Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 19 қаңтардағы N 51 қаулысы.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысымен.

      2004 жылғы 19-20 қаңтарда Астана қаласында Қазақстан-беларусь үкiметаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi комиссиясының (бұдан әрi - YAK) үшiншi отырысын өткiзуге байланысты:
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi YАК үшiншi отырысын өткiзуге, соның iшiнде Беларусь Республикасы ресми делегациясы мүшелерiнiң қонақ үйде тұруына 2004 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығындар" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен 481300 (төрт жүз сексен бiр мың үш жүз) теңге сомасында қаражат бөлсiн.

      Премьер-Министр