Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 25 мамырдағы N 477. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14. N 807 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.14.  N 807  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қоса берiлiп отырған: 
      Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары туралы ереже; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже бекiтiлсiн. 

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 

      3. Мыналардың: 
      "Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлығы туралы ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 7 қазандағы N 834 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., N 38, 577-құжат); 
      "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 77 қазандағы N 834 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 31 қазандағы N 1412 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 33, 429-құжат); 
      "Қазақстан Республикасының Үкiметi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комитетiнiң құрамы мен төралқасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 тамыздағы N 1003  қаулысының  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 33, 315-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1998 жылғы 25 мамырдағы      
N 477 қаулысымен        
бекiтiлген           

            Қазақстан Республикасының ғылым, техника
           және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк
                  сыйлықтары туралы ереже

        1. Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлық) Қазақстан Республикасының азаматтарына: 
      республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуын айтарлықтай жеделдетуге және қазақстандық ғылым мен техниканы әлемдегi озық жетiстiктердiң деңгейiне көтерiлуiне жеткiзетiн iргелi және қолданбалы зерттеулер саласындағы аса үздiк нәтижелер үшiн; 
      қоғамға кеңiнен танылған ғылыми ашылымдар, монографиялар, сондай-ақ бiр саладағы бiрқатар ғылыми жұмыстар үшiн; 
      техниканың, материалдардың және технологиялардың жаңа түрлерiн әлемдiк үлгiлер деңгейiнде және одан жоғары өндiрудi әзiрлегенi және ұйымдастырғаны үшiн; 
      мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар экономиканың әр түрлі салаларында мүлдем жаңа бұйымдар, технологиялық процестер әзірлегені және жасағаны үшін; 
      республика үшiн жоғары бiлiктi мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауға жәрдемдесетiн республиканың бiлiм жүйесiнiң барлық сатыларына арналған оқулықтар үшiн берiледi. 
       Ескерту. 1-тармақ толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966  қаулысымен.  

      2. Мемлекеттiк сыйлықтар Республика күнi қарсаңында екi жылда бiр рет 6 сыйлық санында, оның ішінде біреуі мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыс үшін берiледi. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай бөлiгiнiң мөлшерiн олар берiлетiн жылы және республикалық бюджетте ғылым үшiн көзделген сомалардың шегiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. 
      Бланктер, дипломдар, құрметтi белгiлер дайындауға, Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстар сараптама және рецензиялау жүргiзуге байланысты шығыстар, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен ол iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстар Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi қаражатының есебiнен қаржыландырылады. <*>
      Бұрын Қазақстанның мемлекеттiк сыйлықтары мен Қазақстан Республикасының атаулы сыйлықтарына ие болған жұмыстар Мемлекеттiк сыйлық алу конкурсына қатысуға жiберiлмейдi. Жұмыс Мемлекеттiк сыйлық алуға екi реттен артық ұсынылмайды. 
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты жаңа жетiстiктерге қол жеткiзген кезде, бұл сыйлық, оның алдында көрсетiлген сыйлық берiлгеннен кейiн бес жылдан соң оған екiншi рет берiлуi мүмкiн. 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966   қаулысымен ,   2003.07.30. N 763   қаулысымен .

      3. Мемлекеттiк сыйлық алу үшiн ұсынылған ғылыми еңбектер жариялануы, оқулықтар республиканың бiлiм жүйесiнде кемiнде үш жыл бойы байқау-сынақтан өтуi, ал техникалардың, материалдардың жаңа технологиялардың жаңа түрлерi Мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынылған сәтке дейiн кемiнде екi жыл бойы өндiрiсте игерiлуi тиiс. 

      4. Жұмыстарды мемлекеттiк сыйлық алуға ұсынуды Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң алқалары, ғылыми және оқу орындарының және басқа да ұйымдардың, сондай-ақ кәсiпорындардың ғылыми, ғылыми-техникалық, ғалымдар кеңестерi жүргiзедi. Жұмыстарды Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм бұл органдардың қызметiне арналған регламенттермен және басқа да актiлермен, белгiленген тәртiпте қабылданады. 

      5. Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылғандардың ұжымы әдетте 8 адамнан аспауы тиiс. Мемлекеттiк сыйлықты алуға iзденушiлердiң көрсетiлген санын арттыруға Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссияның ұсынымы бойынша рұқсат етiледi. 
      Iзденушiлердiң ұжымына кандидаттар iрiктеу ұсынылатын жұмыс орындалған министрлiктерде, ғылыми және басқа да ұйымдарда, сондай-ақ кәсiпорындарда белгiленген тәртiпте, объективтi түрде жүргiзiледi. Бiр iзденушiлердiң кандидатурасы Мемлекеттiк сыйлыққа екi және одан да көп жұмыстар бойынша ұсынылына алмайды. Iзденушiлердiң ұжымына адамдарды тек лауазымдық және басқа белгiсi бойынша кiргiзуге жол берiлмейдi. 

      6. Мемлекеттiк сыйлықтар алуға сыйлықтар берiлетiн жылғы 1-ақпанға дейiн ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия қабылдайды. 
      Құжаттардың тiзбесi мен оларды ұсынылған жұмыстарға рәсiмдеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия қабылдайтын Ережемен айқындалады. 
      Мемлекеттiк сыйлықтарды ұсынуға жұмыстарды қабылдау туралы және алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жариялауды республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссия жүзеге асырады. 

      7. Комиссия Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды екi кезеңде қарайды. 
      Бiрiншi кезеңде (15 тамызға дейiн) жұмыстарды алдын ала iрiктеп алуды және iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтауды Комиссияның төралқасы жүзеге асырады. Комиссия мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа алдын ала iрiктеуден өткен жұмыстардың тiзiмiн қараудың екiншi кезеңiне дейiн кемiнде бiр ай бұрын, авторлары мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып, кеңiнен талқылау үшiн республикалық және жергiлiктi бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды. <*> 
      Қараудың екiншi кезеңiнiң қорытындылары бойынша Комиссия жұмыстарды Қазақстан Республикасының Үкiметiне Мемлекеттiк сыйлықтар беруге ұсынады. 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966  қаулысымен , 2003.07.30. N 763   қаулысымен .

      8. Комиссияның Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы ұсыныстары Қазақстан Республикасының Үкiметiне сыйлықтар берiлетiн жылғы 15 қыркүйекке дейiн ұсынылады. 

      9. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы Комиссияның ұсыныстарын Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтедi және Республика күнiнде баспасөзде жарияланады. 

      10. Мемлекеттiк сыйлыққа ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты" атағы берiледi әрi лауреаттың дипломы, куәлiгi, құрметтi белгiсi және сыйлықтың ақшалай бөлiгi тапсырылады. 

      11. Авторлар ұжымына Мемлекеттiк сыйлықтар берiлген кезде сыйлықтың ақшалай бөлiгi олардың арасында тең бөлiнедi. 

      12. Қайтыс болғаннан кейiн марапатталған, қайтыс болған Мемлекеттiк сыйлықтың лауреатының дипломы, құрметтi белгiсi және ақшалай сыйақысы оның мұрагерлерiне берiледi. 

Қазақстан Республикасы      
Үкiметiнiң           
1998 жылғы 25 мамырдағы     
N 477 қаулысымен        
бекiтiлген             

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы 
Қазақстан Республикасының ғылым, техника
және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк
сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы туралы ереже

        1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады және республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ғылыми қоғамдарының, оқу орындарының, кәсiпорындарының және басқа да ұйымдарының көрнектi ғалымдары мен iрi мамандарынан құралады. 
      Комиссияның құрамы мен оның төралқасын Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763   қаулысымен .  

      2. Комиссияға Қазақстан Республикасының ғылым, техника және бiлiм беру саласындағы мемлекеттiк сыйлықтарын (бұдан әрi - Мемлекеттiк сыйлықтар) алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау мен қарауды ұйымдастыру және Мемлекеттiк сыйлықтар беруге арналған ұсынымдар жүктеледi. 

      3. Комиссия өзiне жүктелген функцияларға сәйкес: 
      Мемлекеттiк сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдауды және қарауды жүргiзедi; 
      iзденушiнiң нақты шығармашылық үлесi бойынша оның мәлiмделген авторлыққа (тең авторлыққа) сәйкестiгiн анықтай отырып, Мемлекеттiк сыйлықтарды алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала iрiктеудi жүзеге асырады және мемлекеттік құпияларға жатқызылған мәліметтері бар жұмыстардан басқа бұл жұмыстардың тiзiмiн кең қоғамдық талқылау үшiн республикалық және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды; <*>
      Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарға түскен ұсыныстарға, ескертпелерге және пiкiрлерге талдау жүргiзедi; 
      Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне енгiзедi; 
      Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерiн және құрметтi белгiлерiн ресiмдейдi, лауреаттарға Мемлекеттiк сыйлықтардың ақшалай бөлiгiн төлеудi жүргiзедi; 
      бұқаралық ақпарат құралдарының Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының шығармашылық тәжiрибесi мен жетiстiктерiн таратуына жәрдемдеседi. 
       Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966  қаулысымен ,   2003.07.30. N 763   қаулысымен .

