2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Мыналардың:
       417 418 419 420 421 422-қосымшаларға  сәйкес Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң 2007 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламаларының паспорттары бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
417-ҚОСЫМША        

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 4 334 700 мың теңге (төрт миллиард үш жүз отыз төрт миллион жеті жүз мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2007.07.13.  N 597  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегi  Заңы ; "Қазақстан Республикасы Статистика жөнiндегi агенттiгiнің Ақпараттық-есептеу орталығы" Республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1460  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнің Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 14 наурыздағы N 159  қаулысы ; "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiн Алматы қаласынан Астана қаласына көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы N 781  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуiн жетiлдiрудi қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 1) мемлекеттiк саясатты жүргiзу және мемлекеттiк статистиканы басқару;
2) ғылыми әдiснама және халықаралық стандарттар негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуiн және жетілдiрудi қамтамасыз ету;
3) мемлекеттiк, коммерциялық құпияларды сақтауды және бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
статистикалық көрсеткiштердің тұтастығын, дұрыстығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
5) елде болып жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiстерiн жан-жақты және шынайы зерделеу, қорыту және талдау;
6) өзiнің қызметтiк мiндеттерiн тиiмдi орындау және кәсiптiк шеберлiгін жетiлдiру үшін қойылатын бiлiктiлiк талаптарға сәйкес кәсiптiк қызмет саласында бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық бiлiмдi, iскерлiктi және кәсiби дағдыны шыңдауды жүзеге асыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Статистика саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз eту

  

  

  

2

  

001

Орталық органның аппараты

Статистикалық қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың статистикалық қызметiн үйлестiру;
Статистикалық әдiснаманы әзiрлеу;
Статистика агенттiгi Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу;
Жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетімдiлiктi қамтамасыз ету және тарату;
Шет елдермен және халықаралық ұйымдармен статистика саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгін Алматы қаласынан Астана қаласына көшіру;
Қазақстан Республикасында алдағы болатын кезектi ұлттық халық санағын жүргiзуге дайындық iс-шаралары.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

3

  

002

Аумақтық органдардың аппараттары

Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу; өңiрлiк деңгейде жиынтық статистикалық ақпаратқа қол жетiмдiлiкті қамтамасыз ету және тарату;
Қазақстан Республикасында алдағы болатын кезектi ұлттық халық санағын жүргізуге дайындық iс-шаралары. 

Жыл бойына 

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

4

  

007

Мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктілігін арттыру

Мемлекеттiк қызметшілердің бiлiктілігін арттыру бойынша көрсетiлетiн мына бағыттағы қызметтердi сатып алу:
1) экономикалық статистика;
2) әлеуметтiк статистика;
3) демографиялық және экологиялық статистика.
Мемлекеттiк және ағылшын тiлдерiне оқыту.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

5

  

008

Мемлекеттiк органдардың ғимараттарын, үй-жайлары мен құрылыстарын күрделi жөндеу

Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгінің аумақтық  органдарының әкiмшілiк үйлерiне күрделi жөндеу жүргізу.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

6

  

009

Мемлекеттiк органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Статистика жүйесiнің органдарын материалдық-техникалықжарақтандыруды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгінің Алматы қаласынан Астана қаласына көшiрiлетiн  қызметкерлерi үшiн жаңа тұрғын үйлер сатып алу;
"Министрлiктер үйi" жаңа әкiмшiлiк үйiне жиһаз сатып алу және жасау.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

7

  

017

Ақпараттық жүйелердің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету және мемлекеттiк органдарды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

Статистика органдары ақпараттық жүйелерiнiң жұмыс iстеуi және  сүйемелдеу;
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгін Алматы қаласынан Астана қаласына көшірудің екiнші кезеңiнің iс-шаралары.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: статистикалық ақпараттық жүйенің жұмыс iстеуi және оның жетiлдiрiлуi; кәсiби деңгейiн арттыру - 642 адам, мемлекеттiк тiлге оқыту - 1529 адам;
ағылшын тiлiне оқыту - 30 адам.
Түпкілiктi нәтиже: барлық жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық даму жағдайы мен үрдiсiн сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
Қаржылық-экономикалық нәтиже:
бiр мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiгiн арттыруға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнi мемлекеттiк тiлге оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 12,4 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметшiнi ағылшын тiлiне оқытуға жұмсалатын орташа шығындар - 9,4 мың теңге.
Уақтылығы: iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: қызметкерлердi оқыту, олардың еңбек жағдайын жақсарту және халықаралық статистикалық стандарттарды енгiзу негiзiнде статистикалық деректердің сапасын арттыру; қазiргi заманғы экономикалық жағдайларға сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер бiлiктiлiгiнің кәсiби деңгейiн арттыру, олардың нәтижелерi бойынша: мемлекеттiк тілдi оқығаннан кейiн iс қағаздарын мемлекеттiк тiлде жүргiзетiн мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 4 пайызға, ағылшын тiлiне оқығаннан кейiн ағылшын тiлiндегi құжаттармен жұмыс iстейтiн мемлекеттiк қызметшілердің үлесi - 4 пайызға, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан өткеннен кейiн жоғары лауазымдарға тағайындалатын мемлекеттiк қызметшiлердің үлесi - 5 пайызға артады деп жорамалданады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына      
418-ҚОСЫМША      

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшісi

2007 жылға арналған
"Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 943999 мың теңге (тоғыз жүз қырық үш миллион тоғыз жүз тоқсан тоғыз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; Қазақстан Республикасының Статистика жөнiндегi агенттiгi "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 1 шілдедегi N 910  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттігiнің, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгінің Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнің "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552  қаулысы ; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистикалық ақпаратты сапалы өңдеу және жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының жай-күйi мен үрдiстерiн сипаттайтын статистикалық деректерге деген қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.            
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 1) мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету; барлық жеке және заңды тұлғалардың жиынтық статистикалық деректерге деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру, статистикалық деректердi өңiрлiк және республикалық деңгейлерде енгізу және өңдеудi қамтамасыз ету;
2) мемлекеттiк статистика органдарына ақпарат табыс ететiн жеке және заңды тұлғаларды статистикалық нысандардың бланкiлерiмен және оларды толтыру жөнiндегi нұсқаулықтармен қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Статистикалық ақпаратты өңдеу және тарату

Статистикалық деректердi өңiрлік және республикалық деңгейлерде енгiзу және өңдеу;
статистикалық құралдарды көбейту және жiберу;
статистикалық жарияланымдарды өңiрлік және республикалық деңгейлерде дайындап шығару, көбейту және тарату;
талдамалы жұмыстар жүргiзу;
статистика салалары бойынша iрiктеп зерттеулер жүргізу;
сыныптауыштарды аудару;
сапа менеджментiнің екi жүйесiн енгізу.

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: статистикалық есептiлiк көрсеткiштерiн 100% енгiзу және өңдеу. Статистикалық нысандар мен нұсқаулықтарды, жарияланымдарды республикалық және өңiрлiк деңгейлерде дайындау. Талдамалы жұмыстар жүргiзу. Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген статистикалық байқаулар жүргiзу.
Түпкi нәтиже: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен қамтамасыз ету. 
Қаржы-экономикалық нәтиже: ақпараттық жүйенi пайдаланушылар санын жыл ішінде 10%-ға өсiру.
Уақтылығы: пайдаланушыларды статистикалық және талдамалы ақпаратпен Статистикалық жұмыстар жоспарында көзделген мерзімдерде, сондай-ақ iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiнде қамтамасыз ету. 
Сапасы: статистикалық ақпараттың релеванттығын пайдаланушылардың қажеттiлiгiн есепке алу жолымен көтеру. 

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
419-ҚОСЫМША          

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйесiн құру"
деген 003 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 260300 мың теңге (екi жүз алпыс миллион үш жүз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзі : Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексi , "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистикалық өндiрiстің тиiмдiлiгiн арттыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйелерiн құру, статистикалық ақпаратты жинаудың, өңдеудiң және ұсынудың қазiргi заманғы автоматтандырылған әдiстерiн енгiзу. 
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

003

  

Мемлекеттiк статистика органдарының ақпараттық жүйесiн құру

1. "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің статистикалық және  талдамалы ақпаратын бiрыңғай Интернет-портал арқылы тарату" ақпараттық қосалқы жүйесiн құру:
- Интернет-порталға техникалық тапсырма әзiрлеу (маусым);
- республикалық және өңiрлiк деңгейдегі cұpaулap үшін статистикалық деректер базасы прототипiнiң дизайны және әзiрлеу.
2. "Әлеуметтік статистикаға арналған тiркелiм" ақпараттық қосалқы жүйесiн құру:
- есептеу техникасын, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу (ақпан-наурыз):
ДББЖ серверi, бағдарламалық қамтамасыз ету сервері, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, жұмыс станциялары (компьютерлер);
- ақпараттық қосалқы жүйенi құру және енгізу бойынша жұмыстар мен қызметтердi сатып алу (сәуiр-қараша);
- деректер базасының прототипiн құру (сәуiр-мамыр);
- қосалқы жүйе модульдерінің дизайны және әзiрлеу (маусым-тамыз);
- жобалық құжаттамаларды әзiрлеу (қыркүйек);
- қосалқы жүйе прототипiне шолу (қазан-қараша);
- мамандарды оқыту (желтоқсан).
3. "Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық қосалқы жүйесiн құру:
- есептеу техникасын, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етудi сатып алу (ақпан-наурыз):
- ДББЖ сервері, бағдарламалық қамтамасыз ету сервері, лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету, жұмыс станциялары (компьютерлер);
- деректер базасының прототипiн құру (сәуiр-мамыр);
- ақпараттық қосалқы жүйе модульдерiнің дизайны және әзiрлеу (маусым-тамыз);
- жобалық құжаттамаларды әзiрлеу (қыркүйек);
- ақпараттық қосалқы жүйе прототипiне шолу (қазан-қараша);
- мамандарды оқыту (желтоқсан). 

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: "Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi мен оның аумақтық бөлiмшелерiнің статистикалық және талдамалы ақпаратын бiрыңғай Интернет-портал арқылы тарату", "Әлеуметтiк статистикаға арналған тiркелiм", "Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық қосалқы жүйесiн құруды қамтамасыз ету.
Түпкi нәтиже: статистикалық ақпаратты пайдаланушыларды электрондық түрмен жедел қамтамасыз ету, тұрғын үйге баға мониторингiн жүзеге асыру мүмкiндігі, деректердi жинау, өңдеу, және тарату тәртiбiн автоматтандыру есебiнен статистикалық деректер сапасын көтеру (деректердi жаңартуды толық және өз уақтысында қамтамасыз ету).
Қаржы-экономикалық нәтиже: Республикалық және өңiрлiк деңгейдегi ақпараттық жүйелердi бiрiктiретiн бiрыңғай Интернет-портал әзiрлеу, мемлекеттiк органдар сияқты, барлық статистикалық ақпаратты пайдаланушыларға сұраулардың орындалуы және жауаптардың дайындалуының өз уақтысында жүзеге асырылуына көмектеседi.
"Әлеуметтiк статистикаға арналған тiркелiм" ақпараттық қосалқы жүйесiн құру үй шаруашылықтары мен олардың тұрғын үй жағдайына тiкелей немесе жанама қатысы бар бастапқы деректердi жинау, өңдеу және тарату жөнiндегi мiндеттердi шешуге мүмкіндiк бередi. Жобаны iске асыру үй шаруашылықтарын iрiктеудi оңтайландыруға жағдай жасайды. Қазiргi уақытта үй шаруашылықтарын зерттеуге жұмсалатын шығын 155 млн. теңгенi құрайды. Желiнi 30%-ға қысқарту арқылы жылына 50 млн. теңге үнемдеуге болады. Қазақстан Республикасы жергiлiктi атқарушы органдардың шығындары да қысқарады, себебi олар "Әлеуметтiк статистикаға арналған тiркелiм" ақпараттық қосалқы жүйесiне кiру мүмкiндiгiне ие болады (Қазақстан Республикасы бойынша 17 млн. теңгеге). Оларға анықтамалықтар, өз бағдарламаларын және т.б. құру қажет болмайды. Сонымен бiрге барлық жергiлiктi атқарушы органдардың деректерi салыстырылымды болады, яғни республика бойынша жиынтық деректердi құру кезiнде ақпаратты қайта кодтауға қосымша шығын талап етiлмейдi. "Әлеуметтiк статистикаға арналған тiркелiм" ақпараттық қосалқы жүйесiн кезектi ұлттық халық санағында пайдаланудың нәтижесi 300 млн. теңгенi құрайды, өйткенi 50 мың есепші 15 мың теңге айлықақымен 4 айға аз жұмыс iстейтiн болады.
"Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық қосалқы жүйесiн құру бастапқы статистикалық ақпаратты терең өңдеудi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi және ақпараттық-талдамалы мiндеттердің кең ауқымын шешуге мүмкiндiк бередi. Қосымша статистикалық байқаулар жүргiзуге жұмсалатын шығындардың болжалды жиынтық қысқаруы "Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық қосалқы жүйесiн пайдаланудың алғашқы үш жылында (2008-2010жж.) 322,4 млн.теңгенi құрайды. "Бастапқы статистикалық ақпарат қоймасы" ақпараттық қосалқы жүйенi құруға 211,625 млн. теңге жұмсалатын болса, мемлекеттiк бюджет қаражатының қорытынды үнемi 110,7 млн. теңгенi құрайды.
Уақтылығы:
Сапасы: осы жоба Қазақстан Республикасы мемлекеттiк стандарттар талабына сәйкес.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына        
420-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 15907 мың теңге (он бес миллион тоғыз жүз жетi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Ғылым туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шiлдедегi  Заңы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71  қаулысы
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : статистиканың халықаралық ұсынымдар мен стандарттардың ұлттық деңгейге бейiмделген әдiснамасы мен әдiстемесiн әзiрлеу және енгiзу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : статистиканың әр түрлi салаларында әдiснамалар әзiрлеу бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу. 
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Мемлекеттiк статистика саласындағы қолданбалы ғылыми  зерттеулер

8 жаңа тақырып бойынша мемлекеттiк статистиканы қалыптастыру әдiснамасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу, соның iшiнде: 1) Халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесiне өтудің ғылыми-негізделген ұсынымдары;
2) Еңбек құны индексiнде жұмыс күнiн ұстау бойынша құрылымдық айналмалы шығындарды анықтауға арналған ғылыми-негiзделген тәсiлдердi әзiрлеу;
3) Еңбек өнiмдiлiгінің көрсеткіштерiн құру жөнiндегі халықаралық қағидаттарды талдау және енгізу;
4) Қазақстандағы туризмнің бизнес-үрдiсiнің дамуын талдаудағы және болжаудағы авторегрессиялық үлгілер;
5) ЭҚЖС-ға сәйкес құрылыстың жалпы өнiмiн құруға әдiстемелiк тәсiлдердi енгізу;
6) Әлемдiк практикаға сәйкес көлiк статистикасы көрсеткiштерiн жетiлдiру бойынша ғылыми-әдiснамалық негiздер құру;
7) Халықаралық стандарттар негізiнде ақпараттық қоғам статистикасын құрудың ғылыми тәсiлдерiн әзiрлеу бойынша зерттеулер;
8) Балық аулау және балық өсiру өнiмдерiне баға индексiн құруға ғылыми негiзделген әдiстемелік тәсiлдер әзiрлеу.
Мемлекеттiк ғылыми-техникалық сараптама жүргізу жөнiндегi қызметке ақы төлеу. 

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: 8 тақырып бойынша мемлекеттік статистиканы жетiлдiру жөнінде қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу жаңа құралдарды енгізуге, статистикалық деректердің сапасын арттыруға және олардың халықаралық деңгейде салыстырымдылығын арттыруға мүмкiндiк туғызатын болады.
Түпкi нәтиже: ғылыми негiзделген, соның iшінде халықаралық статистикалық сыныптамалардың жаңа жүйесiне көшу, салалық статистика мен ҰШЖ-ның статистикалық көрсеткiштерiн енгiзу және жетiлдiру бойынша әдiстемелер жасау.
Қаржы-экономикалық нәтиже: бiр тақырып бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізудің орташа құны 1988,4 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: iс-шараларды белгiленген мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: әдiснамалық әзiрлемелер халықаралық стандарттарды енгiзудi және олардың ұлттық деңгейге бейiмделуiн жеделдетедi, статистикалық деректердің сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi, мемлекеттiк басқару органдарын, сондай-ақ қалың жұртшылықты ақпараттық қамтамасыз етудi жақсартады.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы  
N 1220 қаулысына      
421-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу"
деген 005 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 655297 мың теңге (алты жүз елу бес миллион екi жүз тоқсан жетi мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Агpoөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегi  Заңы ; "Қазақстан Республикасында бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылық санағын жүргізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 463  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында бiрінші ұлттық ауыл шаруашылық санағына дайындық, жүргізу және материалдарын өңдеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 2 маусымдағы N 830  қаулысы ; "Республикалық бiрiншi ұлттық ауыл шаруашылығы санағына жәрдемдесу комиссиясын құру, Бірінші ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жөніндегі iс-шаралар жоспарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 15 ақпандағы N 247 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 10 қарашадағы N 1119  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздері : pеспубликалық бюджеттiң қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : ауыл шаруашылығы өндiрiсiнің негiзгi сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 1) барлық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлердің толық сапалық сипаттамасын алу;
2) қазақстандық ауыл шаруашылығы статистикасының халықаралық стандарттармен салыстырымдылығын қамтамасыз ету;
3) Ауыл шаруашылығы санақ деректерiнің қоры негiзiнде ауыл шаруашылығы бойынша қолда бар ақпаратты пайдалануды оңтайландыру;
4) жиналған статистикалық деректердi сапалы өңдеу мен талдауды және оларға пайдаланушылардың қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Ауыл шаруашылығы санағын жүргiзу

Санақ аралығы кезеңдерiнде бағалауды әзiрлеу кезiнде базистiк шама ретiнде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негізгі сипаттамалары бойынша жиынтық деректер алу; 
ауыл шаруашылығының бұдан кейiнгі iрiктеме зерттеулерiн жүргізу үшiн байқау объектілерiнің бас жиынтығын әзiрлеу шаруашылық жүргізушi шағын бiрлiктер (жеке тұлғалар) және шаруашылықтың құрылымдық белгiлерi бар топтамалар туралы деректер алу;
ауыл шаруашылығы санағының екiншi кезеңiн жүргiзу;
бiрiншi және екiншi кезеңдердің алынған деректерiн өңдеу және жариялау. 

Жыл iшiнде

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тікелей нәтиже: ауыл шаруашылығы санағының екiншi кезеңiн жүргiзу.
Түпкi нәтиже: "ауыл шаруашылығы" саласын сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер алу:
ауыл шаруашылығы жануарларының саны, олардың жыныс-жас және тұқымдық құрамы, ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын ұстауға арналған қора-жайлар, ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары, машина-трактор станциялары, жөндеу шеберханалары және басқалары, мал шаруашылығы кешендерi мен құс фабрикалары, ауыл шаруашылығы өнiмдерi мен мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған құрылыстар, ғимараттар және тоңазытқыштар, ауыл шаруашылығы өнiмiн өңдейтiн кiшiгiрiм цехтар;
Ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзiрлеу кезiнде базистiк шама ретiнде пайдаланылатын ауыл шаруашылығының негiзгi сипаттамалары бойынша бастапқы деректердi алу, сондай-ақ кейiнгi ауыл шаруашылығының iрiктемелi зерттеулерiн жүргiзу үшiн ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен де, сол сияқты өңдеумен және сақтаумен де айналысатын барлық тауар өндiрушiлердің негiзгi жиынтығын құру.
Қаржы-экономикалық нәтиже: Ауыл шаруашылығы санағының дерекқоры ауыл шаруашылығы санақ аралығындағы кезеңдерде бағалауды әзiрлеу кезiнде базистiк шама ретiнде және статистикалық тiркелiмдi, ауыл шаруашылығы құрамаларының тiркелiмдерiн жаңғырту үшiн пайдаланылатын болады.
Уақтылығы: iс-шараларды iске асыру мерзiмдерiне сәйкес жыл бойына.
Сапасы: елдің азық-түлiк ресурстарын қалыптастыруда ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушілердің әрбiр санаттары рөлiнің даму жағдайы мен үрдiстерi туралы ақпарат сапасын арттыруға мүмкiндiк жасайды. Ауыл шаруашылығы саласы туралы толық сандық және сапалық ақпарат алу мүмкiндiгi бар.

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң
2006 жылғы 15 желтоқсандағы   
N 1220 қаулысына        
422-ҚОСЫМША       

606 - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2007 жылға арналған
"Электрондық үкiмет шеңберiнде адами капиталды дамыту"
деген 116 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 14000 мың теңге (он төрт миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : "Мемлекеттiк статистика туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы  Заңы ; "Жалпымемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу және мемлекеттiк органдарды статистикалық және талдау материалдарымен қамтамасыз ету тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2002 жылғы 2 қарашадағы N 1164  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетілдiрудің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Pecпубликасы Үкiметiнің 2006 жылғы 6 ақпандағы N 71  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында ақпараттық теңсiздiктi төмендетудің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 995  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : халықтың компьютерлiк сауатсыздығын жою.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : халықтың компьютерлiк сауаттылық деңгейiн анықтау. 
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N р/с

Бағдарлама
коды

Кіші
бағдарлама
коды

Бағдарламаның
(кіші бағдарламаның)
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мерзімі

Жауапты
орындаушылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Электрондық үкiмет шеңберiнде адами капиталды дамыту

Yй шаруашылықтарына ірiктеме зерттеулер жүргізу (маусым-шілде);
зерттеу нәтижелерiн жариялау (қазан-қараша). 

Жыл бойына

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тiкелей нәтиже: статистиканың жаңа саласын - ақпараттық қоғам статистикасын құру.
Түпкi нәтиже: Интернет желiсiн пайдаланушылардың негiзгi көрсеткiштерi мониторингiн жүргiзу:
пайдаланушылардың жалпы саны тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша, қала және ауылға бөлiнген облыстар бойынша;
ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қол жеткiзу (компьютердi және Интернеттi пайдалану орны және жиiлігi);
Интернеттi пайдаланушыларды жыныс-жас сипаттамасы бойынша бөлу;
пайдаланушыларды бiлiм деңгейi және компьютерлiк сауаттылық деңгейi бойынша бөлу;
негiзгi қол жеткiзу пункттерi және желге қосылу үшiн пайдаланылатын жабдық;
Интернет желiсiн пайдаланудың негiзгi мақсаттары және Интернет желiсiндегi ең көп талап етiлетiн қызметтер;
Интернет-коммерция көрсеткiштерi (Интернет арқылы тапсырыс берiлген қызметтер мен тауарлардың құрылымы);
Интернеттi пайдалану кезiнде туындайтын негiзгi проблемалар.
Қаржы-экономикалық нәтиже: компьютерлiк сауаттылық деңгейiн анықтау және халықты Интернет қызметiмен қамтамасыз ету. Бұл зерттеу алғашқы рет жүргiзiлiп отыр. 
Уақтылығы: шараларды iске асыру мерзiмi сәйкес жыл бойына.
Сапасы: Ұйғарынды ақпарат 21 000 үй шаруашылықтарын зерттеу барысында алынған бастапқы ақпаратты қорытындылау және тарату негiзiнде қалыптастырылады.