Тарихи немесе мәдени құндылығы бар теле-, радиохабарлар жазбаларын сақтаудың ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің 2005 жылғы 25 мамырдағы N 138 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2005 жылғы 29 маусымда тіркелід тіркелді. Тіркеу N 3702. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 92 Бұйрығымен

      "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының  21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiнiң "Еуразия мемлекеттiк қызметшiлердi оқыту орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны 2005 жылға арналған сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар орталық мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк қызметшiлерiн шетелде оқытуды ұйымдастыру жөнiндегі қызметтердi көрсетушi болып белгiленсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгiне (келiсiм бойынша) заңнамада белгiленген тәртiппен:
      осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген кәсiпорынмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасу;
      жасалатын шарттарды қаржыландыруды 2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Мемлекеттiк қызметшiлердiң шетелдерде бiлiктiлiгiн арттыру" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегiнде жүргiзу;
      осы қаулыға сәйкес қызметтердi мемлекеттік сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаның оңтайлы және тиiмдi жұмсалу қағидатын сақтау;
      осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдау ұсынылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі