Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 19 қазан N 1570.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысымен.

        Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі  N 931  қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі N 2200  Z952200_  заң күші бар Жарлығына және "Аудиторлық қызмет туралы"  Z980304_  1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Аудиторлық қызметті лицензиялаудың тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878  P990878_   қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 29, 284-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Аудиторлық қызметті лицензиялау тәртібінің 25-тармағы алып тасталсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі