Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 29 тамыз N 1127.

Жаңартылған

      Ескерту. Атауына және кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532 , 2007.09.11. N 793 қаулыларымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеті және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 Жарлығының 3-тармағының 1) тармақшасына, 4-тармағының 2), 3) және 4) тармақшаларына және "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлығының 5-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу ережесі бекітілсін. <*>

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532 , 2007.09.11. N 793 Қаулыларымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2001 жылғы 29 тамыздағы
N 1127 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне
сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және
лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу
ережесі <*>

      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532 , 2007.09.11. N 793 Қаулыларымен.

Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетi және Ұлттық Банкiнiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бiрыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы N 1284 және "Әкімшілік реформаны одан әрі жүргізу жөніндегі кейбір шаралар туралы" 2007 жылғы 29 наурыздағы N 304 Жарлықтарына сәйкес лауазымдық (қызметтік) мiндеттерiн тиiсiнше орындағаны үшiн қызметкерлердi көтермелеу жүйесiн реттеу, сондай-ақ функциялары мен міндеттерін уақтылы әрі сапалы орындауда Қазақстан Республикасының органдары қызметкерлерінің материалдық мүдделілiгiн арттыру мақсатында әзiрлендi және олардың еңбегiне ақы төлеу Жарлықтың негiзiнде жүргiзiлетiн, мемлекеттік бюджеттің есебiнен қамтылатын Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне қолданылады. <*>

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 қаулысымен .

      1-1. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлерiне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемақылар белгiлеу бюджеттік бағдарламаны, (кішi бағдарламаны) қаржыландыру жоспары бойынша тиісті көзделген мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. <*>

      Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерінің лауазымдық жалақыларына үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің
      2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532, өзгерту енгізілді - 2007.09.11. N 793 Қаулыларымен.

      1-2. Мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу:

      1) мемлекеттік орган басшысы - бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) әкімшісінің не оны алмастыратын тұлғаның (егер осы орталық атқарушы органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және жауапты хатшының өкілеттіктері белгіленген тәртіппен жүктелген лауазымды тұлға анықталмаған жағдайда);

      2) жауапты хатшының орталық атқарушы органның басшысымен келісілген;

      3) Қазақстан Республикасының Президенті жауапты хатшының өкілеттіктерін орындауға белгілеген лауазымды тұлғаның шешімі бойынша жүргізіледі деп белгіленсін.

      Ескерту. 1-2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 , өзгерту енгізілді - 2007.11.12. N 1069 Қаулыларымен.

      2. Осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар бұл ретте осы Ережені басшылыққа ала отырып, осы органдар қызметкерлеріне сыйлық беру туралы Ережені дербес әзірлеуге және бекітуге құқығы бар.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 Қаулысымен.

Сыйлық беру шарттары

      3. Сыйлық беруге құқық беретін, қызметкердің қызметінің нәтижелерін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер:

      1) мемлекеттік және еңбек тәртібін сақтау;

      2) белгілі бір кезең ішіндегі жұмыстың нәтижелері;

      3) лауазымдық міндеттерді үлгілі орындау, мінсіз мемлекеттік қызмет, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындау және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін;

      4) тұтастай алғанда, осы мемлекеттік органның немесе оның жекелеген бөлімшелерінің одан әрі қалыпты (үздіксіз) жұмыс істеуі оның шұғыл орындалуына байланысты болатын кезек күттірмейтін және алдын ала күтілмеген жұмыстарды орындау;

      5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің Іс-қимыл жоспарының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстары жоспарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің кесімдері мен тапсырмаларының іс-шараларын уақытылы және сапалы орындау;

      6) мерейтой, мереке күндері;

      7) егер осы өкілеттіктер қызметкерлердің лауазымдық міндеттеріне кірмесе заң жобаларын, конвенцияларды, келісімдерді, шарттарды, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын мемлекеттік тілде әзірлеу;

      8) осы орган туралы Ережеге сәйкес тиісті органға жүктелген функциялар мен міндеттерді тиісінше орындау болып табылады.

      4. Қызметкерге:

      1) оның алынбаған тәртіптік жазасы болған кезде;

      2) тиісті органда бір айдан кем жұмыс істеген болса;

      3) сынақ мерзімінен өту кезеңінде сыйлық берілмейді.

Лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу
шарттары

      5. Қызметкердің лауазымдық жалақысына үстемеақылар белгілеу:

      1) өзінің негізгі жұмысынан босамай, қысқартылған және/немесе уақытша болмаған қызметкерлердің функцияларын орындағаны;

      2) оған міндеттердің кеңейтілген аясы жүктелгені, жоғары кәсіптік деңгеймен және құзыреттілікпен, оларды практикада табысты қолданумен ұштасатын жұмыста жеткілікті тәжірибесі (өтілі) және дағдысы, сондай-ақ басқа да көрсеткіштері;

      3) функционалдық міндеттерін тікелей орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданғаны.

      Бұдан басқа, лауазымдық жалақыға үстемеақы мемлекеттік құпиялардан тұратын мәліметтерді қамтитын құжаттармен жұмыстарды жүзеге асыратын қызметкерге олардың орындалған көлеміне қарай, сондай-ақ оның кейбір құқықтарына шек қойылғаны және қосымша жауапкершілігі үшін белгіленуі мүмкін.

      Ескерту. 3) тармақша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 Қаулысымен.

      6. Сондай-ақ, үстемеақылар қызметкерді ақиқатты жағдайларға байланысты төмен ақы төленетін лауазымға (неғұрлым жеңіл жұмысқа) ауыстыру (тағайындау) кезінде:

      1) еңбек ету кезінде мертігу, кәсіби науқас немесе еңбек қабілеттігін қалпына келтіргенге не мүгедектік белгіленгенге дейін осы органда еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулығының өзге де бұзылуы;

      2) ауысқан (тағайындалған) күнінен бастап бір жыл ішінде органды басқару құрылымы өзгергенде белгіленуі мүмкін.

      7. <*>

      Ескерту. 7-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің
      2004.11.15. N 1197 қаулысымен .

Материалдық көмек көрсету ережелері

      8. Қызметкерге материалдық көмек көрсету оның ауыр материалдық жағдайына байланысты мынадай:

      1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-туыстарының (зайыбының, ата-анасының, балаларының, асыраушыларының, асырап алынғандарының, толық туысты және толық туыс емес ағалары мен әпкелерiнiң, аталарының, әжелерiнiң, немерелерiнiң) немесе құда-жекжаттарының (ерлі-зайыптылардың ата-анасының, аға-інісінің, әпке-сіңлісінің, балаларының) қайтыс болуы; <*>

      2) некеге тұру;

      3) бала туылған, бала асырап алған;

      4) қосымша қаржылық шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген (санаторийліктен басқа, стационарлық немесе амбулаторлық емдеудің 10 күнтізбелік күнінен астам);

      5) оған қатысты құқыққа қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұрлық және т.б.), сондай-ақ, дүлей зілзала апаттары (өрт, су тасқыны, жер сілкінісі және т.б.) салдарынан қызметкерге мүліктік зиян келтіру;

      6) қызметкердiң зейнеткерлiкке шығуы жағдайларында жүзеге асырылады.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2003.12.31. N 1385 қаулысымен .

Қызметкерлерге сыйлықты бекіту және төлеу, материалдық
көмек көрсету және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар
белгілеу тәртібі

      9. Қызметкерлерге сыйлық беру және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеу дербес құрылымдық бөлімшелер басшыларының жазбаша ұсынысының негізінде осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалардың бұйрығымен жүргізіледі.

      Құрылымдық (аумақтық) бөлімшелердің басшыларына сыйлық беру және үстемеақылар белгілеу орган басшының орынбасары ұсынысының негізінде не оған басшысының өзі дербес жүргізуі мүмкін*.

      ____________________

      * Орталық мемлекеттік органдардың басшыларына (басшылардың орынбасарларына) сыйлық берудің өзге де ережелері көзделуі мүмкін.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 Қаулысымен.

      10. Ұсыныста қызметкердің тегі және лауазымы, сыйлық (үстемеақы) беруге негіздеме мен мөлшері және тәртіптік жазасы жоқтығы туралы мәлімет көрсетіледі.

      11. Қызметкерге материалдық көмек көрсету туралы бұйрықты қызметкердің жазбаша өтінішінің негізінде не осы органда құрылатын тиісті комиссияның қорытындысы бойынша осы Ереженің 1-2-тармағында санамаланған тұлғалар қабылдайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 Қаулысымен.

      12. Қазақстан Республикасы органдарының қызметкерлеріне сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және лауазымдық жалақыларына үстемеақылар белгілеуге мемлекеттiк бюджет қаражатын бөлу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің нормативтік құқықтық кесімдерімен айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасы органдарының бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жолымен жүргізіледі. <*>

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2003.12.31. N 1385 қаулысымен.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 қаулысымен.

      13. Сыйлық беру, материалдық көмек көрсету және үстемеақылар белгілеу шығыстардың мынадай түрлері бойынша үнемдеу есебінен жүзеге асырылады:

      1) жыл бойы үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының жалпы көлемінің 30%-ынан аспайтын, ал желтоқсанда - бір жылда үнемделген қаражаттың толық көлемінде:

      - ел ішінде іссапарлар және қызметтік барулар;

      - елден тыс жерлерге іссапарлар және қызметтік барулар;

      - үй-жайларды жалдауға ақы төлеу;

      - коммуналдық қызметтерге ақы төлеу;

      - байланыс қызметіне ақы төлеу;

      - көлік қызметіне ақы төлеу;

      - электр энергиясына ақы төлеу;

      - жылуға ақы төлеу;

      - ғимараттарды, үй-жайларды, жабдықтарды және басқа да негізгі

      құралдарды ұстау, қызмет көрсету, ағымдағы жөндеу;

      - өзге де қызметтер;

      - ерекше шығыстар;

      - өзге де ағымдағы шығыстар;

      2) үнемделген мемлекеттік бюджет қаражатының толық көлемінде:

      - негізгі жалақы;

      - өтемақы төлемдері;

      - әлеуметтік салық;

      - автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға арналған жарналар;

      - мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерінің жеке басын мемлекеттік міндетті сақтандыруға арналған жарналар;

      - өзге де тауарларды сатып алу;

      - қосымша ақшалай төлемдер. <*>

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің
      2003.12.31. N 1385 , 2004.05.13. N 532 Қаулыларымен.

      13-1. Үстемеақылар сондай-ақ мемлекеттік органның және оның аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің штат санын қысқарту туралы шешім қабылданған жағдайда мемлекеттік органның қызметін қамтамасыз етуге көзделген және штат санын қысқарту нәтижесінде босағандардың толық көлемдегі қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2007.09.11. N 793 Қаулысымен.

      14. Шығыстардың қалған түрлері бойынша мемлекеттік бюджет қаражатын үнемдеуден сыйлық беруге, материалдық көмек көрсетуге және үстемеақылар белгілеуге жол берілмейді. <*>

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 қаулысымен .

Мемлекеттiк органдар орталық аппараттарының
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшілерiне бюджеттiк
бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру
жоспары бойынша тиiстi органды ұстауға
көзделген мемлекеттiк бюджет қаражаты
есебiнен сыйлықақы төлеу тәртiбi

      Ескерту. Тараумен және 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2003.12.31. N 1385 қаулысымен .
      Ескерту. Тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.05.13. N 532 қаулысымен .

      15. Сыйлық берудiң мөлшерi мен мерзiмдiлiгiн тиiстi органды ұстауға арналған бюджеттiк бағдарламаны (кiшi бағдарламаны) қаржыландыру жоспарына сәйкес тоқсандар бөлiгiнде тең үлестермен орталық мемлекеттiк органның басшысы - бюджеттiк бағдарламаның (кiшi бағдарламаның) әкiмшiсi белгiлейдi.