Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 желтоқсан N 1575. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 шiлдедегi № 602 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2023 № 602 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:

      1. "Кейбiр акционерлiк қоғамдар мен республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың (ұлттық компаниялардың) қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 28 ақпандағы N 290 P010290_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 8, 85-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:

      5-тармақта:

      "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың директорлар кеңесiнiң құрамына

     

      Қасабеков Асқар Серiкбайұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАҚ" ЖАҚ-тың президентi

      ұсынылсын;

      мына:

      "Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК ЖАҚ-ның президентi"

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жәкiшев Мұқтар Еркiнұлы - Қазақстан Республикасының Энергетика және

      минералдық ресурстар вице-министрi, төраға;";

      көрсетiлген құрамнан Нұрлан Жамбылұлы Қаппаров шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Мамандар:

      Багарова Ж.А.,

      Жуманазарова А.Б.