"Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы" 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Ауыл шаруашылығы министрінің | |
міндетін атқарушы | С. Омаров |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
_________А. Рау
2015 жылғы 30 шілде
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
____________ Т. Жақсылықов
2015 жылғы 31 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
_________ Р. Бекетаев
2015 жылғы 29 шілде
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_________ Е. Досаев
2015 жылғы ""
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 28 шілдедегі № 4-6/701 бұйрығына қосымша |
Биоотын өндірісі бойынша өндірістік қуаттардың шекті көлемдері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 16.09.2020 № 290 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Атауы | жылдар бойынша | ||||
2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | |
Биоотын, миллион литр | 2 454 | 2 283 | 2 121 | 1 966 | 1 820 |