Дене шынықтыру және спорт туралы

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы

Жаңартылған

      Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi. 

  1-тарау. Жалпы ережелер

       1-бап. Негiзгi ұғымдар

        Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1)  дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару мен үйлестіру функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы; <*>
      2)  дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, қоғам адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында жасап, пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы; 
      3)  спорт - жарыс әрекетiнiң, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгi; 
      4)  жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы; 
      5)  спорттың техникалық және қолданбалы түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып жарыстарға арнаулы даярлық жүргiзуiн талап ететiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi; 
      6)  кәсiпқойлық спорт - басты мақсаты спорттық ойын-сауық шараларын ұйымдастыру және оларға қатысу арқылы пайда табу болып саналатын спорттық-кәсiпкерлiк қызметтiң бiр түрi; 
      7)  спорттық сыныптама - спорттың жекелеген түрлерiнен шеберлік деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн белгiлейтiн спорттық атақтардың, разрядтардың және санаттардың жүйесi; <*>
      8)  дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс; 
      9)  дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың жиынтығы; 
      10)  әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы; 
      11)  дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың, азаматтардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны; 
      12)  дене шынықтыру-сауықтыру, спорт және спорттық-техникалық ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру жаттығуларымен, спортпен айналысуына және спорттық ойын-сауық шараларын өткiзуге арналған объектiлер; 
      13)  дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар; 
      14)  спорттық индустрия - дене шынықтыру-спорттық және туристiк мақсаттағы қызмет көрсетудi, өнiмдер өндiрудi жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;
      15)  аккредиттеу - уәкілетті органның дене шынықтыру және спорт саласындағы республикалық қоғамдық бірлестіктің Қазақстан Республикасының атынан тиісті халықаралық ұйымдарға қатысуға құқықтық өкілеттігін ресми тануы; <*>
      16)  салалық көтермелеу жүйесі - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерін саланы дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру нысаны; <*>
      17)  бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      18)  ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене жаттығуларын, дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;
      19)  халықаралық спорт жарыстары - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спорт түрiнен спортшылар (командалар) арасында өтетiн сайыс.
      Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен , 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
             мемлекеттiк саясат принциптерi

      Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясат халықтың салауатты тұрмыс салтын қамтамасыз ету, дене шынықтыру мен спортты дамыту мақсатында жүргiзiледi және: 
      1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен айналысу теңдiгi мен жалпыға қолайлылығы;
      2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң толассыздығы мен сабақтастығы;
      3) дене шынықтырумен және спортпен айналысудың ерiктiлiгi;
      4) дене шынықтыру-спорт шараларының сауықтыру бағыты;
      5) дене шынықтыру мен спортты ұйымдастырудың мемлекеттiк, қоғамдық және жеке нысандарын тану;
      6) дене шынықтырумен жаппай айналысуға, әуесқойлық және кәсiпқойлық спортқа тең құрмет көрсету;
      7) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктi спорттың басымдығы;
      8) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;
      9) дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық және спорттық-техникалық ғимараттар мен басқа да объектiлердiң меншiк нысандары өзгерiп жатқан жағдайда оларды азаматтардың дене шынықтырумен және спортпен айналысуы үшiн сақтау;
      10) халық ойындары мен спорттың ұлттық түрлерiн дамыту;
      11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;
      12) спорттың техникалық және қолданбалы түрлерiн дамыту принциптерiне сәйкес жүзеге асырылады.

       3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру
             және спорт саласындағы заңдары

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың нормаларына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

       4-бап. Дене шынықтыру мен спортты дамытуды
             мемлекеттiк қолдау

      1. Мемлекет дене шынықтыру мен спорт саласындағы қатынастарды мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды тиiсiнше қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлар, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру-спорт қозғалысының өзiндiк мәртебесiн тану жолымен реттейдi. 
      2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар-жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды. 
      3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт ұйымдары сыртқы байланыстарының дамытылуына, Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру қозғалысының өрлеуiне жәрдемдесетiн халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерiне интеграциялауға қолдау көрсетедi. 
      4. Мемлекет халықаралық стандарттарға сай келетiн спорт ғимараттарын, спорт мақсатындағы тауарлар мен жабдықтар, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдер шығару жөнiндегi кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын жұмсайтын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды. 

       5-бап. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен
             спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы

      1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын Yкiмет әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
      2. Мемлекеттiк бағдарламада халықтың денсаулығын нығайтуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар, дене тәрбиесi жөнiндегi оқу бағдарламаларына, бағдарламалық-бағалау нормативтерi жүйесiне қойылатын талаптар және түрлi топтардың дене бiтiмiн дамыту жөнiндегi талаптар, жоғары жетiстiктер спортын дамытудың негiзгi бағыттары, сондай-ақ ұйымдық, материалдық-техникалық, кадрлар, ақпараттық және құқықтық жағынан қамтамасыз етудiң негiзгi принциптерi көзделедi.

       6-бап. Азаматтардың дене шынықтыру мен спорт
             саласындағы құқықтары мен мiндеттерi

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының:
      дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;
      спорт бағытындағы дене шынықтырумен және спортпен, оның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде де айналысуға;
      дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға; 
      мемлекеттiк, коммуналдық және жеке спорттық ғимараттарды және қызметтердi тегiн не ақылы негiзде пайдалануға құқығы бар. 
      2. Қазақстан Республикасының спортпен айналысатын азаматтары: 
      салауатты өмiр салтын насихаттауға; 
      жергiлiктi, республикалық және халықаралық жарыстарда дене шынықтыру-спорт ұйымы мен мемлекеттен лайықты өкiл болуға; 
      гигиена негiздерiн зерделеуге және сақтауға мiндеттi. 
      3. Ата-аналар, қамқоршылар, қорғаншылар немесе олардың орнындағы адамдар отбасындағы кәмелетке толмаған балалардың дене бiтiмiн дамытуға және денсаулығын нығайтуға, оларға дене шынықтырумен және спортпен айналысу үшiн қажеттi жағдайлар жасауға қамқорлық көрсетуге мiндеттi. 

       7-бап. <*>
      Ескерту. 7-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен.

       8-бап. Дене шынықтыру мен спортты насихаттау

      1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы қоғамдық бiрлестiктер, денсаулық сақтау мекемелерi бұқаралық ақпарат құралдарымен бiрлесе отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы бiлiм мен жетiстiктердi, салауатты өмiр салтының принциптерiн насихаттауды жүзеге асырады. 
      2. Спортта қатыгездiк пен зорлық-зомбылыққа табынуды, адамның қадiр-қасиетiн қорлауды, тыйым салынған қоздырғыштар мен препараттарды, алкогольдi iшiмдiктер мен темекi бұйымдарын насихаттауға жол берiлмейдi. 
      3. Журналистердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өзге де өкілдерінің спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын телерадиохабар арналары бойынша таратуы, сондай-ақ жазып алуы, оның ішінде спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын дыбыс-бейне жазу техникасы, кино-және суретке түсіру құралдарын пайдалана отырып, жазып алуы Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдары туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      Спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын өткізу кезеңінде тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жарнамалау Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес оларды ұйымдастырушылар мен жарнама қызметі субъектілерінің арасындағы шарт негізінде жүзеге асырылады. <*>
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен , 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  2-тарау. Дене тәрбиесінің жүйесі

       9-бап. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiндегi,
             жалпы бiлiм беретiн мектептердегi және басқа
             оқу орындарындағы дене тәрбиесi

      1. Мектеп жасына дейiнгi балалардың, жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк мектептер, колледждер, лицейлер оқушыларының, жоғары оқу орындары студенттерiнiң дене тәрбиесi оқу және ұзартылған күн режимiнде, оқу жоспарларына, дене тәрбиесiнiң кешендi мемлекеттiк бағдарламаларына және санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес сабақтан тыс уақытта және дербес жүзеге асырылады. Мiндеттi дене тәрбиесi сабақтары бүкiл оқу кезеңi бойына аптасына мектепке дейiнгi мекемелерде - кемiнде 8 сағат, жалпы бiлiм беретiн мектепте - кемiнде 3 сағат, кәсiптiк-техникалық мектептерде, колледждерде, лицейлер мен жоғары оқу орындарында кемiнде 4 сағат жүргiзiледi. 
      Денсаулығы нашар оқушылар мен студенттер арнаулы медициналық топтар мен емдiк дене шынықтыру топтарында шұғылданады. 
      2. Сабақтан тыс уақытта дене шынықтыру жаттығуларымен шұғылдану үшiн спорт клубтары мен мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдары құрылады, олардың құрамына балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерi, балалар-жасөспiрiмдер дене шынықтыру клубтары, тұрғылықты жерi бойынша балалар мен жасөспiрiмдер клубтары және қызметi мектеп жасына дейiнгi балалардың, оқушылар мен студенттердiң дене тәрбиесi мен спорттық әзiрлiгiне бағытталған басқа да ұйымдар кiредi. 
      3. Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, мектептен тыс дене шынықтыру-сауықтыру ұйымдарында және оқу орындарында дене тәрбиесi үшiн қажеттi жағдайлар жасау облыстардың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, сондай-ақ құрылтайшыларға жүктеледi.
       Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         10-бап. Еңбек ұжымдарындағы дене шынықтыру мен спорт

      1. Меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар жұмыс iстеушiлердi сауықтыру жөнiндегi дене шынықтыруды дамыту үшiн қаражат көздеуге және азаматтардың дене шынықтырумен, спортпен шұғылдану құқықтарын iске асыруына жағдай жасауға мiндеттi. 
      2. Қызметкерлердiң, олардың отбасы мүшелерiнiң жеке және ұжымдық дене шынықтыру-спорт сабақтарын ұйымдастыру үшiн материалдық база жасау, оны пайдалану, қаржыландыру, мамандармен қамтамасыз ету ұжымдық шарттармен және дене шынықтыру мен спортты дамыту бағдарламаларымен айқындалады. 

