2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 1224 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       379 , 380 , 381 , 382 , 383 , 384 , 385-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2008 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына       
379-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 3378737 мың теңге (үш миллиард үш жүз жетпіс сегіз миллион жеті жүз отыз жеті мың теңге).
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10 N 561 Қаулысымен.
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi Заңы ; "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнің Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910 қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуi мен жетiлдiруiн қамтамасыз ету.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 1) мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк статистиканы басқару;
2) ғылыми әдiснама және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуiн және жетілдiрудi қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
4) статистикалық көрсеткiштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау;
6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгін жетiлдiру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001


Статис-
тика
саласын-
дағы
уәкiлет-
тi
органның
қызметiн
қамтама-
сыз eту




2


001

Орталық органның аппараты

Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру;
статистикалық әдiснаманы әзiрлеу;
статистика агенттiгi статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу;
жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімдiлiктi қамтамасыз ету және тарату;
Шетелдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

3


002

Аумақтық
орган-
дардың
аппарат-
тары

Статистикалық
жұмыстар жоспарына
сәйкес жалпымемлекеттік
статистикалық
байқаулар жүргізу;
өңiрлiк деңгейде
жиынтық статистикалық
ақпаратқа қол
жетiмдiлiкті
қамтамасыз ету және
тарату.

Жыл бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

4


007

Мемле-
кеттiк
қызмет-
шiлердiң
бiлiк-
тілігін
арттыру

Мемлекеттiк қызметшілердің бiлiктілігін арттыру бойынша көрсетiлетiн мына бағыттағы қызметтердi сатып алу:
1) экономикалық статистика;
2) әлеуметтiк статистика;
3) демографиялық және экологиялық статистика.
Мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiне оқыту.

Жыл бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

5


008

Мемле-
кеттiк
орган-
дардың
ғимарат-
тарын,
үй-жай-
лары мен
құрылыс-
тарын
күрделi
жөндеу

Қазақстан
Республикасы Статистика
агенттiгінің Астана
қаласындағы аумақтық
органдарының әкiмшілiк
үйiне күрделi жөндеу
жүргізу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

6


009

Мемле-
кеттiк
орган-
дарды
матери-
алдық-
техника-
лық
жарақ-
тандыру

Статистика жүйесiнің
органдарын
материалдық-техникалық
жарақтандыруды
қамтамасыз ету.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Статис-
тика
агенттігі

7


017

Ақпарат-
тық
жүйелер-
дің жұмыс
iстеуiн
қамтама-
сыз ету
және
мемле-
кеттiк
орган-
дарды
ақпарат-
тық-тех-
никалық
қамтама-
сыз ету

Телекоммуникациялық
қызметтерді, шығыс материалдарын, қосалқы
бөлшектерді, техникалық және
бағдарлама-ақпараттық
құралдарды,
лицензиялық бағдарламалық
өнімдерді сатып алу.
Жүйелік-техникалық
қызмет көрсету және
жүйелік-есептеу
техникасын жөндеу; жергілікті-есептеу
жүйесiне, ақпараттық
жүйелер мен
бағдарламалық
өнімдерге әкімшілік ету, сүйемелдеу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуi және оның жетiлдiрiлуi; кәсiби деңгейiн арттыру - 1169 адам, мемлекеттiк тiлге оқыту - 938 адам; ағылшын тiлiне оқыту - 30 адам.
      Түпкілiктi нәтиже: барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бiр мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнi мемлекеттiк тiлге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 12,4 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнi ағылшын тiлiне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 10,2 мың теңге.
Уақтылығы: iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: қызметкерлердi оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгiзу негiзiнде статистикалық деректердің сапасын арттыру; қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер бiлiктiлiгiнің кәсiби деңгейiн арттыру, олардың нәтижелерi бойынша: мемлекеттiк тілдi оқығаннан кейiн iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзетiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 4 пайызға, ағылшын тiлiне оқығаннан кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшілердің үлесi - 4 пайызға, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 5 пайызға артады деп жорамалданады.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.06.10 N 561 Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына     
380-ҚОСЫМША     

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2008 жылға арналған
"Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 1036854 мың теңге (бір миллиард отыз алты миллион сегіз жүз елу төрт мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы ; Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910 қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігiнің, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгінің Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнің "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 қаулысы ; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистикалық ақпаратты сапалы өңдеу және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен үрдiстерiн сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.           
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 1) мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету; жеке және заңды тұлғалардың жиынтық статистикалық деректерге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру, статистикалық деректердi өңiрлiк және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеудi қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат табыс ететiн жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкiлерiмен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтармен қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002


Статис-
тикалық
ақпарат-
ты өңдеу
және
тарату

Статистикалық
деректердi өңiрлік
және республикалық
деңгейлерде енгiзу
және өңдеу;
статистикалық
құралдарды көбейту
және жiберу;
статистикалық
жарияланымдарды
өңiрлік және
республикалық
деңгейлерде дайындап
шығару, көбейту және
тарату;
талдамалы жұмыстар
жүргiзу;
статистика салалары
бойынша iрiктемелі
зерттеулер жүргізу;
сыныптауыштарды
аудару;
сапа менеджментiнің
екi жүйесiн енгізу;
салық декларациялардан
мәліметтерді алу,
өңдеу және енгізу;
жаңа сыныптамалар мен
өнімдер номенклатура-
ларын әзірлеу.

Жыл бойы

Қазақстан
Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: статистикалық есептiлiк көрсеткiштерiн 100% енгiзу және өңдеу. Статистикалық нысандар мен нұсқаулықтарды, жарияланымдарды республикалық және өңiрлiк деңгейлерде дайындау. Талдамалы жұмыстар жүргiзу. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық байқаулар жүргiзу.
Түпкi нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйенi пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсiру.
Уақтылығы: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімдерде, сондай-ақ iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiнде қамтамасыз ету.
Сапасы: статистикалық ақпараттың релеванттығын пайдаланушылардың қажеттiлiгiн есепке алу жолымен көтеру.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
381-ҚОСЫМША         

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 217876 мың теңге (екi жүз он жеті миллион сегіз жүз жетпіс алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзі : 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi , "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистикалық өндiрiстің тиiмдiлiгiн арттыру.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн құру, статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және ұсынудың қазiргi заманғы автоматтандырылған әдiстерiн енгiзу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003


Мемле-
кеттiк
статис-
тика
орган-
дарының
ақпарат-
тық
жүйесiн
құру

1. "Қазақстан
Республикасы
Статистика агенттiгi
мен оның аумақтық
органдарының талдамалы
және статистикалық
ақпараттарын бiрыңғай
Интернет-портал
арқылы тарату"
ақпараттық кіші
жүйені құруды аяқтау:
- есептеу техникасын,
лицензиялық бағдарла-
мамен қамсыздандыру,
Web-сервер, ДББ
серверін, қосымшалар
серверін сатып алу,
лицензиялық бағдарла-
мамен қамтамасыз ету;
пайдалануға беруге
дайындау;
тәжірибелі пайдалану;
қызметкерлерді оқыту
және дайындау;
өнеркәсіптік
пайдалануға енгізу;
Интернет-порталдың
қабылдау-тапсыруы.
2. "Әлеуметтік
статистика үшін
тiркелiм" ақпараттық
кіші жүйенi құру:
- тіркелімді енгізу
және дамыту.
3. "Бастапқы
статистикалық деректің
құпиялығын сақтау
және қамтамасыз ету"
ақпараттық кіші
жүйенi құру:
жүйенің екінші кезегін
жинақтау үшін
өнімдерді жеткізуге
құжаттарды әзірлеу
және ресімдеу;
есептеу техникасын:
ДББ серверін сатып алу;
жүйенің екінші кезеңі
және оның бөліктері
бойынша жобалық
шешімдерді әзірлеу;
бағдарламаның
бейімделуі және әзірлеу;
тәжірибелі пайдалану;
қызметкерлерді оқыту
және дайындау;
өнеркәсіптік пайдала-
нуға енгізу
(желтоқсан).
4. "Статистикалық
сыныптамалар жүйесінде
өзгерістер есебі"
ақпараттық кіші жүйені
құру:
техникалық тапсырманы
әзірлеу;
есептеу техникасын,
лицензиялық бағдарла-
мамен қамсыздандыруды:
сервер, лицензиялық
бағдарламамен
қамтамасыз етуді
сатып алу;
эскиз жобасын әзірлеу;
техникалық жобаны
әзірлеу;
жұмыс құжаттаманы және
бағдарламаны әзірлеу;
іске енгізу және
қызметкерлерді оқыту.
5. "е-mail бойынша
статистикалық
есептілікті жинау"
ақпараттық кіші
жүйені құру:
техникалық тапсырманы
әзірлеу және бекіту;
алдын ала жобалық
шешімдерді әзірлеу;
"е-mail бойынша
статистикалық
есептілікті жинау"
АЖ-і жинақтау үшін
бұйымдарды жеткізуге
және олардың   әзірлеуіне
техникалық талаптардың
(техникалық тапсырмалардың)
құжаттарын әзірлеу
және ресімдеу;
есептеу техникасын,
лицензиялық
бағдарламамен
қамсыздандыру:
ДББ серверін,
қосымшалар серверін,
өңірлік серверлер,
лицензиялық
бағдарламамен
қамсыздандыруды сатып
алу;
бағдарламаны әзірлеу
және бейімделуі;
қызметкерлерді
дайындау;
"е-mail бойынша
статистикалық
есептілікті жинау"
АЖ-і іске қосуға
автоматтандыру
объектілерін
дайындау.

Жыл бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің статистикалық және талдамалы ақпаратын бiрыңғай Интернет-портал арқылы тарату", "Әлеуметтiк статистикаға арналған тiркелiм", "Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету", "Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі", "е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау" ақпараттық кіші жүйелерін құруды қамтамасыз ету.
      Түпкілікті нәтиже: статистикалық ақпарат пайдаланушыларын электрондық түрде статистикалық ақпаратпен жедел қамтамасыз ету, деректерді жинау, өңдеу және тарату тәртібін автоматтандыру есебінен статистикалық деректер сапасын арттыру (деректерді жаңартуды толық және өз уақтысында қамтамасыз ету), жиналатын статистикалық ақпараттың түрлерін көбейту, статистикалық ақпараттың жедел өңделуі.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық және өңірлік деңгейдегі ақпараттық жүйелерді біріктіретін "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі мен оның аумақтық бөлімшелерінің статистикалық және талдамалы ақпаратын бірыңғай Интернет-портал арқылы тарату" ақпараттық кіші жүйені әзірлеу, мемлекеттік органдар сияқты, барлық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға да тапсырыстарды орындау мен жауаптардың дайындалуын уақытылы жүзеге асырылуына көмектеседі.
      "Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесін құру үй шаруашылықтары мен олардың тұрғын үй жағдайына тікелей немесе жанама қатысы бар бастапқы деректерді жинау, өңдеу және тарату жөніндегі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру үй шаруашылықтарын іріктеуді оңтайландыруға жағдай жасайды. Қазіргі уақытта үй шаруашылықтарын зерттеуге жұмсалатын шығын 155 млн. теңгені құрайды. Желіні 30%-ға қысқарту арқылы жылына 50 млн. теңге үнемдеуге болады. Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдардың шығындары да қысқарады, себебі олар "Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесіне кіру мүмкіндігіне ие болады (Қазақстан Республикасы бойынша 17 млн. теңгеге). "Әлеуметтік статистикаға арналған тіркелім" ақпараттық кіші жүйесін кезекті ұлттық халық санағында пайдаланудың нәтижесі 300 млн. теңгені құрайды, өйткені 50 мың есепші 15 мың теңге айлықақымен 4 айдан аз жұмыс істейтін болады.
      "Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету" ақпараттық кіші жүйесін құру бастапқы статистикалық ақпаратты терең қайта өңдеуді жүзеге асыруға және ақпараттық-талдамалы міндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкіндік береді. Қосымша статистикалық байқаулар жүргізуге жұмсалатын шығындардың болжалды жиынтық қысқаруы "Бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау және қамтамасыз ету", ақпараттық кіші жүйесін пайдалану алғашқы үш жылда (2008-2010жж.) 322,4 млн.теңгені құрайды. "Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық кіші жүйені құруға 211,625 млн. теңге жұмсалатын болса, мемлекеттік бюджет қаражатының қорытынды үнемділігі 110,7 млн. теңгені құрайды.
      "Статистикалық сыныптамалар жүйесінде өзгерістер есебі" ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: мемлекеттік статистиканы "электронды үкімет" жүйесіне біріктіруге, барлық мемлекеттік органдарда бар барлық анықтама мен сыныптамалардың республикалық қорын құруға, деректерді өңдеудің статистикалық үдерісінің тиімділігін арттыруға, деректердің салыстырымдылығын қамтамасыз етуге, халықаралық сыныптамаларды жаңа жүйесін енгізуге, тыстағы пайдаланушылар үшін сыныптамаларды таратуға мүмкіндік береді.
      "е-mail бойынша статистикалық есептілікті жинау" ақпараттық кіші жүйесін құру келесі міндеттерді шешуге: қазіргі заманғы қағазсыз технологиялар негізінде (электронды тасымалдағыштар, электронды пошта және Интернет арқылы он-лайн тәртібінде деректерді жинау) бастапқы статистикалық деректердің жедел және сапалы жинауын қамтамасыз етуге (жылына 1 200 мың есептерден көп), статистика органдарына Интернет арқылы статистикалық есептіліктің Wed-форма бланкісі арқылы деректерді енгізу мүмкіндігі есебінен немесе байланыс каналдары бойынша электронды түрде статистикалық есептілікті беру арқылы электронды деректерді тез және тиімді ұсыну үшін респонденттердің жағдайын жақсартуға, бастапқы есептілік деректерін енгізу және бақылау бойынша жұмыстарды қолмен жүзеге асыратын статистиктердің санын (50%-ға) қысқарту есебінен, сондай-ақ, бастапқы есептілік қағаз бланкілерінің шығарылуына қаражатты үнемдеу есебінен, деректерді жинау және өңдеуге шығыстарды төмендетуге, ақпаратты қорғаудың қазіргі заманғы сертификациялау қаражаттарының пайдалануымен қабылданатын және берілетін ақпараттың автоматтандырылған қорғауға мүмкіндік береді.
      Уақыттылық: Іс-шаралардың белгіленген іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
      Сапасы: осы жоба Қазақстан Республикасы мемлекеттік стандарттардың автоматтандырылған жүйелері талаптарына сай.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына       
382-ҚОСЫМША      

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 41377 мың теңге (қырық бір миллион үш жүз жетпiс  жеті мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы ; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi Заңы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттардың ұлттық деңгейге бейiмделген әдiснамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : статистиканың әр түрлi салаларында әдiснамалар әзiрлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004


Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми  зерттеулер

Мемлекеттік
статистиканы құру
әдіснамасы саласындағы
13 тақырып бойынша
ғылыми зерттеулерді
жүргізу, оның ішінде:
1. Бірыңғай ақпараттық
статистикалық жүйе
үшін әдістемелік
деректердің жүйесін
әзірлеу;
2. Еңбек рыногының
көрсеткіштерін
ұлғайту жөніндегі
ғылыми негізделген
жолдарды әзірлеу;
3. Макроэкономикалық
статистика саласындағы
ғылыми-зерттеу
жұмыстары;
4. Дүниежүзілік
тәжірибеге сәйкес
жасалған мәмілелер
бойынша экспорттық-
импорттық жеткізілімдердің
бағаларын зерттеудің
ғылыми негіздерін
әзірлеу;
5. Инфляция
параметрлерін бағалау
саласындағы ғылыми
зерттеулер:
инфляциялық
үдерістердің
импорттық құрамдас
бөлігі, оны бағалау
үшін модель құрастыру
және оның инфляцияға
үлесін (әсерін)
анықтаудың ғылыми
әдістерін құру;
6. Қазақстандағы
заңсыз қызметті
өлшеуге ғылыми-әдіснамалық
жолдарды дайындау;
7. Ғылыми-әдіснамалық
жолдарды әзірлеу және
экономиканың ағымдағы
дамуын бағалау үшін
көрсеткіштерді құру;
8. Үй шаруашылықтары
туралы деректердің
моделдеу жолдары.
Өңірлік (аудандық)
деңгейлердегі халық
кедейлігінің картасын
құрастыру;
9. Макроэкономикалық
статистика саласындағы
ғылыми зерттеулерді
жүргізу, отандық
компаниялардың даму
бағдарламалары шегінде
түрлі салалардағы
кәсіпорындардың
қызметін талдау және
есеп жүргізу үшін
ғылыми базасын әзірлеу;
10. Шағын кәсіпкерлік
бойынша ақпараттық
ресурстарды дамыту
үшін ғылыми базасын
әзірлеу;
11. Өмір құнының
индексін құру үшін
ғылыми негізделген
жолдарды әзірлеу;
12. Ақпараттық қоғам
статистикасының
ғылыми негізін құру;
13. Материалдық және
материалдық емес
өндірілмеген активтер
құнының бағалауына
ғылыми негізделген
жолдарды әзірлеу.

Жыл бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы Статистика
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 13 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жаңа құралдарды енгізуге, статистикалық деректердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейде салыстырымдылығын арттыруға мүмкiндiк туғызатын болады.
Түпкi нәтиже: ғылыми негiзделген, соның iшінде халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесiне көшу, салалық статистика мен ұлттық шоттар жүйесінің статистикалық көрсеткiштерiн енгiзу және жетiлдiру бойынша, Мемлекеттік статистикалық тіркелім және статистикалық деректерді тарату үшін әдістемелік деректерді әзірлеу бойынша әдiстемелер жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бiр тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 3182,8 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: орындалған iс-шараларды белгiленген мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: әдiснамалық әзiрлемелер халықаралық стандарттарды енгiзудi және олардың ұлттық деңгейге бейiмделуiн жеделдетедi, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi, мемлекеттiк басқару органдарын, сондай-ақ қалың жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз етудi жақсартады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1224 қаулысына     
383-ҚОСЫМША      

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 261320 мың теңге (екі жүз алпыс бір миллион үш жүз жиырма мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы ; "Агpoөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi Заңы ; "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында бiрінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830 қаулысы ; "Республикалық бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясын құру, Қазақстан Республикасында Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі 2005-2008  жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 247 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1119 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері : pеспубликалық бюджеттiң қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің негiзгi сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 1) барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлер туралы анық қорытынды деректер алу;
2) қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету;
3) ауыл шаруашылығы санақ деректерiнің қоры негiзiнде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты актуализациялау;
4) жиналған статистикалық деректердi сапалы өңдеу мен талдау, оларға барлық ақпарат алушылардың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

005


Ауыл
шаруашы-
лығы
санағын
жүргiзу

Ауыл шаруашылығы
санақ аралығындағы
кезеңдерде бағалауды
әзiрлеу кезiнде
базистiк шама ретiнде
пайдаланылатын ауыл
шаруашылығының
негізгі сипаттамалары
бойынша жиынтық
деректер алу;
бақылау объектілерінің
бас жиынтығын келесі
ауыл шаруашылығы
іріктемелі
зерттеулерін жүргізу
үшін әзірлеу;
шағын шаруашылық
субъектілер (жеке
тұлғалар) және
құрылымдық шаруа
нышандарын топтастыру
туралы деректерді алу;
ауыл шаруашылығы
санағының екiншi кезеңiн өткiзу;
бiрiншi және екiншi кезеңдерден алынған деректердi өңдеу және жариялау.

Жыл
бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы Статистика
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының соңғы деректерін жариялау.
Түпкi нәтиже: "ауыл шаруашылығы" саласын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер алу:
инфраструктура, жер алаңы, ауыл шаруашылығы дақылдарын егу алаңы, олардың сұрыпты құрамы, ауыл шаруашылығы малдарының саны, олардың жыныс-жас және тұқымдық құрамы, ауыл шаруашылығы малдары мен құстарын ұстауға арналған қора-жайлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, машина-трактор станциялары, жөндеу шеберханалары және басқалары, мал шаруашылығы кешендері мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы өнімдері мен мұнай өнімдерін сақтауға арналған құрылыстар, ғимараттар және тоңазытқыштар, ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кішігірім цехтар;
      ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша бастапқы деректерді алу, сондай-ақ кейінгі ауыл шаруашылығының іріктемелі зерттеулерін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндірушілердің негізгі жиынтығын құру.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының дерекқоры ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзірлеу кезінде базистік шама ретінде және статистикалық тіркелімді, ауыл шаруашылығы құралымдарының тіркелімін актуализациялау үшін пайдаланылатын болады.
      Уақтылығы: іс-шараларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес жыл бойына.
      Сапасы: елдің азық-түлік ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің әрбір санаттары рөлінің даму жағдайы мен үрдістері туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкіндігі бар.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
384-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Ұлттық санақ өткізу"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 2634189 мың теңге (екі миллиард алты жүз отыз төрт миллион бір жүз сексен тоғыз мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы ; "2009 жылғы Қазақстан Республикасы  халқының ұлттық санағы туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 1138 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : 2009 жылы кезекті халықтың ұлттық санағына дайындық кезеңі жұмыстары іс-шараларының толық кешенін жүргізу.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : негізгі халық санағын өткізу механизмін егжей-тегжейлі зерделеу және талдау, ұйымдастыру-әдіснамалық жұмыстарда пайда болған кемшіліктерді бағалау және түзетулер жүргізу және 2009 жылғы негізгі халық санағының бағдарламасына барлық қажетті түзетулерді енгізу.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006


Ұлттық
санақ
өткізу

1. Халықтың санағы
материалдарын сынап
көру.
2. 2009 жылғы негізгі
санаққа жұмыстардың
дайындық кезеңінің
іс-шаралары кешенін
жүргізу.
3. Облыстық департа-
менттер құрамындағы
аудандық және облыстық
маңызы бар қалалардың
статистика бөлімдері
үшін автокөлік құрал-
дарын сатып алу

Жыл бойына

Қазақстан Респуб-
ликасы Статистика агенттігі

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің
2008.12.23 N 1227 Қаулысымен.

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: бағдарлама қосымшасын жүзеге асыру нәтижесінде халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы болатын халықтың негізгі санағына жұмыстардың дайындық кезеңінің іс-шаралары кешенін жүргізу материалдары, ғалым-демографтардың және басқа да мамандардың ескертулері мен ұсыныстары, халықаралық ұйымдардың тәжірибесі мен ұсыныстары есебімен, 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне пайдаланылады. Бұл санақтың барысында барлық аймақтар бойынша деректер алынады, бұлар: жасы мен жынысы, некеге отыру жағдайы, ұлттық құрамы, білім деңгейі, үй шаруашылықтарының мөлшері және саны, тілдерді білу деңгейі, жұмыспен қамтылу және басқа да деректер.
      Қорытынды нәтиже: 1) халық санағы материалдарын сынап көру жүргізгенде халықтың негізгі санағын жүргізудің барлық механизмін егжей-тегжейлі зерделеу мен талдау, ғалымдармен, ведомстволар және министрліктер мамандарымен және басқа да ақпаратты пайдаланушылармен талдаудан кейін 2009 жылғы негізгі санақтың өткізілуіне бағдарламаларды пысықтау. 2) картографиялық материалдарды: аудандар мен тұрғылықты жерлердің схемалық жоспарларын дайындау. 3) халықтың толық есебін анықтау үшін бақылау құжаты болып табылатын тұрғын жерлердегі үйлердің тізімін алу; 4) құрылған тұрғын жерлердегі үйлердің тізімі негізінде халық санағын өткізудің ұйымдастыру жоспарын құрастыру, аудандар мен тұрғылықты жерлердің аймақтарын санақ телімдеріне бөлу; санақ бөлімдері; нұсқаушылар тізімі, есеп телімдері. 5) санақ қызметкерлерінің қажетті санын, үй-жай мен автокөлікке қажеттіліктерді анықтау.
      Қаржы-экономикалық нәтиже: кіші бағдарламаларды орындау негізгі халық санағын өткізуге жұмсалатын нақты қаржы шығыстарын анықтау және оның өткізілуіне республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді пайдалану бөлігінде негізгі халық санағы өткізілуінің тиімді ұйымдастырудың маңызды элементі.
      Уақытылылық: жыл бойына іс-шараларды жүзеге асыру мерзіміне сәйкес.
      Сапа: халық санағы материалдарын сынап көру және 2009 жылы жүргізілетін негізгі санаққа жұмыстардың дайындық кезеңі шаралар кешені материалдарын уақытылы және сапалы алу халықтың негізгі санағының әлемдік стандарттарға сәйкес жоғары сапалы деңгейде өткізілуін қамтамасыз етеді.
      Ұйымдастыру жоспарларын уақытылы және сапалы құру - халықтың негізгі санағын жүргізу кезінде халықтың сапалы және дәл есебін анықтайтын санақ аудандастыруын жүргізуге, сондай-ақ, санақ қызметкерлерінің қажетті санын анықтауға, олардың арасындағы жұмыстарды тең бөлу және оларды санақ учаскелері бойынша дұрыс орналастыру, санақ бөлімдері үшін үй-жай, нұсқаушы учаскелерін және автокөлік қажеттіліктерін анықтауға негіз болады.

      Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2007 жылғы 12 желтоқсандағы  
N 1224 қаулысына       
385-ҚОСЫМША      

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2008 жылға арналған
"Электрондық үкiмет шеңберiнде адами капиталды дамыту"
деген 116 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

      1. Құны : 14840 мың теңге (он төрт миллион сегіз жүз қырық  мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңы ; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету Ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетілдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71 қаулысы ; "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995 қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : халықтың компьютерлiк сауатсыздығын жою.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : халықтың компьютерлiк сауаттылық деңгейiн және Интернет-ресурстарын пайдалану дәрежесін анықтау.
      6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағ-
дар-
лама
коды

Бағдар-
ламаның
(кіші
бағдар-
ламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

116


Элект-
рондық
үкiмет
шеңбе-
рiнде
адами
капитал-
ды дамыту

Ақпараттық қоғамның
қазіргі статистикасын
құру бойынша зерттеу
жұмыстарын жүргізу.
Халықтың компьютерлік
сауаттылық деңгейін
және Интернет-ресурс-
тарын пайдалану
дәрежесін, сәйкес
ақпараттың жасалған
әдістердің пайдалануы-
мен Интернет пайдала-
нушылар категориясын,
халықтың компьютерлік
сауаттылығын көрсету
серпінін және нәтиже-
лерін талдау.
Халықтың компьютерлік
сауаттылық және
Интернет пайдаланушы-
ларының көрсеткіштерін
ҚР Статистика агентті-
гінің Статистикалық
жылнамасына жариялау.

Жыл бойы

Қазақстан Респуб-
ликасы
Статистика
агенттігі

      7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: статистиканың жаңа саласын - ақпараттық қоғам статистикасын құру.
Түпкілікті нәтиже: Интернет желісін пайдаланушылардың негізгі көрсеткіштері мониторингін жүргізу: пайдаланушылардың жалпы саны тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, қала және ауылға бөлінген облыстар бойынша;
      ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткізу (компьютерді және Интернетті пайдалану орны және жиілігі);
      Интернет пайдаланушыларын жыныс-жас сипаттамасы бойынша бөлу;
      пайдаланушыларды білім деңгейі және компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша бөлу;
      негізгі қол жеткізу пункттері және желіге қосылу үшін пайдаланылатын жабдық;
      Интернет желісін пайдаланудың негізгі мақсаттары және Интернет желісіндегі ең көп талап етілетін қызметтер;
      Интернет-коммерция көрсеткіштері (Интернет арқылы тапсырыс берілген қызметтер мен тауарлардың құрылымы);
      Интернетті пайдалану кезінде туындайтын негізгі проблемалар.
      Қаржы-экономикалық тиімділік: компьютерлік сауаттылық деңгейін анықтау және халықты Интернет қызметімен қамтамасыз ету. Бұл зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отыр.
      Уақтылығы: жыл бойы шараларды іске асыру мерзіміне сәйкес.
      Сапасы: ұйғарынды ақпарат 21 000 үй шаруашылықтарын зерттеу барысында алынған бастапқы ақпаратты қорытындылау және тарату негізінде қалыптастырылады.