"Тұрғын үйлерді жобалауға, салуға, пайдалану мен күтіп-ұстауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережесі мен нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2007 жылғы 29 маусымдағы N 394 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 16 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4877 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 30 маусымдағы N 476 бұйрығымен

      Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің  213-бабына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Банкрот болып танылған "Фирма Катализ" және "Пеноконцентрат" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері тартқан мемлекет кепілдік берген қарыздарды Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 2 наурыздағы N 27-1-Г/1-96 және 1996 жылғы 26 тамыздағы N 27-1-Г/4-96 мемлекеттік кепілдіктерін орындау жолымен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 011 "Мемлекеттік кепілдіктер бойынша міндеттемелерді орындау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде 2553725 (екі миллион бес жүз елу үш мың жеті жүз жиырма бес) еуроға баламалы сомаға мерзімінен бұрын өтеу жүзеге асырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі осы қаулының 1-тармағынан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі