Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 маусымдағы N 878 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 505.
Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі N 931 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму қауымдастығына, Инвестициялар кепілдігінің көпжақты агенттігіне және Инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталыққа мүшелігі туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 26 маусымдағы Z921700_ Заңына сәйкес қаулы етемін:

 

     Ержан Әбілқайырұлы Өтембаев Қазақстан Республикасынан Халықаралық

Қайта Құру және Даму Банкінің Басқарушысы қызметінен босатылсын.

     Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ораз Әлиұлы

Жандосов Қазақстан Республикасынан Халықаралық Қайта Құру және Даму

Банкінің Басқарушысы болып тағайындалсын.

     Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

             Президенті



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Багарова Ж.А.