       11-бап. Тұрғылықты жердегi және халықтың жаппай демалыс
              орындарындағы дене шынықтыру мен спорт

      1. Азаматтардың тұрғылықты жерiндегi және халықтың жаппай демалыс орындарындағы дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасау қалалардың, аудандардың жергiлiктi атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдық (селолық) округтердiң, ауылдардың (селолардың), кенттердiң әкiмдерiне, жергiлiктi өзiн өзi басқару органдарына жүктеледi, олар дене шынықтыру-спорт ұйымдарына қажеттi үй-жайлар, мәдениет және демалыс парктерiнде сабақтар өткiзуге арналған орындар бөлуге спорт ғимараттарын беруге жәрдемдеседi. 
      2. Санаторий-курорт ұйымдарында, пансионаттарда, демалыс үйлерiнде, туристiк базаларда және қала сыртындағы балаларды сауықтыру лагерьлерiнде жеке, топтық және отбасылық дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарын өткiзуге жағдайлар жасалады. 
       Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       12-бап. Мүгедектерге арналған дене шынықтыру мен спорт

      1. Дене шынықтыру мен спорт мүгедектердi дене бiтiмi және әлеуметтiк жағынан оңалту құралдары болып табылады. 
      2. Жергілiктi атқарушы органдар мүгедектер үшiн арнайы дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарын, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы ғимараттарда дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн жағдайлар жасауды қамтамасыз етедi. 
      3. Ақыл-есi кем және дене кемiстiгi бар мүгедектердi үздiксiз оңалту жүйесiндегi дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануды ұйымдастыру, кадрлар даярлау, әдiстемелiк, медициналық жағынан қамтамасыз ету, мүгедектердiң дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануына дәрiгерлiк бақылау жасау, бiлiм беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтiк қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктеледi. 
      4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, республикалық жарыстар өткiзудi, мүгедектер арасындағы спорт түрлерi бойынша ұлттық құрама командаларының халықаралық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.
      Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мүгедектердiң дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерiмен бiрлесе отырып, облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) деңгейiндегi спорттық iс-шаралар өткiзудi, сондай-ақ олардың республикалық жарыстарға дайындалуы мен қатысуын ұйымдастырады.
       Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       13-бап. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары
              адам құрамының дене шынықтыру даярлығы

      1. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы қызметтiк-қолданбалы бағытта болады және олардың әскери борыш пен қызмет мiндеттерiн орындауын қамтамасыз етедi. 
      2. Әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене шынықтыру даярлығы жөнiндегi жұмыстың мазмұнын, оны ұйымдастырудың нысандары мен әдiстерiн тиiстi мемлекеттiк басқару органдары белгiленген тәртiппен анықтайды. 
      3. Әскери бөлiмшелердiң, сондай-ақ құқық қорғау органдары бөлiмшелерiнiң командирлерi мен бастықтары әскери қызметшiлер мен құқық қорғау органдары адам құрамының дене бiтiмiн жетiлдiру үшiн қажеттi жағдайлар жасауға мiндеттi.
      4. Қазақстан Республикасы құрама спорт командаларының мерзiмдi әскери қызметке шақырылған мүшелерi өздерiнiң спорттық шеберлiгiн шыңдау үшiн қажеттi жағдайлары бар бөлiмшелерге жiберiледi, оларға халықаралық, ұлттық және басқа да спорттық жарыстарға қатысуға мүмкіндік беріледі.

       14-бап. Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен
              мекемелерiнiң дене шынықтыру мен спортты
                дамытуға қатысуы

      Мемлекеттiк денсаулық сақтау органдары мен мекемелерi өздерiнiң құзыретi шегiнде:
      дене шынықтыруды аурулардың алдын алу және оны емдеу құралы ретiнде пайдаланады;
      дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарға дәрiгерлiк бақылау мен икемдi қадағалауды жүзеге асырады; 
      Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын халықаралық спорт жарыстарына даярлауды медициналық жағынан қамтамасыз етуге қатысады; 
      дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды жарысқа жiберудi жүзеге асырады; 
      спорт медицинасы мен емдік дене шынықтыру саласында мамандар даярлауды жүзеге асырады және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады; 
      қолданылып жүрген ережелерге сәйкес мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнде, оқу орындарында дене шынықтыру-сауықтыру және спорт жұмысын ұйымдастыруға белсене қатысады; 
      халықтың дене бiтiмiнiң даму деңгейiн анықтайды; 
      Халықаралық Олимпиадалық Комитеттiң сертификаты бар мамандандырылған мекемелерде допингке қарсы бақылауды қамтамасыз етедi. 
       Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт
              жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын
              өткiзу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн
              сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау

      1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткiзу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен ережелерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. 
      2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының ережелерiне және санитариялық-гигиеналық нормаларға сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi. 
      3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткiзуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық-гигиеналық нормаларға сай болуға тиiс. 
      4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жауап бередi.

       15-1-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы
                мемлекеттiк мекемелер

      Дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелер өздерiнiң негiзгi қызметiне жатпайтын қызметтер көрсетуге құқылы, оларға төленетiн ақы мiндеттi сипатта болмайды, жеке және заңды тұлғалармен келiсiм бойынша айқындалады.
      Ескерту. 14-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.07.05. N  165 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

    3-тарау. Спортты ұйымдастыру және дамыту

       16-бап. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеу

      1. Жоғары дәрежедегi спортшылар әзiрлеудi дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiткен спорт түрлерi бойынша бағдарламаларға сәйкес мемлекеттiк, қоғамдық және мамандандырылған жеке спорт мекемелерi, сондай-ақ азаматтар жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының спортшыларын әзiрлеу келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылуы мүмкiн. Спорт қызметi туралы келiсiм-шарт Қазақстан Республикасының еңбек заңдары негiзiнде жасалады. 
      Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта спортшының құқықтары мен мiндеттерi, оның әлеуметтiк-медициналық сақтандырылуы, мұндай келiсiм-шартты жасасу мен бұзу талаптары болуға тиiс. Спорт қызметi туралы келiсiм-шартта Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн басқа да талаптар мен мiндеттер болуы мүмкiн.
       Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         17-бап. Спорт мектептерi мен мектеп-интернаттары

      1. Қосымша бiлiм беру мекемелерi ретiнде спорт мектептерi, сондай-ақ спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес құрылады. 
      2. Мемлекет спорт мектептерi мен спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қолда бар материалдық-техникалық базасын нығайту және жаңа базасын жасау үшiн жағдай туғызады. 

       18-бап. Спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының
              құрама командалары

      1. Қазақстан Республикасының құрама командалары - спортшылардың, жаттықтырушылардың, ғалымдардың, дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорт медицинасы ұйымдарының басқа да қызметкерлерiнiң ұжымдары спорттың түрлерi бойынша федерациялардың құрамдас бөлiгi болып табылады, халықаралық жарыстарға даярлық және оларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында қатысу мақсатында құрылады. 
      2. Спорттың әр түрi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын дене шынықтыру-спорт ұйымдарының ұсыныстарын ескере отырып, спорттың әр түрi бойынша тиiстi федерациялар конкурстық негiзде құрады. Спорт принциптерiн сақтай отырып, алдын ала белгiленген және жарияланған арнаулы нормативтердi орындаған спортшылар Қазақстан Республикасы құрама командаларының негiзгi және жастар (резервтiк) құрамына енгiзiледi. Қазақстан Республикасы құрама командаларының белгiленген нормативтердi орындамаған, өз мiндеттерiн үнемi бұзатын мүшелерi Қазақстан Республикасы құрама командаларынан шығарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамдарын спорттың әр түрі бойынша федерациялардың ұсынуымен дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган жыл сайын бекiтiп отырады. 

       19-бап. Кәсiпқойлық спортпен айналысу құқығы

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының келiсiм-шарт негiзiнде Қазақстан Республикасында да, басқа елдерде де ақы төленетiн кәсiпқойлық спорт қызметiмен айналысуға құқығы бар. 
      2. Кәсiпқой бiрлестiктер құру тәртiбi және олардың жұмыс iстеу жағдайлары, кәсiпқойлық спорт сабақтарын ұйымдастыру, келісiм-шарттар жасасу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 
      3. Спортшылардың, төрешiлердiң, жаттықтырушылардың және басқа мамандардың спорт жарыстарына дайындалу мен қатысуға байланысты және олардың табыс көзi болып табылатын кәсiпқойлық қызметi Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеледі. 

       20-бап. Спорт қызметiн ғылыми-әдiстемелiк жағынан
              қамтамасыз ету

      Дене шынықтыру мен спортты дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi мүдделi ұйымдармен бiрлесе отырып дене шынықтыру мен спорт проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер жүргiзедi, халықтың әртүрлi топтары арасында бұқаралық спортты дамытуға және жоғары спорт нәтижелерiне жетуге бағытталған ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар мен бағдарламалар жасайды, келiсiм-шарт негiзiнде дене шынықтыру мен спорт, медицина, биология және психология саласындағы жетекшi ғалымдарды Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларын ғылыми-әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етуге тартады. 

       21-бап. Спорт резервiн әзiрлеу

      Спорт резервiн әзiрлеу мақсатында балалар мен жастардың мамандандырылған спорт оқу орындары жүйесi құрылады. Ол балалар-жасөспiрiмдер спорт мектептерiн, олимпиадалық резерв спорт мектептерiн, спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарды, жоғары спорт шеберлiгi мектептерiн, олимпиадалық резерв әзiрлеу орталықтарын және олимпиадалық әзiрлiк орталықтарын қамтиды. 
      Балалар спорт мектептерi арнайы бағдарламалар негізiнде қосымша бiлiм берудi жүзеге асыратын мектептен тыс ұйымдар болып табылады және заңдарға сәйкес олардың қызметiн ұйымдастыратын кәсiподақ ұйымдары, ерiктi спорт қоғамдары, федерациялары, спорт клубтары, жеке адамдар құрады.

       22-бап. Спортта тыйым салынған тәсiлдер, әдiстер
              мен құралдар

      1. Спорттық нәтижелерге жету үшiн спортшыларға, жаттықтырушылар мен спорт төрешiлерiне:
      Халықаралық Олимпиадалық Комитет, спорт түрлерi бойынша халықаралық және ұлттық федерациялар тыйым салған тәсiлдердi, әдiстердi, медициналық және биологиялық препараттарды пайдалануға;
      қандай түрдегі болса да сатып алушылықты, бопсалауды, қоқан-лоққы мен күш қолдануды пайдалануға тыйым салынады. 
      2.<*>
      Ескерту. 22-бап өзгерді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен.

         22-1-бап. Спорттық сыныптама

      1. Спортшыларға спорттық атақтар мен разрядтарды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган төрт жылдық (олимпиадалық) кезеңге белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес бередi.
      Жаттықтырушыларға, нұсқаушыларға, әдiскерлерге, төрешiлерге санаттар дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес берiледi.
      2. Спортшылар мен жаттықтырушыларға мынадай спорттық атақтар мен разрядтар берiледi:
      1) спорттық атақтар:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы;
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы;
      Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi;
      Қазақстан Республикасының спорт шеберi;
      2) спорттық разрядтар:
      Қазақстан Республикасының спорт шеберлiгіне кандидат;
      1-разрядты спортшы;
      2-разрядты спортшы;
      3-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 1-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 2-разрядты спортшы;
      жасөспiрiмдер арасындағы 3-разрядты спортшы.
      3. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскерлер мен нұсқаушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
      бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгі жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ әдiскер;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы.
      4. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi жаттықтырушыларға мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы;
      бiлiктiлiгi орта деңгейдегi санаты жоқ жаттықтырушы.
      5. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегі төрешiлерге мынадай бiлiктiлiк санаттары берiледi:
      жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi;
      ұлттық спорт төрешiсi;
      бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
      спорт төрешiсi.
      Ескерту. 22-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  4-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы басқару

       23-бап. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті
               органның құзыреті <*>

      Уәкілетті орган:
      1) дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік басқару, үйлестіру және мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асырады;
      2) дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
      3) ведомстволық статистикалық есептілікті жүзеге асырады, спорт ұйымдарынан статистикалық ақпарат алады;
      4) салалық көтермелеу жүйесін әзірлейді және бекітеді;
      5) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
      5-1) спорт түрлерi, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт, бұқаралық спорт түрлерi бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;
      6) Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;
      7) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулерді, олардың нәтижелерін дене шынықтыру мен спорт практикасын енгізуді ұйымдастырады және үйлестіреді;
      8) спортта допингке қарсы шаралардың жүргізілуіне бақылауды жүзеге асырады;
      9) спорт ғимараттарын салуға арналған жобалық құжаттаманы келiседi және спорт құрал-сайманын шығару кезiнде әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
      10) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, дене шынықтыру және спорт саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады;
      11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі бағдарламаларды әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысады;
      12) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорт шараларында Қазақстан атынан өкілдік етеді;
      13) дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық және өңірлік қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (федерациялардың), жоғары санаттағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың қызметін лицензиялауды, сондай-ақ дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бірлестіктерді аккредиттеуді жүзеге асырады;
      14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:
      "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" құрметтi атағы, "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi" құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;
      15) халықтың дене шынықтыру дайындығының нормативтерін әзірлейді және бекітеді;
      16) тұрғын аудандардың, әкімшілік үйлердің, мектеп жасына дейінгі мекемелер мен оқу орындарының қолданылып жүрген қала құрылысы нормалары негізінде спорт ғимараттарымен қамтамасыз етілу нормативтерін әзірлейді;
      17) спорт ғимараттарын пайдалану нормалары мен ережелерін, спорт ғимараттарына техникалық қызмет көрсету және оларды пайдалану жөніндегі нормативтерді әзірлейді және бекітеді;
      18) спорттық iс шараларды қамтамасыз етудiң және республикалық спорттық шараларға қатысушыларды және халықаралық жарыстардағы жоғары көрсеткiштерi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командалары мүшелерiн көтермелеудiң нормативтерiн әзiрлейдi;
      19) спорт жарыстарын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресімдеу кезінде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат береді;
      20) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн айқындайды. 
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен , өзгерту енгізілді - 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), 2007.01.12. N  222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       23-1-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру
                және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi

      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы орган:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;
      5) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;
      7) спорт ұйымдарына әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      8) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;
      9) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      11) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      12) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;
      13) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт қызметін жүзеге асыратын дене шынықтыру-сауықтыру, спорт клубтарының, орталықтарының, секцияларының және басқа да ұйымдардың, бірінші, екінші және үшінші санаттардағы спорт ғимараттарында дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың, дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызметті жүзеге асыратын жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, одақтардың, қауымдастықтардың (облыстық федерациялардың) қызметін лицензиялауды жүзеге асырады;
      2. Аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы орган:
      1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады;
      2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) деңгейде жарыстар өткiзедi;
      3) спорттың әр түрi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;
      4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытады;
      5) аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) мамандандырылған оқу-спорт мекемелерiнiң қызметiн үйлестiредi;
      6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;
      7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;
      8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;
      9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;
      10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi, соның iшiнде статистикалық деректердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi.
      3. Қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi.
      Ескерту. Жаңа 23-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен , жаңа редакцияда - 2004.12.20.  N 13   (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi), өзгерту енгізілді - 2007.01.12. N  222 (ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

       24-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық
              бірлестіктер 

      1. Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер осы Заңға және Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді.
      2. Спорттың әрбір түрі бойынша тек бір республикалық қоғамдық бірлестік аккредиттелуі мүмкін, ол Қазақстан Республикасының атынан дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық бірлестіктерге қатысушы болуы мүмкін.
      Аккредиттеудің тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      3. Дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық бірлестіктер спорт жарыстарын және басқа да спорт шараларын, оның ішінде халықаралық шараларды ұйымдастыруды және өткізуді дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе отырып жүзеге асырады.
      Ескерту. 24-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен.

       24-1-бап. Дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін
                көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау <*>

      1. Жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру-сауықтыру, спорт қызметтерін көрсету жөніндегі қызметі, білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, лицензиялауға жатады.
      2. Лицензиялау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. Жаңа 24-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен.

          24-2-бап. Мемлекеттiк бақылау

      1. Мемлекеттiк бақылауды дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган спорт объектiлерiн пайдалану, оларға техникалық қызмет көрсету жөнiндегi стандарттардың, ережелер мен нормалардың сақталу нысанасына тексеру жүргiзу арқылы жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк бақылауды жүргiзуге анонимдi өтiнiштердi қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерi немесе ресми хабарламалардың басқа да нысандары, сондай-ақ заң бұзушылықты жоюға және дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды орындауға бағытталған iс-шараларды жүргiзу негiз болып табылады.
      3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жылына бiр реттен жиi болмайтындай етiп жүргiзiледi.
      Ескерту. 24-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.01.31. N  125 (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-баптан қараңыз) Заңымен.

       5-тарау. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру, материалдық-техникалық жағынан және кадрлармен
қамтамасыз ету

       25-бап. Дене шынықтыру мен спортты қаржыландыру көздерi

      1. Мемлекет Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру мен спортты дамытуды бюджет қаражаты есебiнен қамтамасыз етедi, дене шынықтыру мен спорт қозғалысының индустриясы мен инфрақұрылымын дамыту үшiн мемлекеттiк қолдау көрсетедi. 
      2. <*>
      3. <*>
      4. <*>      
      5. Халықаралық жарыстарға әзiрлену кезеңiнде және оларға қатысу кезiнде Қазақстан Республикасының құрама командаларының мүшелерi тегiн медициналық қызмет көрсетумен және емдеумен қамтамасыз етiледi.
      6. Қазақстан Республикасының Үкiметi спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз ету және республикалық спорттық iс-шараларға қатысушылар мен халықаралық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткiзгенi үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командаларының мүшелерiн көтермелеу нормативтерiн бекiтеді.
       Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         26-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
              демеушiлiк және кәсiпкерлiк қызмет

       1. Бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардан басқа, жеке және заңды тұлғалар спорт клубтарының, мектеп-интернаттарының, спорт мектептерінің, командаларының немесе спорт шараларының демеушілері бола алады. Демеушілер мен спорт клубтары (мектеп-интернаттар, спорт мектептері, командалар, шараларды ұйымдастырушылар) арасындағы қатынастар шарт негізінде белгіленеді. Демеушілер спорт шараларын қаржыландыра отырып, оларды демеушілердің немесе олардың өнімдерінің белгісімен (эмблемасымен) өткізу құқығына ие болады. <*>      
      2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар дене шынықтыру, спорт ұйымдарына және жеке адамдарға қызмет көрсету бойынша кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдануы, дене шынықтыру-спорт тауарлары мен ілеспе тауарлар шығаруы, дене шынықтыру мен спортты жарнама қызметiне пайдалануы мүмкiн. Спорт бiрлестiктерiнiң эмблемалары мен атаулы нышандары олардың меншiгi болып табылады және сол бiрлестiктердiң келiсiмiмен ғана пайдаланылуы мүмкiн. 
      3. Мемлекет материалдық-спорт базасын кеңейту, сондай-ақ спортшыларды, осы саланың мамандарын, дене шынықтыру-спорт қызметiнiң басқа да субъектiлерiн моральдық және материалдық жағынан көтермелеу арқылы дене шынықтыру мен спортты дамытуды ынталандырып отырады.
      Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

         27-бап. Спорт ғимараттары

      1. Дене шынықтыру мен спорттың материалдық базасы әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiне жататын дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының барлық түрлерiнен құралады. 
      Бiрегей спорт объектілерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша жекешелендiрiледi. 
      2. Спорт ғимараттары орналасатын аумақтарды құзыреттi мемлекеттiк органдар аталған ғимараттарды болашақта салуға арналған жердi ағымдағы игеру және келешектегi резервте ұстау үшiн нормативтік бөлу арқылы анықтауы мүмкін. 
      Тұрғын үй аудандарының спорт ғимараттарымен қамтамасыз етiлу нормативтерi Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес белгiленедi. 
      3. Қамтамасыз ету нормативтерiнде, құрылыс нормалары мен ережелерiнде көзделген спорт ғимараттарынсыз тұрғын үйлер алабын, әкiмшiлiк, мектепке дейiнгi мекемелер мен оқу орындарының үйлерiн салуға жол берiлмейдi. 

       28-бап. Дене шынықтыру мен спорт саласында мамандар
              даярлау және дене шынықтыру мен спорт
              қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар

      1. Дене шынықтыру оқу орындарында және дене тәрбиесi факультеттерiнде оқыту, Қазақстан Республикасының бiлiм беру саласындағы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Дене шынықтыру мен спорт жөнiндегi педагогтiк қызметке жоғары немесе арнаулы орта оқу орнын бiтiрген адамдар жiберiледi.
      3. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерiне қойылатын кәсiби талаптар заңдарда белгiленген тәртiппен бекiтiлетiн арнаулы бiлiктiлiк нормаларымен анықталады.
      4. Спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларының төрешілігіне дене шынықтыру-спорт ұйымдарында арнайы даярлықтан өткен және белгіленген тәртіппен спорт түрлерінің төрешісі ретінде аттестатталған адамдар жiберiледi.

  6-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
жеңілдіктер және әлеуметтік кепілдіктер

       29-бап. Дене шынықтыру саласындағы жеңiлдiкпен
              көрсетiлетiн қызметтер

      Дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерiн тегiн немесе жеңiлдiктi жағдайларда пайдаланатын азаматтар санаттарының тiзбесi, сондай-ақ жеңiлдiктердiң мөлшерi Қазақстан Республикасының заңдарымен, аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органның және дене шынықтыру-сауықтыру және спорт бағытындағы ұйымдар әкiмшiлiктерiнiң шешiмiмен белгiленедi. 
       Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       30-бап. Спортшылардың әлеуметтiк қорғалуы

      1. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергілiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командалары құрамына кiрген немесе кiретiн "КСРО-ның еңбек сiңiрген спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi", "КСРО-ның халықаралық дәрежедегi спорт шеберi", "Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi" атағы бар аса көрнектi спортшыларға - олимпиада чемпиондарына, әлем чемпиондарына, олардың "Қазақстанның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" немесе "КСРО-ның еңбек сiңiрген жаттықтырушысы" атағы бар жаттықтырушыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады. 
      2. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган, дене шынықтыру-спорт бiрлестiктерi, жергiлiктi атқарушы органдар әралуан спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамына кiретiн спортшыларға, олардың жаттықтырушыларына, сондай-ақ спорттың ойын түрлерi бойынша командалар құрамында өнер көрсететiн спортшыларға, олардың жаттықтырушылары мен клуб командаларының басшыларына тиiстi бюджеттер, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың қаражаты және заңда тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен ай сайын ақшалай қаржы төлей алады. 
      2-1. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алған және мертіккен жағдайда бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлеуді жүзеге асырады. <*>
      3. Спортшының спорт қызметi туралы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан (спорт клубынан) басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) немесе шетелдiк дене шынықтыру-спорт ұйымына (шетелдiк спорт клубына) ауысуға құқығы бар. 
      Егер спортшы басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына (спорт клубына) спорт қызметi туралы келiсiм-шарттың қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейін ауысқан немесе келісiм-шарт талаптарында көзделген мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда, спортшының дене шынықтыру-спорт ұйымдарының (спорт клубтарының) өзара келiсiмiмен ғана ауысуы мүмкiн. 
      Спортшылардың ауысу тәртiбi мен ережелерiн дене шынықтыру мен спортты басқарудың уәкiлеттi органы белгiлейдi.
      4. <*>
      Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі), 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).
 

              30-1-бап.Еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларды
               мемлекеттік әлеуметтік қолдау <*>

      1. Мемлекет спортшыларға, жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру (бұдан әрі - материалдық қамсыздандыру) түрінде өмірлік әлеуметтік қолдау жасайды, ол осы бапқа сәйкес төлемдер алуға құқығы бар спортшылар мен жаттықтырушыларға берілетін ай сайынғы төлемдер болып табылады.
      2. Спорттың олимпиадалық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларының және (немесе) КСРО құрама командаларының құрамында болған және кемінде жиырма жыл еңбек стажы бар спортшыларға, жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлеген тәртiппен төленедi және мынадай мөлшерде тағайындалады:
      1) Олимпиадалық ойындардың чемпиондары және (немесе) жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алғандарға және "КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері" және (немесе) "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағы барларға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш;
      2) "Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" және (немесе) "КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушысы" атағы бар және осы тармақтың 1) тармақшасында белгіленген спортшыларды даярлағандарға - 8,0 айлық есептік көрсеткіш.
      3. <*>
      4. Осы баптың 2-тармағында белгіленген бірнеше негіздер бойынша материалдық қамсыздандыру алуға бір мезгілде құқығы бар адамдарға материалдық қамсыздандыру олардың қалауы бойынша сол негіздердің біреуі бойынша ғана төленеді.
      Ескерту. Жаңа 30-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

       31-бап. Спортшыларды сақтандыру <*>

      Жарыстар, жаттығулар мен жиындар кезінде спортшыларды жазатайым оқиғалардан сақтандыру тиісті спорт клубтарының, қоғамдарының және басқа да мүдделі ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
      Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерін ресми халықаралық жарыстарға даярлау және қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады.
      Ескерту. 31-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471  Заңымен (2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2004.12.20.  N 13 Заңымен (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi).

  7-тарау. Дене шынықтыру мен спорт саласындағы
халықаралық қызмет

       32-бап. Халықаралық спорт қызметi

       Қазақстан Республикасының спорт ұйымдары мен спортшыларының жарыстар ережелерiн және тиiстi халықаралық ұйымдардың жарғыларын сақтай отырып, мемлекет аумағында да, басқа елдерде де өткiзiлетiн халықаралық спорт шараларына қатысуға құқығы бар. 

       33-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық
              комитеті <*>

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті:
      Қазақстан Республикасында олимпиадалық қозғалысты дамыту үшін құрылған қоғамдық бірлестік болып табылады және өз қызметін осы Заңға, Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктер туралы заңдарына және Олимпиадалық хартияға сәйкес жүзеге асырады;
      Халықаралық олимпиадалық комитетте Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау кезінде жоғары жетістіктер спортын дамытудың бірыңғай саясатын жүргізеді;
      дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісе, спорт түрлері бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктермен, жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, Олимпиада, Азия ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет өткізетін басқа да халықаралық спорт шараларына қатысу үшін спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын құру мен қамтамасыз етуді үйлестіреді;
      Дене шынықтыруды және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес өзінің қаржыландыру көздері есебінен өз алдында тұрған жарғылық міндеттерді орындауды іске асырады;
      Олимпиадалық хартияға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық олимпиадалық комитеттің олимпиадалық нышандарын, ұранын, туын, әнұранын, "Олимпиадалық", "Олимпиада" деген атауларын пайдалануға меншік құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады.
      2. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттің қамқорлығы аясында өткізілетін басқа да халықаралық спорт шараларында Қазақстан Республикасы құрама командаларының өнер көрсетуі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы астында жүзеге асырылады.
      Ескерту. 33-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2003.07.04. N 471 Заңымен.  

      34-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және 
               спорт туралы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық 

      Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт туралы заңдарын бұзуға кінәлі жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
      Ескерту. 7-тарау 34-баппен толықтырылды - ҚР 2003.07.04 N 471 Заңымен.

             Қазақстан Республикасының
      Президенті