Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.17. N 601 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       Ескерту. Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының " Лицензиялау туралы " 1995 жылғы 17 сәуiрдегi және " Қазақстан Республикасының  кейбiр заңнамалық актiлерiне аудиторлық қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 2006 жылғы 5 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1894  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., N 41, 515-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Лицензиялауға жататын қызметтiң түрлерiне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттiк органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде:
      реттiк нөмiрi 21-1-жолдың 3-бағанында төртiншi абзац алынып тасталсын;
      реттiк нөмiрi 31-жолдың 3-бағанында "банктiк қызметтiң сақтандыру (және қайта сақтандыру) ұйымының аудитiнен," деген сөздер алынып тасталсын;

      2)  күші жойылды
      Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.07.19. N  610  (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы 2006 жылғы 13 қарашадан бастап қолданысқа енгiзiлетiн Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптарының 1-тармағының 2), 3) тармақшаларын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа eнгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 28 қыркүйектегi
N 931 қаулысына    
қосымша     

  Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары

      1. Аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде қойылатын бiлiктiлiк талаптары аудиторлық ұйым үшiн мыналардың болуын қамтиды:
      1) жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң ұйымдастыру-құқықтық нысаны;
      2) жарғылық капиталда аудиторларға және (немесе) шетелдiк аудиторлық ұйымдарға тиесiлi үлестiң жүз пайызы;
      3) құрамында осы аудиторлық ұйымда ғана аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын кемiнде үш аудитор;
      4) аудиторлық ұйым басшысында Аудиторларды аттестаттау жөнiндегi бiлiктiлiк комиссиясы берген "аудитор" бiлiктiлiгiн беру туралы бiлiктiлiк куәлiгі;
      5) аудиторлық ұйым басшысында соңғы бес жылдың кемiнде үш жылында экономика, қаржы, бақылау-тексеру немесе құқық салаларында немесе жоғары оқу орындарында бухгалтерлiк есеп және аудит бойынша ғылыми-оқытушылық қызмет саласында жұмыс тәжiрибесi.
      Шетелдiк аудиторлық ұйым үшiн аудиторлық қызметтi лицензиялау кезiнде жоғарыда аталған бiлiктiлiк талаптарынан басқа мынадай қосымша талаптар қойылады:
      1) оның тиiстi аудиторлық ұйым - Қазақстан Республикасының резидентiн құруы;
      2) оның Халықаралық бухгалтерлер федерациясының мүшесi болып табылатын кәсiби ұйымда мүшелiгiн растайтын лицензияның нотариалды расталған көшiрмесiнiң немесе оның нотариалды расталған аудармасы бар немесе ол резидентi болып табылатын мемлекеттiң құзыреттi органының хаты түпнұсқасының болуы.
      2. Қазақстан Республикасының аумағында аудиторлық қызметтi жүзеге асыратын аудиторлық ұйым Қазақстан Республикасының резидентi - басқа аудиторлық ұйымның қатысушысы бола алмайды.
      3. Аудиторлық ұйымды бұрын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес үш жылдың iшiнде лицензиясын қайтарып алу туралы шешiм шығарылған күннен бастап лицензиясы қайтарып алынған аудиторлық ұйымға басшылық еткен аудитор басқара алмайды. 

Қазақстан Республикасы   
Үкiметiнiң         
2006 жылғы 28 қыркүйектегі
N 931 қаулысына     
қосымша      

  Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Аудиторлық қызметтi лицензиялаудың тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 284-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 19 қазандағы N 1570  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 471-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 18 сәуiрдегі N 505  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 14, 178-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 51  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 2, 25-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 14 қыркүйектегi N 958  қаулысы  (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., N 35, 459-құжат).