Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 670 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақавтожол" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 (жүз) пайыз мемлекеттік қатысу үлесі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 670 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-189-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 395-жол алып тасталсын.

      3. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысында:

      4-1-тармақ алып тасталсын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 қаулысымен.