Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 30 қыркүйектегi Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау үшiн әлемдiк экономикалық дағдарыстың дамуына тұрақты мониторинг ұйымдастыру және оның елдiң әлеуметтiк-экономикалық жағдайына тигiзетiн зардаптарын жұмсарту жөнiнде қажеттi ұсыныстар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Мына құрамда Экономикалық саясат жөнiндегi кеңес құрылсын: <*> Мәсімов - Қазақстан Республикасы Кәрім Қажымқанұлы Премьер-Министрінің орынбасары, жетекші Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, жетекшінің орынбасары Есенбаев - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы Экономика және сауда министрі Кәкімжанов - Қазақстан Республикасының Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі Қарағұсова - Қазақстан Республикасының Гүлжан Жанпейісқызы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Өтембаев - Қазақстан Республикасы Ержан Әбілқайырұлы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша) Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Григорий Александрович Банкінің төрағасы (келісім бойынша) Бейсембетов - Қазақстан Республикасы Ескендір Қалыбекұлы Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігінің төрағасы (келісім бойынша) Досаев - Қазақстан Республикасы Табиғи Ерболат Асқарбекұлы монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің төрағасы <*> ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.02.24. N 170 қаулысымен. P990170_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.10.22. N 1585 қаулысымен. P991585_ ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.10.29. N 1624 қаулысымен. P991624_ ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 1999.12.20. N 1942 қаулысымен. P991942_ ЕСКЕРТУ. Құрам толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2000.01.06. N 16 қаулысымен. P000016_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.05.26. N 801 қаулысымен. P000801_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.01.22. N 101 қаулысымен. P010101_ ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.09.02. N 1133 қаулысымен. P011133_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2001.12.04. N 1559 қаулысымен. P011559_ ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.02.07. N 176 қаулысымен. P020176_
2. Кеңеске капиталдың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң әлемдiк рыноктарында қалыптасатын жағдайына талдау жасау үшiн заңда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың мамандарын, отандық және шетелдiк сарапшыларды тартуға рұқсат етiлсiн.
3. Кеңестiң басшысы мемлекеттiң Басшысына жүргiзiлген жұмыстың нәтижелерi туралы апта сайын баяндап отырсын және қажеттiлiгiне қарай тиiстi шешiмдер қабылдау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi