2006 жылға арналған республикалык бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы (Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігі)

Қазақстан Рсепубликасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 Қаулысы (үзінді)

      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет  кодексiне  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Мыналардың:
      389, 390, 391, 392, 393, 394-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң;

      2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына      
389-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Жер ресурстарын мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ету"
деген 001 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 338843 мың теңге (үш жүз отыз сегiз миллион сегiз жүз қырық үш мың теңге).
       Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің  2006.07.31.  N 470б  қаулысымен.
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi :
20 маусымдағы 2003 жылғы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң  14,   145-баптары ; 23 шiлдедегi 1999 жылғы Қазақстан Республикасы "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңының  3-бабы ; "Қызмет телефондары мен мемлекеттiк органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 3 қазандағы N 1217  қаулысы ; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулердi тұтынудың нормативтерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы N 1118  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтік жеңiл автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы N 663  қаулысы ; "Мемлекеттiк бюджеттің есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламентi депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегi N 1428  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы N 14  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi :
республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты :   Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң орталық аппараты және оның аумақтық органдары қызметiн оларға жүктелген  функцияларды барынша толық орындауын жетiлдiру үшін қамтамасыз ету, жер қатынастарының барлық субъектiлерiн жердi пайдалану мен қорғау бойынша мемлекеттік бақылауды жүргiзу; кәсiби қызмет саласындағы бiлiм беру бағдарламалары бойынша теориялық және тәжiрибелiк бiлiмдi жаңарту.
      5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің және оның аумақтық органдарының аппаратын қамсыздандыру; жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар өндiрiсiн лицензиялау; аэротүсiрiс, геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргiзуге рұқсаттарды тiркеу, есепке алу және беру; мемлекеттiк қызметкерлердің бiлiктiлiгiн жоғарылату; жиһаз, компьютерлер, бағдарламалық өнiмдер сатып алу; ақпараттық жүйенi алып жүру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орын-
дау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

001

  

Жер ресурс-
тарын мем-
лекеттiк
басқаруды
қамтамасыз
ету

  

  

  

2

  

001

Орталық
органның
аппараты

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын
басқару агенттiгiнің
орталық аппаратын
бекітілген штат лимитi
бойынша ұстау; қызмет
автокөлiктерiн
бекiтілген норматив
тиiстілiгiне сәйкес
жалға алу; ксерокстарды ұстау; жерге орналастыру,
топографиялық-
геодезиялық және
картографиялық
жұмыстар өндiрiсiн
лицензиялау;
аэротүсiріс,
геодезиялық және
картографиялық
жұмыстар жүргiзуге
рұқсаттарды тiркеу,
есепке алу және беру.

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

3

  

002

Аумақтық
органдардың
аппараттары

Қазақстан Республикасы
Жер ресурстарын
басқару агенттiгiнiң
аумақтық органдарының
аппараттарын,
бекiтiлген штат лимитi
шебiнде ұстау;
мемлекеттiк орган штатын қысқарту кезiнде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлеу;
бекiтілген тиісімі нормативке сәйкес қызметтік және арнаулы
автотранспортын ұстау және жалға алу; ксерокстарды ұстау;
жердi пайдалану мен
қорғау бойынша
мемлекеттік бақылау
жүргізу

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

4

  

007

Мемлекеттiк
қызметшi-
лердiң
білікті-
лігін
арттыру

Төрт тақырып бойынша
мемлекеттік қызметшінiң
біліктілігін арттыру
жөнiндегі қызметтердi
сатып алу:
ҚР бюджеттік процесс және бюджет саясаты;
мемлекеттік сатып
алулар; мемлекеттік
органдағы қазiргi
заманғы ақпараттық
технологиялар; іс
жүргізудi ұйымдастыру
және құжаттану.
Мемлекеттік қызмет-
керлердiң тыңдаушысын
мемлекеттік тiлге үйрету.

2-4
тоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

5

  

009

Мемлекеттiк
органдарды
материал-
дық-техни-
калық
жарақ-
тандыру

Орталық аппаратты
материалдық қамтамасыз
ету: қызметкерлердiң
жұмыс жағдайын
жақсарту үшін кабинет
жиһазы комплекте,
қабылдау бөлмесіне
офистік жиһаз
комплекте

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

6

  

017

Ақпараттық
жүйелердің
жұмыс
істеуін
қамтамасыз
ету және
мемлекеттiк органдарды
ақпараттық-
техникалық
қамтамасыз
ету

Мемлекеттік жер
кадастрының автомат-
тандырылған ақпараттық
жүйесiн алып жүру;
компьютерлік техника
сатып алу; вирусқа
қарсы бағдарламалық
тауар және бөлшектер
мен шығын материалдарын сатып алу; бағдарламалық-
техникалық қызмет
көрсету мен жөндеу.

Жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің  2006.07.31.  N 470б  қаулысымен.

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтілетiн нәтижелер :
тiкелей нәтиже: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң орталық аппаратын 31 бiрлiк мөлшерiнде және аумақтық органдары аппараттарын 261 бiрлiк мөлшерiнде штаттық сан лимитiне сәйкес ұстау; 4 жинақ кабинеттiк жиһаз, 2 жинақ офистiк жиһаз және 46 компьютерлердi сатып алу; 10 мемлекеттiк қызметкерлердің кәсiби деңгейiн арттыру, 20 адамды мемлекеттiк тiлге үйрету.
соңғы нәтиже: Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің орталық аппаратының және аумақтық органдары аппараттарының қызметiн оларға жүктелген функцияларды барынша толық орындауын жетiлдiру үшiн қамтамасыз ету; жер телiмдерi иелерiнiң және жерпайдаланушылардың жердi тиiмдi, өз мақсатында пайдалануын және қорғауын қамтамасыз ету; 20% мемлекеттiк қызметкерлердiң жұмыс жағдайын жақсарту, мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiби деңгейiн арттыру бойынша қажеттілiктерінің 3%, мемлекеттiк тілге үйрету бойынша 7% қамтамасыз ету.
қаржы-экономикалық нәтижесi:
орталық аппараттың бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстаудың қаржы-шаруашылық шығындары жылына - 1459 мың теңге;
аумақтық аппараттың бiр мемлекеттiк қызметкерiн ұстаудың қаржы-шаруашылық шығындары жылына - 848,5 мың теңге;
бiр мемлекеттiк қызметкердiң бiлiктiлiгiн көтерудің орташа шығындары - 16,9 мың теңге; бiр мемлекеттiк қызметкерге мемлекеттiк тілдi оқытуға кететiн орташа шығындар - 12,7 мың теңге.
уақтылығы: орталық аппараттың және аумақтық органдар аппараттарының жұмыс жоспарына және нормативтiк актiлермен бекiтiлген уақытқа сәйкес сапасы: жоспарлы және жоспардан тыс жұмыстарды толық көлемде орындау; мемлекеттiк тілдi үйрету курсын өткеннен кейiн мемлекеттік қызметкерлердің 50% iс жүргiзуде мемлекеттiк тiлге ауысады, бiліктілiгiн жоғарлату курсын өткеннен кейiн мемлекеттiк қызметкерлердің 40% жоғары лауазымды қызметке тағайындалады.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына      
390-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Жер қатынастарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету"
деген 002 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 1295458 мың теңге (бiр миллиард екi жүз тоқсан бес миллион төрт жүз елу сегiз мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi :
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің  163-бабы ; 2003 жыл, 20 маусым; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шілдедегi N 1149  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 20 маусымдағы N 838  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында жер мониторингiн жүргiзу және оның деректерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 19 қыркүйектегi N 956  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында жер кадастрын жүргiзудің Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958  қаулысы ; "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 3  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi :   республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Қазақстан Республикасы жерiн тиiмдi пайдалану.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : ауылдық аумақтардың, экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижелеріне сәйкес, елдi мекендер кескiнiнде өңiрлiк сызбасын әзiрлеудi ұйымдастыру және жоспарлау, жер кадастрын, мониторингін жүргізу, жер нарығының дамуына жағдай жасау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орын-
дау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

002

  

Жер қаты-
настарын
жүзеге
асыруды
қамтамасыз
ету

  

  

  

2

  

100

Жерге орна-
лыстыруды
жүргiзу

Ауылдық аумақтардың,
экологиялық-
демографиялық
зерттеулердің
нәтижелерiне сәйкес,
160 ауданның елдi
мекендерi кескiнiнде
өңiрлік сызбасын
әзiрлеудi ұйымдастыру
және жоспарлау.

I-ІV
тоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

3

  

101

Жер-
кадастрлық
жұмыстар

Жер-кадастрлық
жұмыстары:
көлемi 7500 мың га
аэросурет түсiру;
5989,3 мың га -
аэросуреттер мен
суретжоспарларының
дешифровкасын;
8220,7 мың га -
дайындау және соңғы
өнімін тапсыру;
829 мың га - топырағын
зерттеу;
738 мың га -
геоботаникалық зерттеу;
2000 мың га -
ауылшаруашылық алқаптардың
топырағының және
геоботаникалық
табиғатын есепке алу;
44 аудан - әкiмшілiк
аудандардың және
есептік махаллалардың
электрондық
жер-кадастрлық картасын жасау;
7347 мың га алқаптағы
жер иелер мен жер
пайдаланушылар туралы
жер кадастры
деректерінің
электрондық қорын
жасау;
республиканың барлық аумағындағы жердi мемлекеттiк есепке алу;
1241 ауылдық елдi
мекендерінің
жер-кадастрлық
картасын әзiрлеу
және шығару;
1000 мың га ауданда
ауыл шаруашылық
мақсатындағы бонитетiн
анықтау;
паспорттау:
ауыл шаруа мекендерiн - 18,8 мың паспорты-
ның, ауылшаруашылық
кәсiпорындарының -
3,0 мың паспортын;
714 мың га жердi
паспортизациялау
үшiн топырақ туралы
материалдарын жаңарту;
1085 мың га паспорти-
зациялау үшiн топыра-
ғының сапасын айыру;

I-ІV
тоқ-
сан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
I-ІV
тоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

4

  

102

Жер мони-
торингiн
жүргiзу

11,7 млн., га
аумақтағы жердiң
мониторингін жүргізу.

I-ІV
тоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тура нәтиже: 160 әкiмшілік аудандардағы экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижесiне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасын әзiрлеу, 1241 ауылдық елдi мекендердің жер-кадастрлық карталарын дайындау және басып шығару, 18,8 мың шаруа қожалықтарының жер телiмдерінің және 3,0 мың ауыл шаруашылық кәсiпорындарының паспорттарын дайындау.
Соңғы нәтиже: республика аумағында жүргiзiлген экологиялық-демографиялық зерттеулердің нәтижесiне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасы, жер-кадастрлық карталармен ауылдық елдi мекендердің 32,4 пайызын қамтамасыз ету. Мемлекеттiк жер кадастрын жүргiзу барысында МЖК ААЖ (АИС ГЗК) деректер қорына жер телiмдерінің 58,8 пайызы енгiзіледi. Жер телiмінің паспортын шаруа қожалықтарының 50 пайызы және ауыл шаруашылық кәсiпорындардың 77 пайызы алады. Жер  мониторингін жүргізу туралы мәлiметтер 35 пайызды құрайтын болады.
Қаржы-экономикалық нәтиже: экологиялық-демографиялық зерттеулер нәтижесiне сәйкес ауыл шаруашылық аумақтарын ұйымдастыру және жоспарлаудың аймақтық сызбасын әзiрлеу бойынша жұмыс көлемінің құны 1000 га жерге 382 теңгенi құрайды, жер-кадастрлық жұмыс көлемінің орташа құны 1000 га жерге 10157 теңгенi құрайды, жер мониторингiн жүргізу бойынша 1000 га жердің құны 4580 теңгенi құрайды.
Мезгiлдiлiк: осы бағдарламамен қарастырылған iс-шаралар жоспарын бекiтiлген мерзiмде орындау.
Сапасы: ауыл шаруашылық алаптардың жағдайы, пайдаланылуы және сапасы жөнiнде анықталған ақпараттар беру, жер қалпына әсер ететiн терiс әсерлердің жүрiсiн жою iс-шараларын құру, сонымен қатар жердi пайдалану мен қорғау жөнiнде мемлекеттiк бақылау органдарын ақпараттандыру.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына      
391-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Топография-геодезиялық және картографиялық өнiмдердi және
олардың сақталуын қамтамасыз ету"
деген 004 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 584366 мың теңге (бес жүз сексен төрт миллион үш жүз алпыс алты мың теңге).
      2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi :
Қазақстан Республикасының "Геодезия және картография туралы" Заңының  4-бабы ; 2002 жыл, 3 шілде; Қазақстан Республикасының "Ұлттық архивтер қоры және архивтер туралы" Заңының  4-бабы ; 1998 жыл, 22 желтоқсан; Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы
10 шiлдедегi N 1149 "Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы туралы"  Жарлығы ; "Республикалық бюджет қаражаты есебiнен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 30 қарашадағы N 1273  қаулысы ; "Қазақстан Республикасының ауылды аймақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша 2004-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 20 тамыздағы N 838  қаулысы ; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында геодезия және картографияны дамыту бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1455  қаулысы ; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыштық қызметтi дамыту" Мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру бойынша iс-шаралар Жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 14 сәуiрдегi N 352  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi :   республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты : мемлекеттің әлеуметтiк-экономикалық дамуына қажеттi мөлшерде бәсекелестi геодезиялық және картографиялық өнiмдермен қамтамасыз ету.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : 100% геодезиялық және картографиялық өнiмдердi нормативтiк-техникалық актiлерге сәйкес жасау және жаңарту, топографиялық-геодезиялық және картографиялық өндiрiстің 13000,0 мың материалдары мен құжаттарын мемлекеттiк есепке алу, сақтау, қолдану және олардың сақталуын қамтамасыз ету.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орын-
дау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

004

  

Топография-
геодезиялық
және кар-
тографиялық
өнiмдердi
және
олардың
сақталуын
қамтамасыз
ету

Топографиялық
карталардың Мемлекеттік масштабтық
қатарын жаңарту үшiн
аэроғарыштық түсiріс
орындау - 129546
шар.км.
Геодезиялық құралдарды
сертификациялау
мақсатында Бақанас
базисiн қалпына
келтiру - 15 пункт.
Топографиялық-
геодезиялық жұмыстар:
Топографиялық
карталардың
мемлекеттік
масштабтық қатарын
жасау, құру және
жаңарту (далалық және
камералдық жұмыстар)
- 1286 парақ.
І, ІІ Кл нивелирлеу,
зерттеу, қайта жөндеу,
орналастыру, (далалық
және камералдық
жұмыстар) - 749 текше
км. Жинақ каталогтарын
құру - 6 каталог.
Геодинамикалық
зерттеулер:
1) бұрыштық және
сызықты өлшеулер
(пункт/жақ) - 38/146
2) биiктік өлшеулер -
1508 текше км.
Картографиялық
жұмыстар: 1)
топографиялық
карталарды баспаға
даярлау, цифрлеу -
100 парақ;
2) сандау - 310 парақ;
3) географиялық, оқу
және тақырыптық
карталар, атластар
құру - 28 парақ;
4) карталарды басып
шығару - 150 парақ
(100 дана).
Географиялық объектілер атауларының
каталогын құру және
басып шығару - 2/3
том.
Топографиялық-
геодезиялық және
картографиялық
жұмыстар өндiрiсi
нәтижесінде
құрастырылған
материалдар мен
құжаттардың сақталуын
қамтамасыз ету,
мемлекеттiк есепке
алу, сақтау, автомат- тандырылған мәлiметтер
базасын құру -
13000,0 мың дана
құжат.
Ауылды елдi мекендерді
картографиялық
материалдармен
қамтамасыз ету (АЕМДМБ
шеңберiнде): - ауылды
елдi мекендердi
аэротүсiру - 660
шаршы км. - аэротүсiрістердi
планды байланыстыру
және ауылды елдi
мекендердi дешифрлеу
- 1079,9 шаршы км. -
ауылды елдi мекендер
жоспарларын сызу және
даярлау - 1079,9
шаршы км.

I-ІV
тоқ-
сан
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
I-ІV
тоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

     7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер :
Тiкелей нәтиже: Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарының 129546 шаршы км ауданын аэротүсiрiс материалдарын, нивелирлеу сызығының нүктелер биiктiгiн алу, 1:25000 - 1:100000 масштабтағы топографиялық карталарды жаңарту (далалық - 620 және камералдық жұмыстар - 666 парақ), 100 парақ топографиялық карталарды құру және басып шығару, 310 парақ цифрлық карталар, 28 парақ тақырыптық карталар құру және карталардың 15000 парағын басып шығару.
Соңғы нәтиже: республикамыздың жалпы 2,7 млн. шаршы км территориясының 4,8% аумағын аэротүсiру, I және ІІ классты нивелирлеу сызығының 19% ұзындығын нивелирлеу, республиканың жалпы территориясының 1,9% аумағының топографиялық карталарын жаңарту, карталардың қажеттi парақ санының (4342 парақ) 2% құрылған және басып шығарылған.
Қаржы-экономикалық нәтиже:
Топографиялық-геодезиялық жұмыстар өндiрiсінің ерекшелiктерi үздiксiз циклдi қажетсiнедi. Объектiдегi жұмыстардың орташа ұзақтығы 3 жыл.
1. Бiр шаршы км аэроғарыштық түсiрiс бағасы күрделiлiк категориясына және масштабқа байланысты - 712 теңге.
2. Нивелирлеу классына байланысты нивелирлеудің бiр текше км бағасы - 12117 теңге.
3. Масштабқа байланысты топографиялық картаның бiр шаршы км жаңартудың орташа бағасы далалық жұмыстар - 56771 теңге; камералдық жұмыстар - 24900 теңге.
4. Масштабына байланысты картаның бiр парағының орташа бағасы - 46760 теңге, сандалған - 116816 теңге, басып шығару - 300 теңге.
Уақыттылығы: Бағдарламаны iске асыру бойынша iс-шаралар 2006 жылдың 25 желтоқсанында толық көлемде орындалады.
Сапасы: жергiлiктi жердiң нақты жағдайына сәйкес келетiн топографиялық карталардың 2% басып шығару.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына      
392-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер"
деген 006 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 41020 мың теңге (қырық бiр миллион жиырма мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң  8,    9,    10,   11,   139 152 153 159 160 161 162-баптары , 2003 жыл, 20 маусым; Қазақстан Республикасының "Ғылым туралы" Заңының  6-бабы , 2001 жыл, 9 шiлде; "Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 10 шiлдедегi N 1149  Жарлығы ; "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк жер кадастрын жүргізудің Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2003 жылғы 20 қыркүйектегi N 958  қаулысы ; "Қазақстан Республикасында жер мониторингін жүргізу және оның ақпараттарын қолдану Ережелерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2003 жылғы 19 қыркүйектегi N 956  қаулысы ; "Цифрлы геоақпараттық жүйе негiзiнде Қазақстан Республикасының табиғи объектiлерiнiң Бiрегей мемлекеттiк кадастрлар жүйесiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегi N 1449  қаулысы .
      3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi :   республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : инновациялық база негiзiнде жер ресурстарын басқару қызметiн жетiлдiру; Қазақстан Республикасы жер ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру, потенциалын сақтау және оны экономикалық айналымға қосу.
      5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi : аталған мақсаттарға сәйкес Бағдарлама келесi мiндеттердi шешудi көздейдi; мемлекеттiк жер кадастрын ғылыми-әдiстемелiк және оны автоматтандырылған ақпараттық жүйесiмен қамтамасыз ету; жерді мониторингiн ғылыми-әдiстемелiк және тәжiрибе-эксперименттiк инновациялық қолдау, зерттеу, картографиялау және ландшафты-экологиялық алқаптарды кескiнiнде және геоақпараттық жүйе негiзiнде ұйымдастыру; жердi ақылы иеленудің ғылыми-әдiстемелiк базасының жүйесiн, жердi нарықтық айналымға дайындау және жер ресурстарын ұтымды пайдалануын және қорғауын экономикалық стимулдау.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орын-
дау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

006

  

Жер ресурс-
тарын
басқару
саласындағы
қолданбалы
ғылыми
зерттеулер

1. "Қазақстан
Республикасының
жер ресурстарының
әлеуетiн (мүмкiндiгін)
қорғау және тиімді
пайдалануын
ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз ету"
бағытындағы 5 тақырып
бойынша жер ресурстарын басқару
саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер
жүргiзу, соның iшiнде
келесi тақырыптар
бойынша:
1) мемлекеттік жер
кадастрын
ғылыми-әдістемелік,
бағдарламалық және технологиялық қамсыздандыру;
2) жаңа жер
қатынастары жағдайында
жер мониторингі
жүйесiнiң принциптерiн
қалыптастыру;
3) ландшафты-
экологиялық кескiнi
негiзiнде алқаптарды
ұйымдастырудың ғылыми
әдістемелiк негiздемесi;
4) жер ақылы иеленудің
ғылыми-әдiстемелiк негіздемесi және жер
ресурстарын ұтымды
пайдалануын және
қорғауын экономикалық
стимулдау;
5) нормативтердi
әзiрлеудің әдiстемелік
негiзi.
2. Мемлекеттік ғылыми-
техникалық сараптама
жүргiзу қызметiне ақы
төлеу.

I-ІV
тоқ-
сан

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
I-ІV
тоқ-
сан
 
 
 
I-ІV
тоқ-
сан
 
 
I-ІV
тоқ-
сан
 
 
 
I-ІV
тоқ-
сан
 
 
 
 
I-ІV
тоқ-
сан
 
I-ІV
тоқ-
сан

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

      7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Тура нәтиже: 5 тақырып қамтитын, 1 бағыт бойынша жер ресурстарын басқару саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзу.
Соңғы нәтиже: жаңа ғылыми әдiстердi қолдану арқылы топырақтың өсiмдiктiк жамылғысын картаға түсiру және жер мониторингін жүргiзу, жер кадастрын жүргiзу және жерге орналастыру жердің сандық және сапалық жағдайы туралы ақпараттардың нақтылығын 10 пайызға арттырады; ақылы жер пайдалану жүйесінің ғылыми-әдiстемелiк негiзi жер нарығының трансакциялық шығындарын 3-4 пайызға азайтуға мүмкiндiк бередi.
Қаржы-экономикалық нәтиже: қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргiзудiң орташа құны 8204 мың теңгенi құрайды.
Уақтылығы: жыл бойы келiсiмде көрсетiлген мерзiмге сәйкес орындалады.
Сапасы: қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу жер туралы ақпараттық ресурс құру барысында еңбек және қаржы шығынын 3-5 пайызға азайтуға ықпал етедi, ол өз алдына жердің, жылжымайтын  мүлiк ретiнде, нарықтық айналымын iске асыруды, жер ресурстарының қорын қорғау және тиiмдi пайдалануды қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына      
393-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
"Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының
бюджеттерiне мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы
өкiлеттiктердiң аражiгiн ажырату шеңберiнде әкiмшiлiк
функцияларға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер"
деген 111 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 348624 мың теңге (үш жүз қырық сегiз миллион алты жүз жиырма төрт мың теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi : жоқ.
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
      4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : Жергiлiктi органдардың жүктелген функцияларды толық және тиiмдi атқару үшiн қызметiн қамсыздандыру.
       5. Бюджеттiк бағдарламаның мiндеттерi :   жергiлiктi аппараты ұстап тұру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орын-
дау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

111

  

Облыстық
бюджеттер-
ге, Астана
және Алматы
қалаларының
бюджет-
терiне мем-
лекеттiк
басқару
деңгейлерi
арасындағы
өкілет-
тіктердiң
аражiгiн
ажырату
шеңберiнде
әкiмшiлiк
функция-
ларға
берiлетiн
ағымдағы
нысаналы
трансферт-
тер

Бекiтiлген штаттық
шектеу шеңберiнде 529
бiрлік штат санын
ұстау үшiн облыстардың
бюджеттерiне, Астана
және Алматы қалала-
рының бюджеттерiне
мемлекеттік басқару
өкiлеттіктердің
аражiгін ажырату
шеңберінде берілетін
әкімшілік функцияларға
нысаналы трансферттер

жыл
бойы

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

       7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : жергілiктi органдар аппараттарына жүктелген функциялар мен мiндеттердi сапалы және уақытылы орындау.

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң          
2005 жылғы 12 желтоқсандағы 
N 1235 қаулысына      
394-ҚОСЫМША        

614 - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi
      Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi

2006 жылға арналған
""Электрондық үкiмет" құру"
деген 112 республикалық бюджеттiк бағдарламаның
ПАСПОРТЫ

       1. Құны : 600000 мың теңге (алты жүз миллион теңге).
       2. Бюджеттiк бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi :   20 маусымдағы 2003 жылдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексiнiң  153 157 158-баптары ; Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2000 жылғы 25 қыркүйектегi "Сандық геоақпараттық жүйелер негізiнде Қазақстан Республикасы табиғи объектiлерінің бiрыңғай мемлекеттiк кадастрлар жүйесiн құру туралы N 1449  қаулысы ; Қазақстан Республикасы Президентiнің 2004 жылғы 10 қарашадағы "Қазақстанда "электронды үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" N 1471  Жарлығы ; Қазақстан Республикасы Yкiметінің 2005 жылғы 5 қаңтардағы N 3 "Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердi ұтымды пайдалану жөнiндегi 2005-2007 жылдарға арналған бағдарлама туралы"  қаулысы .
       3. Бюджеттiк бағдарламаны қаржыландыру көздерi : республикалық бюджеттің қаражаты.
       4. Бюджеттiк бағдарламаның мақсаты : жер ресурстарын басқару жүйесi мен әдiсiн жетiлдiру, МЖК автоматтандырылған жүйесiн енгiзудi iске асыру арқылы қоғамның қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында республикада жердi тиiмдi пайдалану жөнiндегi тиiмдi координация механизмдерi мен бақылауды енгізу. МЖК ААЖ құру аясында мемлекеттiк саясатты iске асырудың нормативтiк базасын жетiлдiру және әзiрлеу.
       5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi : Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттiк жер кадастрының қазiргi заманғы әдiсiн енгiзудi қалыптастыру; жердi бағалау және тiзiмдеу, кадастрлық есеп объектiлерi туралы автоматтандырылған деректер базасын құру барысында барлық меншiк нысанындағы жер учаскесiн және сонымен байланысты жылжымайтын мүлiк объектiлерiн мемлекеттік кадастрлық есепке қою; мемлекеттiк мекемелерде бағдарламалық-техникалық кешендерді, қазiргi заманғы отандық ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық жабдықтар, ақпараттық құралдарды қорғау, жер учаскелерiн бағалау, есепке алу, қалыптастыру процесiн автоматтандыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттік жер кадастрын енгiзудi өрiстету; қалыптасу, мемлекеттік есепке алу, техникалық тізiмдеу, бағалау, құқықтық тiркеу, салық салу, жер мен жылжымайтын мүлiктi билеу мен басқаруға байланысты ақпараттық жүйелер үйлесiмiн қамтамасыз ету және олардың арасында мәлiметтермен электронды түрде алмасу жүйесiн құру; жердi кадастрлық бағалау, жердi мемлекеттiк кадастрлық есепке алуды қамтамасыз ететiн мамандарды дайындау және қайта дайындауды ұйымдастыру.
       6. Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары :

N
п/п

Бағ-
дар-
лама
коды

Кіші бағ-
дар-
лама
коды

Кіші
бағдарла-
малардың
атауы

Бағдарламаны іске
асыру жөніндегі
іс-шаралар

Іске
асыру
мер-
зімі

Жауапты
орын-
дау-
шылар

1

2

3

4

5

6

7

1

112

  

"Электрон-
дық үкімет"
құру

  

  

  

2

  

100

Мемлекеттiк
жер кадаст-
рының авто-
маттанды-
рылған
ақпараттық
жүйесін
құру
 

МЖК ГАЖ Республикалық
және облыстық
орталықтарына арналған
кадастрлық құжат
айналым үшiн,
деректердi сақтауды
бағдарламалық
қамтамасыз ету үшін
деректерді сақтағыш
сатып алу. "Кадастрлық
деректердi тапсыру",
"Пайдаланушылармен
жұмыс Web-сайт
базасында жеке және
заңды тұлғаларға
арналған ақпараттық-
анықтамалық жүйе
тармақтарын әзiрлеу.
Тақырыпты сандық
карта жасау.

1
жар-
ты-
жыл-
дық
 
 
1-3
тоқ-
сан
 
 
Жыл бойы

Қазақстан
Республи-
касы Жер
ресурс-
тарын
басқару
агенттiгi

       7. Бюджеттiк бағдарламаны орындаудан күтiлетiн нәтижелер : Бағдарламаны орындаудың тiкелей нәтижесi: Республика бойынша МЖК ААЖ 220 бағдарламалық-техникалық кешенiн өрiстету, жер-кадастр қызметiнің 670 маманын оқыту, Қазақстанның барлық аумағында кадастрлық деректердi электронды түрде құру. 2006 жылға арналған бағдарламаны орындау нәтижесi: облыстық және республикалық орталықтарды құрал жабдықтармен және бағдарламамен қамтамасыз ету, мемлекеттiк жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң негiзгi ("Кадастрлық деректердi тапсыру" жүйе тармағын, Web-сайт базасында жеке және заңды тұлғаларға арналған ақпараттық-анықтамалық жүйе тармағын, "Пайдаланушылармен жұмыс") жүйе тармақтарын құру. Тақырыптық сандық карта жасау.
Бағдарламаны орындаудың соңғы нәтижесi: МЖК ААЖ жобасын жүзеге асыру нәтижесiнде базаға 95% жер пайдаланушылар туралы ақпараттар енгiзiлетiн болады. Толық деректер республиканың фискалды органдарына жыл сайынғы жер төлемдерiнің мөлшерiн нақты бекiтуге, жер нарығына қатысушыларға жер учаскесi туралы анық ақпараттар алуға мүмкiндiк бередi.
Қаржы-экономикалық тиiмділігі: 2006 жылы жер кадастрын жүргізу жөнiнде бiр қызмет көрсетудің орташа құны 1212,17 теңгенi құрайды; ақпараттық қызмет көрсетудің жыл сайынғы өсуi 3-10%.
Уақыттылық: Мемлекеттiк сатып алу туралы келiсiмде көрсетiлген мерзiмге сәйкес орындалады.
Сапасы: МЖК ААЖ бағдарламалық-техникалық кешенiн енгізу мен әзiрлеу арқылы мемлекеттiк органдардың, жер кадастры бойынша қызмет көрсетуде бизнес пен елдi мекендердің, МЖК ААЖ порталына қатынай алатындардың қажеттiлiгi 100% қанағаттандырылатын болады, өзге де тұтынушылардың сұранысы бойынша оперативтi түрде ақпараттар берiлетiн болады.