Кеден органдарында кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді есепке алу, кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету сомасын айқындау, сондай-ақ кедендік баждардың, салықтардың төленуін бас қамтамасыз етуді қолдану қағидасын бе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 23 қарашадағы N 1230 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «1995 жылғы 20 қаңтардағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімді орындау жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 1405 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтағы «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі» деген сөздер «Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі бір апта мерзімде көрсетілген Келісім бойынша Қазақстан тарапынан уәкілетті органның өзгергені туралы Ресей Федерациясының Үкіметін хабардар етсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов