етіледі.
      Меншік нысанына қарамастан, бекітілген инвестициялық бағдарламаларға сәйкес кәсіпорындардың қаражаты, сондай-ақ бюджет (республикалық және жергілікті) қаражаты есебінен қолданыстағы объектілер қайта жаңартылады және жаңғыртылады әрі жаңа объектілер салынады.
      Төртіншіден, жылу энергиясын, суды, электр энергиясын және газды тұтынуды есептеу және бақылау құралдарын орнату жөніндегі іс-шараларды 2011 - 2013 жылдар аралығында аяқтау қажет.
      Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) басқару жүйесі
      ҚТҚ-ты басқару мынадай мақсаттарды көздейді:
      қоршаған ортаға әсерді төмендету;
      алынған материалдарды қайта пайдалануды қалпына келтіру;
      үй маңындағы аумақты күтіп ұстау мәдениетін арттыру.
      ҚТҚ басқарудың перспективалы жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі кейіннен қалдықтарды толық қайта өңдей отырып, ҚТҚ түзілген жерлерде оларды бөлек жинауды ұйымдастыру болып табылады.
      Сондықтан, 2013 жылдан бастап қолданыстағы табысты шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, еліміздің 2-3 ірі қалаларында осы Бағдарламаны іске асыру шеңберінде қоқысты бөлек жинайтын технологияны енгізу жөніндегі пилоттық жобалар ұйымдастырылатын болады.
      Қоқысты бөлек жинауды дамытудың ойдағыдай болуы, әлбетте ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының сапасымен айқындалады. ЖАО қоқысты бөлек жинауды түсіндіру және насихаттау жөнінде халықпен жұмыс жүргізгені жөн.
      Алда тұрған міндеттерді іске асыру муниципалдық қалдықтарды рұқсатсыз көмгені үшін әкімшілік жауапкершілік пен бақылауды күшейту, ҚТҚ-ны бөлек жинау жөнінде ереже мен ұсынымдар әзірлеу, 2012 жылы жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинайтын жерасты контейнерлерін енгізуге бағытталған ереже әзірлеуді одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.
      Жергілікті қамтуды дамыту мақсатында қоқысты сұрыптайтын желілер мен ҚТҚ жинауға және тасымалдауға арналған контейнерлер шығаратын жобалардың бастамашыларына жәрдем көрсеткен жөн.

5.3. Энергиялық тиімділікті арттыру және энергия үнемдеу

      Энергиялық тиімділікті арттыру
      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында айқындалған отандық экономиканы үдемелі әртараптандырудың бағыты 2015 жылға қарай жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі - ЖІӨ) энергия сыйымдылығын 2009 жылғы көрсеткіш деңгейінен кемінде 10. %-ға және 2020 жылға қарай - кемінде 25 %-ға азайтуды көздейді.
      ТКШ энергия ресурстарының негізгі тұтынушысының бірі екенін ескере отырып, ҚПТҮ мен әлеуметтік сала ғимараттарында кешенді іс-шаралар жүргізген жөн, атап айтқанда:
      1) 2011 жылы энергия үнемдеу жөнінде үлгі ұсынымдар әзірлеу және 270 тұрғын үйлер мен 145 әлеуметтік сала объектілеріне энергетикалық паспорт берумен бірге, 2011 - 2012 жылдар аралығында терможаңғырту бойынша өңірлік жоспарлар жасау үшін тұрғын үй қоры мен әртүрлі климаттық аймақтағы және әртүрлі конструктивтік орындауда әлеуметтік сала объектілеріне энергетикалық аудит жүргізу;
      2) кондоминиум объектілерін сауықтыру және терможаңғырту жөніндегі жобаларды бюджет қаражатынан қайтарымды негізде қаржыландыру және пәтерлер мен үй-жай иелерінің жинақтаған қаражатынан бірлесіп қаржыландыру схемасын әзірлеу;
      3) 2011 жылдан бастап жыл сайын кондоминиум объектілерін терможаңғырту үдерісіне пәтер иелерін тарту үшін халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау жөнінде іс-шаралар жүргізу, осы қызметке үкіметтік емес ұйымдардың, партия ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктердің әлеуеті мен ресурстарын қатыстыру қажет.
      Халықтың арасында энергия үнемдеуді насихаттау Бағдарламаны табысты іске асырудың негізі болып табылады және мынадай негізгі іс-шараларды қамтиды:
      ағартушылық және арнайы әдебиетті тираждау және тарату;
      бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдық акциялар мен жарнамалық науқандар өткізу.
      Осының нәтижесінде көп қабатты тұрғын үйге өзінің жеке меншік тұрғын үй ретінде иелік ету қатынасы және энергияны үнемдеу қатынасы қалыптасуға тиіс;
      4) тұрғын үйлерді терможаңғырту және онда тиімді жабдықтар орнату жөніндегі жобаларды іске асыру үшін, сондай-ақ тұрғын үйлер мен әлеуметтік сала объектілерінде жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған (АЖТ) жүйесін орнату жөнінде іс-шаралар жүргізу үшін энергосервис компанияларын (бұдан әрі - ЭСКО) құру мен оның жұмыс істеу тетіктерін әзірлеу.
      Энергия үнемдеу
      Қолданыстағы коммуналдық сектор объектілерін қайта жаңартуға және жаңа объектілер жалға арналған іс-шаралар жүргізген кезде ЖІӨ-нің энергия сыйымдылығын азайту жөніндегі стратегиялық міндеттерге қол жеткізу үшін энергия үнемдеуді экономикалық ынталандыру әдістерін экономикалық сауықтырумен және энергетикалық ресурстарды рұқсатсыз пайдаланғаны үшін жауапкершіліктің басқа да заңды түрлерінен біріктіріп энергия үнемдеуді ынталандыру мәселелерін шешу қажет.
      Жылу және электр энергиясын тиімді пайдалануды ынталандыратын экономикалық тетік жасау үшін мынадай іс-шараларды орындау қажет:
      2011 жылы инвестицияның қайтарылуын қамтамасыз ететін қаржылық тетіктерді жетілдіру;
      2011 жылы коммуналдық қызметтерді коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін жасау және енгізу;
      энергетикалық аудит және энергетикалық мониторинг жүйесін жетілдіру;
      энергия үнемдеуге инвестиция тарту үшін тартымды жағдайлар жасау.
      ТКШ саласы үшін мемлекеттік қолдау көрсету өлшемдерінің бірі ISO 50001 (EN 16001) энергетикалық менеджмент стандартын енгізу болып табылады. Бұл үшін және коммуналдық кәсіпорындар персоналдарын тиісті біліктілікке оқытуды ұйымдастыру қажет.

5.4. Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

      ТКШ саласының бәсекеге қабілетін одан әрі арттыру қажеттілігі сапалы ақпараттық-талдамалық қызметтерге сұранысты арттырады.
      ТКШ саласын тиімді басқару, ұзақ мерзімді инвестициялар тарту үшін ақпараттық ашықтық деңгейін арттыру, инвестициялардың нысаналы мақсатын бақылауды қатаңдату қажет.
      Осыған байланысты, автоматандырылған ақпараттық-талдамалық жүйесін әзірлеу арқылы мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру үшін ТКШ-нің жай-күйіне тұрақты негізде мониторинг жүргізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін жедел ақпарат алу қажет.
      Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына сәйкес 2011 жылға қарай жүргізілген түгендеу негізінде тұрғын үй қоры мен коммуналдық қызмет инфрақұрылымы жай-күйінің жаңартылатын тұрақты дерекқор жасалады.

5.5. Нормативтік-техникалық реттеу

      Қайта қарауды және жаңадан әзірлеуді талап ететін нормативтік-техникалық құжаттардың бірінші кезектегі тізбесі 2011 жылы олардың өзектілігіне және тиісті қызметтің сапасына сұранымға сәйкес коммуналдық кәсіпорындардың, жергілікті атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың сұраулары негізінде дайындалады.
      Нормативтік-техникалық құжаттарды жүйелі әзірлеу мен жетілдірудің негізгі мақсатының бірі ТКШ-ге ресурс және энергия үнемдейтін үдерістерді енгізу болып табылады.
      Секторды технологиялық дамыту үшін бес-он жылда кемінде бір рет барлық нормативтік-техникалық құжаттарды қайта қарау қажет, бұл жыл сайын 20 нормативтік-техникалық құжатты қайта қарауды және бекітуді көздейді. 2020 жылға қарай ТКШ-ні регламенттейтін 200-ге жуық құжат әзірлеу қажет.

5.6. Ғылыми және инновациялық қызмет

      Технологиялық артта қалуды жою мақсатында инженерлік желілерді қайта жаңарту мен олардың жұмыс тиімділігін арттыру мәселелерінде тұрғын үй-коммуналдық салада энергия үнемдейтін технологияларды кеңінен пайдалану қажет.
      Энергия үнемдейтін технологияларды жаппай пайдалану ТКШ саласында ғылымның, білімнің, өндірістің және қаржының өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік деңгейде іс-қимылды үйлестіруді талап етеді.
      Осы бағыт бойынша жұмыстардың көлемін едәуір ұлғайту есебінен ресурс үнемдейтін озық технологиялар әзірлеу мен енгізуді қамтамасыз ету қажет, бұл тиісті инфрақұрылымы бар мамандандырылған салалық ғылыми-зерттеу институтын ұйымдастыруды, талдамалық, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізуді талап етеді.
      2011 жылдан бастап осы бағдарламаны тиімді іске асыру үшін және ТКШ-ні дамыту үшін тұтастай аса маңызды ҒЗТКЖ жүргізіледі.
      Бірінші кезеңде ҒЗТКЖ әрбір бағыт бойынша аса перспективалық технологиялар мен техникалық шешімдерді пысықтайды. Екінші кезеңде Қазақстанның жағдайларына осы технологияларды сынау және бейімдеу мақсатында қолданбалы зерттеулер жүргізеді. Үшінші кезеңде ҒЗТКЖ жабдықтар мен құрылғылардың конструкторлық құжаттамасын және тәжірибелік-өнеркәсіптік үлгілерін әзірлейді. Жұмыс мерзімдерін жеделдету және оның тиімділігін арттыру үшін озық отандық және шетелдік ғылыми орталықтар тартылады.
      Сонымен қатар, ғылыми әзірлемелерді, сонымен бірге озық шетелдік технологиялардың трансферті мен бейімділігін өндіріске енгізу мақсатында 2011 жылы бизнес жоспарды әзірлеу, келісімді құрылымдау және қаржылық қолдаудан бастап жобаны іске асыруға және одан шыққанға дейін инновациялық технологияларды жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілетін болады, бұл жаңа технологияларды тиімді енгізуді қамтамасыз етеді, бұған сұраныс Бағдарламаны іске асыру барысында айтарлықтай өседі.
      Шетелдік технологияларды тасымалдаған кезде бүгінгі күні сырттан әкелінетін жабдықтар мен технологияларға қойылатын нақты өлшемдер жоқ. Сондықтан ТКШ саласындағы жаңа технологиялар мен техникалық шешімдердің тиімділігі мен бейімділігіне сараптама жүргізілетін болады.
      Бағдарлама 2011 жылы энергетикалық тиімді және озық технологиялардың трансфертіне бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру үшін жоғары технологиялық жабдықтардың лизингін жүзеге асыру жөнінде іс-шаралар әзірлеуді көздейді.
      Бұдан басқа, 2011 жылы жаңа технологиялар мен техникалық шешімдерді ілгерлету үшін білімді тарату жүйесі белсенді пайдаланылатын болады. Білімді тарату жүйесі ТКШ инфрақұрылымының басты инновациялық элементі болып табылады және сала экономикасына ғылыми технологиялар мен білімді кең ауқымда енгізуге арналған.
      Отандық ғылыми-техникалық кадрлар мен инновациялық топ-менеджерлердің жетіспейтіндігін ескере отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңінде ғылыми-техникалық институттарда және ұйымдарда жұмыс істеу үшін қызмет бағыты ТКШ-ні жаңғырту және дамыту болатын шетелдік мамандарды, соның ішінде әлемнің алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық орталықтарында жұмыс істейтін отандастарымызды тарту көзделіп отыр.

5.7. Кадрлық қамтамасыз ету

      ТКШ-нің тиімді жұмыс істеуін арттыру мақсатында саланы кадрлық қамтамасыз ету бойынша мынадай шаралар қабылдау қажет:
      1. Жоғарғы, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру.
      Осы мақсатта мыналар көзделеді:
      практикалық даярлаудың оқыту үлесін ұлғайта отырып, ТКШ үшін мамандар даярлау жүйесін жетілдіру;
      2011 жылы ТКШ өзгешелігі бойынша: «Инженерлік желілер мен жүйелер» деген жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі қосымша білім мамандықтарының жіктеуішін енгізу;
      2012 жылдан бастап ТКШ мамандықтары бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі біліммен, сондай-ақ техникалық және кәсіптік біліммен кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру гранттарының санын ұлғайту;
      2011 жылы ТКШ саласындағы ғылыми-техникалық кадрларды магистратурада және докторантурада оқытуға мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу;
      2011 жылдан бастап ТКШ кәсіпорындарының мамандары үшін, кәсіпорындардың сұраулары бойынша кастомизирлік білім беру бағдарламаларының негізінде жасалған консалтинг компонентке бағдарланған қосымша кәсіптік білім беру жүйесін (ҚКБЖ) енгізу;
      2011 жылдан бастап халықаралық тәжірибені және жеке білім беру жүйесін ескере отырып, күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер мен оқушылардың оқу, оқу-өндірістік практикасын ұйымдастыру және енгізу.
      Көрсетілген міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бюджеттік бағдарламалары арқылы қаржыландыруды ұйымдастыру талап етіледі.
      2. ТКШ субъектілерін ақпараттық қамтамасыз етуді және кадрлардың құзыретін арттыру.
      Осы мақсатта мыналар көзделеді:
      халық пен ТКШ-нің шаруашылық жүргізуші субъектілеріне қолжетімді консультациялық-білім беру және ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
      өңірлерде тұрақты жұмыс істейтін білім беру және инновациялық тәжірибе орталықтарын құру;
      білім беру процесін ұйымдастыру үшін сараптамалық-тренерлік пул қалыптастыру;
      ТКШ мамандарын қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;
      инновациялық жобалардың семинарларын, дөңгелек үстелдерін, қоғамдық тыңдауларын, тәжірибе алмасу және технологиялар трансферті бойынша басқа да іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;
      жыл сайын халықаралық конференциялар мен ТКШ форумын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу.

5.8. Инвестициялық тартымдылықты арттыру

      ТКШ ел экономикасының аса маңызды саласы болып табылады, сонымен қатар онда белгілі бар тәуекелдер (салалық, әлеуметтік, экономикалық, технологиялық және т.б) бар, оларды төмендету осы саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады.
      Ол үшін ТКШ-ні жаңғырту жөнінде бірқатар іс-шаралар жүргізу, мемлекеттік және жеке инвестицияларды тиімді салу бойынша жаңа институционалдық және қаржылық тетіктер әзірлеу қажет. Коммуналдық желілерді басқаруға жеке бизнесті тарту коммуналдық кәсіпорындардың масылдық ұстанымынан арылуға және «қызмет көрсетуші-тұтынушы» деген тікелей өзара қарым-қатынас жасау бойынша сындарлы диалогқа көшуге, сондай-ақ әділ бәсеке құру жолымен сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтіліп отыр.
      Біріншіден, МЖӘ тетігін дамыту қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанда МЖӘ-нің өте қарапайым нысаны таралған, бұл концессиялық келісімшарттарды сенімді басқаруға беру және ұстау. Сонымен қатар, осы салада концессияның аса күрделі модельдерін қолданудың көптеген оң нәтижелері белгілі, бұл жобалауға, салуға және пайдалануға арналған келісімшарттар, басқа да келісімшарттар. Осы модельдер ТКШ саласындағы МЖӘ тетігінің өте тиімді құралы ретінде қарастырылуы мүмкін.
      Екіншіден, республикалық бюджет қаражаты есебінен ТКШ жобаларын қаржыландырудың қайтарымды тетігін әзірлеу және тұрақты енгізу қажет.
      Үшіншіден, республикалық бюджеттің қатысуын азайту мақсатында бюджеттен тыс көздерден жобаларды бірлесіп қаржыландырған ЖАО-ға республикалық бюджеттен ең көп қаражат бөлу тетігін белгілеу қажет.
      Төртіншіден, ТКШ саласының инвестициялық әлеуметін дамыту жөнінде белгіленген іс-шараларды іске асыру үшін Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту қорын (бұдан әрі - ТКШ қоры) құру бойынша ұсыныс енгізу қажет.
      ТКШ қорының мақсаты ТКШ саласына инвестиция тарту үшін, сондай-ақ қаржылық және әкімшілік басқаруды жақсарту мен инвестициялық бағдарламаларды басқару үшін қаржы қаражатын жұмылдыру болып табылады. ТКШ қорының негізгі міндеті қайтарымды негізде инвестициялық жобаларды қаржыландыру болып табылады.
      ТКШ қоры қарыздардың сыйақы ставкаларын ішінара субсидиялау арқылы ТКШ саласына екінші деңгейдегі банктерден (бұдан әрі - ЕДБ) қаражат тартуға жәрдем көрсетеді.
      ТКШ қоры өзінің қызметінде қайтарымды негізде бюджеттің қаражатынан ТКШ саласындағы жобаларды қаржыландыру мәселелеріне жүйелі шешім әзірлеуге, көп пәтерлі тұрғын үйлерді күтіп ұстау және жөндеу міндеттері бойынша пәтер (үй-жай) иелерінің масылдық қарым-қатынасынан біртіндеп арылу идеологиясын қалыптастыруға тиіс.
      ТКШ қорының қызметінде инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру және халықаралық қаржы институттарының және жеке инвесторлардың қаражатын қаржыландыруға тарту мүмкіндігін қарастыру қажет.
      Бесіншіден, азаматтардың тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ақшалай қаражат тарту үшін кондоминиум объектілерін басқару органдарына тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі арқылы кредит беру тетігін дамыту қажет. Осы мақсатта тұрғын үй (үй-жай) иелерінің ҚПТҮ-деп ортақ мүлікті ағымдағы және күрделі жөндеуге міндетті қаражат жинақтау тәртібін белгілеу бойынша, сондай-ақ ҚПТҮ-дегі ортақ мүлікті жөндеу мақсатында кәсіпорындардың (заңды және жеке тұлғалардың) - кондоминиум объектілерін басқарушы органдардың арнайы банктерде және ЕДБ ақшалай қаражат жинақтау тәртібін белгілеу бойынша ұсыныстар әзірленеді.
      2-ші кезеңде 2020 жылға қарай:
      Әлеуметтік сауалнама негізінде елдің әр өңіріндегі тұтынушылардың кемінде 70 %-ы коммуналдық қызмет көрсету сапасына қанағаттанады;
      тұрғындарды энергия үнемдеу саясатымен 100 % қамту;
      тұрғындарды есептеу құралдарымен 100 % қамтамасыз етуге қол жеткізіледі;
      ТҚШ объектілеріндегі апаттар саны 70 %-ға дейін төмендейды;
      ТҚШ саласына жеке капиталды тарту пайызы кемінде 3,5 %-ды құрайды;
      2-ші кезеңнің іс-шаралар жоспары 1-ші кезеңнің іс-шаралар жоспарын орындау нәтижелеріне байланысты кешірек әзірленетін болады.

6. Қажетті ресурстар

      2011 - 2015 жылдары Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыруға байланысты қаржы шығындары:

Жылдар

Қажетті қаражаттың жалпы көлемі (млн. теңге)

Республикалық бюджет

2011

26 581,0

26 581,0

2012

15 980,0

15 980,0

2013

10 492,9

10 492,9

2014

208*

208*

2015

283,3*

283,3*

      * Бағдарламаны 2012 - 2015 жылдары іске асыруға арналған шығындар тиісті тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда нақтыланатын болады.
      Бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңін қаржыландыру көлемі бірінші кезеңді іске асыру нәтижелері бойынша анықталады.

7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары қосымшада берілген.

Тұрғын үй-коммуналдық   
шаруашылықты жаңғырту жөніндегі
2020 жылға дейінгі бағдарламаға
қосымша          

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыртудың 2020 жылға
дейінгі бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар
жоспары

Р/с

Іс-шаралар

Аяқтау нысаны

Орындалу үшін жауаптылар

Орындау мерзімі

Болжалды шығыстар (млн. теңге)

Қаржыландыру көздері

Бюджеттік бағдарламаның (егер болса) №

2011

2012

2013

2014

2015

Барлығы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Коммуналдық жүйелерді жаңғырту мен дамыту

1.1. Коммуналдық жүйелерді жаңғырту мен дамыту жөнінде іс-шаралар әзірлеу

1.1.1.

Астана қаласының агломерациялық ресурстарының инженерлік желілерін қайта жаңарту және салу

Үкіметке ақпарат

ҚТКШІА, Ақмола облысының әкімдігі

2012- 2013 жылдардың желтоқсан айында

Бөлінген трансферттер шегінде

Республикалық бюджет


1.1.2.

Өңірлерді аумақтық дамыту бағдарламалары шеңберінде орта мерзімді және ұзақ мерзімді кезеңдерде ТКШ-ні жаңғырту мен дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу

ҚТКІША-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

Жыл сайын, 15 мамырға

Талап етілмейді



1.1.3.

Инженерлік желілердің (жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерінің) техникалық жай-күйіне бағалау жүргізу

ҚТКІША-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2013 жылдардың желтоқсан айында

250

250*

250*

0

0

750*

Республикалық бюджет

019

1.1.4.

«Иесіз қалған» желілер мен құрылғыларды анықтау және оларды коммуналдық меншікке беру жөнінде шаралар қабылдау

ҚТКІША-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011- 2015 жылдардың қараша айында

Талап етілмейді



1.2 Коммуналдық сектордың қолданыстағы объектілерін қайта жаңарту және жаңа объектілер салу

1.2.1.

Су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау жүйелерін жаңғырту және қайта жаңарту жөніндегі жобаларды іске асыру

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

2011- 2015 жылдардың желтоқсан айында

25108

15549*

9969*

9969*

9969*

70564*

Республикалық бюджет

012

1.2.2.

Жылу энергиясын есептеу және бақылау құралдарын орнату жөнінде іс-шаралар өткізу

ҚТКІША-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011- 2012 жылдар тоқсан сайын

Талап етілмейді



1.2.3.

Газды тұтынуды есептеу және бақылау құралдарын орнату жөнінде іс-шаралар өткізу

ҚТКІША-ға ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012-2013 жылдары тоқсан сайын

Талап етілмейді



1.2.4.

ISO 50001 энергетикалық менеджмент стандарттарын енгізу

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012-2014 жылдардың желтоқсан айында

Талап етілмейді



1.2.5.

Жаңа құрылыс салған кезде қоқысты жинау жөніндегі жерасты контейнерлерді енгізуге бағытталған қоқысты бөлек әкету жүйесін енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, Қоршағанортаминіне, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2014 жылдың желтоқсан айында

Талап етілмейді



1.2.6.

Ғимараттарды сейсмикалық күшейту жөнінде іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



2. ТКШ-нің энергетикалық тиімділігін арттыру

2.1. Коммуналдық сектордың энергиялық тиімділігін арттыру

2.1.1.

Коммуналдық секторда энергиямен үнемдеу жөнінде ұсыныстарды енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, облыстардың, Астана және  Алматы қалаларының әкімдері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011-2012 жылдардың қазан айында

Талап етілмейді



2.1.2.