      4. Комиссияға: 
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын ала қарау үшiн секциялар, тұрақты немесе уақытша сараптық комиссиялар құруға. Секциялар мен сараптық комиссияларының жұмыс тәртiбi Комиссияның төралқасы бекiтетiн ережелермен белгiленедi; 
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ғылыми және тиiстi бейiндегi басқа да ұйымдарға сараптық қарауға жолдауға; 
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялауға көрнектi ғалымдар мен халық шаруашылығының iрi мамандарын тартуға; 
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды ұсыну мен сараптық қараудың белгiленген тәртiбiнiң сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыруға; 
      қаралатын жұмыстардың нәтижелерiмен жергiлiктi жерде танысу үшiн Комиссия мүшелерiн, сарапшыларды жiберуге құқық берiледi. 
      Комиссия Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарға сараптау жүргiзу мен рецензиялауға байланысты құжаттарды, сондай-ақ Комиссия мүшелерi мен бұл iске тартылған сарапшыларға iссапарлық шығыстарды Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне жiбередi. <*>
       Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.07.30. N 763   қаулысымен .

      5. Комиссияның жұмысына Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен төраға басқаратын төралқа басшылық етедi. 

      6. Жұмыстарды алдын ала iрiктеу туралы шешiмдi жұмыстарды қараудың және секциялардың ұсынымдарының негiзiнде қарапайым көпшiлiк дауыспен ашық дауыс беру арқылы Комиссияның төралқасы қабылдайды. Дауыстар тең болған жағдайда төрағаның дауысы шешушi болады. 

      7. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы шешiмдi Комиссия жасырын дауыспен қабылдайды. "Құпия" белгiсi бар жұмыстар бойынша жеке бір Мемлекеттік сыйлық беру туралы шешiмдi жасырын дауыспен құпия жұмыстар мен мәлiметтерге тиiстi нысандағы рұқсаты бар төралқа мүшелерi мен Комиссия мүшелерi қабылдайды. 
      Мемлекеттiк сыйлық мәжiлiске қатысып отырған комиссия мүшелерiнiң дауысы санының кемiнде 3/4 алған жұмысқа берiледi. 
      Комиссия мүшелерiнiң алты жұмыс бойынша ғана Мемлекеттiк сыйлық беру туралы оң шешiм шығаруға құқығы бар. 
      Егер, жасырын дауыс берудiң қорытындысы бойынша алты жұмыстан артық жұмысқа Мемлекеттiк сыйлықтар беруге шешiм қабылданса, онда Мемлекеттiк сыйлықтар ең көп дауыс санын жинаған алты авторға (авторлар ұжымдарына) берiледi. 
      Егер, дауыс берудiң қорытындысы бойынша алтыдан аз жұмыс қажеттi дауыс санын алса, мәжiлiске қатысқан Комиссия мүшелерiнiң дауысы санының 50% астамын алған жұмыстар үшiн қайталап дауыс берудi жүргiзуге рұқсат етiледi. 
      Комиссияның (төралқаның) мәжiлiсi оның құрамының кемiнде 2/3 болған кезде құқық күшi бар болып есептеледi.
      Комиссияның шешiмi хаттамамен ресiмделедi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.07.17. N 966  қаулысымен .  

      8. Комиссия мүшелерiнiң жұмыстары Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жағдайда олар комиссияның жұмыстарына қатыспайды.

      9. Комиссия мен оның төралқасының қызметiн Комиссияның жауапты хатшысы басқаратын хатшылық қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің      
1998 жылғы 25 мамырдағы           
N 477 қаулысына қосымша            

  Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Қазақстан Республикасының ғылым, техника және білім беру саласындағы  мемлекеттік сыйлықтары жөніндегі комиссиясының
 Құрамы 

       Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005.03.01. N  184 , 2005.07.22 N  768 , 2005.11.30. N  1176 , 2007.05.29. N  438  қаулыларымен.

                      Комиссия төралқасы:

Әйтімова                - Қазақстан Республикасының Бiлiм және
Бiрғаным Сарықызы         ғылым министрi, төрайым

Кравченко               - Қазақстан Республикасының Индустрия
Иван Михайлович           және сауда бiрiншi вице-министрi,
                          төрайымның орынбасары

Могильный               - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Валерий Валентинович      ғылым министрлiгi Ғылым департаментінің
                          директоры, жауапты хатшы

Әбдiмомынов             - Қазақстан Республикасының
Азамат Құрманбекұлы       Бiлiм және ғылым вице-министрi

Ақанов                  - Қазақстан Республикасының Денсаулық
Айқaн Ақанұлы             сақтау бiрiншi вице-министрi

Ерғожин                 - Қазақстан Республикасының Бiлiм
Едiл Ерғожаұлы            және ғылым министрлiгінің
                          Химия-технологиялық зерттеулер
                          орталығы А.Б.Бектұров атындағы Химия
                          ғылымдары институтының директоры

Жұмағұлов               - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Бақытжан Tұрсынұлы        инженерлiк академиясы" республикалық
                          қоғамдық бiрлестiгiнiң президентi
                          (келiсiм бойынша)

Жұрынов                 - "Қазақстан Республикасының Ұлттық
Мұрат Жұрынұлы            ғылым академиясы" республикалық
                          қоғамдық бiрлестiгiнің президентi
                          (келiсiм бойынша)

Қуанғанов               - Қазақстан Республикасы Премьер-
Фархад Шаймұратұлы        Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-
                          мәдени даму бөлiмiнiң меңгерушiсi

Сағадиев                - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Кенжеғали Әбенұлы         Мәжiлiсi Қаржы және бюджет комитетiнiң
                          төрағасы (келiсiм бойынша)
 
Бекжанов                - Қазақстан Республикасының Қоршаған
Жамбыл Лесбекұлы          ортаны қорғау вице-министрi

Байжанов                - Қазақстан Республикасының
Ерлан Сапарұлы            Мәдениет, ақпарат және спорт
                          бірінші вице-министрі

Евниев                  - Қазақстан Республикасының
Арман Қайратұлы           Ауыл шаруашылығы вице-министрі      

Комиссия мүшелерi:

Әбдiманапов             - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Сәрсенғали Әбдiғалиұлы    ғылым министрлігi Л.Н.Гумилев атындағы
                          Еуразия ұлттық университетiнің ректоры

Әбдiрәсiлов             - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Болатбек Серiкбайұлы      ғылым министрлiгi Бiлiм және ғылым
                          саласындағы қадағалау және аттестаттау
                          комитетiнің төрағасы

Арын                    - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Ерлан Мұхтарұлы           ғылым министрлiгi С.Торайғыров
                          атындағы Павлодар мемлекеттiк
                          университетiнің ректоры

Арзықұлов               - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Жеткерген Әнесұлы         сақтау министрлiгi Қазақ онкология
                          және радиология ғылыми-зерттеу
                          институтының директоры

Батырғажин              - Қазақстан Республикасы Премьер-
Азамат Байқуанышұлы       Министрінің Кеңсесi Әлеуметтік-мәдени
                          даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi

Бектұрғанов             - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Hұралы Сұлтанұлы          ғылым министрлiгi Химия-технологиялық
                          зерттеулер орталығының бас директоры

Березин                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Владимир Элеазарович      ғылым министрлiгi Микробиология және
                          вирусология институтының директоры

Берсiмбаев              - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Рахметқажы Ескендiрұлы    ғылым министрлігінің аппарат басшысы

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Уәлихан Қозыкеұлы         ғылым министрлiгi Оңтүстік Қазақстан
                          мемлекеттiк университетiнiң ректоры

Жүсіпов                 - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Әлихан Қазақбайұлы        сақтау министрлiгi Қазақ қардиология
                          және iшкi аурулар ғылыми-зерттеу
                          институтының директоры

Дүйсенбеков             - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Зайролла Дүйсенбекұлы     басқару агенттiгi Жер ресурстары және
                          жерге орналастыру мемлекеттiк
                          ғылыми-өндiрiстік орталығының бас
                          директоры

Есполов                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Тiлектес Исабайұлы        ғылым министрлігi Қазақ ұлттық
                          аграрлық университетiнің ректоры

Жантаев Жұмабек         - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш Шәбденамұлы               агенттігі "Астрофизикалық зерттеулер
                          орталығы" республикалық мемлекеттік
                          кәсіпорнының директоры

Жәрменов                - Қазақстан Республикасы Индустрия
Әбдiрасыл Алдашұлы        және сауда министрлiгi Минералдық
                          шикiзатты кешендi өңдеу ұлттық
                          орталығының бас директоры

Iзбасаров               - Қазақстан Республикасы Ауыл
Дүйсебай Сайлаубайұлы     шаруашылығы министрлiгi Қайта өңдеу
                          және тамақ өнеркәсiбi ғылыми-өндiрiстік
                          орталығының бас директоры

Кәлменов                - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Тынысбек Шәріпұлы         ғылым министрлiгi Физика-математикалық
                          зерттеулер орталығының бас директоры

Қадыржанов              - Қазақстан Республикасы Энергетика
Қайрат Камалұлы           және минералдық ресурстар министрлігінің
                          Ұлттық ядролық орталығы Ядролық физика
                          институтының директоры

Қыпшақбаев              - "Инжиниринг және технологиялар
Әбдел Исаұлы              трансфертi орталығы" акционерлік
                          қоғамының президентi (келiсiм бойынша)

Қожамқұлов              - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Төлеген Әбдiсағиұлы       ғылым министрлiгі Әл-Фараби атындағы
                          Қазақ ұлттық университетінің ректоры

Құлқыбаев               - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Ғабдолла Әбдiқожаұлы      сақтау министрлiгi Еңбек гигиенасы
                          және кәсіптiк аурулар ұлттық
                          орталығының директоры

Құсайынов               - Қазақстан Республикасы Білiм және
Әмiрлан Айдарбекұлы       ғылым министрлiгi Қазақ бас сәулет-
                          құрылыс академиясының президентi

Мәжiбаев                - Қазақстан Республикасы Денсаулық
Қуаныш Әбдiкерiмұлы       сақтау министрлiгі Педиатрия және
                          балалар хирургиясы ғылыми орталығының
                          директоры

Нәдiров                 - "Мұнай" ғылыми инженерлiк орталығы"
Нәдiр Кәрiмұлы            жауапкершілiгi шектеулі серiктестiгiнің
                          бас директоры (келiсiм бойынша)

Нысанбаев               - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Әбдiмәлiк Нысанбайұлы     ғылым министрлiгi Философия және
                          саясаттану институтының директоры

Өтелбаев                - М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу
Мұхтарбай Өтелбайұлы      мемлекеттiк университетiнің Қазақстан
                          филиалы директорының орынбасары
                          (келiсiм бойынша)

Рақышев                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Болат Мамытханұлы         ғылым министрлiгі Геология-географиялық
                          зерттеулер орталығының бас директоры

Сәбден                  - "Қазақстан-АҚШ" талдау және болжау
Оразалы Сәбденұлы         институты" қоғамдық қорының президентi
                          (келiсiм бойынша)

Сансызбай               - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Абылай Рысбайұлы          министрлігінің Мал шаруашылығы және
                          ветеринария ғылыми-өндiрiстiк орталығы
                          Ветеринарлық ғылыми-зерттеу институтының
                          директоры

Сүлеев                  - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Досым Қасымұлы            ғылым министрлiгi Қ.И.Сәтбаев атындағы
                          Қазақ ұлттық техникалық университетiнің
                          ректоры

Төлебаев                - Қазақстан Республикасы Энергетика
Алмаз Қажыкенұлы          және минералдық ресурстар министрлiгi
                          Ядролық энергетика және сыртқы
                          байланыстар департаментінің директоры

Уәлиев                  - Қазақстан Республикасы Бiлiм және
Ғақып Уәлиұлы             ғылым министрлігінiң Физика-математикалық
                          зерттеулер орталығы Механика және
                          машинатану институтының директоры

Шуақмайтов              - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Дулат Сламбекұлы          министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi
                          комитетi Қостанай заң институтының
                          бастығы

Шарманов                - "Қазақ тағамтану академиясы"
Төрегелдi Шарманұлы       жауапкершiлігi шектеулi серiктестiгiнің
                          бас директоры (келiсiм бойынша)