Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және осы тізілімге енгізу үшін бағалау өлшемдерін қоса алғанда, оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру және жүргізу ер

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 8 сәуірдегі N 334 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 25 қыркүйектегі № 978 Қаулысымен

      "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы  14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. "Батыс Қазақстан, Шетпе кентінің маңынан цемент зауытын салу" инвестициялық жобасы бойынша "КаспийЦемент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:

      1) корпоративтік табыс салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 8 (сегіз) күнтізбелік жыл;

      2) мүлік салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл;

      3) жер салығы бойынша - тіркелген активтерді іске қосқан сәттен бастап 5 (бес) жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов