Мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және осы қызметке қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 маусымдағы N 466 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 16 наурыздағы N 336 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1482 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 15 наурыздағы N 273 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасынан Қ.А.Иассауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Өкілетті кеңесінің құрамына:
      Түймебаев              - Қазақстан Республикасы Білім және
      Жансейіт Қансейітұлы     ғылым министрі, төрағаның орынбасары

енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Өтеулина Хафиза Мұхтарқызы, Қуанғанов Фархад Шаймұратұлы шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының      
      Премьер-Министрі