Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 351 және 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 286 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1482 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 31 қазандағы № 1236 Қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2011 жылға арналған квота республиканың экономикалық белсенді халқына шаққанда 0,85 пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                Мәсімов