Коммуналдық қызметтерді коммерциялық есептеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін құру және енгізу бойынша ұсыныс әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



2.2. Әлеуметтік сала ғимараттарының энергиялық тиімділігін арттыру

2.2.1.

Әлеуметтік сала объектілеріне (ауруханаларға, мектептерге, балабақшаларға) пилоттық энергетикалық аудит жүргізу

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылдың желтоқсаны

150

0

0

0

0

150*

Республикалық бюджет

007

2.2.2.

Әлеуметтік саланың ғимараттарында (ауруханаларда, мектептерде, балабакшаларда) тұтынылған жылуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату жөнінде іс-шаралар өткізу

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылдың желтоқсаны

300

0

0

0

0

300*

Республикалық бюджет

007

2.3. Тұрғын үй қорының энергиялық тиімділігін арттыру

2.3.1.

Көп қабатты тұрғын үйлердің паспорттандырылуын (энергетикалық аудит) өткізу

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

210

0

0

0

0

210*

Республикалық бюджет

007

2.3.2.

Тұрғын үйлерді терможаң ғырту жөнінде іс-шаралар өткізу бойынша ұсыныс әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



2.3.3.

Тұрғын үйлерде жылуды тұтынуды реттеудің автоматтандырылған жүйесін орнату жөнінде (оның ішінде пилоттық ЭСКО құра отырып) пилоттық іс-шаралар өткізу

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), ) облыстардың Астана және Алматы қалаларыны ң әкімдіктері

2011 жылғы 4-тоқсан

150

0

0

0

0

150*

Республикалық бюджет

007

2.3.4.

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде энергия үнемдеуді заңнамалық қамтамасыз ету бойынша ұсыныс әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, Қаржымині, БҚА, ИЖТМ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



2.3.5.

Энергетикалық-сервистік компаниялар (ЭСКО) құрудың және олардың қызметінің тетігін әзірлеу

ИЖТМ-ге ұсыныс

ҚТКІША, Қаржымині, БҚА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



2.3.6.

Энергия үнемдеу саясатын насихаттау

Үкіметке ақпарат

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

50

0

0

0

0

50*

Республикалық бюджет

007

3. Институционалдық негізді жетілдіру

3.1. Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету

3.1.1.

ТКШ-ге мониторинг жүргізудің және бақылаудың ақпараттық-талдамалық жүйесін құру жөніндегі ұсыныс

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



3.2. Тұрғын үй секторын басқарудың тиімді нысандарын қалыптастыру

3.2.1.

Кондоминиум объектілерін тіркеу жөнінде іс-шаралар өткізу

ҚТКІША-ға ақпарат

Облыстардың Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011-2015 жылдарда желтоқсан айында

Талап етілмейді



3.2.2.

Тұрғын үй инспекциясының қызметін жетілдіру, оның ішінде олардың өкілеттілігін кеңейту бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, ТЖМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



3.2.3.

Тұрғын үй инспекциясы туралы үлгі ереже әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



3.2.4.

Кондоминиум объектілерін басқару органдарының жетекшілеріне аттестаттау жүргізу тетігі бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2012 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



3.2.5.

Қазақстанның бір қаласында басқарушы компания құру жөніндегі «пилоттық» жобаны іске асыру

ҚТКІША-ға ақпарат

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді





3.2.6.

Мынадай мәселелер бойынша құқықтық негізді қамтамасыз ету жөнінде ұсыныс енгізу:
1) көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару;
2) кондоминиум объектілерін тіркеу;
3) тұрғын мүлікті сақтандыру

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, БҚА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2012 жылдың қараша айында

Талап етілмейді





3.2.7.

Халыққа көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасының деңгейін анықтау

ҚТКІША-ға ақпарат

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2015 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді





3.2.8.

Кондоминиум объектісін күрделі жөндеуге, оның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесі, қайтарылатын кепілдікті қаражат ретінде жинақ және тұрғын үй көмегі жүйелерін пайдалану арқылы кредит берудің жаңа тетігін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТҚЖБ» АҚ «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді



3.3. Ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті дамыту

3.3.1.

ТКШ секторында ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту, ТКШ саласында қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді





3.3.2.

ТКШ-ке инновациялық технологияларды және инжинирингтік-консультациялық қызметтерді енгізу және коммерцияландыру бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКШІА, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді





3.3.3.

ТКШ-тегі нормативтік-техникалық құжаттамаларды әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

ҚТКІША-ға ұсыныс

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «ТКШ ҚазОртаорталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011- 2015 жылдардың желтоқсан айында

362,6

150*

150*

0*

0*

662,6*

Республикалық бюджет

003

3.3.4.

Тиісті сапада коммуналдық қызмет көрсету стандарттарын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ИТЖМ, ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді





3.3.5.

ТКШ коммуналдық кәсіпорындарының қызмет көрсетуінің сапа менеджмент жүйесін (СМЖ) енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ИТЖМ, ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 3-тоқсан

Талап етілмейді





3.4. Кадрлық қамтамасыз ету

3. 4.1.

ТКШ саласында кадрларлың біліктілігін арттыру және білімін тарату жүйесін құру бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді





3.4.2.

Білімді тарату жөніндегі іс-шараны ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік негіз әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



3.4.3.

ТКШ саласында «Инженерлік жүйелер және желілер» мамандығы бойынша кадрлар даярлау үшін мемлекеттік білім беру гранттарын беру

Жылдың қорытындысы бойынша Үкіметке ақпарат

БҒМ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2012-2015 жылдар

0

31,0

123,9

208,0*

283,3*

646,2*

Республикалық бюджет

023

3.4.4.

Ұлттық техникалық университеттің жанынан тұрғын үй-коммуналдық секторы мамандыктары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктер құру

БҒМ-ге ұсыныстар

ҚазҰТУ, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



3.4.5.

«Инженерлік жүйелер мен желілер» мамандығын Жоғары кәсіптік білім беру жіктеуішіне әзірлеу және енгізу

Үкіметке ұсыныстар

БҒМ, ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 2-тоқсан

Талап етілмейді



3.4.6.

ТКШ кәсіпорындарының мамандары үшін қосымша кәсіптік білім беру жүйесін енгізу

БҒМ-ге ұсыныстар

ҚазҰТУ, «ТКШ ҚазОрталығы) АҚ (келісім бойынша)

2011-2015 жылдардың желтоқсан айында

Талап етілмейді



3.4.7.

Студенттердің оқу-өндірістік практикадан өту жүйесін ұйымдастыру және енгізу

БҒМ-ге ұсыныстар

ҚазҰТУ, ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011-2015 жылдардың наурыз айында

Талап етілмейді



4. ТКШ саласына жеке капитал тарту

4.1.

ТКШ-ні дамыту қорын құру бойынша ұсыныстар енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 1-тоқсан

Талап етілмейді



4.2.

Жабдықтарға лизинг беру жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша ұсыныс енгізу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



4.3.

Қайтарымды негізде қаражаттарды пайдалану тетіктерін әзірлеу

Үкіметке ұсыныс

ҚТКІША, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011 жылғы 4-тоқсан

Талап етілмейді



      Ескертпе:
      * - 2012 - 2015 жылдары Бағдарламаны іске асыруға арналған шығыстар тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда нақтыланатын болады.

      аббревиатуралардың толық жазылуы:

ҚТКІША              - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын
                      үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі
БҚА                 - Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау
                      агенттігі
Қаржымині           - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ИЖТМ                - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                      технологиялар министрлігі
Қоршағанортамині    - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                      министрлігі
ТЖМ                 - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                      министрлігі
БҒМ                 - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                      министрлігі
Үкімет              - Қазақстан Республикасының Үкіметі
«ТҚЖБ» АҚ           - «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік
                      қоғамы
«ТКШ                - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту
ҚазОрталығы» АҚ       мен дамытудың қазақстандық орталығы»
                      акционерлік коғамы
ҚазҰТУ              - Қ. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
                      университеті