"Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2018 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).1. Қоса беріліп отырған Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы |
|
N 578 қаулысымен | |
бекітілген |
Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.02.2018 № 66 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
1. Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қоры туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Ұлттық архив қоры және архивтер туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
2. Ереже Құжаттар көшірмелерінің мемлекеттік сақтандыру қорын (бұдан әрі – Қор) құру, толықтыру, сақтауды ұйымдастыру және есебін жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
3. Қор Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорының мемлекет үшін бірден-бір маңызы бар және олар жоғалған жағдайда орны толмайтын құжаттарының сақтандыру көшірмелерінің жиынтығын білдіреді.
4. Қор айрықша кезеңде немесе бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде құжаттардың түпнұсқалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда ақпаратты сақтау және пайдалану үшін құрылады.
5. Қор мемлекет меншігі болып табылады және Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органының қарауында болады.
6. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері, Қазақстан Республикасы Президентінің архиві, республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мемлекеттік архивтері, облыстар, қалалар, аудандар мемлекеттік архивтері және олардың филиалдары, арнайы мемлекеттік архивтер, мемлекеттік кітапханалар, музейлер құжаттарының сақтандыру көшірмелері Қорды қалыптастыру негізі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Парламент пен жергілікті өкілді органдардың, Конституциялық Кеңестің, Үкіметтің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, арнайы экономикалық аймақтар әкімшілік кеңестерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, соттардың, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттік заңды тұлғаларының, оның ішінде шетелдердегі, ведомстволық архивтері Қорды толықтыру көздері болып табылады.
Қор жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіндегі құжаттардың сақтандыру көшірмелерін мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға беру, сыйға тарту, өсиет етіп қалдыру, сатып алу жолымен толықтырылуы да мүмкін.
7. Ұлттық архив қоры құжаттарының меншік иелері сақтық көшірме жасау үшін құжаттарды іріктеуді, құжаттардың сақтандыру көшірмелерін дайындауды және олардың түпнұсқаларының сақталуын қамтамасыз етеді. Сақтандыру көшірмелерін жасауға жатқызылған құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы айқындайды.
8. Сақтандыру көшірмелерін дайындау технологиясын, оларды сақтау режимін Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы Қазақстан Республикасының стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының нормативтік-техникалық құжаттар жүйесі негізінде белгілейді.
9. Мемлекеттік және мемлекеттік емес құпиялары бар құжаттардың сақтандыру көшірмелерін есепке алу, сақтау және пайдалану тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
2. Қордың құрамы
10. Қордың құрамына мыналардың шағын фото көшірмелері (шағын фильмдер, шағын фишалар) және басқа да ұзақ сақталатын көздерде орындалған шағын нысандары кіреді:
1) заңнамалық кесімдер және басқа да ресми құжаттар;
2) басқару, ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық, технологиялық, патенттік-лицензиялық, картографиялық, геодезиялық, геологиялық, телеметриялық және басқа да арнайы құжаттамалар;
3) машинамен оқуға бағдарланған және дыбыстық-бейне құжаттамалар;
4) тарих және мәдениеттің деректі ескерткіштері;
5) жеке адамның ұлттық құндылық болып табылатын құжаттары және өзге де құжаттамалар;
6) Қазақстан Республикасының меншігіне түскен өзге де құжаттар.
3. Қорды сақтауды және оны есепке алуды ұйымдастыру
11. Мемлекеттік, ведомстволық және жеке архивтерде құжаттардың сақтандыру көшірмелерін сақтау тәртібін уәкілетті орган белгілейді. Қорға қол сұғуға болмайды және ол сақтандыру көшірмелері жасалған құжаттардың түпнұсқаларынан бөлек сақталады.
12. Қорды сақтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мамандандырылған мемлекеттік қоймалар құрылуы мүмкін.
13. Мамандандырылған мемлекеттік қоймалар туралы ережені Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы бекітеді.
14. Қордың есебін Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы бекітетін ережеге сәйкес мыналар жүргізеді:
1) мамандандырылған мемлекеттік қоймалар;
2) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік архивтері;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің архиві;
4) республикалық маңызы бар қалалардың және Қазақстан Республикасы астанасының мемлекеттік архивтері;
5) облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттік архивтері мен олардың филиалдары;
6) арнайы мемлекеттік архивтер;
7) мемлекеттік кітапханалар мен музейлер;
8) құжаттарды мемлекеттік архивтерге тұрақты сақтауға өткізгенге дейін – ведомстволық архивтер.
15. Қорды орталықтандырылған мемлекеттік есепке алуды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы жүзеге асырады.
4. Қорды жоспарлау
16. Қорды құру және толықтыру жөніндегі жұмыстарды жоспарлауды Қазақстан Республикасының архивтер мен құжаттаманы басқарудың уәкілетті мемлекеттік органы үйлестіреді.