Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 351 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 сәуірдегі № 370 Қаулысымен

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының  16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Экономика және кибернетика институты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстардың сараптамасы жөнінде 2007 жылға тәуелсіз сарапшы болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген заңды тұлғамен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде концессияға берілуі мүмкін объектілер бойынша ұсыныстардың сараптамасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар   қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі