Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 26 ақпандағы N 205 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 тамыздағы N 863 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. "2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алудың кейбiр мәселелерi және Мемлекеттiк астық ресурстарын сақтау бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу ережесi мен Мемлекеттiк астық ресурстарының орнын ауыстыру бойынша көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 26 ақпандағы N 205 қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2003 ж., N 9, 103-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      "500000 (бес жүз мың) тоннаға дейiнгi" деген сөздер "405722 (төрт жүз бес мың жеті жүз жиырма екi) тоннаға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      1) тармақшаның екiншi, үшiншi абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда, 13230 (он үш мың екi жүз отыз) теңгеден кем емес баға бойынша 2851065000 (екi миллиард сегiз жүз елу бiр миллион алпыс бес мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 215500 (екi жүз он бес мың бес жүз) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығын; бұл ретте есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 10520 (он мың бес жүз жиырма) теңге есебімен 2267060000 (екi миллиард екi жүз алпыс жетi миллион алпыс мың) теңге сомасына 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмге кейiннен астықты жеткiзiп беру фактiсi бойынша есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 2710 теңге есебiмен 584005000 (бec жүз сексен төрт миллион бес мың) теңге сомасына;
      есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн қосылған құн салығын қоса алғанда, 16905 (он алты мың тоғыз жүз бес) теңгеден кем емес баға бойынша 507150000 (бec жүз жеті миллион бір жүз елу мың) теңге сомасында және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 30000 (отыз мың) тоннаға дейiнгi көлемдегі азық-түлiктiк қатты бидай астығын; бұл ретте есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 16100 (он алты мың бір жүз) теңге есебiмен 483000000 (төрт жүз сексен үш миллион) теңге сомасына 2003 жылғы 25 шiлдеге дейiнгi мерзiмде кейiннен астықты жеткiзiп беру фактiсi бойынша есепке алынған табиғи салмағының бiр тоннасы үшiн 805 теңге есебімен 24150000 (жиырма төрт миллион жүз елу мың) теңге сомасына";
      2) тармақшада:
      екiншi абзацтағы "10520 (он мың бес жүз жиырма) теңгеден кем емес баға бойынша 2656300000 (екi миллиард алты жүз елу алты миллион үш жүз мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған кұн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 252500 (екі жүз елу екi мың бес жүз) тоннаға дейiнгi көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы" деген сөздер "13230 (он үш мың екі жүз отыз) теңгеден кем емес баға бойынша 2106505000 (екі миллиард бiр жүз алты миллион бес жүз бес мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 159222 (жүз елу тоғыз мың екi жүз жиырма екi) тоннаға дейінгі көлемдегi азық-түлiктiк жұмсақ бидай астығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi абзацтағы "46820 (қырық алты мың сегiз жүз жиырма) теңгеден кем емес баға бойынша 93640000 (тоқсан үш миллион алты жүз қырық мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 2000 (екi мың) тоннаға дейiнгi көлемдегі қытай бұршағы" деген сөздер "35280 (отыз бес мың екі жүз сексен) теңгеден кем емес баға бойынша 35280000 (отыз бес миллион екі жүз сексен мың) теңге сомасына және қосылған құн салығын төлеушiлер болып табылмайтын бiрыңғай жер салығын төлеушiлер үшiн қосылған құн салығын есептемей, франко-элеватор шартымен 1000 (бiр мың) тоннаға дейiнгi көлемдегi қытай бұршағы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Көктемгi-жазғы қаржыландыру арқылы астық сатып алу шарттары бойынша астықты жеткiзбеген немесе толық жеткiзбеген жағдайда қосымша төлем үшiн пайдаланылмаған, сондай-ақ жеткiзiлмеген астықтың берешегiн өтеу тәртiбiмен түскен ақша қаражаты астықты тiкелей сатып алуға пайдаланылады.";
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк астық ресурстарына 2003 жылғы егiннiң астығын мемлекеттiк сатып алу ережесiнде:
      9-тармақтың 1) тармақшасындағы "760", "24,0", "12,5" және "1,0" деген сандар тиiсiнше "750", "23,0", "12,0" және "2,0" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16-тармақпен толықтырылсын:
      "16. Агент қосымша төлемдi жүзеге асыру үшiн сатушылармен агент бекiткен нысан бойынша қосымша келiсiмдер жасайды.".

      2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі