Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 15 қазан N 1126

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. Қоса берiліп отырған Табиғи монополиялар субъектілерiнiң тарифтiк саясатын жетiлдiрудiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегі агенттігi жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне жарты жыл мен жыл қорытындылары бойынша осы Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынып отырсын. <*>
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .
       Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 914   қаулысымен .

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Үкіметінің             
2002 жылғы 15 қазандағы     
N 1126 қаулысымен      
бекітілген      

Табиғи монополиялар субъектілерінің тарифтік саясатын жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасы

Астана 2002 ж.

  1. Паспорты

Атауы            Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк
                 саясатын жетiлдірудiң 2002-2004 жылдарға арналған
                 бағдарламасы.

Әзірлеу үшін
негіз            "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002-2004 жыл
                 дарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегі
                 iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
                 Yкiметiнiң 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 470 қаулысы.

Негізгі
әзірлеушілер     Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды
                 реттеу және бәсекелестiкті қорғау жөнiндегi
                 агенттiгi.

Іске асыру
мерзімдері       2002-2004 жылдар.

Бағдарламаның
мақсаты          Мемлекеттiң, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң
                 және олардың қызметтерiн тұтынушылардың
                 мүдделерiнiң балансына қол жеткiзуге бағытталған
                 орташа мерзiмдi негiздегi тарифтiк саясатты
                 қалыптастыру; табиғи монополия секторына
                 инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау;
                 монополиялардың қызметiн мемлекеттiк бақылау
                 шараларын кеңейту.

Бағдарламаның    Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн
міндеттері       реттейтiн халықаралық көзқарастарға негiзделген
                 нормативтiк құқықтық базаны жетiлдіру.
                 Iшкi және сыртқы факторлардың өзгеруiне бара-бар
                 ден қоюды қоса алғанда, табиғи монополия саласын
                 реттеу әдiснамасын жасау және жетiлдіру.
                 Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін күшейту.
                 Табиғи монополиялардың өндiрiсiн жаңартуға және
                 олар ұсынатын қызметтердiң (тауарлардың,
                 жұмыстардың) сапасын арттыруға инвестицияларды
                 тарту мақсатында орта мерзiмдi кезең iшiнде табиғи
                 монополиялар қызметтерiнiң тарифтерi орташа 
                 деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету.
                 Табиғи монополиялардың олардың тұтынушыларына
                 әсерiн талдау үшiн ақпараттық дерекқор құру және
                 ғылыми зерттеулер жүргізу.
                 Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне
                 тарифтердi тұтынушылардың топтары бойынша негізсiз
                 саралауды қолдану практикасын жою.

Күтілетін        Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге
нәтижелер        және табиғи монополиялар субъектiлерi қызметiнiң
                 ашықтығын арттыруға мүмкiндiк беретiн нормативтiк
                 құқықтық кесiмдердi қабылдау.
                 Табиғи монополиялар саласындағы экономиканы
                 мемлекеттiк реттеу тетiгiн жетiлдіретiн әдiснамалық
                 көзқарастарды әзiрлеу.
                 Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң өндiрiсiн
                 жаңартуды инвестициялау үшiн жағдайларды
                 қамтамасыз ету.
                 Өндiрiстi жаңғырту және нормативтен жоғары
                 ысырапты азайту есебiнен ұсынылатын қызметтердiң
                 сапасын арттыру.
                 Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтерiн
                 өзгертудiң олардың тұтынушыларына әсерiн талдауға
                 мүмкiндiк беретiн әдiстемелер мен бағдарламалық
                 өнімдерді әзірлеу.
                 Табиғи монополиялар қызметi саласының мониторингі
                 жүйесін құру.
                 Табиғи монополия субъектiлерi қызметтерiнiң
                 тарифтерiн тұтынушылардың топтары бойынша негізсiз
                 саралауды жою.

Қаржыландырудың  2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаның құны
қажетті          992,188 млн. теңге мөлшерiнде бағаланады.
ресурстары мен   Қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан
көздері          жүргiзiлетiн болады. 2002 жылы нормативтiк
                 құқықтық базаны әзiрлеуге және жетiлдiруге
                 консультанттар тартуға республикалық бюджеттен
                 17,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
                 Бағдарлама 2003-2004 жылдары 975,088 млн. теңге
                 мөлшерiндегі, оның iшiнде 2003 жылы - 435,362 млн.
                 теңге мөлшерiндегі, ал 2004 жылы - 539,726 млн.
                 теңге шығындарды талап етедi.
       Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

  2. КIРIСПЕ

      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарын және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 28 наурыздағы N 827  Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшiн әзiрлендi. Осы Бағдарламаны құрудың практикалық негiзi ұлттық экономика мен Қазақстан Республикасының аумағындағы табиғи монополия субъектiлерiнiң қазiргi жай-күйi болып табылады.
      "Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер - табиғи монополияшылардың өнiмдерiне бағаны реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1994 жылғы 19 қазандағы N 1171  қаулысының шығуы табиғи монополия саласын реттеу негiзiн салды. Осылайша, атап айтқанда, бағаларды тоқсанында бiр реттен жиi қайта қарауға тыйым салынды. Монополиялық жоғарғы пайда деңгейiне бақылау белгiлендi. Табиғи монополист-кәсiпорындар жанындағы негiзгi қызметтi қайталайтын құрылымдар таратылды. Осы шаралар табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтерiне тарифтердiң өсу қарқындарын баяулатуға және жалпы алғанда, экономиканың жағдайын сартуға мүмкiндiк бердi. 1995-1997 жылдары азық-түлiк тауарларына бағаларды реттеу алынып тасталды. Монополистердің пайдалылық деңгейiн реттеу тоқтатылды. Сол уақыттан берi мемлекеттің бәсекелестiк-нарықтық реттеудi кеңейтуге бағытталған белсендi қызметi нақты экономиканың барлық секторларында ауқымды сипат, ол республиканың қаржылық жағдайын тұрақтандыруға жәрдемдестi.
      Республика экономикасының, өтпелi кезеңнің аяқталғаны туралы сөз етуге болатын қазiргi даму кезеңiнде мемлекетке экономикалық реформалаудың жаңа тетiктерiн iске қосу қажет: отандық экономиканы дамыту басымдықтарын айқындау; өнеркәсiп инфрақұрылымы мен халықтың негiзгi бөлiгiн жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететiн жағдайлар жасау және т.б. Осы жағдайларда негiзгi мiндеттердiң бiрi экономиканың нақты секторының өсуiне, экономикалық байланыстарды дамытуға, өндiргiш күштердi оңтайлы орналастыруға, отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға жәрдемдесетін жалпы экономикалық мiндеттердi шешуге бағытталған, табиғи монополиялар субъектілерінiң қызметтерiне тариф түзудің тиiмдi жүйесiн құру болуы тиiс.

       3. ПРОБЛЕМАЛАРДЫҢ ҚАЗIРГI ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ

       1. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫҢ САЛАЛАРЫН РЕТТЕУДІ ТАЛДАУ

       1) ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАСЫН РЕТТЕЙТIН ҚОЛДАНЫЛЫП ЖYРГЕН ЗАҢНАМА

      1997-1999 жылдары экономиканың салыстырмалы тұрақтану кезеңi табиғи монополияларды бағалық реттеудің қолданылып отырған әдiснамасының негiзiн қайта қарауға, оны осы заманғы деңгейге шығаруға мүмкiндiк бердi. Бұл мемлекеттің экономикалық стратегиясының ережелерiн, техникалық ерекшелiктерi мен қылмыстық iс жүргiзу нормаларын олардың сақталуын қамтамасыз ететiн тетiктермен бiрiктiруге құрылған ұлттық монополияға қарсы заңнаманың негiзгi пакетiн қалыптастырумен бір мезгiлде болды. Бұл ретте халықаралық нормалар мен дамыған елдердің тәжiрибесiн есептеуге үлкен мән берiлді.
      Заң базасын кеңейту мен рынок құрылымдарын өзгерту табиғи монополия саласындағы болып жатқан процестерге, iздестiруге, баға және монополияға қарсы саясаттың жаңа аспектiлерiн әзiрлеуге бақылауды күшейтудiң қажеттiгiн бiрiншi жоспарға шығарды.
      Қазақстан Республикасының  Конституциясына сәйкес монополистi қызмет заңнамамен реттеледі және шектеледi, терiс пиғылды бәсекеге тыйым салынады. Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексіне сәйкес бәсекенi шектеуге, негiзсiз артықшылықтарды алуға, тұтынушының құқықтары мен заңды мүдделерiне нұқсан келтiруге бағытталған монополистi қызметке жол берiлмейдi. Көрсетiлген нормативтік құқықтық кесiмдердi iске асыру мақсатында табиғи монополиялар саласын және тауар рыноктарындағы бәсекенi қорғауды реттейтiн заңдар (" Табиғи монополиялар туралы", " Бәсеке және монополистi қызметтi шектеу туралы", " Терiс пиғылды бәсеке туралы" Қазақстан Республикасының Заңдары) әзiрленген болатын.
      1998 жылы қабылданған "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының  Заңы Қазақстан Республикасында табиғи монополиялардың қызметі мемлекет реттеудің құқықтық аспектiлерiн заңды түрде бекiте отырып, тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілерiнің мүдделерiн қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған монополияға қарсы заңнаманы реформалаудың жаңа кезеңi болды.
      Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiн тұтынушылардың құқықтарын қорғау - мемлекеттік монополияға қарсы саясаттың негiзгi құрамдас бөлiктерiнiң бiрi. Мемлекет саясатының осы бағыты "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы", " Терiс пиғылды бәсеке туралы" және " Бәсеке және монополистік қызметтi шектеу туралы" заңдармен реттеледi.
      Қолданылып жүрген монополияға қарсы заңнаманың ережелерiн бұзғаны үшiн әкiмшiлiк жауапкершiлiктi айқындау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы  кодексiне тиiстi өзгерiстер енгiзiлдi.

       2) ТАРИФ ТҮЗУДIҢ ӘДIСНАМАЛЫҚ БАЗАСЫ 

      Тариф түзудiң қолданылып жүрген әдiснамасының құқықтық негiзi: 
      табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтердi өндiруi мен ұсынуына бағаларды (тарифтердi) есептеу кезiнде ескерiлетiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiн;
      табиғи монополия субъектiлерiнiң тендер негiзiнде ресурстарды сатып алу ережесiн;
      табиғи монополия субъектiлерiнің тауарларына, жұмыстарына, қызметтерiне бағаларды (тарифтердi) ұсыну, қарау, бекiту және енгiзу тәртiбiн анықтайтын заңға тәуелдi кесiмдер болып табылады.
      Тариф түзудiң көрсетілген кесiмдерде салынған негiзгi қағидаты табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң тарифтерi қызметтердi көрсету үшiн қажеттi шығындардың құнынан төмен болмауға тиiс екенiн айқындайды. Қазiргi тариф түзу әдiснамасы шығындық қағидатты бiлдiредi және табиғи монополияларды оларды азайтуға ынталандырмайды. Табиғи монополиялар субъектiлерi тиiмдi немесе тиiмсiз жұмыс жасайтынына қарамастан, белгiленген тәртiпке сәйкес барлық шығындар тарифке енгiзіледi. Демек, әлеуметтік салдарларға жол бермеу үшiн тарифтердің өсуiн тежеу шығындардың тиiмділігiн бақылау есебiнен емес, жоспарланатын шығындарды мәжбүрлi түрде қысқарту және пайданы азайту есебiнен жүзеге асырылады. Қалыптасқан жағдай табиғи монополия саласына инвестиция жұмсауды ынталандырмайды.
      Осыған байланысты табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеуге қатысты бұрынғы көзқарастарды қайта қарау қажеттiгi өткiр туындап отыр.

       3) ТАРИФТЕРДI ӨЗГЕРТУДІҢ ҚАЗIРГI РӘСIМI

      Табиғи монополиялар субъектiлерi қызметтерiнiң тарифтері тоқсанына бiр реттен жиі емес қайта қаралуы мүмкiн. Қызметтердiң тарифтерiн өзгерту үшiн табиғи монополия субъектiсi жаңа тариф қолданысқа енгiзiлуi мүмкiн келесi тоқсанның бiрiншi күнiне дейiнгi 45 күннен кешiктiрмей өтiнiммен жүгiнуге тиiс. Реттеушi орган негiздеме материалдары бар өтiнiмдi 30 күн iшiнде қарайды.
      Практикада көптеген табиғи монополиялар субъектілерi тоқсан сайын тек шұғыл деректердiң негiзiнде жасалатын (салық және монополияға қарсы заңнама бойынша қаржылық есептiлiк мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуiнен) тарифтердi көтеруге арналған өтiнiмдермен жүгiнедi.
      Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қолданылып жүрген тарифтердi өзгертуге берген өтiнiмдерiн қабылдаудың және қараудың қазiргi рәсiмi реттеушi органның ұсынылған материалдарды жан-жақты қарау, тәуелсiз сарапшылардан қорытынды алу және, ең бастысы, қабылданған шешімдердiң субъектiнiң өзi мен оның тұтынушыларына мүмкiн әсерiн бағалау мүмкiндiктерiн шектейдi.

      2. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫ КӘСIПОРЫНДАРЫНЫҢ ЖАЙ-КYЙIН ТАЛДАУ

      Қазiргi уақытта елiмiзде Табиғи монополиялар субъектiлерi мемлекеттiк тіркелiмiнiң республикалық және жергiлiкті бөлiмдерiне енгiзілген 690 табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметi реттеледi (барлығы 1012 қызмет реттеледi).
      Табиғи монополиялар субъектiлерінің жай-күйін талдау салалық тиесілілiгiне қарамастан, олардың қызметi проблемаларының ортақтығы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
      Көптеген субъектілер, әсiресе электр энергиясын, газды және суды өндiру мен бөлу жөнiндегi кәсiпорындар, iс жүзінде залалды болып табылады: 2001 жылы осындай кәсiпорындардың саладағы үлестiк салмағы 53,7%-тi құрады. Жекелеген кәсіпорындарда терiс кiрiстiк байқалып отыр, ол су шаруашылығы жүйесiнiң кәсiпорындарына тән. Алайда, кейбiр кәсіпорындар пайдалы жұмыс жасағанымен, олардың көбiсінің кiрiстiлiгi төмен болып отыр - 5%-тен артық емес (мысалы: 2001 жылы "Қазпочта" ААҚ, "KEGOC" ААҚ).
      Табиғи монополияларға жұмсалатын күрделi салымдары көлемдерiнiң үлкен бөлiгi кәсiпорындардың меншiктi қаражатының есебiнен қаржыландырылатынына байланысты көптеген кәсiпорындардың басқа мүмкiндiктерi шектеулi: амортизациялық аударымдар мен таза пайда (салық төлегеннен кейiнгi) жеткiлiксiз. Пайдадан әртүрлi аударымдарды ескергенде, инвестицияларды жүзеге асыру мен өндiрiстi дамыту үшiн кәсiпорындарда қалатын кiрiс бөлiгi едәуiр азаяды.
      Нәтижесiнде негiзгi қорларды жаңарту коэффициенттерiнiң серпiнi өткен жылдары төмен болып қалғандықтан, негiзгi қорлардың iстен шығу коэффициенттерi осы жылдары өсiп отыр. Анықталған үрдiстер, тұтастай алғанда, табиғи монополиялардың пайдаланылатын өндiрiстiк қорларын жаңарту дәрежесiнiң төмен екенін куәландырып отыр.
      Көптеген кәсiпорындар үшiн өтiмділіктiң төмен коэффицентi тән. Есептеулер олардағы, кәсiпорындардың жоғары өтiмдi активтерiнiң қысқа мерзiмді мiндеттемелерге қатынасы ретiнде айқындалатын дереу өтiмділік коэффициенттерiнiң төмен қалпында қалып отырғанын көрсетiп отыр, бұл оларды төлемге қабiлетсiз немесе берешегiн өтеумен байланысты проблемалары бар кәсiпорындар ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi.
      Жоғарыда келтiрiлген дәлелдердi табиғи монополиялардың жекелеген кәсiпорындарының инвестициялар үшiн қаражат тапшылығын көрiп отырғаны туралы қорытындылар растайды. Оларды кредиттердi тарту есебiнен толықтыру төлемге қабiлеттілігінiң төмен болуына орай мүмкiн болмай отыр.
      Сонымен бiрге негiзгi қорларды жаңарту экономикалық өсудің негiзгi факторларының бiрi болып табылады. Олардың көлеміне, сапалы сипаттамаларына, кеңейту және жаңарту стратегиясына, пайдалану тиiмділігiне, сайып келгенде, экономикалық өсу мен тұрақты даму тәуелдi.
      Қазақстан басқа да ТМД елдерi сияқты 2000 жылдарға техникалық ескiрген негiзгi қорлармен қадам басты. Материалдық өндiрiсте пайдаланылған жабдықтардың орташа қызмет мерзiмi нормативтік мерзiмнен жоғары, кей жағдайларда тiптi елеулi түрде жоғары. Республиканың экономикасында реформаларды жүзеге асырған жылдары, негiзiнен, "қайта құруға дейiнгi", моральдық жағынан ескiрген және табиғи тозған техника пайдаланылды.
      Негiзгi құралдардың тозу дәрежесi экономиканың барлық салаларында машиналар мен жабдықтардың, көлiк құралдарының табиғи тозуы орташа алғанда шамамен 50%-тi құрағанын дәлелдейдi. Сондай-ақ осы көрсеткiш жекелеген табиғи монополиялар субъектiлерiнде де жоғары. Мысалы, электр энергиясын берудi және бөлудi жүзеге асыратын "Қалалық электр жүйелерi" ЖШС ("Астанаэнергосервис" ААҚ) 2001 жылы шамамен 50% тозу дәрежесiне ие болды.
      Негiзгi қорлардың салыстырмалы жоғары тозу дәрежесi "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ-қа (60%-тен жоғары), "Павлодарэнергосервис" ЖАҚ-қа (шамамен 50%), "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ (40%-ке дейiн), "АӨК" ЖАҚ (31%-ке дейiн), "KEGOC" ААҚ-қа (26%-ке дейiн) және басқаларға тән. Техникалық жаңғыртуға елеулi қаражат жұмсаған Ақтау теңiз сауда порты, "ҚазТрансОйл" ЖАҚ, Астана қаласының Халықаралық әуежайы мен "Қазаэронавигация" РМК сияқты субъектiлер бұлардың қатарына кiрмейдi.
      Статистикалық деректер бойынша көптеген табиғи монополияларға негiзгi қорларды жаңартудың төмен қарқындары тән. Демек, мысалы, "Интергаз Орталық Азия" ЖАҚ 0,3% жаңарту коэффициентiне ие. Тұтастай алғанда, 1995-1998 жылдары негiзгi қорларды жаңарту коэффициентi 1,5 есе азайды, ал iстен шығу коэффициентi өзгерген жоқ. 1998-2001 жылдары жаңарту коэффициентi ұлғаю үрдiсiне ие болды, алайда пайдаланылып отырған техника мен технологияны толық жаңарту жөнiнде айту ерте.
      Осылайша, қазiргi жабдықтардың функционалдық және экономикалық ескiру фактiсi айдан анық. Техникалық ескiрген және тозған машиналар паркі мен жабдықтарды пайдалану iс жүзiнде экономиканың табиғи монополиялар қатысатын барлық салаларында ұсынылатын қызметтердi өндiру тиiмдiлiгінiң кемуiне және сапасының төмендеуіне әкелді.

       3. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ҚЫЗМЕТТЕРIН ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ТАЛДАУЫ

      Тұтынушылардың жай-күйiн талдаудың негiзгi мақсаты оларға табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметтерiне тарифтердің деңгейiн өзгертудің әсерiн бағалауға негізделген.
      Түпкiлiктi тұтынушылар екі үлкен санатқа топталады:
      заңды тұлғалар;
      жеке тұлғалар (халық).
      Әрбiр табиғи монополия субъектiсi үшiн қызметтердi тұтынушыларды сыныптау (топтау) және тұтынушылардың әр тобы үшiн сұраным ауытқымасын бағалау қажет.

1-кесте

Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтерін тұтынушылардың жіктемесі

Табиғи       !Қызметтер   ! Қызметтерді     !Тарифтің табиғи монополиялар
монопо.      !            ! тұтынушылар     !субъектілерінің қызметтерін
лиялар       !            !                 !тұтынушы өнімінің құнына
субъекті.    !            !                 !әсері 
лері         !            !                 !

Темір жол     Темір жол    Өнеркәсіп кәсіп.  Темір жол көлігінің тарифі
көлігі        магистраль.  орындары; басқа   өнімнің құнына көліктің
              дарын        заңды тұлғалар;   құрамдас бөлігі ретінде
              пайдалану                      кіреді
__________________________________________________________________________
Құбыр мен     Мұнайды      Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф өнеркәсіп кәсіпорындары.
тасымалдау    магистраль.  орындары; басқа   ның өндірістік шығыстарына
көлігі        ды құбырлар  заңды тұлғалар;   мұнай өнімдері құнының құрам.
              арқылы                         дас бөлігі ретінде кіреді
              тасымалдау
              _____________________________________________________________
              Табиғи       Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф өнімнің құнына тасымал.
              газды        орындары; басқа   даудың құрамдас бөлігі
              бөлуші       заңды тұлғалар;   ретінде кіреді
              құбырлар     тұрғын үй-ком.
              арқылы       муналдық шаруа.
              тасымалдау   шылықтары
              _____________________________________________________________
              Табиғи       Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф өнімнің құнына тасымал.
              газды        орындары; басқа   даудың құрамдас бөлігі
              магист.      заңды тұлғалар;   ретінде кіреді
              ральды       тұрғын үй-ком.
              құбырлар     муналдық шаруа.
              арқылы       шылықтары
              тасымалдау
              _____________________________________________________________
              Суды         Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф өнімнің құнына тасымал.
              магистраль.  орындары; басқа   даудың құрамдас бөлігі
              ды және      заңды тұлғалар;   ретінде кіреді
              бөлуші       халық
              құбырлар
              арқылы
              тасымалдау
__________________________________________________________________________ 
Телекоммуни.  Жергілікті   Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф тұтынушылардың
кация         желілерді    орындары; басқа   шығыстарына кезең шығыстары
              пайдалана    заңды тұлғалар;   ретінде кіреді
              отырып,      халық
              көрсетілетін
              телекомму.
              никация
              қызметтері
__________________________________________________________________________
Аэрона.       Аэронави.    Әуетасымалдаушы.  Тариф әуетасымалдау құнына
вигация       гацияның     лар; басқа заңды  кіреді
              қызметтері   тұлғалар;
__________________________________________________________________________
Әуежайлар     Әуежайлардың Әуетасымалдаушы.  Тариф әуетасымалдау құнына
              қызметтері   лар; басқа        кіреді
                           заңды тұлғалар;
_________________________________________________________________________
Айлақтар      Айлақтардың  Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф теңіз көлігімен тасы.
              қызметтері   орындары; басқа   малдаудың құнына кіреді
                           заңды тұлғалар;
_________________________________________________________________________ 
Почта         Почта        Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф кәсіпорын шығыстарының
байланысы     байланысының орындары; басқа   жүк құжатына енгізіледі
              қызметтері   заңды тұлғалар;
                           халық
__________________________________________________________________________
Электр        Электр       Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф өнімнің өзіндік құнына
энергетикасы  және жылу    орындары; басқа   кезеңнің шығыстары ретінде
              энергиясын   заңды тұлғалар;   енгізіледі
              беру мен     халық
              бөлу
__________________________________________________________________________
Сумен         Су шаруа.    Өнеркәсіп кәсіп.  Тариф өнімнің құнына
жабдықтау     шылығы және  орындары; басқа   енгізілуі немесе кезең
              кәріз жүйе.  заңды тұлғалар;   шығыстары ретінде ескерілуі
              лерінің      халық             мүмкін
              қызметтері
_________________________________________________________________________

      Талдау жүргiзу кезiнде әзiрше әлеуметтiк жағынан толық қорғалмаған халық сияқты тұтынушылар санатына баса көңiл аудару қажет.
      Бiрiншi кезекте, бұл тұрғын үй-коммуналдық саланың табиғи монополияларының қызметтерiн тұтынуға қатысты. Бүгiн көптеген коммуналдық кәсіпорындардың қызметi халық тарапынан "жағымсыз бағаға" ие, ол БАҚ-тағы көптеген жарияланымдармен расталады.
      Қалыптасқан жағдайдың негiзгi себебi - бұл осы кәсiпорындардың қызметтерi құнының көрсетiлетiн қызметтердiң сапасы төмен бола тұра, халық табысының орташа деңгейiне жоғары қатынасы.
      Осылайша, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалатын шығыстар деңгейiнiң халықтың адам басына шаққандағы айлық ақшалай табысына арақатынастағы бағасы шамамен 30%-тi құрайды.
      Сонымен бiр мезгiлде 2001 жылы республикада халықтың 28%-тен астамының табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен болды. Табысы күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың неғұрлым үлкен үлесi 2001 жылы Жамбыл (48,4%), Маңғыстау (46,2%) және Оңтүстiк Қазақстан (38,4%) облыстарына тиесiлi болды.
      Қазақстанның аймақтары бойынша табыстардың деңгейiнде аса елеулi айырмашылықтар бар. 2001 жылы атаулы ақшалай табыстың аймақаралық саралау коэффициентi 4,9%-тi құрады (2000 ж. - 5,0%). Бұл ретте тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге төленетiн ақы алынған зейнетақының үштен бiрiнен асады, бiрқатар облыстарда жартысына жуық.
      Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, тарифтiк саясатты жүргiзу халықты әлеуметтiк қорғау бағдарламаларының орындалуын бақылауды күшейтуге және халықтың аз қамтылған жіктерiн қолдаудың қосымша тәсілдерiн iздестiруге негiзделуi тиiс.

       4. ТАРИФТIК РЕТТЕУДІҢ НЕГIЗГI ПРОБЛЕМАЛАРЫ

      Экономиканың қазiргi даму кезеңiнде табиғи монополия саласының барлық қатысушыларының: табиғи монополия субъектiсiнің өзінің, оның қызметтерiн тұтынушылардың және мемлекеттiң мүдделерін ескеру қажет.
      Реттеушi органның негiзгi функциясы мемлекеттiң басымдықты мақсаттарына және тұтынушы мен өндіруші мүдделерінiң тиiстi балансына қол жеткiзуге жәрдемдесетiн тарифтердiң оңтайлы деңгейiн айқындау болып табылуға тиiс. Сондықтан табиғи монополияларды реттеудiң қазiргi моделi мемлекеттiк әсер ету құралдарымен күшейтiлуге тиiс, олардың арақатынасы шешілетін экономикалық міндеттер мен қоғамның әлеуметтiк-экономикалық жай-күйiне тәуелдi болуға тиiс.
      Мүдделер балансын айқындау мiндетiнiң күрделілігi табиғи монополия саласына қатысушылар мүдделерінің қарама-қайшылығына негiзделген:
      тұтынушы табиғи монополия субъектiсi қызметтерінің сапасына, төмен бағасына және сенiмділігіне мүдделi;
      монополист пайданы ұлғайтуға, өндірістің тиімділігін арттыруға және тарифтердің негізсіз сараланымын қолдану практикасын жоюға мүдделі;
      мемлекеттің мүдделеріне барлық қатысушыларды дамыту үшін жағдайлар жасау сәйкес келеді.

      ______________________________________________________________
      Табиғи монополиялар қызметтеріне шекті жоғарғы тариф - 
      Тұтынушы үшін сыни (бұл жағдайда тұтынушы табиғи монополиялар.
      дың қызметтерін пайдалануға шамасыз)
Таб./\(5-ші аймақ)
иғи  !______________________________________________________________   (Қа.
моно.!Табиғи монополиялар қызметтеріне жоғары тариф (бұл жағдайда      ты.
полия!табиғи монополиялар қызметтеріне жоғары шығындарға орай          су.
су.  !тұтынушының төлемге қабілеттілігі төмендейді)                    шы.
бъек.!(4-ші аймақ)                                                     лар.
ті.  !______________________________________________________________  /дың
лері !                         !(Тұтынушылардың табиғи монополиялар  / мүд.
қыз. !                         !субъектілерінің қызметтеріне тарифті/  де.
мет. !                         !              төмендетуге ұмтылысы)    лері
тері.!                        \!/                                      ба.
нің  !                         /                                       лан.
тар. ! Бұл аймақта табиғи монополиялар қызметтеріне тарифтің           сы. 
иф.  !-------------------------------------------------------------    ның
тері !мүдделердің балансына сәйкес мәнін табу қажет.                   сы.
дең. !                                                                 зы.
гей. !                                                                 ғы)
інің !                         \ (Табиғи монополиялар субъектілері.    
өсуі !                        /!\ нің тарифті көтеруге ұмтылысы)
     !(3-ші аймақ)             !              
     !_________________________!___________________________________
     !Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне төмен
      тариф (бұл жағдайда табиғи монополиялар өздерінің негізгі
      қорларын толыққанды жаңарта алмайды)
      (2-ші аймақ)
      _____________________________________________________________
      Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне шекті
      төмен тариф (бұл жағдайда табиғи монополиялар пайдалану
      шығындарының орнын толтыра алмайды)
      (1-ші аймақ)
      _____________________________________________________________
      1-сурет. Тарифтер деңгейінің монополия рыногына қатысушылардың
      қаржы-экономикалық жағдайына әсері

      Тарифтердің оңтайлы деңгейін айқындау үшін табиғи монополиялар саласына қатысушылардың жай-күйін, мүмкіндіктерін, даму перспективалары мен жоспарларын зерделеу және мониторинг жүргізу қажет. Осы мақсаттарда барлық осы қызмет саласына қатысушылардың мүдделерін ескеретін жаңа әдістер мен құралдарды әзірлеу қажет.
      Осы контексте табиғи монополиялар саласындағы қазіргі тарифтік саясатты жетілдіру үшін:
      тарифтік саясаттың әдіснамасын жетілдіру;
      табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін және жай-күйін мониторингілеу жүйесін әзірлеу;
      табиғи монополиялардың қызметтерiн тұтынушылардың сұраным көлемiне талдау жүргiзу;
      мемлекеттiң макроэкономикалық мақсаттары мен мүдделер балансы тұрғысында есептелген тарифтердiң объективтiлiгiн бақылау әдiстерiн (тарифтер деңгейiнiң экономиканың басқа салаларына және халыққа әсерiн есептеуге арналған құралдарды) әзiрлеу қажет.

       4. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI

       1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ

      Бағдарламаның мақсаты мемлекеттiң, табиғи монополиялар субъектiлерiнiң және олардың қызметтерiн тұтынушылардың мүдделер балансына қол жеткiзуге бағытталған орташа мерзiмдi негiздегi тарифтiк саясатты қалыптастыру; табиғи монополия секторына инвестицияларды тарту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; монополиялардың қызметiн мемлекеттiк бақылау шараларын кеңейту болып табылады. <*>
       Ескерту. 4-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

       2. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МIНДЕТТЕРI

      Елiмiздiң экономикасының даму мақсаттарына және орташа мерзiмдi басымдықтарына қол жеткiзу табиғи монополиялар субъектілерiнiң теңгерiмдi және тұрақты жұмыс iстеуiн, сапаны көтеру, өзiндiк құнды кемiту және ұзақ мерзiмдi перспективада олардың қызметтерiне тарифтер деңгейiн тұрақтандыру мақсатында кәсiпорындарды жаңғырту үшiн инвестициялардың ағынын талап етедi.
      Бағдарламаның басымдықты мiндеттерi ретiнде:
      табиғи монополиялар субъектiлерінің қызметiн реттейтiн, халықаралық жолдарға негiзделген нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      iшкi және сыртқы факторлардың өзгеруiне баламалы ден қоюды қоса алғанда, табиғи монополия саласын реттеу әдіснамасын жасау және оны жетiлдіру;
      тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн күшейту;
      табиғи монополиялардың өндiрiсiн жаңарту және олар ұсынатын қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) сапасын арттыру үшiн инвестицияларды тарту мақсатында табиғи монополиялар қызметтерiне тарифтердiң орташа деңгейiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету;
      табиғи монополиялардың олардың тұтынушыларына әсерiн талдау үшiн ақпараттық дерекқор құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу;
      табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердiң тұтынушылардың топтары бойынша негiзсiз сараланымын қолдану практикасын жою айқындалған.

       5. БАҒДАРЛАМАНЫ IСКЕ АСЫРУДЫҢ НЕГIЗГI БАҒЫТТАРЫ МЕН ТЕТIКТЕРI

       1. ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯ САЛАЛАРЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТТI РЕТТЕЙТIН ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ
                                 БАЗАНЫ ЖЕТIЛДIРУ

      Қазақстанның 2030 жылға дейiнгi Даму  стратегиясында көрсетiлген Қазақстан Республикасының экономикалық өсуiнің ұзақ мерзiмдi басымдығының негiзгi қағидаттарының бiрi бәсекенi өркениеттi шеңберлерде дамыту, қоғам үшiн қауiптi монополизм көрiнiстерiнiң жолын кесу, бәсекелi күрестiң терiс пиғылды әдiстерiн алып тастау, мемлекеттiк реттеу қажет салаларды айқындау болып табылады.
      Нарықтың экономикалық жай-күйiнiң өзгерiстерi табиғи монополиялардың қызметін реттеу мәселелерi жөндеу заңнамалық кесiмдердi жетiлдірудi талап етеді.
      Қолданыстағы заңнамада мемлекеттің, тұтынушылар мен меншiк иелерiнің арасындағы табиғи монополия субъектілерінің мүлiктiк кешендерiн монополиясыздандыру және жекешелендiру, табиғи монополиялардың қызметiмен технологиялық байланысты салаларда бәсекелiк рыноктардың туындау процестеріне негізделген жаңа қатынастарды реттейтiн нормалардың болмауы қызметтерге тарифтердiң негізсiз көтерiлуiне әкеледi. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының бiрнеше жыл қолданылуы iшiнде оны қолдану практикасы заңнамалық деңгейде ғана шешiлуi мүмкiн көптеген реттелмеген проблемалардың бар екенiн көрсеттi.
      Табиғи монополиялар субъектiлерi саласындағы iстердiң қазiргi жағдайы монополияға қарсы заңнаманы мынадай бағыттарда дамытуды талап етедi:
      1) табиғи монополия саласына жататын қызмет түрлерiнiң санын кеңейту қажет. Атап айтқанда, бұл - энергия жылу энергиясын жылыту қазандықтарында және станцияларда құрамдастырылған өндiрiспен өндiру, сондай-ақ кiрме жолдардың бәсекелестiк жоқ саладағы қызметтерi.
      2) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметiн шектеу тұжырымдамасын өзгерту қажет. Қолданылып жүрген заңнамадағы қатаң шектеулер көбiнесе көптеген табиғи монополия субъектiлерi қызметiнiң республикалық ауқымдағы кеп бейiндi компаниялар не әлеуметтiк сипаттағы себептерге орай өзге қызметпен айналысуға мәжбүр компаниялар ретiндегi өзiндiк ерекшелiгiн ескермейдi. Осылайша, қолданылып жүрген заңнаманың нормаларын бұлжытпай орындау талабы тарифтердiң өсуi мен әлеуметтiк қауырттылыққа әкеледi, шектеулердi шартсыз тыйымдарға және уәкiлеттi органның келiсiмi бойынша әрi оның бақылауымен жүзеге асырылатын әрекеттерге бөлу, рұқсат етілген қызмет түрлерiн, сондай-ақ осы рұқсаттың өлшемдерiн анық көрсету ұсынылып отыр. Бұдан басқа, табиғи монополия саласына жататын, қызметi елеусiз және профильдi емес болып табылатын рынок субъектiлерi үшiн жалпы реттеу тәртiбiнен айрықшалықтар енгiзілдi.
      3) табиғи монополия саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесiн олардың қызметiнiң тұтынушылар мен уәкiлеттi орган үшiн ашықтығын қамтамасыз ету жолымен күшейту ұйғарылып отыр. Осы мақсаттарда заңнамада:
      жария тыңдалымдар рәсiмдерiн енгiзудi;
      табиғи монополия субъектiсiнiң аудит жүргiзу және аудиторлық есептілiктi жариялау, табиғи монополия саласындағы қызметтi бақылау мен реттеудi жүзеге асыратын уәкiлеттi органның қаржылық және техникалық сараптаманы тұрақты жүргiзуi жөнiндегi мiндеттерiн нақтылауды; <*>
      тарифтiк сметаларды тиiстi дәрежеде орындау, коммуналдық қызметтердi есептеу аспаптарын сатып алуды және орнатуды;
      уәкiлеттi органның табиғи монополия субъектiсiне қайта ұйымдастырудың жүргiзiлуiн және оның акцияларының сатып алынуын, оның негiзгi қаражатпен мәмiле жасасуына нақты бақылау жасауды көздеу жоспарланып отыр.
      Бұл ретте тұтынушы тарифтік сметалардың атқарылуы туралы ақпаратты алуға; жария тыңдалымдарға қатысуға; тарифтердi негiздеу үшiн пайдаланылатын ақпаратпен (заңмен қорғалатын құпияны қамтитын ақпараттан басқа) танысуға құқылы болады.
      4) табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтердi 3 айдан 6 айға дейiн қайта қарай алмаса, мерзiмдi ұзарту қажет, ал өтiнiмдi қарау кезеңi 30 күннен 60 күнге дейiн.
      Бұдан басқа, жалпы заң шығармашылығы практикасына сәйкес табиғи монополистердiң құқықтық субъектiлiгi мәселелерiне қатысты барлық негiзгi ережелердi заңның өзiнде барынша ашылады, ал заңға тәуелдi нормативтік құқықтық кесiмдерде тек рәсімдік және техникалық мәселелердi ашу болжанып отыр.
      Сондай-ақ Азаматтық  кодекске сәйкес табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтер көрсетуiне арналған жария үлгi шартты әзiрлеу жоспарланып отыр.
      "Нақты" экономикалық жағдай тұрақты қозғалыста болғандықтан, қолданылып жүрген заңнамада онымен бiрге өзгеретiнiн ескеру қажет. Монополияға қарсы заңнама бүгiнгi күнге дейiн өзiнiң статистикалығымен ерекшеленген. Жинақталған тәжiрибенi ескере отырып, заңға тәуелдi кесiмдер мен тарифтердi есептеу әдiстемелерiне түзетулер енгiзу қажет болады.
      5) көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) табиғи монополия саласына жатқызу мәніне қызмет түрлерінде арнайы экономикалық талдау жүргізуді көздейтін табиғи монополия субъектілерінің тариф түзуді жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүргiзуi қажет. "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен табиғи монополия саласына жатқызылған қызмет түрлерiн, бiрқатар жағдайларда реттелетiн қызметтердiң өздерi кеңiнен айқындайды. Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң көпшiлiгi қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) екi және одан да көп түрлерiн көрсетедi, бұл ретте олардың кейбiреулерi ғана реттелетiнге жатады. <*>
      6) Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң реттелетiн қызметтер (тауарлар, жұмыстар) түрлерi бойынша табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуi ережесiн әзiрлеу қажет. Бөлектеп есепке алу реттелетiн қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) тарифтер мен тарифтiк сметалар қалыптастыру кезiнде ескерiлетiн шығындардың ашықтығы мен негiздiлiгiн қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi. Бұдан басқа, бұл бiр қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) басқалардың есебiнен тоғыспалы субсидиялау, оның iшiнде шығыстардың бiр бөлiгiн реттелмейтiн қызметтерден (тауарлардан, жұмыстардан) реттелетiндерге ауыстыру тәжiрибесiн тоқтатуға ықпал ететiн болады. <*>
       Ескерту. 5-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

       2. ТАРИФТIК ӘДIСНАМАНЫ ЖЕТIЛДIРУ. ТАРИФТЕРДI ЕСЕПТЕУ ӘДIСТЕРI

       1) ТАРИФ ТҮЗУДІҢ ЖАҢА ӘДІСТЕРІН ЕНГІЗУ

      Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтерiне тарифтер объективтi және субъективтi факторлардың көп санымен айқындалады. Тарифтi есептеу әдiсiн, төлемдердi саралау шамасын, шығындарды есептеу әдiсiн таңдау реттеушi органға сыртқы факторлардың өзгеруiне икемдi түрде ден қоюға мүмкiндiк бередi.
      Тариф түзудiң бiрнеше әдiстерi бар, олардың iшiнде негiзгiлерi:
      шығындық әдiс;
      активтердiң реттелетiн базасына пайда нормасын айқындау әдiсi;
      орташа мерзiмдi кезеңге тарифтердiң шектi деңгейiн белгiлеу әдiсi болып табылады.
      Шығындық әдiстiң негiзiнде қызметтердi өндiру және сату шығындарын есептеу жатыр. Осы әдiс табиғи монополияларға реттелетiн шығындарды, олардың тиімділігiне қарамастан, өтеу кепiлдiгiн бередi, бiрақ инвестицияларды ынталандырмайды.
      "Активтердiң реттелетiн базасына пайда" есептеу әдiсi өз мiндеттемелерiн жабу үшiн және инвестицияларды тарту үшiн жеткiлiктi тарифтер деңгейiн қамтамасыз етедi.
      Орташа мерзiмдi кезеңге арналған тарифтердiң шектi деңгейлерiн белгiлеу әдiсi (тарифтiк сметада айқындалатын) шығындардың ұйғарынды деңгейiн және (активтердің реттелетiн базасының негiзiнде есептелетiн) ұйғарынды пайда нормасын 3 жылға жорамалдайды.
      Қазiргi жағдайларда активтердiң реттелетiн базасына (АРБ) пайда нормасын айқындау және орташа мерзiмді кезеңге тарифтердiң шектi деңгейiн белгiлеу әдiстерi неғұрлым үдемелi болып табылады.
       Ескерту. 1)-тармақшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

       Активтердiң реттелетiн базасына пайда есептеу әдiсi

      Бүгiн тарифтердi құру құрылымы негiзгi екi бөлiмнен тұрады: шығындар плюс пайда. Тарифтiң шығын бөлiмiн қалыптастыруға қойылатын талаптар "Табиғи монополиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында, Табиғи монополия субъектілері үшiн шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртiбiнде реттелген.
      Сонымен бiрге нарықтық экономика жағдайларында табиғи монополия саласын реттеудiң негiзi шығындардың негiзделген деңгейiнiң орнын толтыру ғана емес, сонымен қатар табиғи монополия субъектiлерiнiң тиiмдi дамуы үшiн пайда белгілеу болып табылуға тиiс.
      Шығыс Еуропа және Орта Азия мемлекеттерiнiң реттеушi органдарының Энергетикалық Қауымдастығының мүшесi болған соң, Еуропаның көптеген елдерiнiң: Венгрияның, Польшаның, Словакияның, Испанияның және т.б. тарифтiк саясат саласында жинақтаған тәжiрибесi зерделендi. Осы елдердiң табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтер реттеу негiзiнде акционерлердiң мүддесiн ескере отырып, активтердiң реттелетiн базасына пайда айқындау қағидаты жатыр. Табиғи монополиялар саласын реттеудiң халықаралық практикасы тартылған қарыз капиталына ғана емес, сонымен қатар меншiктi (акционерлiк) капиталға да сыйақы төлеудi ескередi.
      Қазақстанда табиғи монополиялар субъектілерi ұсынатын қызметтер көлемінің 1999 жылға дейiн құлдырауы өндiрiстiк активтердiң едәуір үлесiн босатуға алып келдi. Осылайша, су шаруашылығы саласында активтердiң iске қосылуы - 40% деңгейiнде, энергетика саласында 50%-60% қалыптасты. Бұл ретте көптеген табиғи монополияларда негiзгi қорлардың табиғи тозуы төменгi мәннен асып кетті: мысалы, энергетика саласында - 50%-тен 60%-ке дейiн, темiр жол көлiгi саласындағы табиғи тозу деңгейi - 60%-тен астам. Оның нәтижесiнде көрсетiлетiн қызметтердің сапасы төмендеп және, оның салдары ретiнде, нормативтен тыс ысырап өсіп отыр.
      Бұдан басқа, бүгiн табиғи монополиялар субъектiлерi тарифтердi қалыптастыру кезiнде қажеттi пайда деңгейiн инвестициялық бағдарламалардың немесе күрделi жөндеу көлемдерiнiң негiзiнде дәлелдеп отыр. Тариф түзудiң мұндай әдiсi "шығындық" қағидатқа ие.
      Тариф түзудiң осы қағидатын қолдану табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтердiң едәуiр өсуiне алып келуі мүмкін, мысалы, су шаруашылығы жүйелерінде ескі әдісті қолдану 2003 жылы тарифтің 30%-ке өсуіне алып келеді.

2-кесте

Активтердің реттелетін базасына пайда нормасының әдісін енгізудің салыстырмалы кестелері
Су шаруашылығы жүйесінің қызметтері

_________________________________________________________________________
                      !2002 ж.     !2003 ж.     !2004 ж.     !2005 ж.
                      !2001 ж.-ға,%!2002 ж.-ға,%!2003 ж.-ға,%!2004 ж.-ға,%
_________________________________________________________________________
Қолданылып жүрген       110,1        130,4        120,8        117,3
әдістеме бойынша
_________________________________________________________________________
АРБ-ға пайда ставкасы     -          116,3        107,7        103,6
15% кезінде
_________________________________________________________________________

                      Кәріз жүйесінің қызметтері
_________________________________________________________________________
                      !2002 ж.     !2003 ж.     !2004 ж.     !2005 ж.
                      !2001 ж.-ға,%!2002 ж.-ға,%!2003 ж.-ға,%!2004 ж.-ға,%
_________________________________________________________________________
Қолданылып жүрген       105,2        126,1        109,2        105,3
әдістеме бойынша
_________________________________________________________________________
АРБ-ға пайда ставкасы     -          116,2        108,5        104,1
15% кезінде
_________________________________________________________________________

      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, қазiргi уақытта активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын белгiлеу тәртiбi жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдардың жобасы даярланды, ол пайданы қалыптастыруда негiзгi екi қағидатты ескередi: бiрiншiсi - активтердiң iске қосылуы және екiншiсi - меншiк иелерінің инвестицияларды тартуға мүдделілiгi.
      Пайданың мөлшерi iске қосылған активтердiң құнына тәуелдi болады, ол түпкiлiктi нәтижесiнде табиғи монополия субъектiлерiнiң негiзгi қорларына инвестициялар тартуды ынталандыруға тиiс және ол мынадай формула бойынша айқындалатын болады:
      ТПҰН = АБР*ТПС, мұндағы:
      ТПҰН - таза пайданың ұйғарынды нормасы (теңге), 
      АРБ - iске қосылған активтердің реттелетiн базасы (теңге), 
      ТПС - таза пайда ставкасы (%). 
      Iске қосылған активтердің реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiсiн iс жүзiнде пайдалану субъектiлердің негiзгi қорлардың құнын нақты (нарықтық) құнға дейiн қайта бағалау мүмкiндiктерiне негiзделетiн болады.
      Пайданы айқындауда қолданылатын екiншi көрсеткiш активтердiң iске қосылу деңгейi сияқты пайданы есептеудi табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметтердi өндiру мен көрсету кезiнде активтердi пайдалануына тәуелдi етедi. Бұдан басқа, экономикалық көзқарас тұрғысында осы жол пайданы айқындаудың шығындық сипатына ие емес және табиғи монополия субъектiлерiнiң инженерлiк жүйелердiң тиелiмiн арттыруға деген ұмтылысын ескередi.
      Iске қосылған активтердiң реттелетiн базасы табиғи монополия субъектiлерiнiң негiзгi қорларының қалдық құны мен олардың iске қосылу коэффициентiнiң негiзiнде мынадай формула бойынша есептеледi:
      АРБ = АҚ * K мұндағы:
                  іс, 
      АҚ - активтердiң нақты құны (теңге), 
      K iске қосылған активтердiң коэффициентi. 
       іс 
      Ұсынылып отырған жолдар iске қосылған активтерге пайда ставкасының негiзiнде "ҚазТрансОйл" үшiн тарифтердi есептеу әдiстемесiн қолдану тәжiрибесiне негiзделген. Мұнай құбыры кәсiпорнының тарифiнде көзделген пайда компанияның инвестицияларды жүзеге асыруына, техникалық қайта жарақтануына және жаңа технологияларды енгiзуiне ақша салуға мүмкiндiк бердi. Бүгiнде осы әдiстеменi енгiзудiң арқасында компания активтерiнiң iске қосылуы 2001 жылы 1999 жылмен салыстырғанда, 29,7%-ке өстi деп айтуға болады.
      Қазiргi уақытта әзiрленiп жатқан әдiстемеде пайданы тек активтердiң iске қосылуын ғана емес, сонымен бiрге меншiктi капиталға сыйақы ставкасын қоса ескерiп есептеу ұсынылып отыр.
      Тариф түзудiң жаңа әдiсiн қолдану табиғи монополиялардың әр түрлi салалары үшiн пайда ставкасын айқындау кезінде сараланған жолдарға негiзделетiн болады.
      Осылайша, су шаруашылығы жүйелерi үшiн пайдада технологиялық қатердi ескеру ұсынылып отыр.
      Энергетика секторы үшiн экономика дамуының (жалпы iшкi өнiмнің) арту қарқындарының елiмiз бойынша электр энергиясын тұтынудың iшкi көлемдерiне қарай өзгеру икемділiгінің көрсеткiштерiн ескеру ұсынылып отыр.
      Су шаруашылығы жүйелерiне жылдам инвестициялардың қажеттiгi мен олардың тұтыну бағаларының индексiне әсерiнiң шамалы үлесi 2003 жылдан бастап осы табиғи монополия субъектілерi үшiн iске қосылатын активтердің реттелетiн базасына пайда есептеу әдiстемесiн енгiзудің бiрiншi кезектiлiгiн айқындайды. Әдiстеменi енгiзудi 2005 жылдың соңына дейiн кезең-кезеңмен және жүйелердің жай-күйi мен тарифтердiң бүгiнгi күнгi негiзсiз сараланымын жоюды ескере отырып, аймақтар бойынша саралауды жүзеге асыру жоспарланып отыр, онда оны әзiрлеу 2002 жылдың соңына дейiн аяқталатын болады.
      "КЕGОС" ААҚ реттеуге қатысты Агенттiк 2003 жылдың соңына дейiн тарифтердi есептеу әдiснамасының активтердiң реттелетiн базасындағы пайданы есептеу бөлiгiне өзгерiстер енгiзу жоспарлап отыр.
      Бөлушi электр желiсi компаниялары үшiн iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына пайда ставкасын есептеу әдiстемесiн енгiзудi электр энергиясын кернеу сыныптары бойынша беру жөнiндегi қызметтерге тарифтер есептеу әдiснамасы әзiрленгеннен және ол 2003 жылы кезең-кезеңмен енгiзiлгеннен кейiн жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұдан басқа, Қазақстанның 6 облысындағы бүгiнгi күнгi электр энергиясына тарифтердiң негiзсiз сараланымы жойылуға тиiс.
      Экономиканың көлiк-коммуникация секторы саласында 2002 жылдың соңына дейiн "Қазақстан темiр жолы" ҰК" ЖАҚ және "Қазпочта" ААҚ үшiн осы әдiстеменi қолдану жөнiндегi қағидатты жолдарды жасау ұсынылып отыр.

       Орташа мерзiмдi кезеңге арналған шектi тарифтердi есептеу әдiсi

      Табиғи монополиялардың саласына инвестицияларды тартудың басқа маңызды ынталандырмасы орташа мерзімді кезеңге арналған шектi тарифтердi белгiлеу әдiсiн енгiзу болып табылады.
      Шектi тариф олардың шегінде табиғи монополиялар өз қызметiн жүзеге асыратын тариф шеңберлерiн белгiлеу деп түсіндіріледі.
      Шектi тарифтердi белгiлеудiң басты мiндетi неғұрлым жеңiлдіктi жағдайларда ұзақ мерзiмдi инвестицияларды тарту, өтпелi кезең экономикасының тұрлаусыздығымен байланысты қатерлердi азайту, сондай-ақ өндiрiстiк шығындарды азайтуға ынталандыру болып табылады. 
      Тариф түзудiң жаңа қағидаттарын енгiзу, бәрiнен бұрын, экономиканың "табиғи-монополиялық" секторларында реформалар жүргiзуге байланысты. Табиғи монополиялар субъектiлерiн қайта құрылымдау бағдарламаларын әзiрлеу табиғи монополиялар салаларының "қусырудың" және қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) қалған түрлерiн бәсекелес секторға берудiң қажеттi шарты болып табылады. <*>
      Табиғи монополия субъектiсiнiң орташа мерзiмдi кезеңге арнап бекiтiлген инвестициялық бағдарламаны iске асыру жөнiндегi мiндеттемелердi қабылдауы шектi тарифтердi ұсыну шарты болып табылады. Бұдан басқа, шектi тарифтердi есептеу кезінде iске қосылған активтердiң реттелетiн базасына есептелген пайда ескерiлетiн болады.
      Алғаш рет Еуропа Қайта құру және Даму Банкi (ЕҚДБ) Қарағанды қаласының энергокешенiне ("Қарағанды Пауэр" ЖШС) инвестициялық жобаны iске асыруға байланысты осы әдiстеменi қолдануды ұсынды.
      Осы мақсаттарда ЕҚДБ консультанттарды - "Фронтье Экономикс" компаниясын тартты. 
      Бiрқатар оң сәттерiне қарамастан, консультанттар ұсынған әдiснама бiрқатар қолданылып жүрген заңнамаға қарама-қайшылықтарға ие және тұтынушылардың құқықтарын бұзады. 
      Көрсетiлген әдiснаманың негiзiнде деңгейi 3 жыл бойы (орташа мерзiмдi кезең) өзгермейтiн шектi (орташа есептелген) тарифке негiзделген жаңа тариф түзу тұжырымдамасын әзiрлеу ұсынылып отыр.
      "Фронтье Экономикс" компаниясы ұсынған әдiснама бойынша тарифтер орташа мерзiмдi кезең аяқталғаннан кейiн, мысалы, "Қарағанды Пауэр" С үшiн 30%-ке артуы мүмкiн, ал Агенттiк жобасын iске асырған жағдайда тарифтiң артуы тек 13% деңгейiнде ғана қалыптасады және 3 жыл бойы тұрақты болады.
      Мыналар:
      шектi тарифтi есептеу кезiнде елiмiздiң дамуының макроэкономикалық көрсеткiштерiнiң ескерілетiн болатыны;
      табиғи монополиялар субъектілерiнiң өндiрiс тиiмдiлiгiн арттырудан алатын кiрiстерге дербес билiк ету мүмкiндiгiн алатыны маңызды болып табылады.
      Шектi тарифтердi енгiзу кезiнде құзыреттi органдардың (салалық министрлiктердiң) нормативтердi, инвестициялық бағдарламаларды бекiту, реттеушi органның тарапынан инвестициялық бағдарламалардың iске асырылуын бақылау бөлiгiндегi рөлi мен жауапкершілiгi артады.
      Бұдан басқа, осы әдiстi қолдану табиғи монополиялар субъектілерiн таңдаудың мынадай өлшемдерiне негiзделуге тиiс:
      субъектiнiң қаржы-шаруашылық қызметiнiң тұрлаулылығы;
      нақты пайданың болуы;
      көрсетiлетiн қызметтер көлемдерінің тұрлаулылығы;
      бақыланатын дебиторлық берешек;
      субъектiнiң активтерiне кепiлдiктердің болмауы және iрi бақыланбайтын қарыздар;
      компанияның қалыптасқан инвестициялық имиджi.
      Осы әдiснамалық жолдар бiздiң елiмiзде қолданылған жоқ және тұтастай алғанда халықаралық практикада қолданылатын әдiснаманы қайталамайды. Сондықтан, 2003 жылдан бастап бiрқатар салаларда тарифтердi жаңа әдiстеме бойынша қалыптасыруға көшу болжанып отыр. Жаңа әдiстемеге көшу туралы шешiмдi шаруашылық жүргiзуші субъектiлер тек жоғарыда көрсетiлген өлшемдерге сәйкес келген жағдайда және уәкiлеттi органның шешiмi бойынша қабылдайтын болады.
      Сөйтіп, теңiз портының қызметтерiне шектi тарифтер есептеу әдiстемесiн енгiзу Қазақстан Республикасының Үкiметi "Теңiзде жүзу саудасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес теңiз портының мiндеттi қызметтерiнiң тiзбесiн айқындағаннан кейiн жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      Шектi тарифтердi енгiзу мыналарды айқындайтын нормативтiк құқықтық кесiмдердi қамтитын тиiстi нормативтiк негiзде жүзеге асырылуға тиiс:
      табиғи монополиялар субъектiлерiнiң iске қосылған активтерiнiң реттелетiн базасына пайда ставкасын және оларды белгiлеу тәртiбiн есептеу;
      табиғи монополиялар субъектілерiнiң қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) өндiруiмен ұсынуына орташа мерзімдi кезеңге арналған негiзде шектi тарифтердi есептеу тәртiбi;
      орташа мерзiмдi негiзде шектi тарифтердi енгiзу және тарифтердiң шектi деңгейлерi белгiленген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн бақылауды жүзеге асыру тәртiбi.
      Көрсетiлген нормативтiк құжаттарды әзiрлеу 2002 жылдың соңына дейiн, кейiннен 2003 жылдан бастап шектi тарифтердi енгiзе отырып, аяқтау болжанып отыр.
      Шектi тарифтердi қолданудың бiрiншi жобаларын iске асырғаннан кейiн агенттiк табиғи монополияларды реттеу практикасына, әсiресе су шаруашылығы жүйесi мен электр энергетикасының, көлiк-телекоммуникация секторының субъектiлерi үшiн шектi тарифтердi кеңiнен тарату арқылы тарифтiк саясатты одан ары жетiлдiрудi жалғастырады.

