Қазақстан Республикасында ақпараттық қауіпсiздiкті қамтамасыз ету жөнiндегi кейбiр шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі N 965 қаулысы.

      Ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Мыналар:

      1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтер мен таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты өңдеу және сақтау халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсiне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсiне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылмаған есептеу техникасы құралдарында жүзеге асырылады;

      2) халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсiне және/немесе халықаралық (жаһандық) деректер беру желiлерiне, Интернет желiсіне шығатын ақпараттық желiлерге, байланыс желiлерiне қосылған техникалық құралдарды орналастыру олардың барысында мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердi қамтитын мәселелер талқыланатын кеңестер (келiссөздер) өткiзуге бөлiнген үй-жайлардан тыс жерлерде орналастырылады;

      3) бөлінген үй-жайларда мемлекеттік құпияларды және ақпараттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі талаптарды міндетті түрде орындай отырып, "Үкіметтің мобильдік офисіне" қол жеткізу үшін қажетті мобильдік құрылғыларды қолдануға рұқсат етіледі. Құпия келіссөздер мен мәжілістер өткізу уақытында көрсетілген мобильдік құрылғылар өшіріледі не қызметтік үй-жайдан тыс шығарылады;

      4) "Үкіметтің мобильдік офисі" қызметтік ақпаратының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында санкцияланбаған қол жетімділіктен қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралары мен Интернет желісінің деректерін берудің жаһандық желілеріне "Үкіметтің мобильдік офисінің" қол жетімділігі үшін пайдаланылатын деректерді беру желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі;

      4-1) ҚР Үкіметінің 10.09.2016 № 555 қбпү қаулысымен толықтырылды (өзгеріс енгізілмейді).

      5) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алқашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алқашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 142; 14.03.2013 N 244; 26.06.2014 № 706; 20.12.2016 № 832 (алқашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.09.2018 № 555 қбпү (өзгеріс енгізілмейді) қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы, өзге де мемлекеттік органдары (келiсiм бойынша) үш ай мерзiмде таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың ведомстволық тiзбелерiн әзiрлесiн және бекiтсiн.

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігімен бірлесіп, үш ай мерзімде "Үкіметтің мобильдік офисіне" беруге рұқсат етілген қызметтік ақпараттың тізбесін әзірлесін және бекітсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 142 қаулысымен.

      2-1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алқашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.12.2016 № 832 (алқашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2013 N 244 қаулысымен.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы, өзге де мемлекеттік органдарының басшыларына (келiсiм бойынша) жүктелсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 14 наурыздағы
№ 244 қаулысына
қосымша

Қолжетімділігіне тыйым салынған Интернет желісінің
интернет-ресурстары санаттарының тізбесі

      Ескерту. Қаулы қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 14.03.2013 N 244; Күші жойылды - 20.12.2016 № 832 (алқашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.