Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 204 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығын қараңыз.


      «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері айқындалсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2011 жылғы 1 наурыздағы
№ 204 қаулысына    
қосымша        

Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері

Атауы

жылдар бойынша

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Биоотын, млн. литр

2870

3080

1078

3150