       2) ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР СУБЪЕКТIЛЕРIНIҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҰТЫНУШЫЛАРЫНЫҢ
         ЖАЙ-КҮЙІНІҢ МОНИТОРИНГI

      Жоғарыда көрсетiлген тариф түзу әдiснамаларын iске асырудың негiзi толық ауқымды техникалық және қаржылық сараптама жүргiзу, қызметтердiң түрлерi бойынша өзiндiк құнды айқындау, табиғи монополиялар саласына жатқызылған қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) түрлерi бойынша табиғи монополиялар субъектiлерiнiң табыстарды, шығындар мен iске қосылған активтердi бөлектеп есепке алуды жүргiзуi табиғи монополиялар субъектiлерi жай-күйінің мониторингi болуға тиiс. <*>
      Табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйін оларға қатысты қабылданатын шешiмдердi негiздеу үшiн шұғыл түрде қадағалау жүйесiн дұрыс жолға қою қажет.
      Реттеушi органның көзқарасы тұрғысында табиғи монополиялар субъектiлерiне мониторингтi мынадай бағыттарда ұйымдастыру қажет:
      әр субъектiнiң негiзгi қаражатының жай-күйiнiң мониторингi;
      көрсетілетiн қызметтер көлемiнiң мониторингi;
      шығыстар мен кірiстердiң мониторингі;
      қызметтердi тұтынушылардың мониторингi.
      Осы мақсаттар үшiн көрсетiлген бағыттарда табиғи монополиялар субъектiлерiнiң жай-күйiн модельдеудiң тиiстi құралдарын және қажеттi статистикалық нысандарды әзiрлеу қажет.
      Жиналатын ақпараттың үлкен көлемiне және шұғыл талдаудың қажеттiгiне орай деректердiң автоматтандырылған дерекқорын құру талап етіледi (2004 жылғы 4-тоқсан). Табиғи монополиялар субъектiлерi жай-күйiнiң нәтижелерi субъектiнiң өзiнiң жай-күйiн сапалы талдау, ұсынылатын инвестициялық бағдарламалардың негiздiлiгiн бақылау, қызметтердiң көлемiн, тарифтердiң деңгейiн болжау тарифтердiң тұтынушылардың жай-күйiне әсерiн талдау үшiн пайдаланылатын болады.
       Ескерту. 2)-тармақшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

       3) ТАРИФТЕРДI ӨЗГЕРТУДІҢ ЭКОНОМИКАНЫҢ БАСҚА САЛАЛАРЫНА ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘСЕРIН
         ТАЛДАУ ҚҰРАЛДАРЫН ӘЗIРЛЕУ

      Табиғи монополиялар субъектiлерiн талдау мен олардың қызметтерiн тұтынушыларды талдау сұраным көлемдерiнiң тарифтердiң деңгейiне тәуелдiлiгi тұрғысында салалардың өзара әсер дәрежесiн бағалау мен тарифтердiң теңгерiмдi деңгейiн негiздеу мiндеттерiне жүйелi көзқарастың қажет екендiгiне әкеледi.
      Табиғи монополиялардың қызметтерiне тарифтер деңгейлерiнiң экономиканың басқа салаларына қатысушылардың жай-күйiне өзара әсерiн бағалаудың неғұрлым тез жолы, тұтастай алғанда, экономиканың мүдделерi тұрғысында салалар арасындағы теңгерiмінің мүмкiн бұзылуы туралы бiлдiретiн макро- және микродеңгейге индикаторлар жүйесін айқындауға негізделген.
      Бұл үшiн, бiрiншi кезекте, табиғи монополиялар саласына тiкелей қатысушылардың дамуының жай-күйi мен серпiнiн сипаттайтын микродеңгейлі индикаторларды әзiрлеу қажет.
      Мысалы, табиғи монополия субъектiлерінің жай-күйi мен даму серпiнен сипаттайтын индикаторларға:
      көрсетілген қызметтердiң (жұмыстардың) негiзгi өндiрiстiк көрсеткiштерін;
      негiзгi құралдар жай-күйiнiң көрсеткiштерiн (тозу дәрежесiн, жаңарту коэффициенттерiн, жою коэффициенттерiн, қуаттардың тиелу деңгейiн және басқаларды) кiрiстiлiктiң қаржылық көрсеткiштерiн (пайданы, шығарылатын өнiмдер мен қызметтердiң пайдалылығын, активтердiң пайдалылығын, меншiктi капиталдың пайдалылығын және басқаларды);
      инвестициялық белсендiлiктiң көрсеткiштерiн (негiзгi және айналым капиталына инвестициялардың көлемiн, инвестицияларды қаржыландырудың көздерiн) жатқызуға болады.
      Табиғи монополиялардың өнiмдерi мен қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйiн көрсететiн индикаторларға мыналарды жатқызуға болады:
      жеке тұлғалар (халық) үшiн: аймақтар бойынша халық табысының деңгейiн; халықтың сатып алу қабiлетiнiң бағасын; табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың халықтың жалпы тұтыну шығыстарындағы үлесiн;
      заңды тұлғалар (кәсiпорындар мен ұйымдар) үшiн: кәсiпорындар кiрiстілігiнiң көрсеткiштерiн; табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың шығындардың жалпы құрылымындағы үлесiн жатқызуға болады.
      Бiр саладағы тарифтердiң өзгеруiнiң басқа сала субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық жай-күйiне әсерiн бағалау экономиканың дамуындағы макроэкономикалық теңгерiмді қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда мемлекет үшiн үлкен мәнге ие.
      Қаралып отырған проблеманың теорияға да, практикаға да қатысты үлкен күрделілігі мен ауқымдылығы, көптеген сыртқы және iшкi факторлардың әсерiн ескеру қажеттігi қазiргi заманғы экономика және математика ғылымының құралдары арқылы зерттеудiң кешендi сандық әдiстерiн бiр саланың шегiнде де әзiрлеудi мүмкiн етпей отыр. Қазiргi модельдер мен әдiстер негiзiнен әртүрлi макроэкономикалық көрсеткіштерді қарастырады, салалардың өзара әсер ету дәрежесiне кейбiр сапалы бағаларына сүйенедi және салалардың тепе-теңдiгiне әсер ететiн бiр немесе екi басты фактор ескеріледi. Осындай модельдердi шешу негiзінде алынған қорытындылар сапалы сипатқа ие, өйткенi модельде ескерiлмеген факторлардың әсерi басты факторлардың әсерiмен салыстырылуы мүмкiн.
      Табиғи монополиялар тарифтерi деңгейлерiнің салалардың жай-күйiне өзара әсерiн макроэкономикалық талдау әдiстемесiн әзiрлеу қажет. Бұл әдiстеменiң шұғыл талдау үшiн қолданудың ай сайынғы немесе тоқсан сайынғы аралық мерзiмi болуы тиiс.
      Индикаторлар арасындағы өзара байланыстарды зерттеу салалардың тарифтiк жүйесiнiң басқа салалардың қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiне өзара әсерi туралы жорамалдауға мүмкiндiк бередi. Бұл ретте индикаторлардың бiр-бiрiне әсер етуiн зерделеудiң тиiстi әдiстерiн әзiрлеу қажет.
      Сондай-ақ тарифтердiң өзгеруiнiң халықтың жағдайына әсер ету салдарларын бағалау қажет. Бұл үшiн аймақтар бойынша халық табысының деңгейi мен тұтыну шығыстарының құрылымын талдау қажет. Табиғи монополиялардың қызметтерiне жұмсалатын шығыстардың халықтың жалпы тұтыну шығыстарындағы үлесiн бағалау керек. Одан ары осы шаманың тариф шамасы өзгерген кезде қалай өзгеретiнiн байқау қажет. Сонымен қатар халықтың тарифтiң өзгергенiне қалай қарайтынын (ұсынылатын қызметтердi тұтыну көлемдерiнiң өзгеруi мағынасында) бағалауға, яғни табиғи монополиялардың қызметтерiне сұраным икемдiлiгiнiң коэффициенттерiн бағалауға болады. Осы коэффициенттердi ескере отырып, тарифтiк саясатты айқындау қажет.
      Көрсетiлген мақсаттарды iске асыру үшiн реттеушi орган Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгiмен және басқа да құзыреттi (салалық) министрлiктермен бiрлесiп, ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, табиғи монополиялар субъектiлерi мен олардың қызметтерiн тұтынушылардың жай-күйi индикаторларының жүйесiн (2003 жылдан бастап) әзiрлеу қажет.

       6. ҚАЖЕТТI РЕСУРСТАР МЕН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ КӨЗДЕРI 

       Ескерту. 6-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

      2002-2004 жылдарға арналған Бағдарламаның құны 992,188 млн. теңге мөлшерiнде бағаланады. Қаржыландыру тек республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiлетiн болады.
      2002 жылы нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеуге және жетiлдiруге консультанттар тартуға республикалық бюджеттен 17,1 млн. теңге сомасында қаражат бөлiндi.
      Бағдарлама 2003-2004 жылдары 975,088 млн. теңге мөлшерiндегi, оның iшiнде 2003 жылы 435,362 млн. теңге мөлшерiндегi, ал 2004 жылы - 539,726 млн. теңге шығындарды талап етедi.<*>

3-кесте

       Ескерту. 3-кесте жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

              Табиғи монополиялар субъектiлерiнiң тарифтiк саясатын
жетiлдiрудiң 2003 - 2004 жылдарға арналған бағдарламасының
мақсаттары мен мiндеттерiне жету үшiн қажеттi ресурстар

                                                       (млн. теңге)
___________________________________________________________________
     Іс-шаралар            |  2003 ж.  |  2004 ж.   |  Жиыны:
___________________________________________________________________
Нормативтiк құқықтық
базаны әзiрлеуге және
жетiлдiруге                   85,362     135,362      220,724
консультанттар тарту,
оның iшiнде:

табиғи монополиялар           85,362        100       185,362
субъектiлерiнiң қызметiн
реттейтiн белгiлi бiр
тауар рыногында үстем
(монополиялық) жағдайға         -         35,362       35,362
ие субъектiлердiң
қызметiн реттейтiн

Табиғи монополиялар
субъектiлерiнiң қызметiне       350          220          570
қаржылық және техникалық
сараптама жүргiзу

Тауар рыноктарына талдау
жүргiзу                          -           80            80

Монополистер қызметiнiң
мониторингi бойынша              0        104,364     104,364
электрондық дерекқор
жасау (1-ші кезең)

Барлығы:                     435,362      539,726     975,088
____________________________________________________________________

       7. Күтілетін нәтижелер

      Тарифтік саясатты жетілдірудің 2002-2004 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру нәтижесінде:
      табиғи монополист кәсіпорындар қызметтеріне тарифтерді өзгертудің 2002-2004 жылдарға арналған индикативтік болжамы кестеге сай келеді.

4-кесте

       Ескерту. 4-кестеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .

Табиғи монополист кәсіпорындардың өнімі мен қызметтеріне тарифтерді өзгертудің 2002-2004 жылдарға арналған индикативтік болжамы

_________________________________________________________________________
                              !   2002 ж.      !  2003 ж.    !  2004 ж.
                              ! желтоқсан      ! желтоқсан   ! желтоқсан
  Мемлекеттік реттеуіштер     !   2001 ж.      !   2002 ж.   !  2003 ж.
                              ! желтоқсанға    !желтоқсанға  !желтоқсанға
                              ! қарағанда, %,  !қарағанда, %,!қарағанда, %,
                              !   болжам       !  болжам     !  болжам
_________________________________________________________________________
Бөлуші электр желісі компа.      108,6             103,1         104,5
ниялары беретін электр
энергиясы
_________________________________________________________________________
Магистральды желілер арқылы      103,0             106,0         107,0
электр энергиясын тасымалдау
_________________________________________________________________________
Табиғи газды тасымалдау:
Магистральды құбыр желілері
арқылы                           100,0             100,0         100,0
Бөлуші құбыр желілері арқылы     110,4             105,4         103,8
Мұнайды магистральды құбыр
желілері арқылы тасымалдау**     100               100,0         100,0
_________________________________________________________________________
Жылу энергиясы                   11,3              103,8         104,2
_________________________________________________________________________
Ауыз суды беру және              113,1             107,1         109,3
ағынды суды бұру                 102               106,9         107,9
_________________________________________________________________________
Шаруашылық жүргізуші субъектілер
үшін жүктерді республика
ішінде темір жол көлігімен
тасымалдау                       104,1             105,9         105,8
_________________________________________________________________________
Темір жол көлігімен
жолаушыларды тасымалдау          105,8             105,7         105,4
_________________________________________________________________________
Байланыс қызметтері:
Шаруашылық жүргізуші субъектілер 104               103           103
үшін                
халық үшін                       105               105,9         105,8
_________________________________________________________________________
Почта байланысының жалпыға       105,5             102           102
қол жетiмдi қызметтерi
_________________________________________________________________________

      Ескерту: ** "ҚазТрансОйл" ЖАҚ үшін тасымалдау тарифін есептеу әдістемесінің өзгеруіне байланысты

      тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және табиғи монополиялар субъектілерi қызметiнiң ашықтығын арттыруға мүмкiндiк беретiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;
      табиғи монополиялар саласындағы экономиканы мемлекеттiк реттеу тетiгiн жетiлдіретiн әдіснамалық жолдарды әзiрлеу;
      табиғи монополиялар субъектiлерiнің өндiрiсiн жаңартуды инвестициялау үшiн жағдайлармен қамтамасыз ету;
      өндiрiстi жаңғырту және нормативтен жоғары ысырапты азайту есебiнен ұсынылатын қызметтердiң сапасын арттыру;
      табиғи монополиялар субъектiлерiнің тарифтерi өзгеруiнiң олардың тұтынушыларына әсерiн талдауға мүмкiндiк беретiн әдiстемелер мен бағдарламалық өнiмдердi әзiрлеу;
      табиғи монополиялар қызметiнiң саласының мониторингi жүйесiн құру;
      табиғи монополиялар субъектiлерiнің қызметтерiне тарифтердi тұтынушылардың топтары бойынша негiзсiз саралауды жою.

       8. Бағдарламаның іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

       Ескерту. 8-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.03.18. N 337   қаулысымен .
       Ескерту. 8-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.08.31. N 914   қаулысымен .

__________________________________________________________________________
Р/с!           Іс-шара        !Аяқталу !Орындалуына !Орындалу!Бол. !Қаржы.
N  !                          !нысаны  !(іске асыры.!(іске   !жанып!ландыру
   !                          !        !луына)      !асырылу)!отыр.!көзі
   !                          !        !жауаптылар  !мерзім. !ған  !
   !                          !        !            !дері    !шығ. !
   !                          !        !            !        !ыстар!
__________________________________________________________________________
1               2                 3         4          5       6     7
__________________________________________________________________________
                                  2002 жыл
__________________________________________________________________________
1  Активтердің реттелетін      ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   1,5  Респуб.
   базасына пайда ставкасын    бұйрығы   ЭМРМ, ККМ   4-тоқсан       бюджет
   есептеу жөніндегі әдістеме.
   ні және оларды табиғи моно.
   полиялар субъектілері үшін
   белгілеу тәртібін әзірлеу
__________________________________________________________________________
2  Орташа мерзімді негіздегі   ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   1,5  Респуб.
   тарифтердің шекті деңгей.   бұйрығы   ЭМРМ, ККМ   4-тоқсан       бюджет
   лерін есептеу тәртібін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
3  Шығыстарды тасымалдаудың    ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   4    Респуб.
   түрлеріне бөлу және жүктер. бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   ді темір жолмен тасымалдау.
   дың өзіндік құнын айқындау
   әдістемесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
4  Жолаушыларды темір жолмен   ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   1,5  Респуб.
   тасымалдаудың өзіндік       бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   құнын есептеу әдістемесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
5  Қазақстан Республикасы      ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   2,0  Респуб.
   әуежайларындағы жерде       бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   көрсетілетін қызметтер үшін
   әуежайлық алымдар мен тариф.
   терді есептеу әдістемесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
6  Жылуэлектр станцияларында   ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   2,0  Респуб.
   жылу мен электр энергиясын  бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   өндіру арасындағы шығындарды
   бөлу жөнінде әдістеме
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
7  Телекоммуникациялар қыз.    ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   1,5  Респуб.
   меттерінің негізгі шығын.   бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   дарын бөлу және өзіндік
   құнын айқындау жөнінде
   әдістеме әзірлеу
__________________________________________________________________________
8  Өндірістік мұқтаждар үшін   ТМРБҚА    ТМРБҚА,     2002 ж.   1,2  Респуб.
   тендерлік негізде Табиғи    бұйрығы   Сатып алу   4-тоқсан       бюджет
   монополиялар субъектілері.            жөніндегі
   нің материалдық және қаржы.           агенттік
   лық ресурстар, жабдықтар
   сатып алуын жүргізу ережесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
9  Қазақстан Республикасының   ТМРБҚА    ТМРБҚА      2002 ж.   1,9  Респуб.
   монополияға қарсы заңнаманы бұйрығы               4-тоқсан       бюджет
   бұзғаны үшін Монополияға
   ден қою шараларын қолдану
   ережесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
10 Табиғи монополиялар субъек. ТМРБҚА    ТМРБҚА      2002 ж.   жоқ  жоқ 
   тілерінің инвестициялық     бұйрығы               4-тоқсан
   бағдарламаларын қарау және
   келісу ережесін әзірлеу
_________________________________________________________________________
                               2003 жыл
__________________________________________________________________________
11 Халықаралық темір жолмен    Норматив. ККМ         2003 ж.   жоқ  жоқ
   жолаушылар қатынасы туралы  тік                   1-тоқсан
   келісімге (ХЖҚК) қосылу     құқықтық
   жөнінде құжаттар дайындау   кесімнің
                               жобасы
__________________________________________________________________________
12 Халықаралық темір жолмен    Норматив. ККМ         2003 ж.   жоқ  жоқ
   жүк қатынасы туралы келі.   тік                   1-тоқсан
   сімге (ХЖҚК) қосылу         құқықтық
   жөнінде құжаттар дайындау   кесімнің
                               жобасы
__________________________________________________________________________
13 Республикалық және халық.   ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   5    Респуб.
   аралық қатынастардағы       бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   жүктерді темір жолмен
   тасымалдау тарифтерін
   есептеу әдістемесін әзірлеу
   және Прейскурантын жасау
   (1-кезең)
__________________________________________________________________________
14 Жүктерді темір жол көлігі   ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   7    Респуб.
   мен тасымалдауға байланысты бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   шығындарды бөлу және қосым.
   ша операциялардың өзіндік
   құнын айқындау әдістемесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
15 Кірме жолдар қызметтерінің  ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   3    Респуб.
   өзіндік құнын айқындау      бұйрығы   ККМ         2-тоқсан       бюджет
   әдістемесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
16 Аэронавигация қызметтерінің ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   4    Респуб.
   шығындарын бөлу және өзін.  бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   дік құнын айқындау
   әдістемесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
17 Теңіз порты орындайтын жұ.  ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   9,1  Респуб.
   мыстар мен қызметтер үшін   бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   алымдар мен төлемдер
   ставкаларын есептеу жөнінде
   әдістеме әзірлеу
__________________________________________________________________________
18 Жерде көрсетілетін қызмет   ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   2    Респуб.
   үшін әуежайлық алымдар мен  бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   тарифтерге төмендету
   коэффициентінің деңгейін
   айқындау жөнінде әдістеме
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
19 Теңіз порттары орындайтын   ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   3    Респуб.
   қызметтерге алымдар став.   бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   каларына төмендету коэффи.
   циентінің деңгейін айқындау
   жөнінде әдістеме әзірлеу
__________________________________________________________________________
20 Почта байланысы саласындағы ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   8    Респуб.
   шығындарды бөлу, қызмет.    бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   тердің өзіндік құнын
   айқындау және тарифтер
   есептеу жөнінде әдістеме
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
21 Жылу таратушы өлшемдер      ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   6,1  Респуб.
   бойынша жылу энергиясын     бұйрығы   ЭМРМ        4-тоқсан       бюджет
   өндіру кезіндегі шығындарды
   бөлу әдістемесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
22 Кернеу сыныптары бойынша    ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   13,1 Респуб.
   аймақтық деңгей желілері    бұйрығы   ЭМРМ        4-тоқсан       бюджет
   арқылы электр энергиясын
   беру жөніндегі қызметтерге
   тарифтер есептеу әдістемесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
23 Бөлуші құбыр желілері арқы. ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   11   Респуб.
   лы табиғи газды тасымалдау  бұйрығы   ЭМРМ        4-тоқсан       бюджет
   жөніндегі қызметтерге
   тарифтер есептеу әдістемесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
24 Бөлуші құбыр желілері арқы. ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   11   Респуб.
   лы суды тасымалдау жөнін.   бұйрығы   ККМ         4-тоқсан       бюджет
   дегі қызметтерге тарифтер
   есептеу әдістемесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
25 Монополияға қарсы заңна.    ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   3    Респуб.
   маны жүйелендіруді жүргізу  бұйрығы   ҚарМ        4-тоқсан       бюджет
__________________________________________________________________________
26 Табиғи монополиялар субъек. Қазақстан ТМБРҚА,     2003 ж.   350  Респуб.
   тілеріне қаржылық және      Республи. ККМ, ЭМРМ   4-тоқсан       бюджет
   техникалық сараптама        касының
   жүргізу                     Үкіметіне
                               есеп
__________________________________________________________________________
27 Табиғи монополиялар субъек. ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   жоқ  жоқ
   тілерінің мүлкін иеліктен   бұйрығы   ҚарМ        4-тоқсан
   шығаруды келісу ережесін
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
28 Табиғи монополиялар субъек. ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   жоқ  жоқ
   тілерін қайта ұйымдастыру   бұйрығы   ҚарМ        4-тоқсан
   мен таратуды монополияға
   қарсы органмен келісу
   нұсқаулығын әзірлеу
__________________________________________________________________________
29 Уақытша өтемдік тариф       ТМРБҚА    ТМБРҚА      2003 ж.   жоқ  жоқ
   белгілеу ережесін           бұйрығы               4-тоқсан
   әзірлеу
__________________________________________________________________________
30 Табиғи монополиялар субъек. ТМРБҚА    ТМБРҚА,     2003 ж.   жоқ  жоқ
   тілерінің қаржы-шаруашылық  бұйрығы   ҚарМ        4-тоқсан
   қызметінің аудиторлық есеп.
   теріне қойылатын талаптар.
   дың тізбесін әзірлеу
__________________________________________________________________________
31 Тарифтерді бекіту кезінде   Норматив. ТМБРҚА,     2003 ж.   жоқ  жоқ
   жария тыңдалымдар өткізу    тік       облыстар.   4-тоқсан
   тәртібін әзірлеу            құқықтық  дың, Астана
                               кесімнің  және Алматы
                               жобасы    қалаларының
                                         әкімдері
__________________________________________________________________________
32 Табиғи монополиялар субъек. Норматив. ТМБРҚА      2003 ж.   жоқ  жоқ
   тілерінің қызметтер көр.    тік                   3-тоқсан
   сетуі туралы үлгі жария     құқықтық
   шарт әзірлеу                кесімнің
                               жобасы
__________________________________________________________________________
                              2004 жыл
__________________________________________________________________________
33  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.  жоқ   жоқ
    саласына жатқызылған  бұйрығы  ККМ       1-тоқс.
    аэронавигация                   
    қызметтерiне арналған          
    тарифтерге уақытша
    төмендету
    коэффициентiнiң
    деңгейiн есептеу
    әдiстемесiн әзiрлеу

34  Байланыс             ТМРА     ТМРА      2004 ж.   4    Респуб.
    операторларының      бұйрығы  АБА       4-тоқс.       бюджет
    трафиктi қосуға және           
    өткiзуге тарифтер             
    есептеу әдiстемесiн
    әзiрлеу

35  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.  жоқ   жоқ
    саласына жатқызылған  бұйрығы  ККМ       1-тоқс.
    телекоммуникациялар             
    қызметтерiне арнал.            
    ған тарифтерге
    уақытша төмендету
    коэффициенттерiн
    белгiлеу және алып
    тастау eрежесiн
    әзiрлеу

36  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.  жоқ   жоқ
    субъектiлерiнiң       бұйрығы            1-тоқс.
    қызметiне қаржылық               
    сараптама жүргiзу
    және оған талап қою
    eрежесiн әзiрлеу

37  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.   5    Респуб.
    субъектiлерiнiң       бұйрығы            2-тоқс.        бюджет
    қызметiне техникалық            
    сараптама жүргiзу
    және оған талап қою
    eрежесiн әзiрлеу

38  Мемлекеттiк реттеуге  ТМРА     ТМРА      2004 ж.   5    Респуб.
    жататын әуежайлар     бұйрығы  ККМ       2-тоқс.        бюджет
    мен аэронавигация               
    қызметтерiне арнал.            
    ған тарифтерге
    уақытша төмендету
    коэффициенттерiн
    өздiгiнен қолдану
    тәртiбiн әзiрлеу

39  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.  жоқ   жоқ
    саласына жатқызылған  бұйрығы  ККМ       2-тоқс.
    телекоммуникациялар             
    қызметтерiне арнал.            
    ған тарифтерге
    уақытша төмендету
    коэффициентiнiң
    деңгейiн есептеу
    әдiстемесiн әзiрлеу

40  Реактивтi қуат үшiн   ТМРА     ТМРА      2004 ж.   3    Респуб.
    ақы есептеу әдiстеме. бұйрығы  ЭМРМ      4-тоқс.        бюджет
    сiн әзiрлеу                     
 

                                    41  Электр энергиясы      ТМРА     ТМРА      2004 ж.   4    Респуб.
    рыногында оның        бұйрығы  ЭМРМ      4-тоқс.        бюджет
    бәсекелестiк                   
    қабiлетiн қолдау               
    мақсатында жылу
    және электр
    энергиясын аралас
    шығару кезiнде
    табыстарды,
    шығындарды және iске
    қосылған активтердi
    бөлу әдiстемесiн
    әзiрлеу

42  Газ сақтау жөнiндегi  ТМРА     ТМРА      2004 ж.   3    Респуб.
    қызметтерге тарифтер  бұйрығы  ЭМРМ      4-тоқс.        бюджет
    есептеудiң әдiстеме.            
    сiн әзiрлеу                    

43  Сумен жабдықтау       ТМРА     ТМРА      2004 ж.   3    Респуб.
    жүйелерiндегi         бұйрығы            3-тоқс.        бюджет
    нормативтiк техника.            
    лық ысырапты есептеу
    әдiстемесiн әзiрлеу

44  Республиканың тауар   ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8,8  Респуб.
    рыноктарындағы        бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    бәсекелестiк                    
    жағдайына талдау,
    бағалау жүргiзу
    және тауар рыногын.
    дағы бiр немесе
    бiрнеше рынок
    субъектiлерiнiң
    үстем (монополиялық)
    жағдайын белгiлеу
    жөнiнде нұсқаулық
    әзiрлеу

45  Республиканың         ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8,8  Респуб.
    рыноктарында келісіл. бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    ген iс-әрекеттердi              
    белгiлеу жөнiнде
    әдiстеме әзiрлеу

46  Монополиялық жоғары   ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8,8  Респуб.
    және монополиялық     бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    төмен бағаны айқын.             
    дау жөнiнде әдiстеме
    әзiрлеу

47  Рынок субъектiлерi    ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8,8  Респуб.
    мен олардың бiрлес.   бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    тiктерiнiң құрылуын,            
    қайта ұйымдастыры.
    луын, таратылуын,
    рынок субъектiлерi.
    нiң жарғылық
    капиталындағы
    акцияларды 
    (үлестердi, пайларды)
    сатып алу кезiнде
    монополияға қарсы
    заңнаманың сақталуын
    және өзге жағдай.
    ларда бақылауды
    жүзеге асыру жөнiнде
    әдiстеме әзiрлеу 

48  Әуежайлар саласында   ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8    Респуб.
    қызметтер көрсететiн  бұйрығы  ККМ       3-тоқс.        бюджет
    табиғи монополия                
    субъектiлерiнiң                
    табыстарды, шығындар.
    ды және iске
    қосылған активтердi
    бөлектеп есепке
    алуды жүргізу
    ережесiн әзiрлеу

49  Аэронавигация         ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8    Респуб.
    қызметтерiн көрсете.  бұйрығы            3-тоқс.        бюджет
    тiн табиғи монополия           
    субъектiлерiнiң
    табыстарды, шығындар.
    ды және iске қосылған
    активтердi бөлектеп
    есепке алуды жүргiзу
    eрежесiн әзiрлеу

50  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.  жоқ   жоқ
    саласына жатқызылған  бұйрығы  ККМ       3-тоқс.
    телекоммуникациялар             
    қызметтерiне iске              
    қосылған активтердiң
    реттелетiн базасына
    пайда ставкасын
    есептеу жөнiнде
    нұсқаулық әзiрлеу

51  Газ тасымалдау        ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8    Респуб.
    жөнiнде қызметтер     бұйрығы            3-тоқс.        бюджет
    көрсететiн                      
    табиғи монополия
    субъектiлерiнiң
    табыстарды, шығын.
    дарды және iске
    қосылған активтердi
    бөлектеп есепке
    алуды жүргiзу
    eрежесiн әзiрлеу

52  Су тасымалдау         ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8    Респуб.
    жөнiнде қызметтер     бұйрығы            3-тоқс.        бюджет
    көрсететiн табиғи               
    монополия субъекті.
    лерiнiң табыстарды,
    шығындарды және
    iске қосылған
    активтердi бөлектеп
    есепке алуды жүргiзу
    eрежесiн әзiрлеу

53  Электр энергиясын     ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8    Респуб.
    өңiраралық деңгейдегi бұйрығы            3-тоқс.        бюджет
    және т.б. желiлер              
    арқылы беру жөнiнде
    қызметтер көрсететiн
    табиғи монополия
    субъектiлерiнiң
    табыстарды, шығындар.
    ды және iске қосылған
    активтердi бөлектеп
    есепке алуды жүргізу
    eрежесiн әзiрлеу

54  Магистралдық темiр    ТМРА     ТМРА      2004 ж.  20    Респуб.
    жол желiсiнiң қызмет. бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    терiне тарифтер                 
    есептеу әдiстемесiн
    әзiрлеу

55  Аэронавигация қызмет. ТМРА     ТМРА      2004 ж.  жоқ    жоқ
    терiн көрсететiн      бұйрығы            4-тоқс.
    табиғи монополия               
    субъектiлерiнiң
    қызметтерiне тарифтер
    есептеу әдiстемесiн
    әзiрлеу

56  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.   6    Респуб.
    саласына жатқызылған  бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    телекоммуникациялар             
    қызметтерiне тарифтер
    есептеу әдiстемесiн
    әзiрлеу

57  Электр энергиясын     ТМРА     ТМРА      2004 ж.   8    Респуб.
    өңiраралық деңгейдегi бұйрығы  ЭМРМ      4-тоқс.        бюджет
    желiлер арқылы беру             
    жөнiндегi қызметтерге          
    тариф есептеу
    әдiстемесiн әзiрлеу

58  Табиғи монополия      ТМРА     ТМРА      2004 ж.   4    Респуб.
    субъектiсi қызметi.   бұйрығы            4-тоқс.        бюджет
    нiң оның қызметтерiн            
    (тауарларын, жұмыс.
    тарын) тұтынушыларға
    әсерiн бағалау
    жөнiнде әдiстеме
    әзiрлеу

59  Табиғи монополия     Қазақстан ТМРА      2004 ж.   4    Респуб.
    субъектiлерiнiң      Республи.           4-тоқс.        бюджет
    қызметiне қаржылық   касының    
    және техникалық      Үкіметіне
    сараптама жүргiзу    есеп

60  Монополистер         ТМРА     ТМРА      2004 ж.   104,  Респуб.
    қызметiнiң монито.   бұйрығы            4-тоқс.   364   бюджет
    ринг бойынша                   
    электрондық дерекқор
    жасау (1-шi кезең)

61  Тауар рыноктарына     Қазақстан ТМРА      2004 ж.  80   Респуб.
    талдау жүргізу        Республи.           4-тоқс.       бюджет
                          касының    
                          Үкiметiне
                          есеп
____________________________________________________________________