Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.05.07. N 659 Қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1367 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін, түпкі нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқарудың тиімді әдістерін енгізу мақсатында әзірленді және мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің (бұдан әрі - қызметшілер) жұмыс сапасына бағалау жүргізудің тәртібін айқындайды.
2. Қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау нәтижелері қызметшілерге сыйлық беру , үстемеақы көлемін белгілеу, көтермелеу , оларға бұрын берілген тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау , қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін арттыруға жіберу үшін негіз бола алады.
3. Қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау тоқсанына бір рет жүргізіледі.
2. Жұмыс сапасына бағалау жүргізуге дайындықты ұйымдастыру
4. Жұмыс сапасына бағалау жүргізуге дайындықты бағалануы тиіс қызметшіні лауазымға тағайындауға және лауазымынан босатуға құқығы бар адамның тапсырмасы бойынша мемлекеттік органның кадр қызметі ұйымдастырады.
Орталық атқарушы органда қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау мәселесін еңбек қатынастарының мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған қызметшілерді қоспағанда, орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе
белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға, ал орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе көрсетілген лауазымды тұлға болмаған жағдайда орталық атқарушы органның басшысы шешеді.
Бұл ретте орталық атқарушы органның жауапты хатшысы немесе
белгіленген
тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға орталық атқарушы органның басшысымен келісім бойынша орталық атқарушы органның департаменттері мен басқармалары басшыларының, органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары мен басшылары орынбасарларының жұмыс сапасын бағалау мәселелерін шешеді.
Жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар лауазымға тағайындайтын және лауазымдардан босататын орталық атқарушы орган қызметшілерінің жұмыс сапасын бағалау мәселелерін жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар шешеді.
5. Жұмыс сапасына бағалау жүргізуге дайындық мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) бағалануы тиіс адамдарға қажетті құжаттарды дайындау;
2) жұмыс сапасына бағалау жүргізу күнін белгілеу;
3) жұмыс сапасына бағалау жүргізетін адамдарды оқыту;
4) жұмыс сапасын бағалау нәтижелеріне шағым жасау жөніндегі комиссия құрамын айқындау.
6. Осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген адамдар кадр қызметінің ұсынуы бойынша бағалануы тиіс адамдардың тізімін, жұмыс сапасына бағалау жүргізу күнін және жұмыс сапасын бағалау нәтижелеріне шағым жасау жөніндегі комиссияның құрамын бекітетін бұйрықтар шығарады.
3. Жұмыс сапасына бағалау жүргізу
7. Жұмыс сапасын бағалау өлшемі қызметшілердің атқарып отырған лауазымдарының деңгейлеріне байланысты осы Ережеде белгіленеді.
8. Қызметшінің жұмыс сапасын бағалау бағалау парағы негізінде 10 баллдық шәкіл бойынша жүзеге асырылады.
9. Басшы лауазымды (мемлекеттік органдарда немесе олардың
құрылымдық бөлімшелерінде басшылық немесе олардың орынбасарлары
лауазымдарын) атқарып отырған қызметшінің жұмыс сапасын бағалау кезінде мыналар негізгі өлшемдер болып табылады:
1) шешім қабылдай білуі және қабылдаған шешімге жауапкершілігі;
2) бөлімше қызметкерлерінің басшылықтың тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттарды және заңнама талаптарын орындауын тиімді бақылауды қамтамасыз етуі;
3) жұмыста білімдерін қолдануы (кәсіптік білімі мен дағдыларының деңгейі және бөлімшенің функционалдық міндеттері мен мақсаттарын орындауда оларды қолдану дәрежесі);
4) олардың еңбек тәртібін, қызметтік этика нормаларын, мемлекеттік органның ішкі тәртібін сақтауы;
5) персоналды басқаруы, жұмысқа уәждемесі (басшының ұжымды басқара білуі, қызметкерлерді уәждемелеуі, оларды жұмысқа тартуы, ұжымда жайлы моральдық-психологиялық климат жасауы және қызметкерлердің кәсіптік дамуына ықпал етуі бағаланады);
6) бастамашылдығы және жұмысқа шығармашылық ұстанымы (талдамалық қабілеті және инновациялық ойлау қабілеті, бастаманы қолдау қабілеті бағаланады);
7) ынтымақтастыққа қабілеті (мемлекеттік органның жалпы мақсаттары мен стратегияларына қол жеткізу үшін қызметтің келісімділігі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету мен қолдау қабілеті бағаланады).
10. Басшы емес лауазымдағы емес қызметшінің жұмыс сапасын бағалау кезінде мыналар негізгі өлшемдер болып табылады:
1) орындалатын жұмыстың көлемі (тапсырылған жұмыс саны мен осы жұмыстың күрделілігінің деңгейі бағаланады);
2) орындалатын жұмыстың нәтижесі (орындалған жұмыстың сапасы, орындалған жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі, осы жұмыстың уақтылылығы мен еңбекті қажет етуі бағаланады);
3) олардың еңбек тәртібін,
қызметтік этика
нормаларын, мемлекеттік органның ішкі тәртібін сақтауы;
4) жұмыста білімдерін қолдануы (кәсіптік білімі мен дағдыларының деңгейі, функционалдық міндеттерін орындауда оларды қолдану дәрежесі);
5) бастамашылдығы және жұмысқа шығармашылық ұстанымы (функционалдық міндеттерін іске асыруда бастамашылдық көрсету дәрежесі, талдамалық қабілеті, жұмысқа шығармашылық ұстаным таныту қабілеті бағаланады);
6) ынтымақтастыққа қабілеті (жалпы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бөлімше қызметкерлері арасындағы, мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері арасындағы жұмыстың үйлесімдігін қамтамасыз ету мен қолдау қабілеті бағаланады).
11. Жұмыс сапасын бағалау парағын осы Ереженің 1 мен 2-қосымшаларына сәйкес қызметшінің тікелей басшысы толтырады және жоғары тұрған лауазымды тұлғалармен келісіледі.
12. Қызметшінің жұмыс сапасын бағалау жүргізген адам бағалау жүргізудің қорытындысы бойынша осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес сыйлық беру және/немесе лауазымдық жалақысына үстемеақының мөлшерін белгілеу жөнінде осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға ұсыныс енгізе алады.
13. Қызметшінің жұмыс сапасына бағалау жүргізген адам қызметшіні жұмыс сапасын бағалау нәтижелерімен оны жүргізгеннен кейін он жұмыс күні ішінде таныстыруы тиіс.
14. Қызметшінің жұмыс сапасын бағалау парағы, бағалауды жүргізу қорытындысы бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар, өзге де материалдар мемлекеттік органның кадр қызметіне жіберіледі.
15. Мемлекеттік органның кадр қызметі алынған материалдар негізінде оларды алғаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлғаларға қызметшілердің жұмыс сапасын бағалау нәтижесінде алынған баллдарға сәйкес рейтинг түрінде ақпарат береді. Рейтинг басшылық лауазымдарды атқаратын қызметшілер мен басшылыққа жатпайтын лауазымдарды атқаратын қызметшілер үшін бөлек әзірленеді.
16. Берілген ақпарат негізінде
Қазақстан
Республикасының
заңнамасына
сәйкес
осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген шешімдер
қабылдануы мүмкін.
4. Жұмыс сапасын бағалау нәтижелеріне шағым жасау жөніндегі комиссия
17. Қызметшілер жұмыс сапасын бағалау нәтижелерімен танысқан
күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның нәтижелерін Жұмыс сапасын бағалау нәтижелеріне шағым жасау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) шағымдана алады.
18. Комиссия осы Ереженің 4-тармағында көрсетілген тұлғаның бұйрығымен құрылады.
Комиссияның құрамы төрағаны қоса алғанда, үш адамнан кем болмауы тиіс. Комиссия мүшелері арасынан Комиссия төрағасы тағайындалады.
19. Мемлекеттік органның кадр қызметі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
20. Комиссия отырысының күн тәртібін, оларды өткізу уақыты мен орнын Комиссия мүшелерінің келісімімен Комиссия төрағасы белгілейді.
21. Комиссияның жұмыс органы Комиссия отырысында қаралатын мәселелер жөніндегі қажетті құжаттар мен материалдарды Комиссияның қарауына ұсынады, отырыстың хаттамасын ресімдейді.
22. Комиссия отырысына қызметші, қызметшінің жұмыс сапасын бағалауды жүргізген адам, сондай-ақ өзге мүдделі адамдар шақырылады.
23. Комиссия шешімі ашық дауыс беру жолымен қабылданады және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
Конкурс комиссиясының шешімі егер отырысқа оның құрамының кемінде 2/3 бөлігі қатысса, заңды деп есептеледі.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірге құқығы бар, оны айтқан жағдайда жазбаша түрде жазылып, хаттамаға қоса берілуі тиіс.
24. Комиссия шешімі төраға мен ол отырысқа қатысқан Комиссия мүшелерінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді.
25. Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мынадай шешімдер шығарады:
1) қызметшінің жұмыс сапасына бағалау жүргізген адамға оны қайта жүргізуге және қайта бағалау нәтижелерін Комиссия қарауына енгізуге ұсыным беру;
2) қызметшінің жұмыс сапасын бағалаудың нәтижелерін өзгеріссіз қалдыру.
26. Қызметшінің жұмыс сапасына бағалау жүргізген адам Комиссия ұсынымымен келіспеуі мүмкін, ол туралы Комиссия хаттамасына жазба түсіріледі.
Бұл жағдайда Комиссия мемлекеттік органның кадр қызметін хабардар етеді және бұл ақпарат осы Ереженің 2-тармағына сәйкес шешімдер қабылдауда ескерілуі тиіс.
Басшылық лауазымды атқарып отырған мемлекеттік
әкімшілік қызметшінің жұмыс сапасын бағалау парағы
Т.А.Ә. _____________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
Құрылымдық бөлімшесі________________________________________________
Бағалау кезеңі______________________________________________________
Атқарып отырған лауазымдағы жұмыс өтілі_____________________________
1. Шешім қабылдай білуі және қабылданған шешімге жауапкершілігі
Басшыда пробле-
|
Басшы талдау
|
Басшы алдағы
|
Басшы шешім қа-
|
||||
1-2 балл |
3-4
|
5 балл |
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі _____________
2. Бөлімше қызметкерлерінің басшылықтың тапсырмаларын, бағдарламалық құжаттарды және заңнама талаптарын орындауын тиімді бақылауды қамтамасыз етуі
Басшы тарапынан
|
Функционалдық
|
Функционалдық мін-
|
Бөлімше алға
|
||||
1-2 балл |
3-4
|
5 балл |
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9
|
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі____________________
3. Жұмыста білімдерін қолдануы (кәсіптік білімі мен дағдыларының деңгейі және бөлімшенің функционалдық міндеттері мен мақсаттарын орындауда оларды қолдану дәрежесі)
Басшыға бөлімше-
|
Басшы бөлімше-
|
Басшы күрде-
|
Басшы айрықша
|
||||
1-2 балл |
3-4
|
5 балл |
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі________________
4. Олардың еңбек тәртібін, қызметтік этикасы нормаларын, мемлекеттік органның ішкі тәртібін сақтауы
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі_____________________
5. Персоналды басқаруы, жұмысқа уәждемесі (басшының ұжымды басқара білуі, қызметкерлерді уәждемелеуі, оларды жұмысқа тартуы, ұжымда жайлы моральдық-психологиялық климат жасауы және қызметкерлердің кәсіптік дамуына ықпал етуі бағаланады)
Басшы бағы-
|
Басшы бөлім-
|
Басшы персо-
|
Басшы қызметкерлерінің
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі____________________
6. Бастамашылдығы және жұмысқа шығармашылық ұстанымы (талдамалық қабілеті және инновациялық ойлау қабілеті, бастаманы қолдау қабілеті бағаланады)
Басшы өз қызме-
|
Басшы жаңа-
|
Басшы жаңа тә-
|
Басшы бөлімшенің
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі_________________
7. Ынтымақтастыққа қабілеті (мемлекеттік органның жалпы мақсаттары мен стратегияларына қол жеткізу үшін қызметтің келісімдігі мен үйлесімдігін қамтамасыз ету және қолдану қабілеті бағаланады)
Басшы бөлім-
|
Басшы қарым-
|
Басшы күшті
|
Басшы
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі____________________
Бағаланатын параметрлер |
Сал-
|
Қой-
|
Қоры-
|
Келіспеу-
|
Келіс-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Шешім қабылдай білуі және қабылдаған шешімге жауапкершілігі |
0,25 |
|
|
|
|
Бөлімше қызметкерлерінің
|
0,25 |
|
|
|
|
Жұмыста білімдерін
|
0,15 |
|
|
|
|
Олардың еңбек тәртібін,
|
0,15 |
|
|
|
|
Персоналды басқаруы,
|
0,15 |
|
|
|
|
Бастамашылдығы және
|
0,1 |
|
|
|
|
Ынтымақтастыққа қабілеті |
0,1 |
|
|
|
|
Жиыны (бағандар бойынша
|
|
|
|
|
|
* 5,75 баллдан төмен - қанағаттанарлықсыз; 5,75 және одан жоғары - қанағаттанарлық; 10,35 және одан жоғары - тиімді
Бағалауды жүргізген басшы:
Т.А.Ә. _____________________________________
Лауазымы _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Келісілді:
Т.А.Ә. _____________________________________
Лауазымы _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Т.А.Ә. _____________________________________
Лауазымы _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Бағалау нәтижелерімен таныстым:
Т.А.Ә. _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Келіспеген жағдайда негіздеме:
_______________________________________________
Комиссияның шешімі: ___________________________
Хаттаманың N __________Күні_____________
Басшы емес лауазымды атқаратын мемлекеттік
әкімшілік қызметшінің жұмыс сапасын бағалау парағы
Т.А.Ә. _____________________________________________________________
Лауазымы ___________________________________________________________
Құрылымдық бөлімшесі________________________________________________
Бағалау кезеңі______________________________________________________
Атқарып отырған лауазымдағы жұмыс өтілі_____________________________
1. Орындалатын жұмыстың көлемі (тапсырылған жұмыс саны мен осы жұмыстың күрделілігінің деңгейі бағаланады)
Қызметкерге
|
Қызметкердің
|
Қызметкерге
|
Қызметкер мәсе-
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі________________
2. Орындалатын жұмыстың нәтижесі (орындалған жұмыстың сапасы, орындалған жұмыстың қойылатын талаптарға сәйкестігі, осы жұмыстың уақтылығы мен еңбекті қажет етуі бағаланады)
Қызметкер жұ-
|
Қызметкерде
|
Қызметкердің жұмыс
|
Қызметкер жұ-
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6 балл |
7 балл |
8 балл |
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі_________________
3. Олардың еңбек тәртібін, қызметтік этика нормаларын, мемлекеттік органның ішкі тәртібін сақтауы
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
Мемлекеттік
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі________________
4. Жұмыста білімдерін қолдануы (кәсіптік білімі мен дағдыларының деңгейі, функционалдық міндеттерін орындауда оларды қолдану дәрежесі)
Қызметкер оқуға
|
Қызметкер өз
|
Қызметкер өзі-
|
Қызметкер өз
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі__________________
5. Бастамашылдығы және жұмысқа шығармашылық ұстанымы (талдамалық қабілеті және инновациялық ойлау қабілеті, бастаманы қолдау қабілеті бағаланады)
Қызметкер жұмысқа
|
Қызметкердің
|
Қызметкер қо-
|
Қызметкер өз
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі____________________
6. Ынтымақтастыққа қабілеті (жалпы мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін бөлімше қызметкерлері арасындағы, мемлекеттік органның басқа құрылымдық бөлімшелері арасындағы жұмыстың үйлесімдігін қамтамасыз ету мен қолдау қабілеті бағаланады)
Қызметкерде
|
Қызметкер тек өз
|
Қызметкер өз
|
Қызметкер
|
||||
1-2
|
3-4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9 балл |
10 балл |
Қойылған балл көрсетіледі__________________
Бағаланатын параметрлер |
Сал-
|
Қой-
|
Қоры-
|
Келіспеу-
|
Келіс-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Орындалатын жұмыстың көлемі |
0,2 |
|
|
|
|
Орындалатын жұмыстың нәтижесі |
0,2 |
|
|
|
|
Олардың еңбек тәртібін,
|
0,15 |
|
|
|
|
Жұмыста білімдерін қолдануы |
0,1 |
|
|
|
|
Бастамашылдығы және жұмысқа шығармашылық ұстанымы |
0,1 |
|
|
|
|
Ынтымақтастыққа қабілеті |
0,1 |
|
|
|
|
Жиыны (бағандар бойынша мәндер сомасы) |
|
|
|
|
|
* 4,25 баллдан төмен - қанағаттанарлықсыз; 4,25 және одан жоғары - қанағаттанарлық; 7,65 және одан жоғары - тиімді
Бағалауды жүргізген басшы:
Т.А.Ә. _____________________________________
Лауазымы _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Келісілді:
Т.А.Ә. _____________________________________
Лауазымы _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Т.А.Ә. _____________________________________
Лауазымы _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Бағалау нәтижелерімен таныстым:
Т.А.Ә. _____________________________________
Қолы _________________Күні________________
Келіспеген жағдайда негіздеме:
_______________________________________________
Комиссияның шешімі: ___________________________
Хаттаманың N __________Күні_____________
Бекітемін:
Мемлекеттік органның
басшысы/Жауапты хатшысы
_________(тегі, аты-жөні)
"___"_________ 200_ жыл
Сыйлық беру және/немесе лауазымдық жалақысына үстемақының
мөлшерін белгілеуге арналған
ұсыныс
200_жылға "___"_____________________________________________бастап
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты) (лауазымы)
____________________________________________________________________
(бөлімшенің атауы)
тағайындауды сұраймын.
Қорытынды балл __________________
(санмен)
Үстемақының және/немесе сыйлықтың мөлшері
____________________________________________________________________
(теңгеде санмен немесе лауазымдық жалақыға %)
Бөлімше басшысы ____________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Келісілді:
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
____________________________________________________________________
(қолы) (тегі, аты-жөні)
Таныстым____________________________________________________________
(қызметкердің қолы)
Ескертпе: ұсынысты тіркеу - түскен, тапсырылған күндері (шығыс, кіріс нөмірлері) кадр қызметі жүргізеді