Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi
Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшiн
әлемдiк экономикалық дағдарыстың дамуына тұрақты мониторинг
ұйымдастыру және оның елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына
тигiзетiн зардаптарын жұмсарту жөнiнде қажеттi ұсыныстар әзiрлеу
мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мына құрамда Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын:
<*>
Жандосов Ораз - Қазақстан Республикасы Премьер-
Әлиұлы Министрінің орынбасары, жетекші
Құлекеев Жақсыбек - Қазақстан Республикасының
Әбдірахметұлы Экономика және сауда министрі,
жетекшінің орынбасары
Есенбаев Мәжит - Қазақстан Республикасының Қаржы
Төлеубекұлы министрі
Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының
Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі
Марченко Григорий - Қазақстан Республикасы Ұлттық
Александрович Банкінің төрағасы (келісім бойынша)
Келімбетов Қайрат - Қазақстан Республикасы
Нематұлы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі
агенттігінің төрағасы
(келісім бойынша)
Ертілесова Жаннат - Қазақстан Республикасы
Жұрғалиқызы Президентінің Әкімшілігі
Басшысының орынбасары
(келісім бойынша)
Бәйменов Әлихан - Қазақстан Республикасының Еңбек
Мұхамедияұлы және халықты әлеуметтік қорғау
министрі
Имашев Берік - Қазақстан Республикасының Табиғи
Мәжитұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті
қолдау жөніндегі агенттігінің
төрағасы
Өтембаев Ержан - Қазақстан Республикасы Президентінің
Әбілқайырұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
(келісім бойынша)
<*>
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.02.24. N 170 қаулысымен.
P990170_
ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.22. N 1585
қаулысымен.
P991585_
ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.10.29. N 1624
қаулысымен.
P991624_
ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.20. N 1942
қаулысымен.
P991942_
ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.06. N 16
қаулысымен.
P000016_
ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.05.26. N 801
қаулысымен.
P000801_
ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.22. N 101
қаулысымен.
P010101_
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.02. N 1133 қаулысымен.
P011133_
2. Кеңеске капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыноктарында қалыптасатын жағдайына талдау жасау үшiн заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың мамандарын, отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға рұқсат етiлсiн.
3. Кеңестiң басшысы мемлекеттiң Басшысына жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы апта сайын баяндап отырсын және қажеттiлiгiне қарай тиiстi шешiмдер қабылдау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi