Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 желтоқсан 1994 ж. N 1399. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.09.29. N 964 қаулысымен.

      Қазтұтынуодағының қоғамдық-шаруашылық ұйым болып табылатынын әрi оның басқару органдары (аудандық, облыстық және республикалық буыны) шаруашылық қызметiмен шұғылданбайтынын және олар өз кәсiпорындарының iшкi шаруашылық аударымдары есебiнен ұсталынатынын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Алдағы уақытта тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеудiң тетiгi туралы жаңа Ереженi бекiткенге дейiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 қыркүйектегi N 1014, 1994 жылғы 28 қыркүйектегi N 1072 қаулыларымен енгiзiлген өзгертулер мен толықтыруларды ескере отырып, "Тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 8 ақпандағы N 148 қаулысымен бекiтiлген тұтынуға жұмсалатын қаражатты мемлекеттiк реттеу туралы Ереженiң 18-тармағын тұтынушылар кооперациясының басқару органдарына қолдану тоқтатыла тұрсын.
             Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi