Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті лицензиялау ережесін және осы қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 маусымдағы N 528 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 наурыздағы № 412 Қаулысымен

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы  Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының»"Павлодарэнергосервис"» акционерлік қоғамының пайдасына шығарылған 2003 жылғы 4 қарашадағы шешімін орындау үшін 2007 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметінің соттар шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға көзделген резервінен 122200569,82 теңге (бір жүз жиырма екі миллион екі жүз мың бес жүз алпыс тоғыз теңге сексен екі тиын) бөлінсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі