"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жол саласының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы N 1527
қаулысына
(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 442, 490-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
1)
(күші жойылды - 2004.12.29. N 1414 қаулысымен)
2) мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің "Қазақавтожол" республикалық мемлекеттік кәсіпорны республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу, ұстау және көгалдандыру жөніндегі сатып алынуы стратегиялық ерекше маңызды жұмыстардың жеткізушісі болып белгіленсін".
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.12.29.
N 1414
қаулысымен.