Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 370 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1498 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

      "3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "1. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар, іс-шаралар және нәтижелер көрсеткіштері" деген кіші бөлімде:

      "Ұсынылатын ақпараттың сапасын арттыру" деген 1-стратегиялық бағытта:

      "Статистикалық ақпаратты таратуды жетілдіру" деген 1.3-мақсатта:

      "Пайдаланушылардың статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етілуін жақсарту" деген 1.3.1-міндетте:

      тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "

10

Ұлттық компаниялардың қаржы-шаруашылық қызметі туралы статистикалық ақпаратты қалыптастыру

X

X

X

X

X


      ";

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 94 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2011 - 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында:

      "3. Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері" деген бөлімде:

      "3.1 Стратегиялық бағыттар, мақсаттар, міндеттер, нысаналы индикаторлар және іс-шаралар мен нәтижелер көрсеткіштері" деген кіші бөлімде:

      "Мемлекеттік қаражат тұрақтылығы" деген 1-стратегиялық бағытта:

      "Республикалық бюджеттің теңгерімділігі, Ұлттық қор активтерін 2020 жылда ЖІӨ-ге шаққанда кемінде 30 % деңгейге жеткізу және қолайлы деңгейде үкіметтің борыш көлемін қолдау" деген 1.1 -мақсатта:

      "Республикалық бюджеттің тапшылығын азайту, мемлекеттік шығыстар құрылымының тиімділігін арттыру және үкіметтік борышты қолайлы деңгейде ұстап тұру" деген 1.1.1-міндетте:

      тікелей нәтижелерге қол жеткізуге арналған іс-шараларда:

      "Үкімет борышы мониторингі х х х х х" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Үкіметтік және мемлекет кепілдік берген борыштың тәуекелдерін бағалау

X

X

X

X

X

Үкіметтік борыштың қауіпсіз деңгейін қолдау кезінде табыс ауытқымасын құру үшін қор нарығында тиісті бағдар белгілеу үшін қажетті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі шығаратын МБҚ-нің жеткілікті көлемін қолдау

X

X

X

X

X


      ";

      мынадай мазмұндағы 1.1.1-1-міндетпен толықтырылсын:

      "

Нысаналы индикаторға қол жеткізу жолдары, құралдары мен әдістері: 1.1.1-1 міндет. Квазимемлекеттік сектордың сыртқы борышының мониторингі

Тікелей нәтижелер көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Жоспарлы кезең

2009 жыл (есеп)

2010 жыл (ағымдағы жоспар)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Мониторингпен қамтылған квазимемлекеттік сектор ұйымдарының үлесі

Мониторингпен қамтылған квазимемлекеттік сектор ұйымдарының саны/квазимемлекеттік сектор ұйымдарының жалпы саны * 100

%

-

-

50

100

100

100

100

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізуге арналған іс-шаралар

іске асыру мерзімі

2011

2012

2013

2014

2015

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының қалыптасу, өзгеру және оған қызмет көрсету үдерісін есепке алуды ұйымдастыру

X

X

X

X

X

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышының қалыптасу, өзгеру және оған қызмет көрсету үдерісін талдау

X

X

X

X

X

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыртқы борышы жай-күйінің шешуші көрсеткіштерін және тәуекелдер деңгейін бағалау, ден қою шараларын қолдану

X

X

X

X

X


      ";

      3) Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.02.2017 № 92 қаулысымен.

      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 қаулысы;

      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов