Жеңіл өнеркәсіпті дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 сәуірдегі N 485 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1003 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2012.06.04 № 255 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылдың 14 наурызындағы N 317 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшерінің 9, 10-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібі бекітілсін.
      2. "Өркен" акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау үшін конкурсты өткізу жөніндегі жұмыс органы болып анықталсын.
      3. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова):
      1) белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Министр                                           Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы       
Білім және ғылым министрінің 
2009 жылғы 7 сәуірдегі       
N 167 бұйрығымен бекітілген  

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібі

      Осы "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау жөніндегі конкурсты өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 14 наурызда N 317 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау ережесі мен мөлшері ережелерінің 9, 10-тармақтарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау үшін конкурсты өткізу тәртібін айқындайды.
      1. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын (бұдан әрі – Грант) Қазақстан Республикасы "Тұңғыш Президентінің интеллектуалды мектептері" (бұдан әрі – Мектеп) мамандандырылған білім беру ұйымдарында дарынды балалардың оқуын төлеу мақсатында грант тағайындау жөніндегі Республикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) белгілейді.
      2. Конкурсқа қатысуға білім беру ұйымдарындағы 7-11 (12) сынып оқушылары болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі.
      3. Конкурс екі кезеңнен тұрады.
      Бірінші кезеңде Мектептердің бағытына сәйкес келетін бейінді пәндер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша үміткерлерді кешенді тестілеу өткізіледі.
      Бейінді пәндер физика-математикалық бағыттағы мектептерде 7-сыныпта математика, 8-сыныптан бастап физика және математика болып табылады.
      Бейінді пәндер химия-биологиялық бағыттағы мектептерде 7-сыныпта математика және биология, 8-сыныптан бастап химия және биология болып табылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2010.06.11 N 291 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      4. Физика-математикалық бағыттағы мектептерде 7-сыныпта кешенді тестілеу мынадай пәндер бойынша өткізіледі: математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, 8-10-сыныптарда: физика, математика, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі.
      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2010.06.11 N 291 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
       5. Химия-биологиялық бағыттағы мектептердің 7-сыныптарында кешенді тестілеу бес пән бойынша өткізіледі: математика, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, 8-11 сыныптарда келесі бес пәннен: химия, биология, қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
      6. Әр пән бойынша емтихандық тапсырма саны 7-сынып үшін 60, 8-сынып үшін 15 (он бес) сұрақты қамтиды. Орындалған тапсырманың дұрыс жауабы бір балмен, дұрыс емес жауап 0 балмен бағаланады. Балдың жалпы саны 75-ті құрайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2010.06.11 N 291 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      7. Кешенді тестілеу тапсырмасын орындауға 110 минут бөлінеді:
      1) кешенді тестілеуде үміткерге сұрақ кітабы мен жауап парағы беріледі.
      Үміткер есептеп шығарудың барлығын сұрақ кітабында орындайды. Жауап парағына дұрыс жауаптар енгізіледі;
      2) қорытынды тек қана жауап парағынан алынады, сұрақ кітаптары қаралмайды;
      3) үміткерге өз жауаптарын енгізу үшін жауап парағының көшірмесі беріледі, кейін оны өзімен бірге алып кетуіне болады;
      4) жауап парағының көшірмесі апелляция беруге негіз болып табылады;
      5) кешенді тестілеу біткен соң үш сағаттан кейін дұрыс жауаптардың кодтары ілінеді.
      8. Конкурстың екінші кезеңі бірінші кезеңнен соң екі күн өткеннен кейін өткізіледі.
      Бірінші кезеңнің қорытындысы кешенді тестілеу өткеннен кейін келесі күні сағат 10-да Жұмысшы органының сайтында жарияланады және тестілеу өткен Мектепте ілінеді.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және Ғылым министрінің 2010.06.11 N 291 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.
      9. Конкурстың екінші кезеңіне сұрақтардың жалпы санынан дұрыс жауаптардың қырық және одан аса пайызын жинаған үміткерлер жіберіледі.
      10. Екінші кезеңде Мектептердің бағытына сәйкес келетін бейінді пәндер бойынша жазбаша емтихандар өткізіледі:
      1) конкурстың екінші кезеңі Мектеп ғимаратында сағат 10-00-де жазбаша емтихан өткізілетін кабинеттердің нөмірлері көрсетілген бекітілген кесте бойынша өткізіледі;
      2) екінші кезеңнің нәтижелері жазбаша емтихандар өткеннен кейін үш күн ішінде Жұмысшы органының сайтында жарияланады және емтихан өткен Мектепте ілінеді.
      11. Екінші кезеңде физика-математикалық бағыттағы мектептерде дайындық деңгейін анықтау екі пән бойынша өткізіледі: әр пән бойынша 5 тапсырмадан тұратын жазбаша жұмыс түріндегі үш деңгейлі күрделілікте (А, В, С) физика, математика, оның ішінде:
      А деңгейі – 2 тапсырма;
      А деңгейі – негізгі түсініктерді меңгеруге, тану және еске түсіру деңгейінде материалдарды жәй бейнелеуге есептелінген тапсырмалар.
      В деңгейі - 1 тапсырма;
      В деңгейі – ойлауды қажет ететін тапсырмалар, шағын материалды қамтиды, білімді стандартты жағдайларда қолдана білуді айқындайды.
      С деңгейі – 2 тапсырма;
      С деңгейі – алған білімді шығармашылық қолдануды талап ететін тапсырмалар және білімді стандартты емес жағдайларда қолдана білуді айқындауға мүмкіндік береді.
      12. Екінші кезеңде химия-биологиялық бағыттағы мектептерде екі пән бойынша дайындық деңгейін анықтау өткізіледі: әр пән бойынша 5 тапсырмадан тұратын жазба жұмыс түріндегі үш деңгейлі күрделілікте (А, В, С) химия және биология, оның ішінде:
      А деңгейі – 2 тапсырма;
      А деңгейі – негізгі түсініктерді меңгеруге, тану және еске түсіру деңгейінде материалдарды жәй бейнелеуге есептелінген тапсырмалар.
      В деңгейі – 1 тапсырма;
      В деңгейі – ойлауды қажет ететін тапсырмалар, шағын материалды қамтиды, білімді стандартты жағдайларда қолдана білуді айқындайды.
      С деңгейі – 2 тапсырма;
      С деңгейі – алған білімді шығармашылық қолдануды талап ететін тапсырмалар және білімді стандартты емес жағдайларда қолдана білуді айқындауға мүмкіндік береді.
      13. А-деңгейі тапсырмасы үшін мүмкін балдың жоғарғы саны 5 балмен бағаланады.
      В-деңгейі тапсырмасы үшін мүмкін балдың жоғарғы саны 6 балмен бағаланады.
      С-деңгейі тапсырмасы үшін мүмкін балдың жоғарғы саны 7 балмен бағаланады.
      14. Екінші кезеңде тапсырманы орындауға бөлінген уақыт әр пәнге – 90 минут.
      15. Үміткер кешенді тестілеудің және жазбаша емтихандардың қорытындыларымен келіспеген жағдайда конкурстың әр кезеңінің нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні апелляциялық комиссияға арыз беруге құқылы.
      16. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тапсырма бағалаудағы даулы мәселелерді шешу, іріктеу конкурсын өткізу кезінде оқушы құқығын қорғау мақсатында Жұмыс органының шешімімен тәуелсіз оқытушылар арасынан апелляциялық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі. Апелляциялық комиссия мүшелерінің саны тақ болуы керек және бес адамнан кем болмауы керек.
      17. Апелляциялық комиссияның отырысы бір жұмыс күні ішінде сағат 9-дан 18-ге дейін өтеді.
      18. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда апелляциялық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның отырысы төраға мен барлық комиссия мүшелері қол қойған хаттамамен ресімделеді.
      19. Арыз апелляциялық комиссия төрағасының атына оқушының жеке өзінен немесе ата-анасының біреуінің атынан ерікті түрде беріледі. Арыз иесінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы керек.
      20. Апелляциялық комиссия оқушылар мен оның ата-аналарының өтінішін қабылдайды және қарастырады және Жұмыс органына әр кезеңнен кейін алған балдардың нәтижелерін қайта қарау туралы ұсыныс енгізеді және апелляция қорытындылары туралы бір жұмыс күні ішінде ақпарат береді.
      21. Конкурстың екінші кезеңінің қорытындылары бойынша ең көп ықтимал балдың отыз пайызынан жоғары балл жинаған үміткерлердің материалдары 5 күн ішінде Жұмыс органының қарауына жіберіледі.
      22. Конкурстың екінші кезеңінен өткен үміткерлердің материалдарын Жұмыс органы жеті күн ішінде Комиссияның қарауына енгізеді.
      23. Әр үміткердің құжаттары төмендегіден тұрады:
      1) 1-қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға өтініш;
      2) 2-қосымшаға сәйкес сауалнама;
      3) үміткердің туу туралы куәлігі немесе жеке тұлғаны куәландыратын басқа да құжаттың көшірмесі;
      4) тиісті білім беру ұйымдарының мөрімен расталған өткен екі жылының үлгерім табельдерінің көшірмесі;
      5) денсаулық жағдайы туралы медициналық картасының жазбасы;
      6) бар болған жағдайда, марапаттау қағаздарының, дипломдардың, сертификаттардың және басқа да тиісті құжаттардың тиісті білім беру ұйымының мөрімен расталған көшірмелері;
      7) бар болған жағдайда апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы көшірмесінің қосымшасымен бірге бірінші кезеңнің әр пәні бойынша жинаған балл санын көрсететін кешенді тестілеу нәтижелерінің жиынтық ведомосы;
      8) бар болған жағдайда апелляциялық комиссия отырыстарының хаттамасы көшірмесінің қосымшасымен бірге екінші кезеңнің жазбаша емтиханы нәтижелерінің жиынтық ведомосы.
      24. 23-тармақта көрсетілген барлық қосымша құжаттар бір Қаттамаға тігіледі. Қаттаманың сыртына үміткердің аты-жөні, үй мекен-жайы, телефоны, мектеп бағыты, сыныбы, оқу тілі көрсетілуі қажет.

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш         
Президентінің интеллектуалды мектептері"
мамандандырылған білім беру ұйымдарында
дарынды балалардың оқуын төлеу үшін    
Қазақстан Республикасы Тұңғыш          
Президентінің "Өркен" білім беру грантын
тағайындау жөніндегі конкурсты өткізудің
тәртібіне 1-қосымша                    

Қазақстан Республикасы Тұңғыш          
Президентінің "Өркен" білім грантын    
тағайындау жөніндегі республикалық     
комиссияға Ата-анадан (заңды өкілден)  
Тегі ______________________________    
Аты _______________________________    
Әкесінің аты ______________________    
Тіркелген мекен-жайы ______________    
___________________________________    
___________________________________    
Нақты тұрып жатқан мекен-жайы _____    
___________________________________    
Телефон ___________________________    
Жеке куәлігі _____ N ______________    
Берілген мерзімі __________________    

ӨТІНІШ

      Менің ______________ жылы туған балам (ұл, қыз)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің "Өркен" білім беру грантын тағайындау конкурсына _________ тілінде оқытатын физика-математикалық (химия-биологиялық) бағыттағы мектептің _________ сыныбына жіберуіңізді өтінемін.

      ______________               "_______" __________________
         (қолы)                                   (мерзімі)

"Қазақстан Республикасы Тұңғыш         
Президентінің интеллектуалды мектептері"
мамандандырылған білім беру ұйымдарында
дарынды балалардың оқуын төлеу үшін    
Қазақстан Республикасы Тұңғыш          
Президентінің "Өркен" білім беру грантын
тағайындау жөніндегі конкурсты өткізудің
тәртібіне 2-қосымша                    

Сауалнаманың нысаны

Түсушінің жеке парағы

7-11 (12) сыныптар оқушылары үшін


Оқыту тілі



Суреті

Сыныбы



Жынысы



Тегі, аты, әкесінің аты



Туған жылы, айы, күні



Келген мектебі



Келген жері Тұрғылықты орны Отбасы құрамы

Облысы

Облысы


Әкесі


Қаласы

Қаласы




Ауданы

Ауданы


Анасы


Ауылы

Ауылы




Көшесі

Көшесі




Үйі

Үйі




Телефоны

Телефоны




"Келген жері" секторын туыстарында тұрып жатқан түсуші толтырады

Түсушінің ата-анасының және өзге де заңды өкілдері туралы мәліметтер

Тегі, аты, әкесінің аты

Жұмыс орны, лауазымы


Байланыс телефоны


Тегі, аты, әкесінің аты

Жұмыс орны, лауазымы


Байланыс телефоны


Жетістіктері

Интеллектуалды марафондар

Шығармашылық сайыстар

Олимпиадаға қатысуы (мерзімі, орны)

Мектепішілік


Қалалық


Облыстық


Республикалық


Халықаралық


Ғылыми жобалар жарысына қатысуы (мерзімі, орны)

Мектепішілік


Қалалық


Облыстық


Республикалық


Халықаралық


Басқа жетістіктері

Қосымша жүктеме (үйірме, секция)