Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.11.08 № 1170 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 23 желтоқсандағы
N 1203 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Астана - 2008 жыл
Стратегиялық жоспардың құрылымы
1. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) миссиясы мен пайымдау
2. Агенттік қызметінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Басқа да мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
5. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері
6. Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
7. Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. Миссиясы мен пайымдау
Агенттіктің миссиясы - инфрақұрылымды дамыту үшін анағұрлым оңтайлы және қолайлы жағдайларды, сондай-ақ байланыс қызмет көрсетулер мен электрондық қызметін көрсетудің бәсекелі нарығын жасау.
Қызмет аясын пайымдау - ғаламдық ақпараттық қоғамдастыққа интеграцияланған және мемлекеттік басқару сапасы мен Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін дамыған әрі қолы жетімді ақпараттық, телекоммуникациялық және почта-жинақтау инфрақұрылым.
2. Агенттік қызметінің 2009 - 2011 жылдарға арналған стратегиялық бағыттары
1. Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызмет көрсетулерді ұсыну.
2. Халықты және ұйымдарды қол жетімді әрі сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету.
3. Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру
3. Ағымдағы жағдайды талдау
3.1. "Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызмет көрсетулерді ұсыну" стратегиялық бағыты бойынша
Проблемалар: 1) электронды түрде көрсетілетін, әлеуметтік маңызы бар мемлекеттік қызмет көрсетулерді реттейтін нормативтік-құқықтық базаның болмауы; 2) мемлекеттік органдардың қызметінде бюрократизмнің орын алуы, ашықтық дәрежесінің төмендігі, сыбайлас жемқорлық іс-қимылдардың көрініс беруі; 3) азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мемлекеттік орган қызметі туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін бекітілген тетіктің болмауы; 4) ақпараттық-коммуникациялық желілердің, ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік органдар ресурстарының қорғалу деңгейінің төмен болуы; 5) құжаттарды ресімдеу және алу кезінде кезекте тұру рәсімінің ұзақтығы; 6) ұсынылатын мемлекеттік электронды қызмет көрсетулердің даму деңгейінің төмендігі мен саны.
Жүргізілген іс-шаралар:
1) азаматтарға мемлекеттік органдардың ақпараттық және интерактивті электронды қызмет көрсетулеріне қол жеткізу мүмкіндігін беретін "электрондық үкімет" қалыптастырудың ақпараттық кезеңі аяқталды;
2) 2005 - 2007 жылдарға арналған "электрондық үкімет" қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсатына қол жеткізіліп, мемлекеттік органдардың электронды сервистерін одан әрі іске асыру үшін "электрондық үкімет" инфрақұрылымы құрылды;
3) "электрондық үкімет" инфрақұрылымының компоненттері құрылуда, олардың 7 тұрақты пайдалануға берілдi;
4) Астана қаласында 33 орталық мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінде электрондық цифрлік қолтаңбаны қолданыла отырып, Бірыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгізу қамтамасыз етілді, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік органдардың ақпараттық және интерактивті қызмет көрсетулері ұсынылуда, "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Мекен-жай тіркелімі" мемлекеттік деректер қоры енгізілді, 29 мемлекеттік органдары жоғары лауазымды қызметкерлерге арналған бейнеконференция байланыс жүйесіне қосу жүзеге асырылды;
5) азаматтар мен ұйымдардың ақпараттарды еркін іздеуіне, алуына, беруіне, өндіруі мен бөлуіне тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін республика өңірлерінде 1186 қоғамдық рұқсат беру пункттері (емханаларда, кітапханаларда, вокзалдарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында) құрылды.
Үрдістер
1) халықпен және ұйымдармен өзара іс-қимылы кезінде мемлекеттік органдарды мемлекеттік қызметшілермен тікелей байланысын болдырмайтын "жалғыз терезе" қағидаты бойынша Интернет сайттарды пайдалануға көшіру;
2) "электрондық үкіметті" мемлекеттің халық пен ұйымдарға ұсынатын интерактивтік және транзакциялық қызмет көрсетулер санын ұлғайту жағына қарай дамыту.
3.2. "Халықты және ұйымдарды қол жетерлік және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету" стратегиялық бағыты бойынша
Проблемалар: 1) ауылдық елді-мекендерді телефондандырудың төмен қарқыны; 2) тіркелген байланыс абоненттері тығыздығының төмен деңгейі; 3) тіркелген байланыс нарығында нақты бәсекелестіктің болмауы; 4) Интернет желісіне кең ауқымды қол жеткізудің жеткіліксіз дамуы; 5) қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы ретінде телекоммуникация саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталына шетелдік қатысуды шектеу; 6) жылжымалы және тіркелген байланыс операторлары арасында өзара қосу проблемалары; 7) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс операторлары арасындағы интернет-трафикпен алмасу проблемалары; 8) ұялы байланыс қызмет көрсетулеріне арналған жоғары тарифтер; 9) ауылдық жерлерде техникалық нығайтылған почта байланысының бөлімшелері санының жеткіліксіздігі.
Жүргізілген іс-шаралар:
1) Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде телекоммуникациялық саланы дамыту жөнінде жүргізілген іс-шаралар мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: тіркелген телефон желілерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 20,8; ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 87; Интернет пайдаланушылардың тығыздығы - елдің 100 тұрғынына 11; жергілікті телекоммуникация желілерін цифрлеу деңгейі - 83%;
2) ұялы байланыс абоненттерінің саны 12 млн. астам болды, бұл ретте тығыздық көрсеткіші 100 тұрғынға шаққанда абоненттердің 87-сін құрады, бұл Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында белгіленген 50-ден 100-ге асып түседі;
3) Агенттік ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, тарифтерді төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүргізуде: 2008 жылы ұялы байланыс операторлары тарифтерді азайту жағына қарай қайта қаралған әртүрлі тарифтік жоспарлар ұсынды; "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС ("NEO" сауда маркасы) ел ішінде барлық бағыттар бойынша минутына 15 теңге және халықаралық қоңырауларға 32 теңге болды, "NЕО" желісі ішінде тариф 0 теңгеге дейін төмендеді (қосу үшін 15 теңге);
4) Агенттік сымсыз радио байланысы қызметін көрсету (Wi-Fi, Wi-Max) үшін 20-дан астам компанияларға радиожиілік спектрді пайдалануға рұқсат берді;
5) қазіргі уақытта Қазақстанда Интернет жүйесін пайдаланушылар саны артуда. 2006 жыл қорытындысы бойынша Интернетті пайдаланушылар тығыздығы елдің 100 тұрғынына 2,7 құрады; 2007 жылы елдің 100 тұрғынына 4; 2008 жылғы маусымдағы жағдай бойынша елдің 100 тұрғынына 11 пайдаланушы болды. Интернет желісіне 7458 мектеп қосылды, немесе 96,6%, оның ішінде 5845 ауылдық мектептер немесе ауылдық елді мекендердегі жалпы мектеп санының 95,8%;
6) Байланыс операторлары қолданыстағы қалалық талшықты-оптикалық инфрақұрылым базасында қалалық мультисервистік рұқсат беру желілері мен Metro Ethernet тасымалдау желілерін құруды жүзеге асыруда, бұл ADSL негізінде Интернетке кең ауқымды қол жеткізу, қалалық жылдамдығы жоғары арналар ұйымдастыру сияқты қызметтер көрсетулер жаңа түрлерін енгізуге мүмкіндік береді;
7) "Востоктелеком" ЖШС ауылдық елді мекендерді СDМА450 технологиясы бойынша телефондандыру және интернетпен қамту үшін радиожиілік спектрін пайдалануға арналған лицензиялар мен рұқсаттар берді;
8) Агенттік радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссия шеңберінде азаматтық мақсаттарға арналған радиожиіліктер алабын бөлу жұмыстарын жүргізуде;
9) ауылдық жерлерде күрделі және техникалық жайластыруды бірыңғай стандарттау жолымен почта инфрақұрылымын жаңғырту.
Үрдістер:
Халыққа және ұйымдарға мультимедиялық қызмет көрсетулер ұсынуға бағдарланған жылдамдығы жоғары оптикалық және сымсыз технологияларға негізделген телекоммуникация инфрақұрылымын дамыту.
3.3. "Азаматтар мен ұйымдарды ақпараттық-коммуникациялық технологияларды күнделікті тұрмыста кеңінен пайдалануға көшіру" стратегиялық бағыты бойынша
Ескерту. 3.3-кіші бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен.
Проблемалар:
1) халықтың компьютерлік сауатының төмендігі;
2) халықтың негізгі бөлігінің мемлекеттік қкызмет көрсетулерге қол жеткізетін нүктелерден алшақтығы оларды қысқа мерзімде алудың мүмкін болмайтындығына әкеледі;
3) компьютерлік техникамен жарақтандыру деңгейінің төмендігі;
4) республикада ақпараттық инфрақұрылымдарды құратын білікті мамандардың жетіспеушілігі.
Жүргізілген іс-шаралар:
1) желілік ақпараттық ресурстарды қалыптастыру мен дамыту, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдарды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 358 қаулысымен Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды.
2) алынып тасталды - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен;
3) алынып тасталды - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен;
4) халықты (мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік сала қызметкерлері, әскери қызметшілер, балалар үйлерінің, мектеп-интернаттар мен жасөспірімдер үйлерінің тәрбиеленушілері мен қызметкерлері, бюджеттен тыс сала қызметкерлері) оқыту үшін қалалық, облыстық, ауылдық әкімдіктерде, мәслихаттарда, бала бақшаларда, орта білім беру мектептерінде, кәсіптік техникалық училищелерде, колледждерде, технопарктарда 2512 компьютерлік сыныптар құрылды;
5) 2007 жылы барлығы 273 979 адам оқытылып, 492515 адам тесттен өтті;
6) алынып тасталды - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен;
Үрдістер:
Бәсекеге қабілетті дамыған елдер Интернет желісін қолдану мен компьютерлік сауаттылықтың жоғары деңгейімен сипатталады.
1. Стратегиялық бағыт: |
||||
1 мақсат: |
Мақсатты индикаторлар: | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
---|---|---|---|---|
1. Мемлекеттік электронды қызмет көрсетулер санының артуы |
2 |
10 |
10 |
|
Міндеттер: |
Көрсеткіштер: |
|||
1. Пайдаланушыларды электрондық қызмет көрсетулер үшін ақы төлеу тетіктерімен қамтамасыз ету |
1. Электрондық қызметке ақы төлеу (банктік шоттан немесе төлемдік картадан) тетіктерін енгізу (мысалы: салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да төлемдер), сондай-ақ жаңа қатысушыларды тарту. |
2 тетік (банктік шоттан) |
1 төлемдік шлюз арқылы. |
|
2. Азаматтарға, ұйымдарға мемлекеттік электрондық қызмет көрсетуді әзірлеу |
2. Мемлекеттік электрондық қызмет көрсетулерді ұсынатын жүйелерді өндірістік пайдалануға беру (2010 - 2011 жылдар). |
|||
3. Азаматтарды және ұйымдарды сандық сертификаттар арқылы мемлекеттік электрондық қызмет көрсетулерге қауіпсіз қолжеткізуді қамтамасыз ету |
3. Жеке және заңды тұлғалар электрондық сандық кол қоюды беруге арналған ұлттық куәландыру орталығымен расталған, кемінде 3 мемлекеттік электрондық қызмет көрсетуді ұсыну; |
|||
4. - 6. |
алынып тасталды - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен |
2. Стратегиялық бағыт: |
||||||
1 мақсат: |
Мақсатты индикаторлар: | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
---|---|---|---|---|---|---|
1. Тіркелген байланыс желісіндегі, оның ішінде ауылдық елді-мекендердегі абоненттердің тығыздығы |
100 адамға 20 |
100 адамға 23 |
100 адамға 24 |
100 адамға 25 |
100 адамға 27 |
|
"Шұғыл желі" БҒИ-дегі позиция |
67 |
64 |
62 |
60 |
58 |
|
2. Жергілікті, оның ішінде, ауылдық жерлердегі телекоммуникация желілерін цифрлау деңгейін арттыру |
81,52 % |
85 % |
88 % |
92 % |
95 % |
|
"телефон инфрақұрылымының сапасы" БҒИ-дегі позиция |
93 |
91 |
88 |
85 |
||
3. Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы |
100 адамға 80 |
100 адамға 95 |
100 адамға 105 |
100 адамға 110 |
100 адамға 120 |
|
"Ұялы байланысты пайдаланушылардың саны" БҒИ-дегі позиция |
83 |
79 |
75 |
72 |
70 |
|
4. Интернет желісіне қолжетімділігі бар абоненттердің, оның ішінде, кең жолақты Интернет желісі абоненттерінің тығыздығы |
100 адамға 4 |
100 адамға 11 |
100 адамға 20 |
100 адамға 23 |
100 адамға 27 |
|
"Кең жолақты Интернет желісін пайдаланушылар" БҒИ-дегі позиция |
106 |
91 |
89 |
86 |
83 |
|
Дербес компьютерлердің санын ұлғайту |
1 500 000 дана |
2 100 000 дана |
2 700 000 дана |
|||
5. Почта байланысының типтік бөлімшелерінің санын ұлғайту |
130 |
142 |
82 |
82 |
||
Міндеттер: |
Көрсеткіштер: |
|||||
1. Тіркелген байланысты дамыту |
Нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру |
|||||
2. Нормативтік- техникалық құжаттаманы әзірлеу және телекоммуникация құралдары мен байланысын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды үйлестіру |
3 стандарт |
3 стандарт |
2 стандарт |
|||
2. Ұялы байланысты дамыту |
- 3G ұялы байланыстың жаңа стандартын енгізу (2009 жыл). |
|||||
3. Деректерді беру желісі мен Интернетке шығу желісін дамыту |
1. Нормативтік құқықтық базаны жетілдіру: |
|||||
4. Телекоммуникация нарығындағы бәсекелестікті дамыту |
- басым байланыс операторларының телефонды трафикті өткізу тарифтерін 2009 жылы 30 %, 2010 жылы 30 % төмендетуі. |
|||||
3. Стратегиялық бағыт: |
||||||
1 мақсат: |
Мақсатты индикаторлар: | 2007 жыл | 2008 жыл | 2009 жыл | 2010 жыл | 2011 жыл |
Қазақстанда Интернетті пайдаланушылар санының артуы |
11 % |
14 % |
20 % |
30 % |
40 % |
|
"Интернетті пайдаланушылар саны" БҒИ-тегі позиция |
112 |
90 |
88 |
82 |
82 |
|
Міндеттер |
Көрсеткіштер: |
|||||
1. Ұлттық контенттің өсуі |
1. Ұлттық 10 мемлекеттік және 20 коммерциялық ресурстарды қалыптастыру және жылжыту; |
10 (старт) |
30 (даму) |
30 (даму) |
||
2. Ақпараттық -коммуникациялық технологиялар саласындағы нормативтік актілерді жетілдіру |
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы дамуды реттейтін нормативті- құқықтық базаны құру |
8 стандарт |
||||
"АКТ бойынша заңнама" БҒИ-дегі позиция |
64 |
57 |
56 |
54 |
52 |
|
2 мақсат: |
||||||
Халықаралық деңгейдегі білімі бар ІТ-мамандардың санын арттыру |
- |
600 |
900 |
|||
Міндеттер |
Көрсеткіштер: |
|||||
1. |
алынып тасталды - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен |
|||||
2. Қазақстанда бәсекеге қабілетті ІТ-индустрияны қалыптастыру және дамыту үшін жоғары білікті мамандарды даярлау |
2. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетін (жаңа Акционерлік қоғам) құру |
1 |
- |
- |
||
3. Студенттерді оқыту |
300 |
600 |
900 |
4. Басқа да мемлекеттік органдармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау
Стратегиялық бағыттарды іске асыру үшін Агенттік барлық орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мынадай халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады:
- Халықаралық электрбайланыс одағы;
- Дүниежүзілік почта одағы;
- Байланыс саласындағы өңірлік ынтымақтастық.
Бұдан әрі Агенттік Халықаралық электрбайланыс одағымен бірлесе отырып рейтингтік бағалаудың есебін әдістемелік сүйемелдеу бойынша өзара іс-қимыл ұйымдастырылатын болады.
5. Агенттіктің функционалдық мүмкіндіктері мен ықтимал тәуекелдері
Ескерту. 5-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен.
Агенттік қызметін жетілдіру мақсатында стратегиялық мақсаттарға жету үшін жаңа құрылым қалыптастырылды (төменде көрсетілген), нормативтік-құқықтық база жетілдіріледі, қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүзеге асырылады.
Қазіргі уақытта Агенттіктің қойылған стратегиялық бағыттарының мақсаттарына жетуге кедергі келтіруі мүмкін мынадай тәуекелдер бар:
- " Халыққа және ұйымдарға мемлекеттік электронды қызмет көрсетулерді ұсыну " және " Азаматтардың және ұйымдардың
күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең пайдалануға көшуі " стратегиялық бағыттары бойынша:
1) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін уақытылы құрылмауы;
2) Ұлттық куәландыру орталығымен және "электронды үкімет" шлюзімен интеграциялауға қаржы-қаражаттарының болмауы;
2) нормативтік-құқықтық базаның өзгеруіне алып келетін бизнес-үдерістердің өзгеруі;
3) Интернетке қолжетімділікке техникалық құралдардың болмауы;
4) халықтың компьютерлік сауатының төмендігі;
5) Интернет арқылы ұсынылатын мемлекеттік электрондық қызмет көрсету деңгейінің төмендігі;
6) вэб-сайттарды мемлекеттік органдардың әлсіз бақылауы;
7) бизнес-құрылымдар тарапынан оқыту белсенділігінің төмендігі;
8) ХҚКО ШАЖ құру, "электронды-үкіметтің" веб-порталы мен шлюзін құру және ЖАО АЖ-ның "электронды-үкіметтің" веб-порталымен бірігуі жобалары бойынша қаржыландырудың болмауы;
9) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне аудит жүргізуге қаржыландырудың болмауы;
10) Деректерді өңдеу орталықтарын құруға қаржыландырудың болмауы;
11) Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасын қаржыландырудың болмауы;
12) ІТ-университетін құру жөніндегі іс-шаралардың ішінара қаржыландырылуы.
- " Халықты және ұйымдарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету " стратегиялық бағыты бойынша:
1) радиожиілік ресурстарын негізгі пайдаланушы қорғаныс саласындағы уәкілетті орган болғандықтан, азаматтық мақсаттағы радиожиілік ресурстарының шектеулі болуы;
2) радиожиілік спектрін таратудың ұлттық кестесінің кемшіліктері;
3) жаңа стандарттар мен радиобайланыстың жаңа түрлерін енгізу, тиісті нормативтік-құқықтық базаның кемшіліктері;
Агенттіктен коммерциялық ортаға білікті құрамның кетуінің мүмкін болатын туындауы қойылған стратегиялық мақсаттарға жетуге кедергі келтіруі мүмкін тәуекелдің бірі болып табылады, оның нәтижесінде ақпараттандыру және байланыс саласындағы елдің уәкілетті органының кәсіби мүмкіндіктерінің жедел төмендеуі, сондай-ақ, реттелетін саладағы дамудың басты міндеттерін олардың орындауға қабілетсіздігі туындауы мүмкін.
Осы мәселелердің туындауының алдын алу үшін Агенттік қызметкерлерінің жұмыс күнінің ұзақтығын қалыптастыру, қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты еңбекақы деңгейін арттыру, қызметтік мақсатта көліктік қамтамасыз ету, біліктілікті арттыру, моральдық ынталандыру жөніндегі қабылданатын болады. Бұдан өзге, қойылған мақсаттарға қолжеткізуге кедергі келтіруі мүмкін негізгі себептердің бірі Агенттіктің штат санының жетіспеушілігі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
агенттігінің құрылымы
Алқа <------------ Төраға ------------> Басқарма
|
|
____________________________|__________________________
| | | |
| | | |
V V V V
Төраға Жауапты Төраға Кеңесші
орынбасары хатшы орынбасары (1 бірл.)
(1 бірл.) (1 бірл.)
| | |
| | |
V V V
_________________________________________________________________
Байланыс Қаржы және құқықтық
департаменті қамтамасыздандыру
(18 бірл.) департаменті
(16 бірл.)
Байланыс саласындағы Халықаралық байланыс
тарифтік реттеу және және мемлекеттік тілді
талдау департаменті дамыту басқармасы
(12 бірл.) (4 бірл.) Ақпараттық
технологиялар
Аймақтық органдар Талдау және басқару департаменті
14 (110 бірл.) басқармасы (15 бірл.)
(4 бірл.)
Құпия іс жүргізу
басқармасы
(3 бірл.)
________________________________________________________________
6. Бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Ескерту. 6-бөлімге өзгерту енгізілді - Қазақстан Републикасы Үкіметінің 2009.05.15 N 730 Қаулысымен.
- 001 "Инфрақұрылымды және ақпараттандыру мен байланыс саласындағы бәсекелес нарықты дамыту жөніндегі қызмет көрсетулер"
- 006 "Радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдардың мониторингі жүйесін техникалық қамтамасыз ету"
- 008 "ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігін материалдық-техникалық жарақтандыру";
- 009 "Ақпараттық коммуникациялық технологиялар саласындағы стандарттар базасын жетілдіру"
- 017 "Ауылдық байланыс операторының байланыстың әмбебап қызмет көрсетулерін ұсыну бойынша шығындарын өтеу"
- 010 "Ведомствоаралық ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету"
- 011 "Мемлекеттік деректер базасын құру"
- 012 "Мемлекеттік органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру"
- 013 "Government to Government", "Government to Consumer" қызмет көрсетулерін ұсынудың кешенді жүйесін құру"
- 015 "Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру жүйесінің ашық кілттерінің инфрақұрылымын құру"
- 016 "Электрондық үкімет" инфрақұрылымын қорғау жүйесін құру
- 018 "Электрондық үкіметтің төлем шлюзі" автоматтандырылған жүйесін құру"
- 014 "Зерде" ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі" АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту"
7. Стратегиялық жоспарды әзірлеуге негіз болған нормативтік құқықтық актілер тізбесі
1. 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы ;
2. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі ;
3. "Ақпараттандыру туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
4. "Байланыс туралы" 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы ;
5. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" 2003 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
6. "Почта туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы ;
7. "Қазақстан Республикасында "электрондық үкімет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы N 14-17 Жарлығы ;
8. "Интернет желісі қазақстандық сегментінің (Қазнет) бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру мен дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 сәуірдегі N 358 қаулысы ;
9. "Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметті" дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 1155-1 қаулысы ;
10. "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995 қаулысы ;
11. "Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы N 519 қаулысы ;
12. "Қазақстан Республикасының почта-жинақтау жүйесін дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 қазандағы N 1077 қаулысы .