Халықтың, сондай-ақ шаруашылық қызметте пайдалануы мен қолдануына арналған өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, сондай-ақ онда өндiруге, қолдануға және сатуға тыйым салу жөніндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 ақпандағы N 218 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2267 Қаулысымен

      Мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау жүйесiн ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Даму проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi әлеуметтiк бейiмдеу және кәсiби еңбекпен оңалтудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi "Түзеу педагогикасының ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттiк мекемесi болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
      1) Орталықтың жарғысын бекiтсiн және әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1) <*>
      2) <*>
       Ескерту. 2)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.06.01. N 604   қаулысымен .
       Ескерту. 1)-тармақшаның күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.28. N 1111  қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі