Қазақстан Республикасының мұрағат ісі мен құжаттама жүйелерін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 қарашадағы N 1153 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      "II. Шығындар" бөлiмiнде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      9 "Басқалар" iшкi функциясында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында: 
      100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында "3596978" деген сандар "1764978" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында "14782814" деген сандар "16614814" деген сандармен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі